Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу жеделділігін арттыру мақсатында Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықта Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілді, ол арқылы азаматтар электрондық Үкімет порталы арқылы Омбудсменге өтініш жаза алады.
Есептік жылы жеке қабылдауда Омбудсмен және оның мекемесінің қызметкерлері 121 адамды қабылдады, олардың басым бөлігі Астана және Алматы қалаларының, Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындары болып табылады. Құқық қорғау оргадарының әрекетімен/әрекетсіздігімен, сот актілерімен келіспеу мәселелері, тұрғын-үй, әлеуметтік, еңбек құқықтарының бұзылуы туралы шағымдар және т.б. жазбаша өтініштерде анағұрлым өзекті болды.
2018 жылы жазбаша өтініштер Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінен түсті. Өтініштердің басым бөлігі Астана (15,7%) және Алматы (14,2%) қалаларынан, Ақмола облысынан (10,4%), Қарағанды облысынан (9,5%), Қостанай облысынан (7,8%), Солтүстік Қазақстан облысынан (6,2%) түсті. Шағымдардың өңірлер бойынша бөлінісі төмендегі кестеде келтіріледі.
Шетелден өтініштер, атап айтқанда, Ресей Федерациясынан, Украинадан, Қырғыз Республикасынан, Өзбекстаннан, Әзірбайжаннан, Ұлыбританиядан, Чех Республикасынан, Нидерланд Корольдігінен түскен болатын.
Шағымдардың басым бөлігі есептік жылы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаматтардың құқықтарын бұзумен байланысты болды –түскен өтініштердің жалпы санынан 28%. Азаматтар қылмыстық-процестік заңнама нормаларының бұзылуын, қылмыстық істі тергеуді негізсіз созуды, тергеу барысындағы нашар прокурорлық қадағалауды атады.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге К.С. мүддесінде адвокат А.Л. ҚР ҚК 385-бабының 1-бөлімі (жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеудің негізсіз тоқтатылуына шағымы түсті.
Шағымды қарастыру нәтижелері бойынша қылмыстық іс қайта қозғалды. Тергеу тиісті деңгейде орындалмағаны және істі негізсіз тоқтатқаны үшін Астана қаласындағы Есіл ауданының ІІБ тергеушісіУ.М.қылмыстық істерді тергеумен байланысты емес қызметке ауыстырылуымен лауазымынан босатылды.
Сот шешімдерімен келіспеу туралы өтініштер және сот органдарының әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдар (26%)көлемі бойынша екінші топ болып табылады, олардың басым бөлігі сот ісін жүргізу барсында қылмыстық-процестік заңнама нормаларын бұзумен байланысты болды.
Бұндай өтініштер түскенде, өтініш берушілерге түсініктемелер жолданды, билік бөлінісінің конституциялық қағидатына сәйкес соттар әділ сотты өз бетінше іске асырады. ҚР Конституциясы және 25.12.2000 жылғы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңы сот ісін жүргізуге лауазымдық тұлғалардың, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің араласуына жол бермейді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан азаптаулар және қатыгездік жасау мәселелері бойынша өтініштердің үлестік салмағы шамамен бұрынғы деңгейде сақталды (2017 жылғы 11%-дан 2018 жылғы 12%-ға дейін).
Пенитенциарлық мекемелер әкімшілігінің әрекетімен/әрекетсіздігімен байланысты өтініштердің саны 10,8%-ды құрады. Өтініш берушілер сотталғандардың еңбек құқықтарын бұзу, тиісті емес медициналық, әлеуметтік, тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа сотталған Т.А. қанағаттанарлықсыз күту шарттарына және оны тәртіптік оқшаулағышқа отырғызғанда, ЕЦ-166/23 Мекемесі қызметкерлерінің әрекетіне келіспеуіне шағымданумен жүгінді.
Тексеріс барысында сотталғандарды санитарлық-тұрмыстық күту шарттарын орындамау фактісі расталды. Камералар тиісті емес санитарлық жағдайда болды, жылыту жүйесін, элеваторлық түйінді, жергілікті телім камераларын, режимдік корпусты жөндеу керек болды. Сонымен қатар, мекеменің режимдік бөлімі басшысының сотталған Т.А. санитарлық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы туралы 4 өтінішін жоғалту фактісі анықталды.
Ақтөбе облысының прокуратурасы қылмыстық-атқарушы заңнаманың талаптарын бұзуды жою туралы ұсыныс жасады. Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша режимдік корпустың 14 камерасында косметикалық жөндеу жасалды, жабынды ауыстыру бойынша жұмыстар жасалды, 7 камерада ағаш еден төселді, қабырғалар сыланып боялды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін режимдік бөлімнің басшысы К.Ж. тәртіптік жазаға тартылды.
Денсаулық сақтау құқығының бұзылғаны туралы өтініштерде (7%) медициналық мекемелерде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы және тиісті емес жағдайлары туралы мәселелер көтерілді. Сондай-ақ түзеу мекемелерінде медициналық көмекті уақтылы көрсетпеу фактілері бойынша өтініштер де түсті.
Омбудсменге Т.Э. түзеу мекемесі қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне және сотталған ағасына медициналық көмектің көрсетілмегеніне, оның өлімі фактісі бойынша тергеудің тоқтатылуына шағымданды.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың сұрауына Алматы облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жоспардан тыс тексерісті өткізді, оның қорытындысы бойынша Т.А. өлімін шартты түрде алдын алуға болатын еді деген қорытындымен акт жазылды.
Қапшағай қ. прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы жойылды және ол Қапшағай қ. ІІБ-не қосымша сотқа дейінгі тергеуді өткізу үшін жолданды.
Алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда, мемлекеттік органдарда тиісті емес әкімшіліктендіру мәселелері бойынша өтініштердің саны екі есе азайды (орталық атқарушы органдарда әкімшіліктендіруге 27 шағым, 42 – жергілікті). Өтініш берушілер негізінен жергілікті атқарушы органдардың және денсаулық сақтау мекемелерінің қанағаттанарлықсыз жұмысын атады.
Шағымдардың жекелеген санаты (5,5%) балалардың құқықтарын жүзеге асырумен байланысты болды. Негізінен, азаматтар баланың тұрғылықты орнын анықтау, алименттік төлемақы туралы сот шешімімен келіспеу мәселелерін қозғады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты және қатыгездікті қолдану туралы өтініштер түсті.
Азаматтардың тұрғын-үй құқықтарын жүзеге асыру әлі де өзекті мәселе болыр отыр, олар өтініштердің жалпы санынан 4,6%-ды құрады. Азаматтар мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғынжай беру, оны жекешелендіру, қанағаттанарлықсыз тұрмыстық жағдайлар, банктердің әрекетімен, тұрғын-үй таластары бойынша сот актілерімен келіспеу мәселелерін көтерді.
Еңбек мәселелері өтініштердің 3,7%-ында көтерілді және олар еңбекақыны төлемеу, жұмыстан шығарумен келіспеу, еңбек қатынастарын тиісінше рәсімдемеу, өндірісте денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу мәселелерін қозғады.
Есептік кезеңде мемлекеттің қатысуынсыз заңды тұлғалардың әрекетіне шағымдар түсті (3,4%). Өтініш берушілер жиі өз өтініштерінде екінші деңгейлік банктердің банктік қарыздар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету есебінен кепілдік мүлікті өткізу бөлігіндегі әрекетімен келіспеушілігін білдірді.
Уәкілге асырауында кәмелет жасқа толмаған екі баласы бар жалғыз басты ана А.Д. кепілдік мүлікті банктік қарыз үшін өткізу туралы сот шешімін орындауды тоқтатуда көмек көрсету сұрауымен өтініші түсті.
«Kaspi Bank» АҚАймағамбетованың үйін өткізіп алу туралы сотқа арыз берді. Сот шешімімен банктің талабы қанағаттандырылды. Бұл арада бұл кепілдік мүлік аз қамтылған отбасы үшін жалғыз тұрғынжай болып табылады.
Өтініш берушіге жоғары тұрған сот инстанцияларының сот актісін қайта қарау тәртібі түсіндірілді.Өтініш мәлімет үшін сондай-ақ ҚР Жоғарғы сотына да жолданды.
Тіркеу, азаматтық алу, тұлғаны куәландыратын құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша өтініштер өтініштердің жалпы санынан 3%-ды құрады. Көп жағдайда өтініш берушілер құжаттауда, жоғалған құжаттарды қалпына келтіруде, азаматтық тиестілікті анықтауда көмек сұрады.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа П.В. қызы И.Е. мүддесінде Астана қ. көші-қон қызметі қызметкерлерінің әрекетсіздігіне шағымымен өтініші түсті.
И.Е., Қазақстан Республикасының азаматы, 2000 жылғы қарашада Германияға тұрақты тұру үшін кетті. Төлқұжаттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін өтініш беруші Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігіне төлқұжат алу өтінішімен жүгінді. Алайда, уәкілетті орган И.Е. атына төлқұжат беруден бас тартты, өйткені ол ҚР азаматтығынан Ресей Федерациясынан түскен өз өтініші негізінде шықты. Бұл кезекте, өтініш беруші атағандай, оның қызы Ресей Федерациясының аумағында бұрын сонды тұрмады.
Бұл өтінішті қарау шеңберінде тиісті сұраулар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне және Ішкі істер министрлігіне жолданды.
Уәкілетті органдар өткізген тексерістердің нәтижелері бойынша И.Е. ҚР азаматтығынан шығу туралы өтініш бермегені және Ресей Федерациясының азаматтығын алмағаны анықталды.Қазақстан Республикасының Халықты құжаттау қорында И.Е. құжаттарын әрекет етпейтіндердің қатарына ауыстыруға қатысты жіберілген техникалық қате жойылды.
И.Е. атына жаңа төлқұжат Қазақстан Республикасының Берлиндегі Елшілігіне жіберілді.
Есептік жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мәселелері бойынша 35 өтініш (2,8%) түсті, олар тұрғын-үй, мүліктік құқықтарды жүзеге асыруға, тиісті медициналық көмек көрсету, мүгедектік санатынан шығарумен келіспеуге, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға қатысты болды.
Білікті заң көмегін алу мәселелері бойынша өтініштердің саны өтініштердің жалпы санынан 2,5%-ды құрады.
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге талап арызды жазу үшін адвокаттың көмегін алуда жәрдемді сұраумен, сондай-ақ әлеуметтік қорғау органдарының әрекетімен келіспеу туралы К.Г. өтініші түсті.
Республикалық адвокаттар алқасының өтінішті қарау нәтижелері бойынша Астана қ. адвокаттар Алқасының Президиумына К.Г.-ге мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде тегін заң көмегін көрсету туралы сұрау жіберілді.
Алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда, ар-ождан бостандығы құқығының бұзылуы туралы өтініштердің саны екі есе артты (2,3%). Діни бірлестіктердің өкілдері заңнама талаптарын бұзғаны үшін олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуымен, кемсітушілік қарым-қатынас ретінде қарастырып, құқық қорғау органдарының олардың өтініштерін қарастыру бойынша әрекетсіздігімен келіспеушіліктерін білдірді.
Әлеуметтік қамсыздандыру, соның ішінде зейнетақыны тағайындау және төлеу, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша өтініштердің үлесі 2,2%-ды құрады. Шағымдарда әлеуметтік төлемақыны тағайындау, әлеуметтік көмек көрсету, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін орталықтарда тұру жағдайы, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету және т.б. мәселелер қозғалды.
Өтініштердің 2,1%-ы ақпаратты алу құқығын іске асыру мәселесі бойынша түсті.
Омбудсменге қазіргі уақытта Қырғызстанда тұратын У.Г. Жамбыл облысының Қаратау қаласында орналасқан «Қазфосфат» ЖШС-нде жұмыс істеген мерзімде, зейнетақыны тағайындау үшін қажет болған еңбекақы туралы анықтаманы алуда көмек көрсету туралы өтінді.
АҚУ сұрауына Жамбыл облысының Мемлекеттік архиві сұралған мұрағаттық анықтаманы ұсынды.
Есептік жылы Уәкілге сот шешімдерінің орындалмауы туралы өтініштер түсті (2%). Азаматтар сот атқарушыларының әрекет етпеу, сот шешімдерінің ұзақ орындалмау фактілерін атады.
Сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу құқығын іске асыру әлі де өзекті мәселе болып отыр, бұндай өтініштердің үлесі 1,9%-ды құрады.
Есептік жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге жер мәселелері бойынша 22 өтініш түсті (1,7%). Шағымдарында өтініш берушілер жер учаскелерінбергенде, құқық белгілеу құжаттарын рәсімдегенде, жер телімдерін мемлекет мұқтажына алғанда, жергілікті атқарушы органдардың әрекетімен келіспеушілігін, сондай-ақ жер даулары бойынша сот актілерімен келіспеушілігін білдірді.
Әйелдердің құқықтарын бұзу туралы өтініштер есептік жылы 1,4%-ды құрады. Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты қолдану және еңбек саласында кемсіту мәселелері аталды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге «Маңғыстаумұнайагаз» АҚ жұмысберушінің заңсыз әрекетіне шағыммен Т.Ж. өтініші түсті.
2018 жылғы наурыздан бастап, өтініш беруші жүктілік демалыста болғанда, оған кадр бөлімінің қызметкерлері өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтінішке қол қою талабымен бірнеше рет қоңырау шалды. Бас тартқан жағдайда, жұмысберуші жұмыстан бір жақты тәртіпте шығарамын деп қорқытты. Өтініш беруші нәтижесінде өз еркімен жұмыстан шығуға мәжбүр болғаны туралы мәлімдеді. Бұдан кейін Т.Ж. оған дейін қол қойған өтінішін қайтаруға және бұрынғы жұмыс орнына қайтуға тырысты.
ҚР ЕХӘҚМ еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті АҚУ сұрауына Т.Ж. бұған дейін берген өтінішін қайтару туралы өтінішпен жұмысберушіге ескертпе мерзімі өткеннен кейін жүгінгені туралы ақпараттандырды.
Еңбек қатынастары бір тарабының еңбек шартын тоқтату ынтасы бойынша келіспеушілігі, сондай-ақ қызметкердің жұмысына қайту туралы мәселелер кәсіпорында бітістіру процедуралары көмегімен (ҚР Еңбек кодексінің 159-161 баптары), реттелмейтін сұрақтар немесе келісім комиссиясының шешімін орындамау бойынша – сот тәртібімен шешіледі, Т.Ж.-ға сонда жүгінуге кеңес берілді.
Шетелде азаматтардың құқықтарын бұзу туралы шағымдар түскен өтініштердің жалпы санынан 1,1%-ды құрады, негізінен Ресей Федерациясы, Әзірбайжан Республикасы мемлекеттік мекемелерінің әрекеттеріне шағымдар түсті.
Тұтынушылардың құқықтарын бұзу туралы өтініштердің саны бұрынғы деңгейде қалды (0,9%). Азаматтар коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны негізсіз алу, коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамау мәселелерін қозғады.
Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу туралы өтініштердің саны өтініштердің жалпы санынан 0,6%-ды құрады. Уәкілетті органдардың салық салу бөлігінде әрекеттеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың сауда орындарын ауыстыру бөлігіндеәрекеттеріне шағымдар түсті.
Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге ұлттық және тіл белгісі бойынша кемсітушілікпен байланысты өтініштер түсті (0,5%).
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗК-169/4 Мекемесінде күтілетін сотталған В.С. ұлттық белгі бойынша кемсітушілік пен еңбек құқықтарын бұзу шағымымен өтініші түсті. Өтініш беруші еңбек шарты, сондай-ақ басқа құжаттар жоғарыда аталған мекемеде сотталған меңгермеген тек мемлекеттік тілде ғана жасалатынын атады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік ұйымдарда қазақ тілімен қатар орыс тілін қолдану құқығына кепілдік береді.
ҚР Еңбек кодексінің 6-бабына сәйкес ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде тегіне, ұлтына, тіліне байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД құқық қорғау мекемесінің сұрауымен қызметтік тексеріс өткізілді, соның нәтижесі бойынша өтініште жазылған фактілер расталды. Осылайша, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 15-бабын бұзып, сотталған мен «ПСК Сәулет» ЖШС арасындағы еңбек шарты тек мемлекеттік тілде ғана жасалды. Сонымен қатар, еңбек шартында еңбекақының мөлшері көрсетілмеді.
Қызметтік тексерістің нәтижелері Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жедел отырысында қарастырылды, соның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.
Кәмелетке толмағандардың білім алуға құқықтарын бұзу өтініштердің 0,4%-ында көтерілді, бұнда өтініш берушілер діни атрибутиканың элементтерімен киім киетін қыздардың сабаққа келуіне тыйым салумен байланысты мектеп әкімшілігінің әрекетімен келіспеуін білдірді, оқытушылардың заңсыз әрекеттері, білім беру ұйымдарында тамақтану нормаларын бұзу мәселелері аталды.
Омбудсменге Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданының Аймақ орта мектебі әкімшілігінің оның кәмелетке толмаған ұлының құқықтарын бұзу бөліміндегі әрекетіне шағыммен К.А. жүгінді.
Өтініште аталған дәлелдерді тексеру мақсатында Тайыншы ауданының білім бөлімінің қызметкерлерін тартумен шықпалы комиссия ұйымдастырылды.
Тексеріс барысында жеңілдікпен тегін тамақтануға мұқтаж кәмелетке толмаған К.К. онымен қамтамасыз етілмегені анықталды. Тайыншы ауданы білім бөлімінің бұйрығымен мектеп директоры мен әлеуметтік педагогы тәртіптік жазаға тартылды.
Психиатриялық аурумен байланысты кемсітушілік туралы өтініштердің саны өтініштердің жалпы санынан 0,4%-ды құрады. Шағымдарда анықталған диагнозбен, психиатриялық стационарға жайғастырумен келіспеумәселелері көтерілді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге ағымдық жылы қолайлы қоршаған ортаға құқықты бұзу, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, сөз еркіндігі, бейбіт жиналыстар еркіндігі мәселелері бойынша өтініштердің ең аз саны түсті.
Сондай-ақ, есептік кезең бойында Уәкілге өтініш берушілердің құқықтарын қалпына келтіруде көмек көрсеткені үшін алғысхаттар келді.
Құрметті Асқар Оразалыұлы!
Сізге Өскемен қ. Үлбі полиция бөлімі екі қызметкерінің заңсыз әрекетінен менің конституциялық құқытарым мен бостандығымды қорғағаныңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін.
У.
Рахмет!
Менің құқығымды қорғап, айлығымды, қалған ақшаларымды алуға көмектескендеріңізге көп-көп рахмет!
М.
Адам құқықтары жөніндеші Уәкілге, А.О. Шәкіровке және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі басқарманың қызметкері А.Б. Сапарғалиге алғыс білдіргіміз келеді.
Сіздің және Жоғарғы Соттың арқасында біз өз үйімізге қоныстандық.
Сізге және бізді әдеппен қарсы алған Сіздің қызметкеріңізге алғыс білдіреміз. Осындай тәрбиелі азаматтардың болғанына қуаныштымын. Біздің отбасымыз, мен, 2-топ мүгедегі, және инсульттан кейін төсек тартып жатқан менің анам Сізге алғыс білдіреміз. Көп рахмет!
Я.
Құрметті Асқар Оразалыұлы!
Смоленск облысындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Сізге Ресей Федерациясы азаматының Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметін растайтын құжаттар бағытында көрсеткен көмегіңіз үшін шексіз құрметпен және шын жүректен алғыс білдіреді.
Адамның құқықтары менбостандықтарын қорғау саласында бұдан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |