1710 жылы Арал теңізінің солтүстігіндегі Қарақұмда Қаракесек құрылтайы өтті. Оны тарихта Қарақұм құрылтайы деп те, Қаракесек құрылтайы деп те таңбалай береді



жүктеу 17,56 Kb.
Дата18.10.2023
өлшемі17,56 Kb.
#43909
Азиля жана заман

1710 жылы Арал теңізінің солтүстігіндегі Қарақұмда Қаракесек құрылтайы өтті. Оны тарихта Қарақұм құрылтайы деп те, Қаракесек құрылтайы деп те таңбалай береді. Өйткені бұл жиын өткен Қарақұм алқабын негізінен Қаракесек ру-тайпалары мекендейтін.


Құрылтайдың басты міндеті-Жоңғар хандығымен одан әрі қарым-қатынасты анықтау, съездің бастамашысы Тәуке хан болды. XVIII ғасырдың басынан бастап жоңғар хандығының қазақ жерлеріне қысымы айтарлықтай күшейе түсті. Қазақ элитасының әр түрлі өкілдерінің ұстанымдары бірдей болмады: бір бөлігі жоңғарларға бағынуды ұсынды, екінші бөлігі күту позициясын алды, үшінші бөлігі одан әрі күрес жүргізуді ұсынды. Шешуші соғыс қимылдарының жақтаушысы Қанжығалы Бөгенбай-батырдың сенімді сөзінен кейін ғана съезге қатысушылар жоңғарларға қарсы біріккен соғыс қимылдарын жүргізуге келісті. Съезд Қазақ милициясының жетекшісі болып Бөгенбай батырды сайлады. Кейбір мәліметтер бойынша, хандардың жоғарғы қолбасшысы болып Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сайланды. Я.П. Гавердовскийдің қазақ географиясы мен тарихы туралы «Кыргыз-Кайсак даласына шолу» деген қолжазбасындағы, Қарқұм құрылтайы туралы мына бір деректі өз қалпында беруді жөн көріп отырмыз: По свидельству казахсих аксакалов, принятие на этом съезде единодушного решения противостоять совместными усилиями более сильному врагу происходило в чрезвычайно сложной и драматичной морально-психологической обстановке и далось его участникам в неалой степени под мощным давлением батыров. «После нескольких выступлений представителей так называемой пораженческой партии, предлагавшей просить «милосердия» джунгарского хунтайджи или же спасаться бегством, слово взял «известный по храбрости» старшина рода табын поколения жетыру Младшего жуза, батыр Богенбай, который сразу же «уничтожилсии предприятия». Народное предание гласит, что Богенбай среди жаркого спора разорвал на себе одежду и, повергнув в круг совета меч совой, говорил в исступлении: «Отмстим врагом нашим, умрем с оружием, не будем слабыми зрителями разграбленных кочевок и плененных наших детей! Робели ли когда воины равнин кипчаских? Сия брада еще не украсилась сединой, как я багрил руки свои в крови неприятеля! Теперь могуль равнодушно снесть тиранство от варваров? Еще нет недостатка в доврых конях! Еще не опустел колчан со стерлами остырми!»


Қарақұм құрылтайында шешуші сөз сөйлеп, бүкіл қазаққа рух берген Бөкенбай батырдың Табын руынан екендігін профессор М. Әбдіров та қуаттайды. Тарихшы: «Еще летом 1710 года на народном собрании в Каракумах, видимо, после прибытия в степь с юга он, как чингизид, был по древней традиции поднят на белой кошме и объявлен ханом Младшего жуза, а главным сардаром полководцем избран известный батыр из рода табын Богенбай», – дейді. 
Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романында Қарақұм құрылтайында «Алаш» ұрандының туын табын Бөкенбайға, «Арқар» ұрандының туын Әбілқайыр ханға жүктелуі соны айғақтайды. Сонымен, тарихи деректерді пайымдай келе, жоңғар-қазақ соғыстары кезінде Қарақұм құрылтайында сөз сөйлеп елді рухтандырып, қолбасшылыққа тағайындалған табын Бөкенбай батыр болатын. 

Тарихшы Н.М.Маев: «Қарақұмдағы халық съезінде Бөкенбай батыр өзінің халқын жігерлендіре білді, және қазақ жасағының күш біріктіруінің арқасында қалмақтарды талқандады». Л. Мейер бұл жайында: Әбілқайыр сұлтан Қарақұмда өткен съезде хан болып тағайындалды. 1708-1712 жылдар аралығында жоңғарлар Қазақстанға ірі басқыншылық жасады. Қарақұмда қазақтардың үш жүзінің бас қосу съезі өтті, осы съезде жауға қарсы жоспар дайындалды. Соңғы кезде қазақтар ойраттарға күшті соққылар берді. 1713-1714 жылдары ойраттар үлкен жеңіліске ұшырады Әбілқайырдың көтерілуі мемлекет қайраткері Тәуке ханнын өмір сүрген жылдары XVII ғасырдың екінші жартысы ХVIII ғасырдың басында болды. Әбілқайырдың аты саяси алаңға Тәуке ханның өмірінің соңғы жылдарына қарай шықты.


1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық Құрылтай болды.
Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Қазақ халқының ең таңдаулы өкілдерінің бас қосқан бұл жиынында жауға күйрете соққы беруді, орталықтандырылған күшті басшылықты қалай ұйымдастыруды шешу керек болды.


Халықты қорғау ісін халық өзі жүзеге асырды, ел мүддесін қорғай алатын ұйымдастырушылар мен жетекшілері – Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Өтеген сияқты батырларын қолдау арқылы отанды қорғауды қолға алды.
1726 жылы Түркістан қаласынан оңтүстік-батыста орналасқан Ордабасы жерінде үш жүз өкілдерінің құрылтайы өтеді. Қолда бар деректер құрылтайды шақыру бастамасын көтерген адам туралы айтылмайды, 
Қолда бар деректерде құрылтайды ұйымдастыру бастамасын көтерген адам туралы еш мәлімет берілмейді. Құрылтайды батырлардың қысымымен Болат хан ұйымдастырды деп болжам ғана жасауға болады. Құрылтайда бүкілхалықтық әскер құру туралы шешім қабылданды және оның басқолбасшысы болып сол кездегі Кіші жүздің ханы – Әбілқайыр сайланды. «Қауіп оларды біріктірді, - деп жазды, бұл туралы Левшин, - ортақ келісімді қалыпына келтіріп, барлығын бір нәрсеге бағыттады. 
Жалпыхалықтық құрылтай алға жылжып, жауға қарсы шауып, оларды ежелгі қазақ жерінен ығыстыруға жол ашты. Құрылтай жиналасында ант қабылдап, бір біріне адалдықтарын білдірді. Әбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. Боз қасқа құрбандыққа шалынды.
Осы құрылтайдан кейін үшжүздің әскері қосылып, жоңғарларға қазақ-жоңғар соғысындағы аса ірі соққысын берді. Бұланты өзенінде өткен бұл шайқас тарихта «Қалмақ қырылған» деген атпен қалды. Жеңіс халықтың рухын көтерді, өз күшіне сендірді, басқыншыларды жеңуге болатынына көздерін жеткізді. Қазақ әскерлері басымдық алды, қорғаныстан шабуылдауға көшті.
жүктеу 17,56 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау