|
Delphi ортасының жұмысы қалай басқарылады? Экранда Delphi ортасының терезесі көрінеді
|
бет | 1/2 | Дата | 07.11.2022 | өлшемі | 34,22 Kb. | | #40032 | түрі | Программа |
| Delphi . Кубенова А
1.Delphi ортасының жұмысы қалай басқарылады?
Экранда Delphi ортасының 3 терезесі көрінеді.
а) Delphi 7 - нің негізгі терезесі
б) Форма (Form)
в) Обьект инспекторы терезесі (Object Inspecttr)
г) Модуль терезесі (программалық код терезесі)
Негізгі мәзір пунктеріне Delphi -де жұмыс істеу командалары, аспаптар тақтасына мәзір пунктеріне еңгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналасқан.
Delphi -де дайындалатын программа жоба деп атайды. Форма-программаны дайындау алдында ашылатын, программалық сұқбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен тақырыбымен көрінеді.
DELPHI ортасы - ол күрделі механизм, программисті жоғарғы коэфецентпен қамтамассыз етеді. Бірнеше визуалды реализацияда экранда терезелер ашылады. Экранға бірнеше терезелер жалғыздан немесе толық және ол бір-бірімен сығыстырылып орналасады.
2. Негізгі терезенің атқаратын қызметі қандай және ол қандай бөлімдерден тұрады?
Delphi-дің интеграцияланған ортасы көптерезелі жүйе болып саналады. Ол төмендегі терезелерден тұрады:
Негізгі терезе (Delphi 7- Project1.dpr)
Объектілер ағашын шолу терезесi (Object Tree View)
Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)
Форма құрастырушыcының терезесі (Form1. dfm)
Код редакторының терезесі (Unit1. pas)
Код сілтеушісінің терезесі (Exploring Unit.pas)
Дельфиде дайындалатын программа жоба деп аталады. Жоба форма терезінде орындалады (қалыпты жағдайдағы аты- Form1).
3.Пиктографиялық батырмалардың қызметі қандай және олар қаншаға бөлінгені қалай аталады? Компонент дегеніміз не?
Пиктографиялық батырмалар бас менюдің негізгі опцияларына жылдам кіруге мүмкіндік береді. Олар басқару белгілері бойынша 7 топқа бөлінген. әрбір топ панельге орналасады:
Standard тобы;
View тобы;
Debug тобы;
Custome тобы;
Desktops тобы;
Internet тобы.
Галерея компоненттерінің тобы жеке қарастырылады.
4. Delphi ортасының компоненттер палитрасының қызметі қандай?
Компоненттер палитрасы- Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан және онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, програмист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоенттердің көмегімен программаның сүлбесі (каркасы) жасалады, жалпы жағдайда экранда көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі және т.б.
Батырмалар паенлі тәрізді, компоенттер палитрасы да түзетіледі. Ол үшін арнайы компоненттер палитрасындағы кез келген пиктограммаға курсорды келтіріп, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда және Properties опциясын таңадағанда пайда болады.
5. Форма терезесінің міндеті не?
Формалар терезесі Windows жобасы - болашақта програма жазатын терезе болып саналады. Басында бұл терезе бос болады. Дәлірек айтсақ, ол Windows -дің интерфейстік элементтері үшін стандартты жүйелік менюді шақыру батырмаларын, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларын және тақырып жолынан тұрады. Әдетте, терезенің жұмыс алаңы нүктелік координаталық тормен толықтырылған, ол формадағы компоенттердің орналасуын ретеу қызметін атқарады (бұл нүктеерді алып тастау үшін Tools/Environment Options меню командаларының көмегімен, Preferences қоймтасындағы Display Gird ауыстырып қосқышындағы жалаушаны алып тастау қажет).
6. Обьектілер тармағы терезесі қандай қызмет атқарады?
Бұл терезе екпінді формада немесе мәліметтердің екпінді модулінде орналасқан жеке компоенттер арасындағы байанысты көрнеі бейнелеуге арналған. Терезедегі кез келген компонетті белгілеу формалар терезесіндегі сәйкес компонентті екпінді жасайды және объектілер инспекторы терезесінде осы компоненттің қасиеті бейнеленеді. Екі рет тышқанмен белгілеу Code Insight механиімінің жұмыс істеуіне әкеледі, ол On Click оқиғкасын өдеу үшін дайындалғанды код терезесіне орналастырады.
7. Обьектілер инспекторы терезесі қандай қызмет атқарады?
Формаға орналасатын кез келген компонент бірқатар параметрлер жиынымен сипатталады: орналасуы, өлшемі, түсі және т.б. Мысалы, компоненттің орналасуы мен өлшемін программист формалар терезесінде компоентті басқара отырып, өзгерте алады. Ал, объектілер инспекторы терезесі қалған өзгертулерді орындауға арналған. Бұл терезеде екі бет бар: Properties (Қасиет) және Events (Оқиға). Properties беті-компоенттің керекті қасиеттерін тағайындау қызметін атқарады, Events беті-қандай да бір оқиғаға компоенттің жауабын анықтайды.
Объектілер инспекторы терезесінің кез келген беті екі бағанды кесте түрінде беріледі, сол бағанда қасиеттің нақты мәні немесе сәйкес оқиға өдейтін қосалқы программаның аты болады.
Кесте жолының оң жақ бағанын тышқанмен белгілеу ондағы көрсетілген қасиеттің мәнін екпінді жасайды, бұдан жолдың оң жақ шетінде үш нүкте (...) немесе батырмаларының бірі пайда болады. Үш нүкте (....) батырмасын белгілеу күрделі қасиеттің мәнін тағайындайтын сұхбат терезесін экранға шығарады, батырмасын белгілеу қарапайым қасиеттің мүмкін болатын мәндердің тізімін шығарады. Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы бөлігінде формада орналасқан барлық компонентерінің ашылатын тізімі орналасады. Форманың өзі де компонент болғандықтан, оның аты да осы тізімде болады.
Тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылатын терезенің контекстік менюінде терезені түзетуге мүмкіндік беретін опциялар бар. Мысалы, Stay
On Top командасын таңдағаннан кейін, Объектілер Инспекторы терезесі, оның екпінділігіне тәуелсіз басқа терезелердің үстінде «қалықтап» жүреді.
8. Программалар коды терезесінің қызметі қандай және ол форма терезесімен қалай байланысады?
Код терезесі –программа мәтінін құрып, жөндеуге арналған. Бұл мәтін арнайы ереже бойынша құрылады және программаның жұмыс алгоритмін сипатайды. Мәтінді жазу ережелерінің жиынтығы программалау тілі деп аталады. Delphi жүйесіне Объект Pascal программалау тілі пайдаланылады. Ол кеңнен таралған PascaІ тілінің кеңейтілген, жетілдірілген нұсқасы, оны алғаш рет швецариялық ғалым Н.Вирт 1970 жылы ұсынған және оны Borland коорпорациясының қызметкерлері жетілдірілді (олардың құрған тілдері Turbo Pascal, Borland Pascal және Object Pascal деп аталады).
Ең алғашында Код терезесіне толыққанда Windows терезесі ретінде бос форманы басқаруды қамтамасыз ететін алғашқы шағын мәтін шығады. Жобамен жұмыс барысында программист оған программаны басқаруды жүзеге асыратын алғашқы толықтырулар жасайды.
9. Программалар коды терезесі ашылғанда Delphi ортасы қандай жолдарды автоматтты түрде шығарады?
Delphi ортасы бұл жолдарды жаңа форма үшін код терезесіне авторматты түрде қояды. Код терезесі программаның жұмысы басталғаннан кейінгі жағын қарастырады. Ал форма терезесі оның сыртқы көрінісі. Екі терезе бір-бірімен тығыз байланысты.
10.Броузер терезесінің қызметі не және ол қалай шақырылады?
Броузер терезесіндегі элементті тышқанмен екі рет белгілеу сәйкес объектіні сипаттау үшін код терезесіне курсорды орналастырады немесе оны алғашқы сақтау кезінде орындалады.
Аса күрделі емес оқу програманларын құруда броузер терезесін жауып қоюға болады. Броузер терезсін шығару үшін View Explorer терезесін таңдаймыз
Тапсырма:
Программаны жүктегеннен кейін келесі терезе ашылу керек
2. Программадан шығу үшін тыщқан батырмасын ЗАКРЫТЬ батырмасына шертіңіз
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|