Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2018 жылғы



жүктеу 5,23 Mb.
бет1/24
Дата03.02.2020
өлшемі5,23 Mb.
#28083
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


№ исх: 01/223-И от: 21.06.2019

№ вх: 27-4117 от: 21.06.2019



Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі

уәкілдің 2018 жылғы

қызметі туралы

ЕСЕП


НҰР-СҰЛТАН

2019
Кіріспе 3
1. Түскен өтініштердің жалпы сипаттамасы 7

2. ҚР-дағы АҚУ өкілеттігін жүзеге асыру, АҚУ-дің мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесуі 16

3. Бостандық және жеке басқа қол сұғылмаушылық құқығы 25

4. Сот қорғауына және әділ соттың істі қарауына, сот шешімдерін орындалуына құқығы 29

5. Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу құқығы 35

6. Еркін жүріп-тұру, азаматтық алу құқығы 40

7. Тұрғын-үй және жер құқықтары 47

8. Еңбек құқықтары 54

9. Әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыздандыру құқығы 60

10. Денсаулықты қорғау құқығы 66

11. Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары 71

12. Балалар құқықтары 78

13. Діни сенім бостандығы құқығы 87

14. Сотталғандардың құқықтары 90

15. Халықаралық ынтымақтастық 96
Қорытынды 105
Қосымша 107
1. Үндеу хаттар 107

2. Ұсыныстар 137

3. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу бойынша

статистикалық деректер 152

4. АҚУ мекемесінің республика өңірлерімен жұмысы 157

5. АҚУ және оның мекемесінің қоғамдық іс-шараларға қатысуы 158

6. АҚУ және оның мекемесінің халықаралық іс-шараларға қатысуы 170

7. АҚУ және оның мекемесінің БАҚ-қа шығуы 175

8. Сараптау-талдау құжаттары 182

Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің (бұдан әрі – Уәкіл немесе Омбудсмен) 2018 жылғы қызметі туралы осы есеп Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы Ережелерге сәйкес дайындалды.

Осы құжат есептік жылда ұлттық құқық қорғау мекемесінің атқарған жұмысы, оның негізгі бағыттары, оның өз құзыреттерін жүзеге асыруы, қарастырылған шағымдардың сипаттамасы, мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, халықаралық серіктестермен өзара әркеттесуі туралы жалпыланған ақпаратты қамтиды.

Есеп келіп түскен өтініштерді талдау, жеке қабылдаулар мен мониторингтік келулер барысында азаматтармен әңгімелесу, БАҚ-тан ақпарат, түрлі құқық қорғау алаңдарында және іс-шараларда талқылау, мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау негізінде жасалды. Есеп өзекті құқық қорғау мәселелері бойынша тарауларға бөлінді.

Елбасының есептік жылдың басындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы адами капиталды мемлекетті жаңғыртудың негізі ретінде анықтап, құқықтың ұлықтылығын қамтамасыз етуге бағдарды жалғастырып, қазақстандықтардың азаматтық және әлеуметтік құқықтарын дамытуға жаңа серпін берді.

Ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметі есептік жылда Елбасының жолдауларында және басқа бағдарламалық құжаттарда анықталған міндеттерін жүзеге асыруға, мемлекеттің орнықты дамуына жәрдемдесуге басым бағытталды.

Билік тармақтарының тиімді теңгерімін орнатқан конституциялық реформа ұлттық құқық қорғау мекемесінің Қазақстанның құқықтық жүйесінде нығайған рөлі мен орнын растауға мүмкіндік берді, орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен анағұрлым тығыз әрі тең құқылы өзара әрекеттесу мүмкіндігін ұсынды.

Есептік жылы бойында Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге 1811 азамат олардың құқықтарының бұзылғанына шағымданды.Шағымдардың басым бөлігі Астана және Алматы қалаларынан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарынан түсті.

Мемлекеттік, соның ішінде құқық қорғау органдарының (28%) лауазымдық тұлғаларының іс-әрекетіне шағымдар; сот шешімдерімен келіспеу (26%); әлеуметтік құқықтардың бұзылуы (17,5%) әдеттегідей басым болды.

Омбудсмен мекемесінің жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде максималды ашық жариялау есептік кезеңнің ерекшелігі болды.

Есептік жылы Омбудсменнің жауап беру спектрін анықтаған анағұрлым өзекті мәселелер денсаулық сақтауға, азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының тұрғын-үй құқықтарына, балалардың құқықтарын және қолайлы балалық шақты қамтамасыз етуге, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға қатысты болды.

Есепте Премьер-Министрге, Парламентке, Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға және орталық мемлекеттік органдардың басшыларына жолданған ұсыныстар келтіріледі, бұнда Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл еліміздегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асырудағы мәселелерге басты назарды аударды және оларды жою бойынша нақты ұсыныстарды берді. Осылайша, Омбудсмен есептік жылы азаматтардың әділ сотқа қолжетімділігі, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты жою, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда, ата-аналарды баланы асырап алуға дайындайтын арнайы бағдарламаны енгізу, мемлекет кепілдік берген медициналық көмек шеңберінде дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі саласындағы ұсыныстарды атады.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әрекет ете бастады, оның шеңберінде бұйрық өндірісі институтын енгізу, процестің сайыскерлігін арттыру, адвокатура институтын нығайту, сот бақылауын күшейту қарастырылды.

2018 жылғы наурызда ҚР Ұлттық Банкі Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізді, олардың шеңберінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетіледі.

Инвестициялар және даму министрлігі мүгедектігі бар тұлғалардың ұшақпен ұшуын жақсартуға жәрдемдесетін қолданыстағы Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидалары жетілдірілді.

Қарт адамдардың құқықтары мәселелері өзекті болғандықтан, Омбудсменнің бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ қарт адамдардың құқықтары мәселелері жөніндегі Тәуелсіз сарапшысы Р. Корнфелд-Маттеге Қазақстанға іс-сапармен келуі үшін шақыру жіберді.

Қызметті ресмилендіру және жұмыспен өз бетінше қамтылған халықтың әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды.

Есепте ұлттық құқық қорғау мекемесінің мониторингтік қызметінің нәтижелері көрініс тапты, олар жабық мекемелерде отырған тұлғалардың құқықтарын сақтау туралы ақпаратты алуға, азаматтардың жекелеген санаттарының құқықтарын жүзеге асыруда қолда бар мәселелерді және сын-қатерлерді білуге мүмкіндік берді. Атқарушы және заң шығарушы органдарға осы мәселелер бойынша жолданған тиісті ұсыныстар есептің бөлімдерінде келтіріледі.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің үйлестіруші рөлінде азаптаулардың және қатыгездіктің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігінің қызметі жалғастырылды. Есептік жылы консультатвитік-кеңесші органдардың қызметі белсендірілді, олардың шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың диалогтық алаңдары өткізілді.Құқық қорғау тақырыбын таратуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері туралы ақпараттандыруға жәрдемдесетін бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Қазақстан Омбудсмен мекемесі халықаралық құқық қорғау ынтымақтастығына қатысуын кеңейтуді және осы бағытта өз әлеуетін дамытуды жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің жаһандық альянсында (ҰҚҚМЖА) оның позициясын нығайту үшін қолайлы жағдай жасалды.

Есептік жылдың ақпанында Женева қаласында ҰҚҚМЖАіс-шаралары шеңберінде қазақстандық тарап бастамашылық еткен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан омбудсмендерінің өзара әрекеттесу платформасы (CASI – NHRI) ресми бекітілді. Осы форматта БҰҰ Жоғарғы комиссарының Адам құқықтары жөніндегі басқарма, БҰҰ Даму бағдарламасы, Еуропалық одақ серіктестер болды.

Жоғарыда аталған бастама Орталық Азия елдерінің өңірлік ынтымақтастығын нығайтудың тікелей ахуалында көтерілді, оның идеясы Қазақстанның Президентіне тиесілі.

Есептік жылы Омбудсмен мекемесі ЮНИСЕФ-тің заңнамалық базаны жетілдіруге, аталған өңірлер елдерінің осы бағытта өзара әрекеттесуін нығайтуға бағытталған«Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азиядағы көші-қон процестерінде балаларды қорғау» атты еларалық бағдарламасына қосылды.

Қазақстанның Ұлттық құқық қорғау мекемесі Қартаю мәселелері жөніндегі жаһандық орталықтың ASEM (Азия-Еуропа мәжілісі) конференциясы форматында құрудың бастамашылар тобына кірді. Қазіргі уақытта БҰҰ аясында қарт адамдардың құқықтары жөніндегі халықаралық Конвенцияны әзірлеу процесі басталды.Есептік жылы 71 іс-шараға қатысты, олардың барысында халықаралық қоғам Қазақстанда өткізілетін, заманауи ақиқат пен сын-қатерлерге сәйкес еліміздің сапалық тұрғыдан жаңа даму кезеңіне өтуіне бағытталған кең ауқымды реформалар туралы жан-жақты хабардар болды.

Есеп дәстүрлі форматта дайындалды, құрылымын сақтады және түскен шағымдардың жалпы сипаттамасын, сондай-ақ іске асырылған құзыреттерді және негізгі қызмет бағыттарын талдау негізінде адам құқықтарымен жағдайды бағалауды қамтиды.

Қоғамды, мемлекеттік органдарды, халықаралық және қазақстандық құқық қорғау ұйымдарын, шетелдік серіктестерді, ғылыми қоғам өкілдерін, студенттерді Уәкілдің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуде атқарған жұмысы туралы ақпараттандыру есептің мақсаты болып табылады.

Есеп Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Парламенттің екі палатасына, Үкіметке, мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет елдердің елшіліктеріне және үкіметтік емес ұйымдарға жолданады. Бұл құжат Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің ресми сайтында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді болады.



1. Түскен өтініштердің жалпы сипаттамасы
2018 жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге 1 468, соның ішінде 1 347 жазбаша және 121 ауызша өтініш түсті.


жүктеу 5,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау