98
«Халықтың қолындағы заманауи мобильді құрылғыларды қалай оқыту
құралы ретінде тиімді қолдануға болады?» - деген мәселе туындайды.
Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына
басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, сандық
оқыту кеңінен қанат жайды. Жинақы мобильді құрылғыларды (смартфондар,
планшеттер және т.с.с.) пайдалану стационарлық компьютерлерді
пайдалануға қарағанда неғұрлым ыңғайлы және танымал бола түсуде.
Заманауи студенттер ұялы телефонсыз өз өмірлерін елестете де алмайды:
үнемі Интернет бойынша «жүру», әлеуметтік желілерде тілдесу, музыка
тыңдау, электронды кітаптарды оқу және қажетті ақпараттарды іздеу.
Қалыптасқан жағдай қазіргі педагогтан оқу үдерісін оңтайландыру
мақсатында оны құру кезінде мобильді құрылғылардың әлеуетін барынша
іске қосу жолдарын іздестіруді талап етеді. Дегенмен, мұғалімдер мен
оқытушылардың басым бөлігі мобильді қосымшалардың оқыту үдерісін
мейлінше тиімді ете алатынына ертеден-ақ көз жеткізген. Мобильді
оқытудың (mLearning) ежелден-ақ біркелкі тарихы бар екені анық. Өткен
жүзжылдықтың 90-жылдарының басында-ақ алғашқы мобильді телефондар
пайда болды десек, шет елдік педагогтар олардың дидактикалық
мүмкіндіктері туралы бұрыннан-ақ айтқан болатын. «Мобильді оқыту» -
білім
беруде педагогтердің жұмысын жеңілдетуші, мүмкіндіктерін
кеңейтуші, білім тереңдігін күшейтуші технология және негізгі оқыту
формасына қосымша көмекші құрал деп те қарастырылады. Сонымен,
«Мобильді оқыту» деп – мобильді құрылғылардың көмегімен кез келген
уақытта, кез келген жерден білім алуды айтамыз». Біздің елімізде қазір
«мобильді оқыту» электронды оқытудың қосымша формасы ретінде
қолданылуда. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту
үдерісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Білім берудің нәтижелі
технологияларын сараптап, әлемдік іс – тәжірибелерді зерттеп, мектеп
өміріне енгізу - басты мақсат. Мобильді оқытудың дидактикалық
принциптері:
мультимедиялығы,
құрылымдылығы,
модульдылығы,
99
интерактивтілігі, қолжетімділігі. Дегенмен де мобильді оқытудың белсенді
жақтаушылары болып табылатын педагогтардың барлығы дерлік mLearning-
нің бірегей белгісі оның қашықтықтан және аралас оқытуды жаңғыртып қана
қоймай, сонымен бірге барлық базалық принциптерді сақтай отырып,
дәстүрлі оқытуды оңтайландыратыны деген пікірмен келіседі. Осылайша,
бүгінде біз білім беру мақсаттарында мобильді қондырғыларды қолданудың
бірнеше бағыттары туралы айта аламыз. Біріншіден, бұл өзіне-өзі білім беру,
бұған біз автономды жұмыстарды ұйымдастыруды кіргіземіз. Бұл мобильді
оқыту технологияларының негізіне материалды пайдаланудың қол
жетімділігі және жеңілділігі, интерактивтілігі секілді жалпы педагогикалық
принциптер жатқандығының, сондай-ақ арнайы қосымшалардың, өзін-өзі
бақылау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің арқасында мүмкін бола
түседі. Екіншіден, mLearning идеялары мектептердегі де, ЖОО-дағы да
дәстүрлі білім беру үдерісінде пайдаланылуы мүмкін. Үшіншіден,
оқытылатын курс мобильді оқытудың қашықтықтан немесе корпоративтік
толықтыруларымен тиімді бола түседі. Мобильді оқытудың басымдықтарын
анықтау үшін жоғары мектептің көптеген білім беру мекемелеріндегі оқыту
үдерісіне оны белсенді түрде енгізуге дейінгі қалыптасқан жағдайға талдау
жасап көреміз. Педагогтар дәстүрлі оқытумен қатар Web 2.0, LMS Moodle,
SMRT және т.б. секілді ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
жеткілікті түрде кеңінен пайдаланған. Блогтар, Wiki, Wordle, бұлтты
технологиялар сияқты құралдар бұрын ғана емес қазіргі кезде де білім беру
үдерісін барынша тиімді етіп қана қоймайды, сонымен бірге студенттердің
оқытылатын материалға деген мотивациясын да айтарлықтай жоғарылатады.
Сымсыз Интернеттің пайда болуы оқытуды жаңа жолға қойды. Ыңғайлы
орында кез келген уақытта барлық қызметтер мен сервистерді пайдалану
мүмкіндіктері пайда болды. Статистикаға сәйкес қолданушылардың 67%-ы
мобильді Интернетті іске қоса отырып, әр түрлі желілік қызметтерге (пошта,
іздестіру сауалнамалары, тілдесу, оқу және т.с.с.) шығу үшін Интернетті
пайдаланды және тек 19%-ы ғана сымды интернет, яғни стационар
100
компьютер басымдықтары мақсаттарына мән бере отырып, басқа
қызметтерді (музыкаларды көшіру, фильмдерді көру) пайдаланады.
Сервистердің 4G/LTE жаңа ұрпағының пайда болуы ұқсас кабельді
қосылымының мына мүмкіндіктерін береді: жылдамдықтың айтарлықтай
арттырылуы, Skype-пен тілдесу, жоғары сапалы бейнені қарау, мәліметтердің
жылдам синхрондалуы және т.с.с. Мұның барлығы педагогтардың өзінің оқу
курсындағы
сымсыз
мобильді
құрылғыны
пайдалануға
деген
қызығушылығын оятуға ықпал етпей қоймайтыны анық. Бұл жерде
бағдарламаны жасаушылар, оның ішінде білімгерлер де жағдайды шапшаң
бағалап, смартфондар мен планшеттер үшін компьютерлік қосымшаларды
жасай бастайтындығын атап өткеніміз орынды. Google мобилді телефондар
үшін бірінші болып виджеттер шығарды, бұл оқу үдерісін (Google карталар,
дискілер, аудармашы, Blogger және т.с.с.) ұйымдастыру кезінде бұрыннан
белсенді түрде пайдаланылатын барлық қызметтер мен сервистерді
қайталайды (қосарлайды).
Енді мобильді құрылғыларды оқу үдерісінде қалай қолдануға
болатынын қарастырайық. Оқыту ақпараттардың үлкен көлемімен танысуды
тұспалдайды, ал желіде мобильді қондырғыны қолдану жолыменен
ақпаратты жинауға болады. Оқыту үдерісінде электрондық форматтағы
барлық қажетті ақпараттарды табуға болатын білім беру порталдарын,
сондай-ақ виртуалды кітапханаларды пайдалануға болады. Ақпараттардың
барлық дереккөздері барлық уақытта өзіңізбен бірге болса, онда ол өте
ыңғайлы және тиімді. Оқыту үдерісінде кітаптан басқа бейнесабақтар да
қолданылады. Мобильді құрылғылар, планшеттер, мысалы, бейнематериалды
өте жақсы жаңғыртады, сондықтан оқыту үдерісінде бейне форматындағы
сабақтарды пайдалануға болады. Өзіңізбен бірге үнемі алып жүретін және
сіздің еңбегіңізді айтарлықтай жеңілдететін планшет кішкентай компьютер
секілді. Бұдан басқа да оқыту үдерісінде қолдануға болатын және оқыту
үдерісін айтарлықтай жеңілдететін қосымшалар бар. Технологиялық
тұрғыдан алып қарағанда, планшеттің көмегімен оқыту – бұл Интернеттің
Достарыңызбен бөлісу: |