Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2018 жылғы



жүктеу 5,23 Mb.
бет13/24
Дата03.02.2020
өлшемі5,23 Mb.
#28083
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
15. Халықаралық ынтымақтастық
Есептік жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің халықаралық серіктестермен ынтымақтастығы едәуір артты.

Ең алдымен, ұзақ мерзімді жобалар бойынша өзара әрекеттесу, сондай-ақ жүйелі диалогтық алаңдар ерекше динамикаға ие болды.

Осылайша, 2018 жыл Омбудсменнің ұлттық құқық қорғау мекемесі негізгі серіктестерінің бірі ЮНИСЕФ Қазақстандағы Өкілі Юрий Оксамитныймен кездесуінен басталды. Кездесу барысында тараптар «Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азияда көші-қон процестерінде балаларды қорғау» атты үш жылдық еларалық бағдарламасы шеңберінде бірлескен жұмыс туралы келісті, оның мақсаты көші-қон процестеріне ұшыраған балаларға жан-жақты қолдау көрсету болып табылады.

Қол жеткізілген келісімдерді дамытуда Омбудсмен бұл жобаны талқылауды өңірлік ынтымақтастық деңгейіндегі күн тәртібіне шығарды. Осылайша, 2018 жылғы ақпанның ортасында Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Женева қаласына (Швейцария) Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің жаһандық альянсының жыл сайынғы кездесуіне қатысу үшін жұмыс іссапарымен барды. Орталық Азия елдері омбудсмен институттарының ынтымақтастығы мәселелеріне арналған жеке панельдік пікірталаста қазақстандық тарап әріптестеріне кезекті өңірлік кездесу шеңберінде көші-қон процестерінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылауды ұсынды. Бұл тақырып бойынша конференцияны өткізу 2019 жылдың соңына жоспарланды.

Мәлімделген еларалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша бірінші қадамдар есептік жылдың басында-ақ қабылданды. Осылайша, балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту бағыты бойынша Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мекемесі ЮНИСЕФ Қазақстандағы Өкілімен бірге Алматы қаласының және Алматы облысының институционалдық мекемелеріне мониторинг өткізді. Мониторингтік келу нәтижелері бойынша бірқатар бірлескен ұсыныстар әзірленді, олар еліміздің уәкілетті органдарына жолданды.

Жалпы алғанда, балалардың құқықтарын қорғау мәселесі Омбудсмен институтының жұмысында басым болып табылады және 2018 жылы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде бұл саладағы мәселелерді талқылау сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге шығарылды.

2018 жылғы 26-27 сәуірде «Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің және ҰПТ бірлескен күш-жігерімен азаптаулар превенциясы» тақырыбы бойынша Ұлттық превентивтік тетіктің (ҰПТ) азаптаулардың алдын алу бойынша екінші форумын өткізу жылдың анағұрлым маңызды оқиғаларының бірі болды. Іс-шараны Омбудсмен мекемесі Еуропалық Одақ, Еуропа Кеңесі, БҰҰ Жоғарғы комиссарының адам құқықтары жөніндегі басқармасы, БҰҰ Даму бағдарламасы, ЮНИСЕФ, ОБСЕ бағдарламалар кеңсесі, Халықаралық түрме реформасы сияқты тұрақты халықаралық серіктестердің қолдауымен ұйымдастырды.

Алғаш рет еліміздің 16 өңірінен ҰПТ 100 астам қатысушысын жинаған форумның жұмысына сондай-ақ ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Орталық Азия, Ресей және бірқатар еуропалық мемлекеттер омбудсмендері және ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өкілдері, ұлттық және халықаралық сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері де қатысты.

Форум шеңберінде Қазақстан ҰПТ 2017 жылғы қызметі туралы Шоғырландырылған баяндамасының презентациясы өтті.

Омбудсмен жиналғандарды 2017 жылы ҰПТ қатысушылары мандат асты мекемелерге 500 астам превентивтік баруды өткізгені туралы ақпараттандырды, олардың қорытындысы бойынша мекемелердің әкімшілігі, жергілікті және орталық мемлекеттік органдар үшін жазадау мен қарым-қатынас жасаудың қатыгез түрлерінің және азаптаулардың алдын алу саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша мәндік және өзекті ұсыныстар әзірленді.

Жалпы алғанда, форум қатысушылары тиімділігін және жүйелі сипатын атап, сондай-ақ азаптаулардың алдын алу бойынша қазақстандық тәжірибені зерттеп қарау және басқа елдерде тарату маңыздылығын ерекше атап, Қазақстан ҰПТ қызметінің нәтижелеріне оң баға берді.

Есептік жылы ұлттық құқық қорғау мекемесінің ішкі әлеуетін шетелдік әріптестермен және халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасу арқылы арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2018 жылғы ақпанда «Қазақстандық билікке қазақстанның әділ сотының сапасын және тиімділігін арттыруда қолдау көрсету» атты Еуропалық одақ (ЕО) пен Еуропа Кеңесінің (ЕК) бірлескен бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында Омбудсменнің Еуропа Кеңесінің арнайы өкілі, Грузияның бұрынғы Омбудсмені Георги Тугушимен кездесуі өтті.Келген кезде халықаралық сарапшы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің қызметіне баға берді, жұмысының құрылымын және жүйесін зерттеп қарады, сондай-ақ ұйымның басшылығы мен қызметкерлеріне сұхбат өткізді. Өткізілген бағалау қорытындылары бойынша сарапшы ұлттық құқық қорғау мекемесін көпшілікке танылған халықаралық стандарттарға сәйкес ары қарай институционалдық нығайту бойынша ұсыныстарды әзірледі.

Сонымен қатар, есептік жылы халықаралық серіктестердің қолдауымен Омбудсмен кеңсесінің басшылығы мен қызметкерлері шетелдік, еуропалық әріптестердің кеңселеріне бірқатар танысу іссапарларын жүзеге асырды.


Омбудсменнің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азиядағы (АҚЖКБ) өңірлік өкілі Р. Комендамен кездесуі


жүктеу 5,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау