Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2018 жылғы


Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары



жүктеу 5,23 Mb.
бет11/24
Дата03.02.2020
өлшемі5,23 Mb.
#28083
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
11. Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын тұтастай қорғау, олардың мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.БҰҰ мүгедектердің құқықтары туралы Конвенциясын еліміздің бекітуі оны қолдану бойынша атқарылатын жұмыс біздің отандастарымыздың бұл тобын қоғамға интеграциялау, оларға қолжетімді ортаны құру, өмір қызметінің барлық салаларына белсенді қатыстыру бойынша қабылданатын шараларға едәуір әсер етті.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күнкөріс минимумы мөлшері құрылымының өзгеруіне байланысты мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері 16 % дейін артты. Елбасының тапсырмасымен 2018 жылғы 1 шілдеден бастап балалық шақтан бірінші топ мүгедектігі бар кәмелетке толмаған тұлғаларға күтім жасайтын тұлғалар үшін жаңа жәрдемақы енгізілді.

Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды кешенді қолдау мақсатында 2012 жылдан бері елімізде Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.Бөлінген қаражат шеңберінде «Инватакси» 15 қызметі құрылды, заманауи гаджеттерді ескерумен оңалтудың техникалық құралдарының тізімі кеңейтілді, 26 өңірлік телеарнада көрсетілетін жаңалықтар телебағдарламаларының көрсетілімі сурдоаударыммен сүйемелдеумен қамтамасыз етілді, жол белгілері мен жол көрсеткіштері орнатылды, мүгедектігі бар тұлғаларға қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде дыбыстық құрылғылармен жаяу жүргінші жолдары жабдықталды және т.б.11.



2018 жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша Диалогтық алаңды өткізді, оның жұмысына мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Омбудсмен мекемесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша диалогтық алаң


Мәлім болғандай, бұған дейін Омбудсмен Үкіметтің назарын елімізде өткізіліп жатқан қоғамдық және көлік инфрақұрылымының объектілерін бейімдеу, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың жекеменшік әуе компаниялар әуе көлігінің қызметтерін пайдалануға қолжетімділігін қамтамасыз ету, оларды жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі, мүгедектігі бар сотталған тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелеріне аударды.Нәтижелер бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, алынған ұсыныстардың нақты талдауын берді.

Жоғарыда аталған диалогтық алаң шеңберінде пысықталған шешімдер ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың әуе көлігіне, инфрақұрылым объектілеріне және т.б. қолжетімділігін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде көрініс тапқанын атап өткен жөн.

Атап айтқанда, Инвестициялар және даму министрлігі қолданыстағы Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын мүгедек арбасында жүретін мүмкіндігі шектеулі жолаушыға күтімді қамтамасыз ететін алып жүруші тұлғаны талап ету бойынша нормаларды жою бөлігінде жетілдірді, алып жүруші бойынша талап тек зембілмен тасымалданатын жолаушыларға ғана жатқызылды.Сондай-ақ жолаушының (с.і. мүгедектігі бар жолаушының) ұшу кезінде мүмкін болатын денсаулыққа зиян келтіру немесе өлім үшін жауапкершілікті өзіне алуы туралы құжаттарға қол қоюын қарастыратын нормаға толықтыру енгізілді.

Жоғарыда аталған мекеме сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық әуежайларына және жүйелі жолаушылық сапарлардыорындайтын қазақстандық әуе компанияларға енгізілген өзгерістермен таныстыру және әуежайлар мен әуе компаниялардың қызметкерлерін ескерту үшін ескертпелер жолдады.

2018 жылы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруға, сайлау бөлмелерінде жағдай жасауға қатысты және т.б. нормаларды бекіту мүгедектігі бар адамдардың құқықтары саласында тағы бір маңызды оқиға болды.Бұл жағдайда ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Жұмыс тобының ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша қызметі маңызды болып табылады, оның жұмысына сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі де қатысты.

Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде 2019-2023 жылдарға арналған әзірленіп жатқан Ұлттық жоспар шеңберінде Омбудсмен мекемесі бейінді министрлікке инфрақұрылым объектілеріне, тұрғын-үй бөлмелеріне, көлікке қолжетімділігін қамтамасыз ету, инклюзивтік білім беруді дамыту, сондай-ақ денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етумен жағдайды жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігіне қатысты ұсыныстарды жолдады.

Есептік жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге тұрғын-үй, мүліктік құқықтарды жүзеге асыруға, медициналық көмекті тиісті деңгейде көрсетуге, мүгедектік тобынан шығарумен келіспеуге, арнайы әлеуметтік қызметтерді, заң көмегін ұсынуға қатысты мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мәселелері бойынша 2,8% өтініш түсті.

Басым өтініштер медициналық-әлеуметтік сараптама қызметімен байланысты болды, бұнда азаматтар бұл сараптаманы өткізгенде олардың денсаулық жағдайының объективтік нашарлауына шағымдарының, оңалту қызметтеріне қажеттіліктерінің ескерілмегенін атады. Халықты әлеуметтік қорғау уәкілетті орган өткізген тексерістердің қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталмады.

Мүгедектікті анықтаудың электрондық форматқа өтуі бойынша елімізде өткізіліп жатқан жұмыс бұл бағытта қабылданатын шешімдердің объективтілігіне және ашықтығына жәрдемдеседі деп ойлаймыз.Өткен жылы еліміздің 4 өңірінде мүгедектікті және жұмысқа жарамдылықты жоғалту дәрежесін автоматтандырылған режимде анықтау мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба апробациядан өтті. Жаппай өту 2019 жылы жүзеге асырылады.

Өтініштердің басқа тобында мүгедектігі бар тұлғалар денсаулықты қорғауына құқығын жүзеге асыру мәселесін көтерді.


Омбудсменге Степногорск қалалық емхана қызметкерлерінің әрекетіне, медициналық көмектің тиісінше көрсетілмеуіне, қызмет этикасы нормаларының бұзылуына шағыммен екінші топ мүгедегі А.Г. өтініші түсті.

Омбудсмен мекемесінің сұрауы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы комиссия құрды, бұл комиссия Степногорск қалалық ауруханаға, Степногорск қалалық емханаға барды.

Комиссия келуі барысында А.Г. жабылған еңбекке жарамсыз парағымен медициналық-әлеуметтік сараптамаға мерзімнен бұрын жіберілгені анықталды, бұл 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрыққа қарама-қайшы келеді. Сондай-ақ медициналық құжаттаманы рәсімдеуде бірқатар кемшіліктер анықталды.

Оңалту іс-шараларын ұсыну бойынша өткізілген тексерістің қорытындылары бойынша комиссия тиісті ұсыныстарды берді, сондай-ақ бас дәрігердің 07.09.2018ж. бұйрығымен жекелеген қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданылды.

Үкіметтік емес ұйымдардың мәлімдеуінше, медициналық ұйымдарда мүгедектіктің себебі болып табылатын негізгі ауруға жиі назар аударылады, бұл кезекте, денсаулықтың басқа аспектілері маңызды деп қаралмайды. Мүгедектігі бар тұлғалар халықты толық скрининг-зерттеу тізімдеріне кірмейді, оларды медициналық қызметтер, тегін берілетін дәрілік заттардың тізімі туралы ақпараттандыру бойынша тиісінше жұмыс өткізілмейді.

Жоғарыда аталған диалогтық алаң барысында қарастырылған мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік денсаулығы мәселесіне жеке назар аудару керек. Азаматтық қоғам өкілдері медициналық ұйымдарды мүгедектіктің әртүрлі нысандарымен әйелдерге бейімделген құрал-жабдықтармен жабдықтау, олардың ЭКҰ-ға қолжетімділігіне жағдай жасау, репродуктивтік денсаулық саласындағы ақпаратпен қолжетімді форматта қамтамасыз ету, мүгедектігі бар әйелдердің жүктілігін жүргізу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеумен зерттеулер өткізу қажеттілігін атады. Бұл ұсыныстарды ұлттық құқық қорғау мекемесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолдады.

Көлік инфрақұрылымының объектілеріне қолжетімділік мәселесі өзекті болып табылады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар өз өтініштерінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің арбамен жүретін мүгедектігі бар тұлғаларды мінгізуге және түсіруге арналған қайырмалы құрылғаларды ұсынудан бас тартуы, аялдамалардың қолжетімсіздігі, автобус жүргізушілерінің этика нормаларын сақтамауы, оларда бұл бағытта білімінің болмауы туралы жиі мәлімдейді. Мүгедектігі бар адамдардың астана қоғамдық көлігінде құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне Омбудсмен жолақысын электрондық төлеу жүйесінің енгізілуіне байланысты ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметкерлері қоғамдық көлік жұмысына өткізген мониторинг нәтижелері бойынша астана қаласының әкіміне жолдаған хатында назар аударғанын атап өткен жөн. Бұл хат осы есептің қосымшасында жарияланды.



Мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамға тиімді интеграциясына жәрдемдесетін шаралар жүйесінде оңалтудың техникалық құралдары маңызды орын алады. Алайда, олардың уақтылы ұсынылмауына байланысты отандастарымыздың бұл санатын қоғамға интеграциялау процесін қиындатады.
Омбудсменге өндірісте еңбек жарақатын алған А.Т. мүддесінде А.Г. өтініші түсті, сол жарақаттың нәтижесінде А.Т. екі аяғынан айрылды.

Өтінішінде өтініш беруші оның әкесі мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында қарастырылған әлеуметтік қызметтіңкөрсетілмейтінін, соның ішінде серуендеу арба-креслосының берілмеуін мәлімдеді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Уәкіл мекемесінің сұрауы бойынша өткізген тексерістің нәтижелері бойыншаА.Т. 06.04.2018ж. өтініші негізінде оны серуендеу арба-кресломен қамтамасыз етпеу бөлігінде жұмысберушінің «Қазақстан Республикасыгда мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңы 22-бабы 2-тармағының талаптарын бұзғаны анықталды.

Жұмысберушіге заңнаманы бұзғанын жою және мүгедектігі бар тұлғаны оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету туралы ескерту берілді.
Аяғынан айрылған М.Б. арба-кресло беруден бас тарту туралы интернет-ресурстарда жарияланған ақпаратқа байланысты ұлттық құқық қорғау мекемесі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сұрау жіберді.

Жоғарыда аталған министрліктің ақпаратына сәйкес 15.09.2017ж. М.Б. бала жасынан мүгедек себебі бойынша бір жылға бірінші топ мүгедектігі анықталды. 2018 жылғы 2 ақпанда оның оң аяғына ампутация жасалды,2018 жылғы 12 наурызда медициналық ұйымның жолдаухатымен мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы оң аяқты протездеуге түзетпеленді.

Сондай-ақ министрлік қолданыстағы Медициналық-әлеуметтік сараптаманы өткізу қағидаларына сәйкес М.Б. ауруы мүгедектерді жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін медициналық көрсеткіштер тізіміне кірмейтінін мәлімдеді.

Бұл мәселеде көмек көрсету мақсатында әлеуметтік қорғау саласындағы аймақтық департамент «Дос» тәуелсіз өмір» ҚБ-не жүгінді, ол оң аяғына протездеу жасалғанға дейін М.Б. арба-креслоны уақытша пайдалануға беруге келісті.

Сондай-ақ уәкілетті орган М.Б. протез алу үшін Петропавловск қаласына протездеуге жоспарлы түрде жіберілетіні туралы ақпараттандырды.
Омбудсмен поштасында саны көп, бұл кезекте анағұрлым өзекті өтініштердің тобы диспансерлік және профилактикалық бақылаудан алу, қамқоршысын ауыстыру, мүліктік құқықтардың бұзылуы, қорғаншы және қамқоршы органдардың тарапынан тиісті деңгейде бақылаудың болмауы, психиатриялық мекемелерде күтім жасау жағдайларымен, бөлмелердің негіздерімен келіспеу мәселелерібойынша денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар тұлғалардың құқықтарына қатысты өтініштер болып табылады.

Жекелеген жағдайларда денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар және әрекет етуге қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын бұзу қамқоршылар, сондай-ақ ауруханаға жатқызылған әрекетке қабілетсіз тұлғалар қамқоршыларының функциясын жиі орындайтын психиатриялық мекемелердің тарапынан олардың жылжымайтын мүлкін немесе басқа мүлкін тартып алу мақсатында асыра пайдаланумен сүйемелденетінін атап өткен жөн.


Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге әрекетке қабілетсіз тұлға В.С. мүддесінде Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты К.К. қорғаншы және қамқоршы органның оның құқықтарын қорғауда әрекетсіздігіне шағымы түсті. 12.12.2005ж. сот шешіміне сәйкес В.С. әрекетке қабілетсіз деп танылды. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің шешімімен оның қамқоршысы ретінде оның шөбере апасы Т.С. болып тағайындалды.

Өтініште Т.А. қамқоршысы мен қамқорлыққа алынған тұлғаның арасында өзара түсіністіктің болмауы, мүдделер таласының бары аталды, өйткені оның ұлы өсиетнама бойынша пәтерге құқық бөлігінде әрекетке қабілетсіз В.С. марқұм анасының мұрагері болып табылады.

Ұлттық құқық қорғау мекемесінің ҚР Бас прокуратурасына жіберген сұрауы бойынша Алматы қаласының әкімдігі тексеріс өткізді, оның қорытындысы бойынша 18.09.2018ж. Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің қорғаншы және қамқоршы органы бөліміне әрекетке қабілетсіз В.С. мүддесінде Т.С. қамқоршысынан денсаулық жағдайына байланысты оны алмастыру туралы өтініштің түскені анықталды. Аталған әкімдіктің 10.10.2018ж.шешімімен әрекетке қабілетсіз В.С. қамқоршысын белгілеу туралы бұрынғы шешім күшін жоғалтты деп танылды.

Сондай-ақ, В.С. тұратын үй тұрғындарының ұжымдық шағымына байланысты, ол Психикалық денсаулық орталығында стационарлық емделуде болды. Қамқоршыны анықтау және оның сонда тұрақты болуы үшін оны сол мекемеге жайғастыру туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Прокуратура органдары прокурорлық әрекет ету шараларын қабылдау үшін негіздемелерді анықтамады.
Сарапшылар қоғамының пікірі бойынша, Қазақстанда әрекет ететін қорғаншы және қамқоршы институты, адамды әрекетке қабілетсіз деп тану заңды процедурасы қайта қарастырылу керек. Бұл әлеуметтік-құқықтық институт бастапқыда денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар тұлғаларды, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылғаны сөзсіз. Бұл кезекте, әрекетке қабілетсіз тұлғада шешімдерді өз бетімен қабылдау мүмкіндігінің болмауы оның өмірлік, мүліктік құқықтары мен мүдделеріне қарама-қайшы келуі мүмкін.

Мәлім болғандай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес «әрекетке қабілетсіз» мәртебесі сот шешімімен беріледі және тек сот шешімімен ғана қайта қарастырылады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, психикалық бұзылу себебі бойынша тұлға әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, оны жою туралы шешім сирек қабылданады. Әрекетке қабілетсіз тұлғаның мәртебесін өзгерту туралы өтінішті жақын туысқандары, қамқоршылары, прокурор, психикалық ұйым өкілдері бере алады. Жиі бұл адамдар осы мәселенің шешім табуына анағұрлым аз мүдделі болады, ал әрекетке қабілетсіз адамның өзі сотқа өтінішпен жүгіне алмайды.

БҰҰ мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы мәселе жөніндегі Арнайы баяндамашысы 2017 жылы елімізге келу қорытындылары бойынша мүгедектігі бар тұлға ниет білдірген жағдайда, өзінің әрекетке қабілетсіздігін жүзеге асырғанда, қолдауды пайдалана алатынын және бұл кезекте шешім қабылдауда дербестігін сақтай алатынын заңнамалық тәртіпте қабылдауға кеңес бергенін атап өткен жөн. Әрекетке қабілетсіздікті толық мойындау Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны жүзеге асырудың негізгі элементтері болып табылады.

Денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар тұлғалардың құқықтары мәселелері бойынша басқа өтініштер психиатриялық сараптама өткізуге, туысқандармен байланыс орнатуға қатысты болды.


Омбудсменге Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығының мамандарын тартумен тәуелсіз психиатриялық сараптаманы өткізуде көмек көрсету туралы Е.Т. өтініші түсті.

Уәкілдің сұрауына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоғарыда аталған орталықта куәландыруды өткізу, сондай-ақ Е.Т. ауруханаға жоспарлы жатқызуға жолдаманы алу мақсатында тұрғылықты жері бойынша психиатр дәрігерге жүгініп, зертханалық зерттеуден өтіп, Қостанай облыстық психиатриялық аурахананың диспансерлік бөліміне жүгінуге кеңес берілгені туралы ақпараттандырды.

Сондай-ақ, аталған министрлік Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығына Е.Т. психиатриялық куәландыруды өткізуге тапсырма берді.



Омбудсменге Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілпсихикалық ауруы бар және әрекетке қабілетсіз болып танылған С.Л. мүддесінде Қазақстанда тұратын оның туысқандарымен байланыс орнатуда көмек сұрап жүгінді. С.Л. Ресей Федерациясының Иванов облысының психожүйке интернатында тұрды.

Өткізілген жұмыстың нәтижесінде С.Т. анасының қайтыс болғаны, ал оның ағасы, екінші топ мүгедегі Г.В. 1998 жылдан бері Қарағанды қаласының №2 психожүйке медициналық-әлеуметтік мекемесінде тұрып жатқаны анықталды.

Психожүйке медициналық-әлеуметтік мекемесінің әкімшілігіне оларға ағайындылардың телефон арқылы сөйлесуі және хат алмасуы үшін тараптардың арасындағы туысқандық байланысты растайтын құжаттардың көшірмесін жіберу туралы өтініш білдірілді. Тиісті хат Ресей Федерациясының құқық қорғау мекемесіне жолданды.

Психикалық бұзушылықтарынан азап шеккен тұлғалардың айналысында терең қалыптасып кеткен теріс стереотиптермен, соның ішінде олар қандай да бір әрекеттерді жасауға, шешім қабылдауға немесе қоғам дамуына оң үлес қосуға қабілетсіз дегенге сенушілікпен қатар, бұндай теріс түсініктер стигматизацияның пайда болуы мен сақталуының негізгі себебіне айналғанын атап өткен жөн.

Бұл стереотиптер мен стигматизация өмірдің барлық салаларында байқалады және адамның өзіне деген қарым-қатынасына және оның жеке өзін-өзі бағалауына қатты әсер етеді. Бұл мән-мәтінде халық арасында ағарту жұмысын өткізу, психикалық денсаулықты қорғауда қолданылатын медициналық, әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін жүйелі даярлау мен олардың кәсіби деңгейін арттыру маңызды болып табылады.

Жалпы алғанда, мүгедектігі бар тұлғаларды қоғамға тиімді интеграциясы бойынша жағдай жасау, халықаралық стандарттарды ұлттық заңнамаға және құқық қолдану тәжірибесіне енгізу, мүгедектігі бар адамдарға қатысты стигматизацияны жою, мемлекеттік органдардың, ұлттық құқық қорғау институттарының, азаматтық қоғамның конструктивтік өзара әрекеттесуі, бұл процестің барлық қатысушыларының олардың алдында тұрған міндеттерінің ортақ екенін түсінуі олардың құқықтарын қамтамасыз етудің тиімділік шарттарының бірі болып табылатынын атап өткен жөн.


12. Балалардың құқықтары
Қазақстанда тұратын 18 млн. адамның ішінде шамамен 5 млн. кәмелетке толмағандар болып табылады. Ең алдымен, оларды қоғамда өз бетімен өмір сүруіне дайындау қажеттілігі себебінен олар ерекше күтімге, мемлекет тарапынан қолдауға және қорғауға мұқтаж.

Баланың құқықтары туралы конвенция балалардың құқықтарын қорғау саласында негізгі халықаралық құжат болып табылады, Қазақстан оның қатысушысы болып табылады. Конвенцияның негізгі идеясы кәмелетке толмағанның мүдделерін анағұрлым жақсы қамтамасыз ету болып табылады.Халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстанда кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғауға бағытталған ұлттық заңнаманың негіздері құрылды, бұл салада мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары анықталды.

Балалардың жағдайын жақсартуға, олардың өмір сүруіне және дамуына қолайлы ортаны құруға бағытталған балалық шақты қорғау саласында өткізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың нәтижесінде сәби және бала өлімі төмендеп келеді, тәрбиелеудің балама нысандарын дамыту есебіненбала үйлерінің және онда тұратын балалардың саны азайды, жаңа мектептер салынып жатыр, мемлекеттік мектептерде жан басын қаржыландыру кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау мен қорғау кепілдігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама жетілдіріліп жатыр. Осылайша, 2018 жылы еліміздің Президенті «Балалардың денсаулығы мен дамуына зардап тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Заңға қол қойды, ол заңға қарсы әрекеттің нәтижесінде зардап шеккен баланы сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез келген ақпаратты және суреттерді БАҚ-та жариялауға шек қоюды қарастырады. Сонымен қатар, балалардың әртүрлі жас тобының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларға арналған ақпараттық өнім мазмұнының критерийлерін бекіту, балалардың денсаулығына зардап тигізетін ақпараттың таратылуына бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың құзыреттерін ажырату, сондай-ақ жас жіктемесін жүзеге асыратын субъектілерді анықтау заңнамамен қарастырылған.

Осы бөлімде балалардың құқықтарын қорғаумен байланысты бірқатар мәселелік сұрақтар қозғалады, олардың өзектілігін ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге түсетін өтініштерді талдау дәлелдейді.

2018жылы құқық қорғау мекемесіне балалар құқықтарының бұзылуы туралы 72 өтініш түсті, соның ішінде 68жазбаша және 4 ауызша. Бұл кезекте, алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда, 2018 жылыбалалар құқықтарының бұзылуы туралы өтініштердің саны шамалы азайғанын атап өткен жөн (2017 жылы – 96 өтініш).

Уәкілдің поштасында балалардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың, заңды өкілдерінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықты және қатыгездікті қолдану мәселелері бойынша өтініштер аз емес.Жоғарыда аталған заңға қарсы әрекеттер үйде де, тәрбиелеу-білім беру мекемелерінде де, қоғамдық орындарда да болады.


Уәкілге Алматы қаласының № 140 балабақшасында, соның ішінде жас немересіне қатысты қатыгездік жасау фактілері туралы А.М. өтініші түсті.

Өз өтінішінде өтініш беруші балабақша меңгерушісі балабақшада болып жатқан жағдай туралы хабардар болды, алайда, бұл фактті жасырып қана қоймай, өз қызметкерін ақтауға тырысты деп мәліделді.

Уәкіл бұл жағдайға араласқаннан кейін Алматы қаласы Білім басқармасының бұйрығына сәйкес жоғарыда аталған балабақшаның меңгерушісі мен тәрбиешісі жұмыс орындарынан босатылды.

Сонымен бірге, бұл факт бойынша Алматы қаласы Бостандық ауданының Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексі 140-бабының 2-бөлігі бойынша тәрбиешіге қатысты сотқа дейінгі тергеудің бастағаны анықталды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Өскемен қаласы №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленуші қыздары А.А., 17.02.2005 ж.т., А.А., 08.03.2006 ж.т.,және А.Е., 01.07.2005 ж.т., мүддесінде Шығыс Қазақстан облысының көркем гимнастикадан бас жаттықтырушысы Ж.А. әрекетіне шағыммен А.М., С.К. және М.В. өтініші түсті.

Өтініштің мазмұнынан жоғарыда аталған кәмелетке толмағандар екі жыл бойы педагог тарапынан жүйелі түрде физикалық және психологиялық қатыгездікке душар болғаны мәлім болды.

Уәкіл мекемесінің сұрауына уәкілетті органдар Ж.А. балалармен жұмыс жасаудан шеттетілгені туралы ақпарат берілді.

28.06.2018ж.С.К.өтініші бойынша және 17.08.2018ж. А.М. өтініші бойынша Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасы Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ 17.08.2018ж. А.Е. өтініші бойынша Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасының Үлбі полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексі 141-бабының 1-бөлімі бойынша (балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау) Ж.А. қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу департаментінің тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы аталған қылмыстық істерді зерттеп қарап, оларды бір іске біріктіру және қажетті тергеу әрекеттерін өткізу туралы жазбаша нұсқау берді.

30.08.2018ж. қылмыстық іс Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасының Тергеу бөлімімен өндіріске алынды. 10.12.2018ж. тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы 1-бөлімінің 2-тармағы (әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы себебінен) негізінде тоқтатылды.

Қылмыстық істің материалдары Өскемен қаласы прокуратурасының қаралуында жатыр.
2017 жылы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасының берген тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жекешілік серіктестік шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейтуге тапсырма берілді, бүгінгі күні 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытумен қамту 95%-ды құрайды.

Сонымен бірге, бұл ұйымдардың жұмыс істеуін талдау 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауы барысында Елбасы атаған олардың қойылатын талаптарға жеткілікті деңгейде сәйкес келмеуіне абыржуы және бұл ұйымдардың қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарды қайта қарау қажеттілігін дәлелдейді. Мектепке дейінгі ұйымдар персоналының олардың тәрбиеленушілеріне қатысты жиелеп кеткен қатыгездік жасау жағдайлары бұны көрсетті, бұны бұқаралық ақпараттық құралдарында, соның ішінде шетелдік, және әлеуметтік желілерде, бейне дәлелмен шағымдар дәлелдейді.

Жоғарыда аталған мәселелер Білім және ғылым министрлігіне есептік жылы жолданған ұсыныстарда көрініс тапты, бұнда Білім және ғылым министрлігіне Елбасының тиісті «жол картасын» әзірлеу туралы тапсырмасы шеңберінде Омбудсмен мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жоюдың нысаналылығын жан-жақты талдау ұсынды.

Сонымен қатар, психологиялық және физикалық (дене) зорлық-зомбылықпен қатар, жыныстық зорлық-зомбылық фактілерінің орын алуы да еркше уайымдатады. 2018 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі 750 қылмыстық істі қозғады, олар бойынша жәбірленушілербалалар болды (бұл кезекте, кәмелетке толмаған 614 бала жыныстық озбырлық объектісі болды, 65– бұл 10 жасқа толмаған бала), 2017 жылы–69912.

Есептік кезеңде Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында ұл балаға қатысты ерекше назарға ие болған зорлық-зомбылықпен байланысты жағдай кең қоғамдық резонансты тудырды.

Омбудсмен мекемесі жағдайдың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Бас прокуратураның назарын еркін жүріп-тұру, дербес құқықтылық, құқықтық және басқа қажетті көмекке, сыртқы ортамен коммуникацияға қолжетімділік құқықтарына қатысты бірқатар процестік бұзушылықтардың барына уақтылы әрі жария аударды.

Өтініштердің басқа тобы баланың отбасыда тәрбиелену, ата-анасының күтім жасауы және ата-анасының әрқайсысымен толыққанды араласу құқығын жүзеге асырумен байланысты болды. Ең алдымен, жоғарыда аталған құқықтарды бұзу некені бұзуға алып келетін отбасыдағы келіспеушілік себебінен туындайды.

2018 жылы Қазақстанда 40 мыңнан астам некені бұзу тіркелді. «The Economist» британдық баспаның деректері бойынша, Қазақстан басқа мемлекеттердің ішінде некені бұзу бойынша әлемде 10-орынға ие13.

Бұл мән-мәтінде Елбасы ағымдық жылғы 28 қарашада өткен VIII Қазақстан Азаматтық форумында мектеп жасынан бастап жыныстық және отбасылық тәрбиелеуді өткізудің маңызын атап, Қазақстанда некені бұзу жастардың отбасы құруға дайын болмауына байланысты деп айтты.

Еліміздің неке және отбасы мәселелерін реттеу саласындағы ұлттық заңнамасында ата-ананың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы, оны заңдастырылмаған деп тану немесе ата-ананың бөлек тұруы баланың құқықтарына әсер етпеуі тиіс делінген. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауына құқығы бар.

Бұл кезекте, бұрынғыдай, некені бұзу процесінен кейін туындайтын жағдайлар ерекше уайым тудырады, бұнда бала амалсыздан ата-анасының келіспеушілігі мен дауларының объектісіне айналады. Балалардың ата-анасының біреуімен тұрғылықты орнын анықтау туралы сот шешімдерімен келіспеу және сот органы анықтаған қарым-қатынас жасау тәртібі болса да, балалармен қарым-қатынас жасауға кедергі келтіру келіспеушіліктің себептері жиі болып табылады.



Уәкілдің мекемесіне есептік жылы әкелерден бірқатар өтініштер түсті, олар сот органдары бұндай шешімдерді шығарғанда, жиі артықшылықты әйелдерге береді деп санап, анасымен тұрғылықты жерін анықтау туралы сот шешімдерімен келіспеушілігін білдірді.
Уәкілге 05.11.2015 ж.т. кәмелетке толмаған қызы К.А. анасы Г.Д.-мен тұрғылықты жерін анықтау туралы сот шешімімен келіспеу, сондай-ақ баланы мәжбүрлеп тартып алу туралы А.К. өтініші түсті.

Өтініштің авторы Г.Д.-мен екі жақты келісіммен кәмелетке толмаған К.А. туылғаннан бері онымен тұрды және анасы қызын тәрбиелеуге қатыспады деп мәлімдеді. Оның хабарлауынша, соттың істі қарауы барысында ол баланың өз биологиялық анасын білмейтініне әлденеше рет назар аударды және сот шешімін мәжбүрлеп орындау баланы психологиялық зақымға душар етеді. Алайда, бұл фактті сот органдары ескермеді.

Өтініш берушіге ҚР Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы Ереженің 18-тармағына сәйкесАдам құқықтары жөніндегі Уәкіл соттардың әрекеті мен шешімдеріне шағымдарды қарастыруға құқылы емес екені түсіндірілді.

Бұл кезекте, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен ҚР Жоғарғы Сот Төрағасының арасындағы адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қалпына келтіру саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандумның қағидаларын басшылыққа алып, жоғарыда аталған өтініш мәлімет үшін ҚР Жоғарғы Сотына және ҚР Бас прокуратурасына құқықтық негіздер анықталған жағдайда прокурорлық әрекет ету актісін енгізу үшін жолданды.
Бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасындағы қиын әрі келісілмеген өзара қарым-қатынастар кәмелетке толмағанның мүдделері мен құқықтарын елемей, олардың ата-ана міндеттерін жүзеге асыруда және баланы тәрбиелеу және дамыту процесіне толыққанды қатысуда қиындықтар туғызады.
Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталыққа А.Б. оның ата-ана құқығы мен оның кәмелетке толмаған балаларының онымен қарым-қатынас жасау құқықтарын қорғауда көмек көрсету өтінішімен жүгінді.

Өтініштің мазмұнынан бұрынғы әйелінің балалардың өз әкесімен қарым-қатынас жасауға кедергі келтіретіні, атап айтқанда, медиативтік келісімге келуден және қорғаншы және қомқоршы органның шешімін орындаудан бас тартатыны мәлім болды.

Сондай-ақ өтініш беруші бұл дау соттың істі қарау мәні болып табылады деп мәлімдеді.

Өтініш берушігеҚР Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы Ереженің 18-тармағына сәйкесАдам құқықтары жөніндегі Уәкілсоттардың әрекеті мен шешімдеріне шағымдарды қарастыруға құқылы емес екені түсіндірілді.

Бұл кезекте, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен ҚР Жоғарғы Сот Төрағасының арасындағы адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қалпына келтіру саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандумның қағидаларын басшылыққа алып, жоғарыда аталған өтініш мәлімет үшін ҚР Жоғарғы Сотына жолданды.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметі туралы алдыңғы есепте ата-анасының біреуі, басым жағдайларда әкесі, анасымен тұрғылықты орнын анықтау туралы шығарылған сот шешіміне қарамастан, баланы анасының келісімісіз елдің шегінен тыс жерге алып кету фактілер көтерілді.

Құқық қорғау мекемесіне есептік жылы ұқсас сипатты өтініштер де түсті.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге оның кәмелетке толмаған балаларын Қазақстанға қайтаруда көмек сұраған Қазақстан азаматшасы З.В. өтініші түсті.

Өтініштің мазмұнында балалардың әкесі балаларды анасының келісімісіз Ресей Федерациясы Шешен Республикасының Грозный қаласына алып кеткені мәлімделді. 2018 жылғы сәуірде Алматы қалалық соты өтініш берушінің оның балаларын отанына қайтару туралы талап арызы қанағаттандырылды. Қазіргі уақытта З.В. Грозный қаласында орналасқан, сонымен бірге, жоғарыда аталған іс бойынша үкім қағазы орындалмай жатыр.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге 09.08.2009 ж.т. оның кәмелетке толмаған ұлын Д.Т. Қазақстанға қайтаруда көмек сұраған Қазақстан азаматы П.Е. өтініші түсті.

Өтініштің мазмұнындабаланың әкесі Д.Б. оны анасымен ауызша келісімі бойынша а.ж. 16 шілдесіне дейінгі мерзімге Ресей Федерациясы Шешен Республикасының Грозный қаласына алып кеткені мәлімделді. Бұл арада, қазіргі уақытқа дейін бала әкесімен тұрып келеді, өтініш берушінің айтуынша, әкесібаланың анасымен қарым-қатынас жасау құқығын шектейді.
Бұл мән-мәтінде жоғарыда аталған мәселелерді реттеу және бірыңғайлау мақсатында Білім және ғылым министрлігі есептік жылы құрамында уәкілетті органдардың өкілдері бар жұмыс тобына бастамашылық еткенін атап өткен жөн. Өз кезегінде, жоғарыда аталған топтың жұмысы аталмыш фактілер кезінде туандайтын мәселелерді шешуге жәрдемдеседі деп санаймыз.

Уәкілге түсетін өтініштердің жеке тобы баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуге қатысты болды. Бұл мәселе бойынша Уәкілге балалардың аналары әлі де жүгінеді. Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстанда 700 мыңға жуық бала тек анасымен ғана тұрады14.



Өткен жылдарда сияқты баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты өндіріп алу мәселелерінде келесі сұрақ өзектілігін сақтап келеді: баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеушінің нақты кіріс мөлшерін анықтау; баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтарған жағдайда, сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету; қарызгердің жұмыс орнын анықтау және содан кейін жалақысын өндіріп алуға жүгіну, өйткені бірқатар қарызгерлер еңбек қатынастарында құжатты рәсімдемей жұмыс істейді; баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуге міндетті тұлғалардың хабарсыз жоқ болып кетуі; баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуге міндетті тұлғаларды жұмыспен қамту. Басым жағдайларда өтініш берушілер баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты өндіріп алу туралы сот шешімдері сот атқарушыларының белсенді қызметінің жеткіліксіздігі, соның ішінде қызметтік міндеттеріне салғырт қарауы себебінен орындалмайды деп санайды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі У. Мұхаммадиев Өзбекстан Республикасының азаматшасы И.Э. мүддесінде Алматы облысы Талғар аудандық сотының Қазақстан Республикасының азаматы И.М.-нен И.Э. пайдасына кәмелетке толмаған ортақ балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты өндіріп алу туралы2016 жылғы 20 желтоқсандағы шешімін орындауда көмек көрсету мәселесі бойынша өтінішімен жүгінді. И.М.-нен кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға арналған қаражаттыөндіріп алу туралы сот шешімін орындауға қатысты.

Қазақстан уәкілетті органдары өткізген жұмыстың нәтижелері бойынша 2018 жылғы 5 шілдеде Алматы облысы атқарушы округі жеке сот атқарушысы Е.Д. (бұдан әрі – ЖСА) қаулысымен И.М.-нен И.Э. пайдасына қарызгердің барлық кіріс көздерінің 1/3 бөлігі мөлшерінде баланы күтіп-бағуға арналған қаражаттыөндіріп алу туралы атқару өндірісінің қозғалғаны анықталды.

Қарызгердің «Technodom Operator» АҚ-дағы жұмыс орны анықталғанына байланысты ЖСА 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысыменбаланы күтіп-бағуға арналған қаражатқарызгердің жалақысынан өндірілетін болды.

2018 жылғы 12 қазанда ЖСА қаулысымен қарызгердің қарызы анықталды, оның мөлшері 935611 теңгені құрады.

Сонымен бірге, ұсынылған түбіртек көшірмесіне сәйкес 2018 жылғы 16 қазанда қарызгер баланы күтіп-бағуға арналған қаражатбойынша қарызды өтеу есебінен И.Э. шотына 2530 АҚШ долларын аударғаны анықталды.

Осылайша, атқару құжаты бойынша қарызгердің баланы күтіп-бағуға арналған қаражат бойынша қарызы жоқ.

жүктеу 5,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау