1) өтініш;
2) туындының жазбасы бар жеткізгіш;
3) туындының сипаттамасы;
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы
ұсынылады.
6. Сәулет, қала құрылысы, дизайн, бау-саябақ өнері туындыларына құқықтарды тіркеу
кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) эскиздер, сызбалар, суреттер;
3) туындының толық сипаттамасы;
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы
ұсынылады.
7. Сурет өнері, мүсін, графика, бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларына
құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) туындының бір данасы немесе туындының фотосурет түріндегі бейнеленуі;
3) туындының толық сипаттамасы;
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы
ұсынылады.
8. Фотосурет туындыларына және фотосурет сияқты тәсілдермен алынған туындыларға,
сондай-ақ географияға, топографияға және басқа да ғылымдарға жататын карталарға,
жоспарларға, эскиздерге, иллюстрацияларға және үш өлшемдік туындыларға құқықтарды тіркеу
кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) туындының бір данасы;
3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы
ұсынылады.
9. ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаларға құқықтарды тіркеу кезінде
мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламасы және бастапқы коды (бастапқы
мәтіні) бар жеткізгіш (дискета немесе басқа да электрондық жеткізгіштер);
3) ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаның атауын, өтініш берушінің
атауын (тегін, атын, әкесінің атын), жасалған күнін, қолдану саласын, мақсатын,
функционалдық мүмкіндіктерін, негізгі техникалық сипаттамаларын, бағдарламалау тілін,
іске асырушы ЭЕМ-нің типін қамтитын ЭЕМ-ге немесе дерекқорларға арналған бағдарламаның
рефераты;
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы
ұсынылады.
Құрамында ЭЕМ-ге арналған бірнеше бағдарламалар болатын ЭЕМ-ге арналған
бағдарламалар (бағдарламалық кешендер) тұтастай тіркеуге жатады.
10. Бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа
жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен)
ажырату үшін қызмет ететін (арналған) туындылар (тауарлардың, жұмыстардың немесе
көрсетілетін қызметтердің азаматтық айналымына қатысушыларды, дараландыру құралдары)
авторлық құқық объектілері ретінде тіркелмейді.
11. Жұмыс берушінің қызметтік міндеттерін немесе қызметтік тапсырмасын орындау
тәртібімен шығарылған қызметтік туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде тіркеу үшін
ұсынылатын құжаттардан басқа, еңбек шартының көшірмесін, автор мен жұмыс берушінің
арасында қызметтік туындыны пайдалануға мүліктік құқықтардың тиесілігі туралы қосымша
шарт жасалған жағдайда, осындай шарттың көшірмесін, сондай-ақ, егер жұмыс беруші ұйым
болса, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсыну қажет.
Егер туындыға құқықтардың құқық иеленушісі заңды тұлға болса, тіркеу үшін
ұсынылатын құжаттардан басқа, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу)
туралы
анықтаманы ұсыну қажет.
12. Құрамдас немесе төл туындыдан жасалған туындыларға құқықтарды тіркеу кезінде
төл туындының авторымен (авторларымен) немесе құқық иеленушісімен жасалған авторлық
шарттың көшірмесі ұсынылады.
13. Автор (авторлар) немесе құқық иеленуші тіркеуге ұсынылатын материалдарды
нөмірлеуге, тігуге және оларға қол қоюға тиіс.
14. Ұсынылған құжаттардың толықтығын және оларды ресімдеудің дұрыстығын тексеру он
жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген
мерзімдерде, ұсынылған материалдарды қайтара отырып, жазбаша, толық дәйектелген түрде
қараудан бас тартуды береді.
Автор (авторлар) немесе құқық иеленуші уәкілетті органның ескертпелерін жойғаннан
кейін мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен қайта жүгінуге құқылы.
15. Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті органға ұсынылатын туындылар
олардың жеткізгіштерде объективті нысанда болуын тексеру үшін қарап көруге жатады.
16. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру
және авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне
мәліметтерді енгізу авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеудің расталуы болып табылады. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік
тіркеу туралы куәліктің нысанын және авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге
құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілетін мәліметтердің тізбесін уәкілетті
орган бекітеді.
17. Автордың (авторлардың) немесе құқық иеленушінің өтініші бойынша уәкілетті
орган мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда он жұмыс күні
ішінде оның телнұсқасын береді.
18. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу,
сондай-ақ оларды қайта тіркеу, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтардың
тіркелуін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.
Ескерту. Заң 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен,
өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24
№ 60-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
24.11.2015
№ 419-V
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-бап. Тең авторлар
1. Екi немесе одан да көп адамның (тең авторлардың) бiрлескен шығармашылық
еңбегiмен жасалған туындының авторлық құқығы, мұндай туындының бөлiнбес бiртұтас болуына
немесе әрқайсысы өз алдына жеке мәнге ие бөлiмдерден тұратындығына қарамастан, тең
авторларға тиесiлi болады.
Егер туындының бiр бөлiгiн осы туындының басқа бөлiктерiне қарамастан пайдалану
мүмкiн болса, бұл бөлiгi дербес мәнi бар туынды деп танылады.