Тексерген: Бидайшиева А



жүктеу 16,13 Kb.
Дата08.05.2020
өлшемі16,13 Kb.
#30228
түріРеферат
Құқық 15 fc04cc6288188587a961eeff26302417

Реферат


Тақырыбы: Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және экономикалық дауларды шешу

Орындаған: Байгутова Г.

Тексерген: Бидайшиева А.

Алматы - 2020 жыл.

Кәсіпкерлік кез келген дамыған экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Кәсіпкерлердің құқықтары – бұл осы қызметті жүзеге асыратын азаматтардың және заңды тұлғалардың негізгі азаматтық құқықтарының бірі.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бүгінгі күні өзекті және мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10 бабына сәйкес, мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi.Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiк құқығына (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.

Заңдарда тыйым салынбаған қызметтi жүзеге асырушы кәсiпкерлердiң құқықтары:

- кәсiпкерлiк қызметтi, лицензия берілетін қызмет түрлерінен басқа, қандай да бір рұқсаттар алмай жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы;

- экономиканың барлық салаларындағы кәсiпкерлiктiң барлық түрiн бiр ғана тiркеушi органда тiркеудiң барынша қарапайым өз бетiмен жүргiзетiн тәртiбiмен;

- кәсiпкерлiк қызметке мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердi заң құжаттарымен шектеу арқылы;

- кәсiпкерлiк қызметтi заң құжаттарында көзделген негiз бойынша шығарылған сот шешiмi бойынша ғана ерiксiз тоқтату арқылы;

- жеке кәсiпкерлiк үшiн тыйым салынған, экспорт немесе импорт үшiн тыйым салынған немесе шек қойылған жұмыс, тауарлардың түрлерi мен қызмет тiзбесiн заң құжаттарында белгiлеу арқылы;

- мемлекеттiк органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ өзге де жақтар мен ұйымдарды кәсiпкерлердiң қызметiне заңсыз кедергi жасағаны үшiн олардың алдындағы заңдарда белгiленген мүлiктiк жауапкершiлiкке тарту арқылы;

- атқарушы бақылау және қадағалау органдарына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен осы органдардың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде шарттық қатынастарға кiруге тыйым салу арқылы;

- заңдарда көзделген өзге де амалдармен қорғалады.

Қазіргі уақытта, кәсіпкерлердің құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілер, соның ішінде Қазақстан Республикасының «Жеке ксәіпкерлік туралы» Заңы (ары қарай - Заң)қабылданды, осы бағыттағы бизнестің заңды мүдделерін қолдауға көптеген және мүдделі жаңалықтар енгізді.

Жекелегенде: кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган - жеке кәсіпкерлікті дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанынан:жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу;жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдап-әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган; шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

Заңда жеке кәсiпкерлiктi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкiн екені көрсетілген.Мемлекеттiк органдардың жекелеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң артықшылық жағдайын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауына тыйым салынады.

Заңмен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерінқозғайтын нормативтік құқықтық актілердi әзірлеужәне қабылдау ерекшеліктерi белгіленді.

Осылай,орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi. Сараптамалық қорытындылар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және нормативтiк құқықтық акт қабылдағанға дейiн, оның ішінде осы жобаны мүдделi мемлекеттiк органдармен келесі әрбiр келiсу кезінде оның жобасына мiндеттi қосымша болып табылады.

Сондай-ақ, Заңмен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттiк қолдау көзделген, ол:

- қаржылық қолдау көрсету;

- шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының желiсiн ұйымдастыру;

- бизнес-инкубаторлардың қызметiн ұйымдастыру;

- бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру және т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Одан басқа, бизнес мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Ынтымақтастық туралы меморандум жасады және бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Жекелегенде жоспармен:

- кәсіпкерлердің, олардың өтініштері бойынша жүйелі проблемаларды шешу үшін бірыңғай көзқарас әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарын құру;

- кәсіпкерлер проблемаларының картасын әзірлеу және т.б. іс-шаралар көзделген.

Прокуратура органдарымен барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында ұқсас құжаттарғақол қойылды.

Енді әрбір кәсіпкерде,бизнесті жүргізу аймағына тәуелсіз,құқықтық сипаттағы мәселелермен бейне мәслихат байланысы арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және облыс прокуратураларының басшыларына жүгіну мүмкіндіктері бар.

Қазіргі уақытта жүйелі негізде бизнесті қорғау қызметі үшін барлық қажетті құралдар жасалған.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында Елбасы биліктің барлық органдарына шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты жалғастырып, заңсыз тексерістерден қорғау қажеттігін тапсырды.

Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 қадамын іске асыру мақсатында әзірленген Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.

Құжаттың басты мақсаты кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты заңнаманың жетілдірілуі мен дамуы, сонымен қатар осы саладағы нормативтік-құқықтық актілерді жүйелендіру, кәсіпкерлік қарым-қатынастарды құқықтық реттеудегі кемістіктер мен қарама-қайшылықтарды жою және де Қазақстан Республикасындағы еркін кәсіпкерлікті қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шарттар мен кепілдіктерді жүйелендіру.

Кәсіпкерлік кодексі 7 бөлімнен, 31 тараудан және 324 баптан тұрады.

Аталмыш Кодекс кәсіпкерлік қызметте зор маңызға ие сұрақтарды реттейді: кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылында негізге алатын жалпыға бірдей қағидаларды бекітіледі; кәсіпкерлік субъектілері қызметінде корпоративті басқару институтын қарастырады; кәсіпкерлік субъектілірінің норма шығарушылыққа қатысуы, мемлекеттік тапсырыс, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау институттары арқылы жүзеге асыру жоспарланған кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын реттейтін бөлім енгізілді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғаудың нысандары мен әдістері соттағы және соттан тыс дауларды реттеу жолымен, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, инвестициялық омбудсмен туралы жалпы ережелерді бекіту арқылы жүйелендірілген; жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлері, отандық тауар өндірушілердің кәсіпкерлігі, арнайы экономикалық аймақтар, инвестициялық және индустриялық-инновациялық қызмет сияқты негізгі бағыттары жүйелі түрде бекітілген.

Атап айтқанда, заңнамаға 3 топ түзетулер енгізілген.

Түзетулердің бірінші тобы монополияға қарсы органның қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған. Яғни, үстем немесе монополиялық жағдайдағы кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін жүргізуді кезең-кезеңімен жою және нарықтағы нақты нарықтық күшін талдау арқылы өз шарттарын күшпен танытатын үстем субъектілерді анықтау.

Екінші топ кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдардың өзара іс-әрекетін нығайту институтын қарастырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметін жетілдіру, Елбасының Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілін 4 жылға тағайындауы мен қызметінен босатуына байланысты құзіретінің бекітілуі, ҰКП құрылымында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің аппаратын құру және оның қызметін ұйымдастыру мәселелерін регламенттеу.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі ұғымдарына анықтама берілген.

Түзетулердің үшінші тобы стандартталған және минималды мониторинг, бағалау мен бақылау жүргізу рәсімдерінің нәтижесіне орай мелекеттік басқаруға өту, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның қызметін жетілдіруге бағытталған.

Өз кезегінде, прокуратура ешқашан бұл процесстерден сырт қалған жоқ. Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау көрсету біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік басқару жүйесіне жұртшылықты тартусыз қоғамның көптеген мәселелерін шешу мүмкін еместігіне байланысты, бұл жұмыс Астана қаласының кәсіпкерлердің құқықытарын қорғау кеңесі мен Астана қаласының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жүргізіледі.

Өткен жылы, Астана қаласы прокуратурасы мен қалалық кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып, Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Жер қатынастары басқармаларының мемлекеттік қызмет көрсетудегі заңдылығының жай-күйін талдады.

Талдаудың нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бұзу жағдайларының орын алғандығын көрсетті, олар кәсіпкерлік субъектілерінен стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталмауымен сипатталады.

Нақтылай айтқанда, Сәулет және қала құрылысы басқармасы «Аir Point Communication» ЖШС-не сыртқы жарнама объектісінің қалыпты қызметін қамтасамыз ететін инженерлік рұқсатының болмауына байланысты, сыртқы жарнама объектісін орнатуға рұқсат беруден бас тарқан, алайда құжаттың бұл түрін талап ету мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында көзделмеген.

Аталған басқармада 6 кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсету мерзімдері бес және одан да көп күнге кешіктіріліп көрсетілген.

Қызмет көрсету мерзімдері Жер қатынастары басқармасында да сақталмаған. Яғни, егер мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 37 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілуі тиіс болса, басқармада 2 айдан асырып қызмет көрсету мерзімдері анықталған (кәсіпкерлердің 3 үндеуін қарастыруда мерзімдердің сақталмауы анықталған).

Талдаудың нәтижесінде, қалалық прокуратура жергілікті атқарушы органның басшысына әсер ету актісін жолдады, ол қарастырылып 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізілген талдау аталмыш бұрмалаушылықтардың жүйелі түрде орын алатындығынан бизнестің дамуына кері әсер ететінін көрсетті, ал бөлек әкімшілік тосқауылдар біздің араласуымыздан кейін жойылды.

2015 жылдың 10 наурызында Астана қаласының прокуратурасымен ШЖҚ «Астана су арнасы» МКК-на сумен жабдықтау және кәріздендіру жүйелеріне қосылуға техникалық шарттар беру мерзімі ұлғайтылғандығына қатысты наразылық енгізіліп, бас директордың бұйрығымен «Астана қаласындағы сумен жабдықтау және кәріздендіру жүйелеріне объектілерді қосуға техникалық шарттар беру мен бекіту тәртібі туралы» Регламенттің күші жойылды және «Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-мен атқарушылық таспаны тапсыру нормасының күші жойылды.

Осылайша, мемлекеттік қызметті көрсетуші мен алушылардың әрекет ету тәртібі бекітілгендігіне қарамастан, табиғи монополиялар субъектілері тарапынан бизнеске өзінің «ережелері мен ұғымдарын» бекіткенін байқаймыз.


Кәсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік органдардың, соның ішінде құқық қорғау органдарының тарапынан заңсыз араласуды болдырмау мақсатында, қалалық прокуратурада кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылу фактілеріне жедел әсер ететін 4 мобильді топ қызмет етеді.

Мобильді топтың мақсаты кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы жайлы кез келген хабарға жедел жауап қайтару болып табылады, соның ішінде кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласуды болдырмау үшін, олардың орналасқан жеріне кідіріссіз бару (санкцияланбаған сауалдар, заңсыз тексерулер, дәйексіз шақыртулар түріндегі).

Ағымдағы жылдың осы күніне дейін мобильді топтарға 48 хабар келіп түскен, оның 15 расталып, прокурорлық әсер ету шаралары қолданылды (16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 4 құқықтық актінің күші жойылды).

Кәсіпкерлік қызмет - бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін бастамашылық қызметі болып табылады. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын экономикалық қызмет түрлерінің бірі.

Кәісіпкерлік қызмет - кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі түрде пайда (табыс) табуға бағытталған шаруашылық қызмет.

Кәсіпкерлік қызметтің заңдық белгілері қатарына төмендегілерді жатқызу керек:



  • кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және дербестігі;

  • меншіктің болуы;

  • тәуекел сипаты;

  • пайда (табыс) алуға деген мүдделілік.

Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі кәсіпкердің жұмыс бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы, әлдекімдердің жеке істерге араласуына жол бермеуі, құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруы. Олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы.

Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып табылады.

ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға құқылы. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік құқымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар ұйым заңды тұлға деп танылады. (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға тиісінше кәсіпкерлік қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады.

Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді сипаты нарықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігіне контрагенттің келісім-шарт міндеттерін орындамауы немесе 2 қанағаттанарлықсыз дәрежеде орындауы сияқты, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүлікті құрту немесе бүлдіру, кәсіпкерлік қызметтен мүмкіндігінше пайда, табыс ала алмау да жатады. Сол себепті кәсіпкерлік қызметті іс жүзінде жүзеге асыру бойынша барлық жауапкершілік кәсіпкерге жүктеледі. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де, басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы мүмкін. Бұл салынған ,капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға байланысты болады. Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет бір жолғы сипатта емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла алады дегенді білдіреді.

Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі формалары болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерліктің аражігін ажыратып көрсетеді. Жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқына негізделген (ҚР АК 10-бабының 1-тармағы).

Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік қызметін емес, шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды реттеуші (сатылас қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық формасы мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Ақырында, мемлекеттік меншік түріне байланысты мемлекеттік кәсіпорындарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады:


  • Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (яғни республика меншігіндегі кәсіпорындар)

  • коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар)

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 34-бабы, ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін акционерлік қоғамдар ұлттық компания болып саналады. Құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып саналатын, ұлттық компаниялар мен басқадай акционерлік қоғамдардың меншік құқымен иеленген акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады.

Кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да жүзеге асырады.



Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге: заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке тұлғалардың заңды тұлға құрмаған кәсіпкерлігі деп бөлуге болады.

Дара кәсіпкерлікке: өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік жатады.
жүктеу 16,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау