101
көмегімен одан шығуға, материалдарды алуға және табуға, форумда
сұрақтарға жауап беруге, тест жасауға және т.с.с. болатын кез келген
портативті мобильді құрылғыда WAP немесе GPRS технологияларын
пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру және алу тәсілі. Бұл оқыту және
оқып-үйрену үдерістерін жеңілдету, қолдау, оңтайландыру және кеңейту
үшін барлық уақытта қол жетімді технологияларды, ыңғайлы портативті
мобильді және сымсыз құрылғыларды пайдалану. Бұл анықтаманың түйінді
сөзі барлық уақытта Интернетке шығуға қол жетімділік болып табылады.
Дж.Тракслер мобильді оқыту оқыту үдерісін толығымен өзгертетіндігін
дәлелдейді, өйткені мобильді құрылғылар материалды беру және оған
қолжетімділік формасын жаңғыртып қана қоймайды, сонымен бірге
танымымыздың және менталитетіміздің жаңа формаларын жасауға мүмкіндік
береді. Мобильді технологиялар оқыту үдерісі мен оқуға қатысушылар
арасындағы тепе-теңдікті өзгертеді. Нақ сондықтан да мобильді оқыту – бұл
адамзаттық қоғамды ақпараттандыруды дамытудың жаңа айналымын
сипаттайтын оқытудың жаңа формасы. Ақпараттандырудың қарқынды
ғасырында білімгерлерде планшетке оқу материалын жүктеу және
синхрондау үдерісі техникалық проблеманы (түйткілді) тудырған жоқ. Білім
беру үдерісінде планшетті пайдалану барлық уақытта қолда тұратын жинақы
экранға оқу материалдарын қаншалықты алып барғандығымен және ыңғайлы
құрылғыны қаншалықты қолданылғандығымен емес, сонымен қатар ол
инновациялық тәсілдерді пайдалану арқылы жаңа мобильді оқу
материалдарының қаншалықты жасалғандығымен қорытындыланады.
Планшет төмендегі жұмыс түрлерін қамтамасыз етеді: дауыстық, SMS,
электрондық пошта, бейнебайланыс, әлеуметтік желілер (Twitter, Facebook
және т.с.с.), интернет. Яғни олар жазу, көрсету, айтып беру, тыңдау, шешу,
табу мүмкіндіктерін ұсынады. Планшет әсіресе, егер оны жеке және топтық
жұмыстар үшін қосымша пайдалансаң, өте ыңғайлы құрылғы. Мысалы,
мобильді қосымшалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, планшетке
жүктеуге және оларды математика сабағында пайдалануға болады.
102
Практикалық сабақтар кезінде планшетке сабақ мазмұнын, сондай-ақ
анықтағыштарды, картинкаларды, фотосуреттерді және т.с.с. жүктей отырып,
оны пайдалануға болады.
Математика бойынша мобильді қосымшалардың атаулары мен
сипаттамалары
Атаулары
Сипаттамалары
«Ауызша есеп.
Сома»
«Ауызша есеп.
Көбейту»
Математика сабақтарында осы қосымшаны жүктесеңіз,
баланың математикалық операцияларды жылдам істеу
ептілігін дамытуға болады.
Algebrion Math
Helper
Algebrion Math Helper (Android ОС үшін) – мектеп және
университет курсындағы математикалық есептерді шешу
үшін қадамдық шешімдерінің, сондай-ақ, орнықты
теориялық базамен толықтырылған графикалық интерфейс
тектес
бірегей
қосымшаның
тегін
нұсқасы.
Algebrion Math Helper – бұл Сіздің смартфоныңыздағы
алгебра бойынша графикалық калькулятор. Қолайсыз және
қымбат портативті калькуляторларды алмастырады.
Қосымшаны емтихан, сессиялар тапсыру, үй және бақылау
жұмыстарын орындау кезінде ештеңе алмастыра алмайды.
Algebrion Math Helper өзіне 7 тақырыптық тарауды
кіріктіреді:
1.Теңдеу.
2.Функциялар
графигі.
3.
Прогрессиялар. 4. Статистика. 5. Матрицалар. 6.
Векторлар. 7.Айырбастау (конвентирлеу).
Геометрия
Қосымшаны жасаушылар геометрия туралы әр түрлі
тақырыпты оқып-үйрену кезінде айтарлықтай жиі
кездесетін барлық фигуралар үшін калькулятор жасауға
күш салды. Интерфейс Сіздің қажетті тарауға тез түсуіңіз,
бірталай артық әрекеттерді жасамауыңыз үшін жеңіл
103
бейімделуіңізге арналған. Сіз фигуралардың бірін тез
таңдап, сосын оны ауыстыра, таба аласыз. Содан кейін сіз
берілген есепте қажетті мәліметтер алаңын толтырып
немесе жылдам тауып үлгересіз, сол сәтте қосымша сізге
дұрыс нәтижесін бірден береді.
Бұл қосымшалардан басқа және көптеген қосымшалар бар. Оларды
қолданылып жүрген құрылғылардың түріне және өзінің қажеттіліктеріне
байланысты іске асыруға және таңдауға болады.
Сурет 3 Algebrion Math Helper мобильд мобильді қосымшасымен жумыс
Сурет 4 Геометрия мобильді қосымшасымен жумыс
Жоғарыда келтірілген барлық мобильді қосымшалар оның барлық
қатысушылары үшін оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға барынша мүмкіндік
жасайды. Сондай-ақ, оқу үдерісінің өзінде белсенді түрде қолданылуы
мүмкін бірқатар мобильді виджеттерді атап өтуге болады. Бұрын айтып
104
өткеніміздей, мобильді оқыту дәстүрлі оқытуды оңтайландыруға мүмкіндік
береді.
Осылайша, визуалды және дыбыстық ақпараттарды қолдану өткізіліп
жатқан материалға барынша назар аудартуға көмектеседі және оқу
ақпараттарын жақсы меңгертуге мүмкіндік береді. Әрине, бағыт тек таяу
уақытта ғана емес, сонымен бірге алыстағы болашақта да кеңінен дамитын
болады. Қазірдің өзінде көптеген оқу орталықтары электрондық контентке
көшіп отыр, бейнекурстар мен интерактивтік оқулықтар жасап жатыр.
Мұның барлығы да – мобильды құрылғылар көмегімен өзін-өзі оқытуды
құрайтындарға барынша қол жетімді бола түсуде екендігін көрсетеді. Жалпы
алғанда, оқуға байланысты қосымшалар өте көп деп айтуға болады. Қалай
болғанда да заманауи тенденциялармен бәстесу де күрделі – смартфондар
мен планшеттерді пайдаланатын студенттер мен оқушылар саны да арта
түсуде, соған сәйкес оқуға байланысты мобильді қосымшаларға деген
сұраныс та жоғарылап отыр. Әрине, бұл өте қисынды жағдай. Ең бастысы,
мұндай қосымшалардың саны ғана емес сапасы да өсіп отырғаны абзал. Ал
оқушылардың өздері оқу ептіліктерінде өздерінің жеке бастарымен көбірек
жұмыс істеп, оны мобильді бағдарламаларға ауыстырмаса екен дейміз. Бұл
қосымшалардың уақыт пен кеңістік шектеуінсіз білімгерлердің өзін-өзі
оқытуы үшін кең мүмкіндіктерді беріп қана қоймай, сонымен бірге оқу
қоғамдастығы шеңберінде де маңызды болып табылатындығын атап
өткеніміз орынды.
Осыған орай, орта мектептің негізгі міндеті оқушыны тек қана біліммен
қаруландырып қана қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-
жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілеттерінің жетілуіне,
кәсіби мәдениетінің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік
жасау, оның өз қоғамының азаматы, шығармашыл тұлға, келешектің иесі,
тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау іс-әрекеті.
Біздің пікірімізше, мобильді оқытуды ендіру жетістіктері көбінесе білім
беруді ақпараттандыру саласындағы әлемдік тенденциялар бағытында болуға
Достарыңызбен бөлісу: |