Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет57/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65

 
      1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға;
 
      2) қауіпті өндірістік объектілерде болған жазатайым оқиғалар кезінде 
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне;
 
       3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық 
бөлімшесіне; 
 
      4) қызметкерлер өкілдеріне;
 
      5) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым 
оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
 
       Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде 
жұмыс беруші: 
 
       1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына; 
 
       2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті 
органдарына хабарлауға тиіс. 
 
       3. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы 
бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен: 
 
       1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің, 
сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақсаттарда 
сарапшы мамандардың тартылуын; 
 
       2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді, 
жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды; 
 
       3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы аяқ 
киім және тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді; 
 
       4) мыналарды: 
 
       жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік 
факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, схемаларды, 
ал қажет болғанда оқиға орнында түсірілген фото- және бейнематериалдарды және 
т.с.с); 
 
       нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан, 
жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, 
зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен, мамандардың сараптама қорытындыларынан 
үзінді көшірмелерді; 
 
       зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін; 
 
       зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен 
ауырлық дәрежесі немесе оның өлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе 
уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны; 
 
       зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке 
қорғану құралдары берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін; 
 
       аталған өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен аумақтық 
мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жазатайым оқиға осы 
орган бақылайтын ұйымда немесе объектіде орын алса) бұрын берілген нұсқамаларынан 
үзінді көшірмелерді, сондай-ақ қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды бұзушылықтарды 
жою туралы нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді; 
 
       комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды 
береді. 
 
        
Ескерту. 323-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.04 
N 97-IV
 (қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
2-баптан
 қараңыз), 2009.12.30 
№ 234-IV
 (қолданысқа енгізілу 
тәртібін 
2-б
. қараңыз), 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 
№ 189-V
 (алғашқы 


 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      324-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды 
 
                тергеп-тексеру тәртібі 
 
      1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі 
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс 
берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия 
жүргізеді: 
 
       төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары; 
 
       мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы 
және қызметкерлердің өкілі. 
 
       Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап 
беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына 
енгізілмейді. 
 
       2. Арнайы тергеп-тексеруге: 
 
       1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар; 
 
       2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір 
мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар; 
 
       3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады. 
 
       3. Жұмыс берушінің - жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, 
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті 
қорғау жөніндегі маман қатысады. 
 
      4. Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың 
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері 
қатысады. 
 
       5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті 
шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы. 
 
       6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап 
он жұмыс күнінен аспауға тиіс. 
 
       7. Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік 
мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны 
тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз 
аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді. 
 
       8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның 
қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) 
орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен 
жұмыс берушінің өзі жүргізеді. 
 
      9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым 
оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші 
тергеп-тексереді және есепке алады.
 
      10. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды 
тергеп-тексеру жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның 
тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.
 
      Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жазатайым 
оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша тергеп-
тексеру материалдарының көшірмелерін көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн 
мерзімде беруге міндетті.
 
       11. Әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау