ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті деректерінің банк мәліметтеріне сәйкес 2018 жылдың 11 айында ҚР Қылмыстық кодексінің «Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару» 139-бабы бойынша 101 адам сотталды. Солардың ішінде 5 адамға қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза қолданылды, 96 адамға бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылды. Аталған қылмыста кінәлі деп танылған тұлғалар бас бостандығынан айрылмады15.
Өтініштердің басқа тобы білім алу құқымен байланысты болды. Осылайша, есептік жылы Омбудсменге мектептерде діни атрибутиканы киюге тыйым салынғанына байланысты жалпы білім беретін мекемелердің әкімшілігі олардың кәмелетке толмаған балаларының білім алуға құқықтарын бұзады деп санаған азаматтар жүгінді.
Омбудсменге қызының мүддесінде Астана қаласы мектебі әкімшілігінің әрекетіне шағыммен Д.В. жүгінді.
Өтініш беруші мектеп әкімшілігі мектепте діни оймен бас киім киюіне себебінен оқушыларға сабаққа келуге тыйым салады деп мәлімдеді.
Уәкілетті органдарға жолданған сұрауымызға Қазақстан Республикасында діни (рухани) білім беретін ұйымдардан басқа, білім беру және тәрбиелеу жүйесі діннен және діни бірлестіктерден бөлек және зайырлы сипатқа ие деп түсіндірілді («Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы 3-бабының 4-тармағы).
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 35-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет баланы дiни дүниетанымға негiзделген тәрбиесіне араласпауға, бiлiм беру мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде ғана кепiлдiк бередi.
Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкесадамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.
Орта білім беретін ұйымдар үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» ҚР Заңы 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес әзірленді (ҚР БҒМ 20016 жылғы 14 қаңтардағы № 26бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 ақпанда № 13085 тіркелді).
ҚР Әділет министрлігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы Қорытындысына сәйкес нормативтік құқықтық акт азаматтардың заңнамамен белгіленген құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін бұзбайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.
«Білім туралы» ҚР Заңы 49-бабы 2-тармағының 3, 6 және 7 тармақшаларына, оқу орнының Ішкі тәртіп ережелеріне, Жарғысына сәйкес ата-аналар мен өзге де заңды өкілдербілім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға және білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауғаміндетті.
Киім формасын сақтауға қойылатын талап ар-ождан бостандығына құқықты, яғни нақты діни наным-сенімді ұстану құқықтарын бұзу ретінде қарастырыла алмайды, өйткені бұл талаптар діннің қандай да бір бағыттарының талаптарына емес, конституциялық және заңнамалық нормаларды ескере отырып, сондай-ақ барлық қоғам мүддесі негізінде әзірленді. Сонымен бірге, білім беру ұйымдары басшыларына міндетті мектеп формасын сақтау бойынша жауапкершіліктің жүктелгені мәлімделді. Осыған байланысты олардың мектеп формасына қойылатын талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған бақылауы негізделген болып табылады.
ҚР Парламент палаталарының 2018 жылғы 5 наурыздағы бірлескен отырысы барысында Елбасы оқу және сапалыбілім алу үшін Қазақстанда студенттерге арналған жатақханаларды салуға тапсырма берді. Ол халықаралық стандарттар бойынша білім беру жүйесін құрғанда, студенттердің оқу және тұру жағдайларына назар аудару керек екенін атап өтті. Осылайша, 2022 жылдың соңына дейін кем дегенде 75 мың орны бар студенттік жатақхана салынатын болады.
Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталыққа Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған К.Б. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті ұлының мүддесінде жүгінді.
Студенттің анасы ұлы қаланың сыртында орналасқан үйде әпкесімен тұратынын мәлімдеді. Үй университеттен шалғай орналасқандықтан, К.Б. ұлының оқуы мен қауіпсіздігіне уайымдатынын білдірді.
Студентке мүмкіндігінше көмек көрсету туралы уәкілетті органдарға жіберген сұрауымыздан кейін студентке университеттің жатақханасынан бөлме берілді.
Кәмелетке толмағандардың, соның ішінде институционалдық мекемелерде тұратындардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін Омбудсмен мекемесі құқық қорғау мекемесінің мониторингтік қызметі шеңберінде қарастырады.Осылайша, есептік жылы ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл ҰПМ Үйлестіруші кеңес мүшелерімен бірлесіп, мандат асты ҰПМ мекемесіне – қараусыз және панасыз балаларды, девианттық жүріс-тұрыспен балаларды, сондай-ақ қиын өмір жағдайына тап болған ата-ананың қамқорлығысыз қалған балаларды қысқа мерзімде күтіп-бағуға, бейімдеуге және кейін жайғастыруға арналған Астана қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды.
Мониторингтік бару шеңберінде тәрбиеленушілер тұратын материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайлар зерттеп қаралды.
Мониторинг қорытындылары бойынша санитарлық нормаларды сақтау, балаларды жас тобы қағидаты бойынша жайғастыру, оқу процесіне жағдай жасау бөлігінде ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, есептік жылы Омбудсмен БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы Өкілі Юрий Оксамитныймен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, Алматы облысы Жауғашты ауылында орналасқан әйелдер колониясына (ЛА-155/4 мекемесі) барды. Бұл түзеу мекемесі Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінде аймағында бала үйі бар жалғыз мекеме болып табылады.
Келу мақсаты бас бостандығынан айыратын орындарда жас балалардың орналасуы мәселесін зерттеп қарау болды, бұл қоғамда белсенді пікірталастың тақырыбы болып табылады.
Сотталған аналармен және мекеме әкімшілігімен болған сұхбаттар ана мен баланы айыру кері салдарға алып келеді деген пікірді растады, өйткені табиғи әрі қажетті қарым-қатынас анасына жан-жақты қолайлы әсер етеді және баланың толыққанды дамуына қажетті алғышарттарды қалыптастырады.
Бұл кезекте, Омбудсмен, ең алдымен, бала үйінде анасының баламен тәулік бойы бірге болу үшін жағдай жасауды қарастыратын, балаларды табиғи жағдайда тәрбиелеу режиміне максималды жақын, сапалық тұрғыдан жаңа жағдайлар жасау қажеттілігін атады. Атап айтқанда, бала үйіндекадрлық, соның ішінде білікті медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды. Баланы жалпы дамыту және оны әлеуметтендіру мақсатында мәселелер кешені қозғалды, атап айтқанда, оған әкесі мен басқа туысқандарының қолжетімділігін жеңілдету, анасының келісімімен оларға баланы мекеме шегінен тыс жүйелі алып тұруына құқық беру. Жүкті және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыруды қолдану бөлігінде қолда бар жағдайда жан-жақты ескерумен әрбір жеке жағдайда жеке тәсілді қолдану қажеттілігі аталды.
Жауғашты ауылындағы әйелдер колониясымен қатар, мүгедектігі бар балаларды күтіп-бағуға мұқтаждардың тұрақты тұруына арналған «Аяла» Талғар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мониторинг жасалды.
Келу қарсаңында жоғары аталған мекемеде сонда тұратын 8 жасар баланың өлімімен байланысты төтенше жағдай орын алды. Бұл істі қарау нәтижелері бойынша сот Талғар интернат үйінің қызметкерін колонияда жазасын өтеумен 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Мониторинг қорытындылары бойынша Омбудсмен нормативтік-құқықтық базада, бұл мекеменің инфрақұрылымында және кадрлық жұмысында күрделі жүйелі мәселелерді атады.
Алматы қаласына жұмыс іссапары барысында Омбудсмен сондай-ақ әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық белгілері болмаған және жеке басын басқа тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған жағдайда, тұрақты тұрғылықты орны және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұлғаларды қабылдауға және күтіп-бағуға арналған қабылдаушы-бөлушіге де барғанын атап өткен жөн. Қабылдаушы-бөлушіге келген уақытта бұнда жеке басын анықтау мақсатымен шетелдік азаматтар басым болды.
Омбудсмен мекемесінің мониторингтік қызметі көші-қонға тап болған шетелдік азаматтар мен оларды балаларының құқықтық жағдайы саласында бірқатар мәселелік сұрақтардың барын дәлелдеді, олар тиісті реттеуді талап етеді.
Мигрант ата-анасының құқықсыз жағдайы олардың балаларының жағдайына әсер ететінін ерекше атап өткен жөн, өйткені мигранттар Қазақстанға отбасымен бірге жиі келеді. Ата-анасының белгісіз мәртебесі баланың білім алу, әлеуметтік және медициналық қамсыздандыру құқықтарының шектелуіне алып келеді, сондай-ақ оның толыққанды даму мүмкіндігіне әсер етеді. Сонымен қатар, мигрант ата-анасын уақытша ұстау, мүмкін бас бостандығынан айыру орындарында болуы кезінде немесе ата-анасы елден кеткен жағдайларда бала, оның денсаулығы, өмірі және қауіпсіздігі тәуекелді жағдайда болады.
Ресми статистика көрсеткендей, 2017 жылы шетелден келген, қасында қоса ерген адамы жоқ және ата-анасынан алыстап кеткен 420 бала анықталып, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жайғастырылды. Бұл мән-мәтінде БҰҰ Балалар қоры және Еуропалық одақ бастамашылық еткен «Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азияда көші-қон процестерінде балаларды қорғау» еларалық бағдарлама уақтылы әрі өзекті болып табылады. Қазақстандық Омбудсмен мекемесі бұл бағдарламаны жүзеге асыруда ЮНИСЕФ басты серіктесі болып табылатынын атап өткен жөн. Бұл бағдарламаның мақсаты балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерді жетілдіру және қолайлы ортаны қалыптастыру арқылы көші-қон процестеріне шалдыққан балалар құқықтарының қорғалуын және ілгерілеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Жоғарыда аталған жобаның шеңберінде Ұлттық үйлестіруші кеңес құрылды, ол бағдарламаны жүзеге асыру бойында стратегиялық басшылықты, ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді, серіктестердің, мүдделі мемлекеттік органдардың арасында үйлестіруге жәрдемдеседі.
Есептік жылы жоғарыда аталған кеңестің екі отырысы өткізілді және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында кейстерді зерттеп қарау базасында қасында қоса ерген адамы жоқ және ата-анасынан алыстап кеткен балаларға екпін қоюмен көші-қон процестерінде балалардың мұқтаждықтарына жауап беру бойынша Қазақстан ұлттық жүйесінің әлеуетін карталауды өткізу бойынша жұмыс басталды.
Осылайша, есептік жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша түскен шағымдар аталмыш салада институционалдық мекемелердің қызметіне құқық қорғау мониторингі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамның тиімді өзара әрекеттесуі арқылы балаларды қорғаудың үздік жүйесін құру бойынша шараларды нығайту және жетілдіру қажеттілігін дәлелдейді.
13. Діни сенім бостандығына құқық
Діни сенім бостандығына құқық – жеке немесе басқалармен бірге кез келген дінді ұстануға, еркін тандауға, діни нанымға ие болуға және оларды таратуға, соларға сәйкес әрекет етуге әрбір адамның конституциялық құқығы.
Қазақстанда барлық азаматтардың заң алдында тең болуы қағидаттарына және қай дінге жататынына қарамастан, әркімнің жеке нанымына құрметпен қарауға негізделген мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың зайырлы моделі қалыптасқан.
Ағымдық жылғы қазанда Астана қаласында өткен Халықаралық және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезі жұмысының барысында Елбасы Қазақстанның әртүрлі мәдениеттер мен діндер көшбасшыларының конструктивтік ынтымақтастығын нығайту, елімізде 18 конфессияның 3,5 мыңнан астам діни субъектісінің қызметі үшін жағдай жасау ісіндегі тәжірибесін атап өтті.
Съезд қатысушылары дін мен қоғамның жаһандану жағдайында өзара қатынастары мәселелерін, діни көшбасшылардың зорлық-зомбылық экстремизмге және терроризмге қарсы әрекет етудегі рөлін талқылады.Қазақстан Президентінің жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы болып табылатын «Бейбітішілік. XXI ғасыр» Манифестіне» ерекше назар аударылды.
Діннің қоғамдық қатынастарда артқан рөлі жағдайында мемлекет діни радикализмнің белгілеріне жол бермеу үшін жүйелік қадамдарды қабылдап жатыр.
Осы мақсатпен 2017 жылы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайтуға және дінді деструктивтік мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталған Діни салада 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасы қабылданды.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы әзірленді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі ҚР Парламент Мәжілісінің жұмыс тобына бұл заң жобасын құқықтық талдау ДИАҚИ/ОБСЕ жүзеге асыру туралы ұсынысты жолдады.
Мемлекеттік органдармен, діни сенім бостандығына құқықты қамтамасыз ету саласындағы ұлттық және халықаралық құқық қорғау ұйымдармен ынтымақтастық жүйелі негізде жалғасып жатыр.
Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге азаматтардан және діни бірлестіктердің өкілдерінен діни сенім бостандығына құқықтың бұзылуына шағыммен 29 өтініш түсті.
Діни бірлестіктер өкілдерінің өтініштері, негізінен, жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне шағымдану мәселелерін қозғады.
Омбудсменге Қазақстан Діни бірлестіктер қауымдастығы төрағасының Үшарал қаласы «Агапе «Толық інжілдік шіркеуі» ЖДБ пасторы А.С.мүддесінде Алматы облысы әкімдігінің Діни істер басқармасы қызметкерлерінің әрекетімен келіспеу туралы өтініші түсті.
Пастордың мәлімдеуінше, әкімдік қызметкерлері лауазымдық құзыреттерін асыра пайдаланып, бұл діни бірлестікте діни қызметпен айналысуды тоқтату мақсатында аталмыш шіркеуге келушілермен әңгімелесті.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Алматы облысының әкімдігіне сұрау жіберді, ал ол болса, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» бөлімі басшысының діни бірлестіктер өкілдерімен кездесуі ұйымдастырғаны туралы ақпараттандырды,соның барысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес олардың қызметіне мониторинг жасау мәселелері түсіндірілді.
Атқарылған жұмыстың қорытындылары бойынша пастор мен Алакөл ауданы әкімдігі қызметкерлерінің арасындағы келіспеушілік жойылды.
Жекелеген өтініштерде азаматтар құқық қорғау органдардың олардың өтініштерін қарау бойынша әрекетсіздігіне шағымданды, олар бұны кемсітушілік қатынас ретінде қарастырды.
Ұлттық құқық қорғау мекемесіне «Иегова куәгерлері» ЖДБ өкілі Т.Н. оның жасалған құқық бұзушылық туралы өтінішін тіркеуден бас тарту фактісі бойынша жүгінді.
Бас прокуратура мен ҚР Ішкі істер министрлігі берген ақпараттан Т.Н. өтініші Қостанай қаласы ІІБ Оңтүстік ПБ Ақпаратты тіркеу кітабында тіркелгені және қараусыз қалғаны мәлім болды.
Сонымен бірге, өтініште ҚР ҚК 130-бабымен (жала жабу) қарастырылған, жеке айыптау істеріне жататын қылмыстық құқық бұзушылық белгілері сипатталды.
14.03.2018ж. Қостанай қаласы ІІБ шағымды қарау нәтижелері бойынша Т.Н. өтініші істер номенклатурасынан алынып, Қостанай қаласының №2 сотына жөнелтілді.
Бірқатар өтініштерде өтініш берушілер бұқаралық ақпарат құралдарында діни бірлестіктердің қызметіне қатысты күмәнді ақпараттың таратылуына шағымданды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Иегова Куәгерлері Христиан орталығы Басшы комитеті төрағасының орыбасары К.А. БАҚ-та діни бірлестіктің қызметі туралы күмәнді ақпараттың таратылуына шағыммен және аталған интернет-ресурсқа қолжетімділікті шектеуде көмек көрсету өтінішімен жүгінді.
К.А. өтінішінде оның «Егемен Қазақстан» газетіне сайттан күмәнді ақпаратты жою туралы өтініші қараусыз қалғаны аталды.
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұрауына ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі аталған интернет-ресурсқа қолжетімділікті шектеу бойынша шараларды қабылдау құқық бұзушылықты жасау фактісі процестік тәртіпте анықталғаннан кейін ғана мүмкін болады деген ақпаратты берді.
Осыған байланысты өтініш берушіге заңсыз әрекеттер фактісін анықтау үшін сот органдарына және ішкі істер органдарына жүгінуге кеңес берілді. Сот тиісті шешімді шығарған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушінің өтінішінде көрсетілген https://egemen.kz сілтемесі бойынша интернет-ресурсқа пайдаланушылардың қолжетімділігін шектеу бойынша шаралар қабылдайтын болады.
Азаматтардың діни бірлестіктер өкілдерінің әрекетіне шағымдары өтініштердің жеке тобын құрайды.
Осылайша, Омбудсменге Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнянка ауыл тұрғындары Ф.О., О.А., Д.Н. «Жаңа өмір» діни бірлестіктің пасторы Т.М. әрекетіне шағыммен өтініші түсті.
Өтініш берушілердің мәлімдеуінше, ауыл тұрғындарына қысым жасап, өзінің жеке мақсаттарына қаражатты алды.
Азаматтардың өтініштері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Діни істер жөніндегі басқармасына сұрауды жолдаумен қарастырылды.
Тексеріс барысында «СҚО Евангелия Сенім Христиан шіркеуі» ЖДБ Тайыншы ауданында тіркелмегені анықталды, Т.М. бұл кезекте діни бірлестікке өз қатыстылығын мойындамады.
Өтініш берушілерге оларға қатысты айлакерлік әрекеттер жасалған жағдайда, олардың құқық қорғау органдарына жүгіну құқықтары түсіндірілді.
Ағымдық жылы азаматтардың діни бірлестіктер басшыларының кәмелетке толмағанның ата-анасы немесе оның өзге заңды өкілдері қарсы болған жағдайда, кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуына және (немесе) оларды қатыстыруына жол бермеу туралы заңнама талаптарын бұзуы туралы шағымдары түсті.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа «Қостанай облысы Иегова Куәгерлері Христиан Қауымы» ЖДБ төрағасы А.М. заңсыз әрекеттеріне шағыммен Б.С. жүгінді.
Өтініш берушінің мәлімдеуінше, оның бұрынғы әйеліаталмыш діни бірлестіктің мүшесі бола отырып, қауым жиналысына олардың кәмелетке толмаған қызын жүйелі апарып тұрды. Б.С. пасторға оның қызын діни қызметке қатыстырмау туралы әлденеше рет өтінішін білдірді, алайда ол заңнама талаптарын бұзуды жалғастыра берді.
Құқық қорғау мекемесінің уәкілетті органға жолдаған сұрауына Қостанай облысы Діни істер жөніндегі басқармаға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолдану үшін тапсырманың берілгені туралы ақпарат келді.
Бұл кезекте, өтініш беруші «Иегова Куәгерлері» діни бірлестігі Қазақстан Республикасында ресми тіркелген діни бірлестік болып табылатыны туралы ақпараттандырылды.
Ұйымның жекелеген мүшелері жіберетін әкімшілік құқық бұзушылықты жасау діни бірлестіктің қызметін шектеу үшін негіз болып табылмайды.
Азаматтар бірқатар өтініштерде туысқандарының діни бірлестіктердің қызметіне қатысуына байланысты уайымдарын білдірді, бұл діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу туралы мәселені көтерді.
Бұндай жағдайларда өтініш берушілерге Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісінің ережелеріне сәйкес әрбір адамның ой, ар-ождан және дін еркіндігіне; өз тандауы бойынша дінге немесе сенімге ие болуға және қабылдауға құқығы бар екені түсіндірілді. Өз тандауы бойынша дінге немесе сенімге ие болу және қабылдау еркіндігін шектеумен ешкім мәжбүрленбеуі тиіс.
14. Сотталғандардың құқықтары
Қазақстанда соңғы жылдары түрме халқының ілгерілемелі төмендеуі байқалады. 2017 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 36 343 адам қамауда болды, ал түрме халқының деңгейі 100 мың жан басына шаққанда 202 адамды құрады. Есептік жылғы маусым айының ортасында Қазақстан түрме халқының жалпы саны бойынша 49-орынға және түрме рейтингі индексінде 83-орынға ие болды (100 мың жан басына шаққанда 194 сотталған)16.
Республиканың түрме халқын азайту бойынша басты тетіктер құқық бұзушылықтарды қылмыстық деп танымау және қайта сыныптау, қылмыстық жауапкершілікті түзеу қылмыстық әділ сот және түзеу ықпалының балама түрлерімен алмастыру, мерзімнен бұрын босату және пробацияның жаңа жүйесі арқылы мекемелерінің жүйелерін реформалау сияқты әрекеттер болып табылады.
ҚАЖ комитетінің деректеріне сәйкес 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздің қылмыстық-атқару жүйесінің 86 мекемесінде 26 152 адам қамауда болды.
2018 жылы 10 757 адам босатылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 12 шілдедегі № 180-VІ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамасын және құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңының енгізілуіне байланысты 542 сотталғанның жазаны өтеу мерзімі қысқартылды.
Сондай-ақ мемлекет бас бостандығынан айыру орындарыннан шыққан және пробация қызметінде есепке алынған азаматтарды оңалтуға көп назар аударады. Осылайша, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарыннан шыққан және пробация қызметінде есепке алынған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы бекітілді, оның мақсаты сотталғанды еркіндікте өмір сүруіне дайындау болып табылады(жұмыспен қамту бойынша мәселені шешу, еркіндікке шыққаннан кейін тұру орнын қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, мамандықты меңгеруде жәрдемдесу, психологиялық сүйемелдеу, заңмен белгіленген жеңілдіктерді және әлеуметтік төлемақыны алуда кеңес беру, отбасылық және өзге әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруде көмек көрсету).
«Оңалту түрмесі» жобасына ҚАЖ 25 мекемесінен барлығы сотталған 1 540 адам қатысты. Сотталғандарды оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша 2 293 шара өткізілді, соның ішінде: құжаттау бойынша – 27, негізгі орта білімді (1-9 сыныптарда оқу) алғандар - 18, орта білімді – 45 (1-11 сыныптарда оқу), орта білімнен кейінгі білімді – 50 (колледжде білім алғаннан кейін мамандық алды және т.б.), кәсіптік курстардан өткендер және мамандық алғандар – 7, жұмыспен қамтылғандар – 243, әртүрлі консультациялар алғандар – 854, әлеуметтік тұрғыдан пайдалы байланыстар орнатылды – 102, психологиялық көмек көрсетілді – 679, Әлеуметтік бейімдеу орталықтарына жіберілді – 55, емдеу диспансерлеріне жіберілді – 3, басқа – 5. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері 46, басқа мемлекеттік органдар 20 және ҮЕҰ өкілдері сәйкесінше 27 іс-шара өткізді.
Есептік жылы сотталғандардың осал топтары: әйелдердің, балалардың, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге жеке назар аударылды. Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарында 1808 әйел, соның ішінде жас балалармен 36 әйел, ерекше қажеттіліктері бар 684 тұлға (мүгедектер), соның ішінде 23 әйел және кәмелетке толмаған 43 бала жазасын өтеп жатыр.
Пробациялық іс-шаралардың негізгі идеясы рецидивтік қылмыстың алдын алуға және сотталғанды еркіндікте өмір сүруге бейімдеуге бағытталған. Бұл жағдайда сотталғандармен жұмыс істегенде оларды әлеуметтік дағдыландыру, қамаудан тыс өмірге бейімдеуде психологиялық және тәжірибелік көмек көрсету бойынша бағдарламаларды енгізе отырып, бұл кезекте, жазасын өтеп жатқан тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тәрбиелік ықпал ету шараларын кеңейту және дамыту керек.
Есептік кезеңде Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл түзеу мекемелерін қызметкерлерінің тарапынан сотталғандарға қатыгездік жасау және жазалау туралы ақпаратты тексеру, сондай-ақ жәбірленушілерге қажетті құқықтық көмек көрсету мақсатында өз мекемесінің қызметкерлерін жіберу арқылы қоғамдық-резонанстық істерге әлденеше рет жауап берді.
Атап айтқанда, 2018 жылғы қыркүйекте Алматы облысы бойынша ҚАЖД (бұдан әрі – Департамент) ЛА-155/12 және ЛА-155/14 Мекемелері лауазымдық тұлғалары тарапынан сотталғандарға қатысты азаптаулар және қатыгездіктің жасаудың басқа түрлері туралы БАҚ-та сыни жариялымдармен байланысты Омбудсмен мекемесі заң бұзушылықты жою және өз құзыреттерін асыра пайдаланған лауазымдық тұлғаларды жауапқа тарту мақсатында ҚР Бас прокуратурасына прокурорлық әрекет ету шараларын қабылдау туралы үндеу жолдады. Қажетті тексерісті өткізу және тиісті шараларды қабылдау мақсатында Бас прокурор арнайы топты жіберді, оның құрамына Бас прокуратураның және Омбудсмен мекемесінің өкілдері кірді. Арнайы топ ЛА-155/12 және ЛА-155/14 Мекемелерінің лауазымдық тұлғалары тарапынан жіберілген өрескел бұзушылықтарды анықтады және ҚР Ішкі істер министрлігіне ұсыныс берді. Қызметтік тексеру нәтижесінде, Департаменттің 18 қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жоғарыда аталған мекемелердің басшылары (2 басшы, 2 басшы орынбасары) лауазымдарынан босатылды, Департамент басшысының орынбасары қызметіне толық емес сәйкестігі туралы ескертілді.
Сонымен қатар, сотталған С.Саттаров пен И.Руденконың өтініштері бойынша тиісті шараларды қабылдамағаны үшін және сотталған К.Егибаевтың өлім фактісі бойынша Алматы облысы Полиция департаменті ЖҚБ басшысының орынбасары және Департамент жеке қауіпсіздік тобының аға қызметкері лауазымдарынан босатылды, оларға қатысты Алматы облысының прокуратурасы Арнайы прокурорлар басқармасы сотқа дейінгі тергеу өткізіп жатыр.
Бұл арада, есептік кезеңде Омбудсменге бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан тұлғалар құқықтарының бұзылуына 133 шағым түсті. Аталған шағымдар медициналық, әлеуметтік, тұрмыстық қамсыздандыруға, сондай-ақ сотталғандарды жұмыспен қамтуға, олардың жазасын тұрғылықты жері бойынша өтеу және мерзімнен бұрын шартты босату құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты болды. Өтініштердің басым бөлігін сот үкімімен келіспеу, қатыгез әрі өрескел қарым-қатынас, түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды заңсыз қолдануы, тәртіптік жаза шаралары құрады. Негізінен, қамауға алынғандар жеткіліксіз медициналық қамсыздандыруға, күтіп-бағу жағдайларына және қатыгез қарым-қатынасқа шағымданады. Корреспонденция көрсеткендей, Омбудсменге киіммен және басқа заттық мүлікпен қамтамасыз ету бойынша құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ тиісті дәрежеде жасалмаған күтіп-бағу жағдайларына және тамақтандыру нормаларының бұзылуына сотталғандардың шағымдары әлі де түсіп жатыр.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Алматы облысы бойынша ҚБК төрағасы О.Т. Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан, сотталған В.И. мүддесінде киім-кешек жабдығымен қамтамасыз етілмеуіне шағыммен жүгінді.
Ақмола облысы прокуратурасының ақпараты бойынша ЕЦ-166/18 мекемесіне келгенде В.И. киіммен (1 еркек костюмы, жылы күртке, бас киім), іш киіммен (іш киімнің 2 жиынтығы) және аяқ киіммен (туфлидің 1 жұбы, бәтенке, нәскидің 6 жұбы) қамтамасыз етілгені мәлімделді, бұл заттық мүліктің арматуралық карточкасымен расталады.Костюмнің екінші жиынтығын алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.11.2014 жылғы №1255 Қаулысымен қарастыралған.
Сонымен бірге, есептік жылы ЕЦ-166/18 мекемесіне ЕЦ-166/10 мекемесінен жазасын өтеу үшін қосымша 158 сотталған келді. Осыған байланысты ЕЦ-166/18 мекемесінде сотталғандарға форма киімі жетіспеді.
Бұл фактілер бойынша прокуратура органдарына прокурорлық қадағалау актісі кіргізілді. Қазіргі уақытта 4 млн. теңге сомасына қосымша қаражат бөлінді, мемлекеттік сатып алуды өткізу процедурасы өткізіліп жатыр, содан кейін сотталғандар, соның ішінде В.И. қарастырылған киім-кешек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.
|
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/14 Мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған Ю.В. тиісті емес дәрежеде жасалған күтіп-бағу жағдайларына және тамақтандыру нормарының бұзылуына шағыммен жүгінді.
Бас прокуратураның ақпараты бойынша облыстық прокуратура барлық дәлелдер бойынша тексерісті өткізді. Анықталған бұзушылықтар бойынша Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаментіне заңды бұзуды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Қазіргі уақытта «Еңбек-Жауғашты» РМК филиалы сотталғандарды тамақпен қамтамасыз етеді. Сотталғандардың тарапынан шағымдар мен өтініштер түспеді.
|
Уәкіл мекемесі мониторингтік жұмысын талдау прокуратура органдары мен жеке қауіпсіздік қызметтері өткізген тексерістер барысында жаза қолдану, тәртіптік изоляторға орналастыру, қатаң күтіп-бағу жағдайларына ауыстыру, әдетте заңсыз деп танылатынын көрсетті. Бұл арада, режимді, сондай мекемелерде күтіп-бағылатын тұлғаларды қадағалауды және бақылауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын заңнамамен белгіленген тежеуші сипатты шараларды қолдану қажеттілігіне және пропорционалдық қағидаттарына негізделуі тиіс, сондай-ақ олар жазалау, қатыгездік, зорлық-зомбылық, адамның абыройын жоятын нысаналы құрал болмауы тиіс.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/8 Мекемесінде бағып-күтілетін сотталған Р.М. Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/4 Мекемесі қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне шағыммен жүгінді, бұл заңсыз ескерту жасаудан (20.08.2018ж. қаулы) және сөгіс жариялаудан (23.08.2018ж. қаулы) көрініс тапты.
Облыстық прокуратура 23.08.2018 жылы тамақтанудан бас тартқаны үшін сотталған Р.М. сөгіс ретінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды депмәлімдеді.
Р.М. қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы 23.08.2018 жылғы қаулыны облыстық прокуратура заңсыз деп атады.
|
Сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету санатында Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге сотталғандардың тұрғылықты орны бойынша аймақтық түзеу мекемесі бойынша орналасу құқықтарының бұзылуымен байланысты шағымдар әлі де түсіп жатыр.
ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталғандар оларды түзеу, әлеуметтік тұрғыдан пайдалы байланыстарын ұстап тұру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін қажетті жағдайлар ескеріле отырып, мекемеге жіберіледі.
Соныменқатар, қамауға алынғандарға деген қарым-қатынасқа қатысты БҰҰ Минималды стандартты қағидаларына (Мандела Қағидалары) сәйкес қамауға алынғандар, мүмкіндігінше, олардың үйлеріне немесе әлеуметтік оңалту жеріне жақын орналасқан түрме мекемелерінде орналастырылуы тиіс (59-қағида).
2018 жылдың бойында 16 өтініш түсті, 1 өтініш қанағаттандырылды. Ауыстырудан бас тарту негізінен былайша дәйекетелді, а) сотталғанның жүріс-тұрыс дәрежесі талаптарға сәйкес келмейді, б) жаңа құқық бұзушылықты жасаудың алдын алу мақсатында, в) жазасын ары қарай өтеу кедергілерінің болмауы, г) қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге сотталған М.А. оның отбасының тұрғылықты жері бойынша түзеу мекемесіне ауыстыруда көмек көрсету туралы өтінішімен жүгінді.
Омбудсмен мекемесі БҰҰ қылмыстың алдын алу және қамауға алынғандарға деген қарым-қатынас жөніндегі конгресс 1955 жылғы 30 тамызда қабылданған қамауға алынғандарға деген қарым-қатынасқа қатысты БҰҰ Минималды стандартты қағидаларынасәйкес ауыстыру мүмкіндігі туралы сұрау салды, бұнда пенитенциарлық мекеменің әкімшілігіне қалаулы әрі екі тараптың мүддесіне қызмет ететін, қамауға алынған мен оның отбасының арсындағы байланыстарды қолдауға және нығайтуға ерекше назар аудар жөн деп айтылады.
Алайда, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінен түскен ақпарат бойынша басқа мекемеге ауыстыруды жүзеге асыру үшін сотталған М.А. тәртіп дәрежесінің ҚР ҚАК 88-бабы 4-1-бөлігінің талаптарына сәйкес келмеуі туралы мәлімделді.
|
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге сотталған И.Р. оның отбасының тұрғылықты жері бойынша түзеу мекемесіне ауыстыруда көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінді.
Омбудсмен мекемесі ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне тиісті сұрау жіберді.
Аталмыш мекемеден түскен ақпаратқа сәйкес сотталған И.Р. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 Мекемесіне оның отбасының тұрғылықты жері бойынша ауыстырылғаны мәлім болды.
|
Соңғы жылдары ҰПТ өткізіп жатқан шаралары нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі саласында сотталғандарды күтіп-бағу жағдайлары және олардың жаза өтеу тәртібі едәуір жақсарды.
Бұл мән-мәтінде ҰПТ нақты рөлін атап өткен жөн.
Қазақстанда ҰПТ әрекет ету кезеңінде азаматтық қоғам өкілдерінің превентивтік келуін өткізуде нақты тәжірибе қалыптасты. 5 жылда 2518 превентивтік келу өткізілді, соның ішінде арнайы (жоспардан тыс) келу – 99, соның ішінде пенитенциарлық мекемелерге – 598.
Еуропалық Одақ пен Қазақстандағы Еуропа Кеңесінің бірлескен бағдарламасы шеңберінде Омбудсмен мекемесі ұйымдастырған «Пенитенциарлық мекемелердің мониторингі» тақырыбына тренинг
Жүйелі негізде қадағалау тәртібінде қажетті шараларды қабылдау мақсатында ҚР Бас прокуратурасына мониторинг объектілеріне өткізілгентексерістердің нәтижелері жіберіледі.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/6 Мекемесінде күтіп-бағылатын сотталған ұлы М.И. мүддесінде мекеме қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне, күтіп-бағу жағдайларына және қажетті медициналық көмектің көрсетілмеуіне шағыммен Р.Б. өтініші түсті.
Омбудсмен мекемесінің сұрауы бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мекемеде Р.Б. өтінішінде жазылған тыйым салынған заттарды анықтау фактісі бойынша ШҚО бойынша ҚАЖД-не заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді деп мәлімдеді, соның нәтижесінде 5 лауазымдық тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілік шараларына тартылды.
Тәртіптік изоляторда төмен температуралық режим фактісі бойынша аудан прокуратурасы мекеме басшысына заң бұзушылықтарын жою туралы ұсыныс енгізді, соның нәтижесінде жылытқыштар қосымша орнатылды, терезе жиектемелеріне жөндеу жасалды, бөлмелер әктелді және т.б., бұл кезекте, сондай-ақ 2 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
|
Мемлекет түрме халқын азайту бойынша қабылдап жатқан шараларға қарамастан, бас бостандығынан айыру әлі де қылмыстық жазаның негізгі түрі болып қалып отыр. Бас бостандығынан айырылған тұлғалар қоғамның ажырамас бөлігі болып табылатыны көпшілікке мәлім, олар заңнамамен бекітілген және бас бостандығынан айыру фактісімен шартталған шектеулерден басқа, іргелі құқықтар мен бостандықтарды пайдалана беруі тиіс.
Осыған байланысты толыққанды азаматтың және жеке тұлғаның бас бостандығынанайыратын орындардан қоғамға қайту көбіне пенитенциарлық мекеме қызметкерлерінің сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етудегі күш-жігеріне, оларға деген адамгершілік қарым-қатынасына, әлеуметтік оңалту және бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге бейімдеуге бағытталған түрмені басқарудың заманауи және ілгерінді жүйесін енгізуге тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |