Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2018 жылғы


ҚР Омбудсмені Асқар Шәкіровтың Мәскеуге сапары туралы ақпараттық хабарлама



жүктеу 5,23 Mb.
бет24/24
Дата03.02.2020
өлшемі5,23 Mb.
#28083
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

ҚР Омбудсмені Асқар Шәкіровтың Мәскеуге сапары туралы ақпараттық хабарлама(Ombudsman.kz, «Казахстанская правда», «Айқын», Кокшетау Азия газеттері, DailyNews.kz, Infozakon.kz, Zakon.kz, Хабар (жүгіртпе жол), 24.kz, Аqparat.info)


08.11.2018

Омбудсменнің Премьер-Министріне атқарушы билік органдарының ұлттық құқық қорғау мекемесімен өзара әрекеттесуінің өзекті мәселелері бойынша үндеуі туралы ақпараттық хабарлама(Ombudsman.kz, «Казахстанская правда», «Литер» газеттері, Zakon.kz, Informburo.kz, КазТАГ, Zonakz.net, Кокшетау Азия, Хабар (жүгіртпе жол), 24.kz, Еgemen.kz, Мatritca.kz, Интерфакс-Қазақстан, Nur.kz, Nоmad.su, Infozakon.kz)


15.11.2018

ҚР Омбудсменінің ОБСЕ Демократиялық институт және адам құқықтары жөніндегі бюросының делегациясымен кездесуі туралы ақпараттық хабарлама (Ombudsman.kz, Zakon.kz, DailyNews.kz, Хабар (жүгіртпе жол), Infozakon.kz, Liter.kz, Көкшетау Азия, «Казахстанская правда» газеті)

19.11.2018

ҚР Омбудсменінің Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдаудың 70 жылдығына арналған Адам құқықтары жөніндегі Азия форумының жұмысына қатысуы туралы ақпараттық хабарлама(Қазинформ, 24.kz)

22.11.2018

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы С.Ж.Оспановтың «Адам құқықтарын халықаралық қорғаудың заманауи мәселелері» атты IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуы туралы ақпараттық хабарлама (ЕҰУ сайты)

23.11.2018

VIII Қазақстан Азаматтық форумы шеңберінде ҰПТ қызметі туралы Мастер класты өткізу туралы ақпараттық хабарлама (Ombudsman.kz)

28.11.2018

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасына сот өндірісі саласында азаматтардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша үндеуі туралы ақпараттық хабарлама (Ombudsman.kz, Zakon.kz, КазТАГ, Zonakz.net, Vlast.kz, Fbctv.kz, Infozakon.kz, Хабар, 24 kz, Қазинформ, Аqparat.info, Nomad.su, Эхо.kz, «Казахстанская правда» газеті)

6.12.2018

АҚҰО сараптамалық жұмыс басшысы Д.Е.Оспанованың сұхбаты (24.kz телеарнасы)

07.12.2018

ҚР Омбудсменінің Астана қ. Әкіміне қоғамдық көлік мәселелері бойынша үндеуі туралы ақпараттық хабарлама (Литер газеті)

08.12.2018

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі бас сарапшы Г.А.Аукашеваның мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сұхбаты («Евразия 1 арнасы» «Аналитика» бағдарламасы)


09.12.2018

ҚР Омбудсмені жанындағы Үйлестіруші кеңестің 2019-2020 жж. ҰПТ қатысушыларын және топ басшыларын іріктеу бойынша отырысы туралы ақпараттық хабарлама(Ombudsman.kz, Zakon.kz, Infozakon.kz)


25.12.2018

ҚР Омбудсменінің Астана қ. және Ақмола облысы ҰПТ мандат асты мекемелеріне баруы туралы ақпараттық хабарлама(Ombudsman.kz, DailyNews.kz, Қазинформ, Аaqparat.info, Forbes.kz, Bnews.kz, Infozakon.kz)


27.12.2018

8. Сараптамалық-талдау құжаттары

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі

261-IV«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 27-бабы 5-тармағының конституциялылық емес деп тану туралыҚарағанды облыстық сотының ұсынысына Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің қорытындысы

Қарағанды облыстық сотының Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі алдына «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 5-тармағының конституциялық емес деп тану туралы мәселені қойды.

Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес сот орындаушысына келуден бас тартқан тұлғалар сот орындаушысының қаулысы негізінде күштеп алып келуге душар етіле алады. Келуден бас тартқан тұлғаны күштеп алып келуге душар ету туралы сот орындаушысының қаулысы санкциялық сотқа жатады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы №18 бұйрығымен бекітілген Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгілік нысандары ІІБ құрылымдық бөлімшесінің алып келуі туралы қаулының орындауын жүктейді.

Қарағанды облыстық сотының өкілдері бұл құқықтық қағиданы қолдану адам мен азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабы 1 және 3 тармақтарында бекітілген құқықтары мен бостандықтарын шектейді деп санайды.

ҚР Конституциясының 39-бабы 1-тармағына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.Аталған баптың 3-тармағы адам құқықтары мен бостандықтарының, соның ішінде Негізгі заңның 16-бабының 1-тармағымен қарастырылған, ешбір жағдайда да шектелмеуін тікелей анықтайды, соған сәйкесәркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

Сонымен бірге, халықаралық құқық нормалары адамның құқықтарын негізсіз шектеуге тыйым салады. Осылайша, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 29-бабында Өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда әр адам тек басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісті түрде тану және құрметтеу мақсаты көзделген жағдайда ғана және демократиялық қоғамдағы моральдің, қоғамдық тәртіп пен игіліктің әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсаты көзделген жағдайда ғана, заңмен белгіленген шектеуге ұшырауы тиіс делінген.

Ұсыныс авторлары Заң «күштеп әкелу» ұғымы нені қарастыратын, қарызгерге қатысты мәжбүрлі сипаттағы қандай әрекеттерге жол берілетінін және азаматтардың осал топтарына жататын тұлғаларға бұндай әрекеттерді қолдану мүмкін екенін нақтыламайтынын атайды.

Сонымен қатар, ұлттық заңнамада әділ аталғандай,сот орындаушысына, сот приставына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу (ӘҚКо 665-бабы), сот орындаушысының қаулысын немесе өзге заңды талаптарын орындамау (ӘҚКо 670-бабы), сондай-ақ сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау (ӘҚКо 669-бабы) үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, сот актісін орындаудан жалтарған тұлға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 430-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Басқа сөзбен айтқанда, сот актісін орындаудан және сот орындаушысына келуден жалтарған тұлғаны жауапкершілікке тартудың тиісті тетіктері заңнамамен қарастырылған.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі Қарағанды облыстық сотының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 5-тармағының конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарастырып, оны ҚР Конституциясы және Халықаралық құқық қағидаларына сәйкес келтіру нысаналы деп санайды.

___________________________________________________________
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26желтоқсандағы

518-IV«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 47-бабы 5-тармағын конституциялылық емес деп тану туралыҚарағанды облысы Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұсынысына Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің қорытындысы


Қарағанды облысы Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының (бұдан әрі – сот)судьясы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің алдына Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 47-бабы 5-тармағын конституциялылық емес деп тану туралымәселені қойды.

Кодекс 47-бабының 5-тармағына сәйкес егер анасының жұбайы болып табылмайтын еркектiң әке екендiгi анықталған болса, баланың анасы босанғанға дейiнгi және босанғаннан кейiнгi кезеңдердiң iшiнде өзiн күтіп-бағу жөнiндегi шығыстарға арналған тиiстi ақша қаражатын одан сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.

Бұл кезекте, Кодекстің 147 және 148 баптарында некедегі әйелге, сондай-ақ бұрынғы зайыбынажүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойыалимент сомасы төленетіні анықталған.

Жоғарыда баяндалғанға сүйеніп, Кодекс тіркелген неке фактісінің болуына немесе болмауына байланысты жүкті және/немесе босанған әйелді күтіп-бағуға қаражатты төлеу ұзақтығының әртүрлі тәсілдерін бекітетіні анықталған.

Осыған байланысты сот әйелдің әлеуметтік мәртебесіне байланысты ана мен баланы қаржылай қамтамасыз ету тәсілдерінің бұндай айырмашылығына кемсітушілік сипатты элементтер тән деп санайды.

Сот Кодекстің 47-бабының жоғарыда келтірілген 5-тармағы кемсітпеу конституциялық қағидатын бұзады деп атайды. Осылайша, Қазақстан Республикасы Негізгі Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Сонымен қатар, сот атағандай, өзге заңнамалық актілер, соның ішінде Еңбек кодексі әйелге осы кезеңде оның әлеуметтік мәртебесіне қарамастан жеңілдіктер береді (жүктілігіне және босануына байланысты демалыс, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс).

Сонымен бірге, ұсыныста еліміз қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың қағидалары да келтіріледі.

Атап айтқанда, Бала құқықтары туралы конвенцияда қатысушы мемлекеттер ата-анасының екеуінің де баланың тәрбиесі мен дамуы үшін ортақ және бірдей жауапкершілігін тану қағидаттарын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін күш-жігерлерді қабылдайды депанықталған.

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға сәйкесотбасылық тәрбие әлеуметтік функция ретінде ана болуды дұрыс түсінуді қамтуын қамтамасыз ету және өз балаларын тәрбиелеу мен өсіруіне ерлер мен әйелдердің ортақ жауапкершілігін, барлық жағдайда балалардың мүддесі жоғары болу шарты орындалғанда, мойындауды қамтамасыз ету мақсатындақатысушы мемлекеттербарлық тиісті шараларды қабылдайды.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакттің 24-бабында  әрбір бала нәсілiне, түр-түсiне, жынысына, тілiне, дiнiне, ұлттық, немесе әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк немесе туу жағдаяттарына қарамастан, ешқандай кемсiтусіз отбасы, қоғам және мемлекет тарапынан, өзiнiң жас шамасы талап ететiн тиiстi қорғау шараларын иеленуге құқылы делінген.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі соттың Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 47-бабы 5-тармағын конституциялық емес деп тану мәселесі бойынша ұсынысын қарастырып, ана мен баланың анағұрлым жақсы мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында оны ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес келтіруді нысаналы деп санайды.



___________________________________________________________
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларын және оның жолдауларында қамтылған, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметіне қатысты ұсыныстарын орындау туралы ақпараты
2017 жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төрағасына «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі мәселесі бойынша қорытынды жолдады.

Атап айтқанда, террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен азаматтықтан айыруға жол беретінЗаңның қағидасы зерттеп қаралды. Аталған норманы енгізгенде, нақты әрі қатаң дефиницияларды қарастыру, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесінде оны қате түсінуіне жол бермеуге жәрдемдесу керек екені аталды.

ҚР Конституциялық Кеңесінің 04.04.2002 жылғы №2 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының конституциялылығын тексеру туралы» нормативтік қаулысын қайта қарастыру мәселесі бойынша қорытындыда діни наным-сенімдерді тарату бостандығы саласында заңнамалық актілермен шектеулер енгізу мүмкіндігі мәселесіне назар аударылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында дінге құқық, соның ішінде діни наным-сенімдерді еркін таратуға құқық, тек заңмен ғана шектелуі мүмкін деп анықталған, осыған байланысты бұл құқыққа кеңінен түсінік берілуіне және қисынсыз шектелуіне алып келе алатын «заңнамалық актілер» ұғымын қолдануға болмайды.

ҚР Конституциялық Кеңесінің 09.04.2004 жылғы №5 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы конституциялылығының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексеру туралы» нормативтік қаулысына қосымша түсінік беру туралы қолдаухаттың қорытындысында сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға үміткерлерге қойылатын талаптар мемлекеттік қызметке қабылданатын тұлғаларға қойылатын талаптарға өтелмеген немесе алынбаған сотталғандықтың міндетті түрде болмауы бөлігінде ұқсас деген пікір айтылды.

Қазіргі уақытқа дейін Конституциялық Кеңестің, сондай-ақ халықаралық құқық қорғау тетіктерінің Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің (бұдан әрі – Уәкіл) мәртебесін Бас Ассамблеяның 1993 жылғы 20 желтоқсанда 48/134 резолюциясымен бекітілген «Адам құқықтарын ынталандырумен және қорғаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты қағидаттарға» (Париж қағидаттары) сәйкес келтіру қажеттілігі туралы ұсыныстары толық жүзеге асырылмады (БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап мерзімдік шолуы, арнайы процедуралар және БҰҰ келісімді органдары (комитеттері).

Тәуелсіз ұлттық құқық қорғау мекемелері мемлекеттің адам құқықтары саласындағы өз міндеттерін орындауын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. 2016 жылдың соңына қарай елдердің 37 пайызында халықаралық деңгейде келісілген стандарттарға (Париж қағидаттары) сәйкес келетін ұлттық құқық қорғау мекемелері болды, елдердің 57 пайызында, соның ішінде 2012 жылы Қазақстанда, бұл стандарттарды орындау мәніне ұжымдық шолу өткізілді. Өткізілген шолу Қазақстанның негізгі ұлттық құқық қорғау институты Париж қағидаттарының стандарттарына толықтай жауап бермейтінін көрсетті.

2017 жылғы 10 наурызда ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды, оған сәйкес Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мәртебесі еліміздің Негізгі Заңында бекітілді.

Уәкілдің мәртебесін конституциялық деңгейде бекіту адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін, сондай-ақ Омбудсменнің мемлекеттің саяси-құқықтық құрылымындағы рөлін едәуір нығайтуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы тиісті Заңды әзірлеу және қабылдау процесін жеделдету қажет деп санаймыз.


Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімдерін және оның жолдауларында қамтылған, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметіне қатысты ұсыныстарын орындау туралы ақпараты
2018 жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Төрағасына «Неке «ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 47-бабының 5-тармағын конституциялық емес деп тану мәселесі бойынша қорытынды жолдады.

Атап айтқанда, Кодекспен тіркелген неке фактісінің болуына немесе болмауына байланысты жүкті және/немесе босанған әйелді күтіп-бағуға қаражатты төлеу ұзақтығының әртүрлі тәсілдері қарастырылған, бұл осы мәселеде белгілі дәрежеде кемсітушілік тәсілдің барын дәлелдейді.

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияға сәйкесотбасылық тәрбиелеу әлеуметтік функция ретінде ана болуды дұрыс түсінуді қамтуын қамтамасыз ету және өз балаларын тәрбиелеу мен өсіруіне ерлер мен әйелдердің ортақ жауапкершілігін, барлық жағдайда балалардың мүддесі жоғары болу шарты орындалғанда, мойындауды қамтамасыз ету мақсатындақатысушы мемлекеттербарлық тиісті шараларды қабылдайды.

Осыған байланысты, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі ана мен баланың анағұрлым жақсы мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Кодексінің қағидаларын ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес келтіру қажеттілігі туралы қорытынды берді.

Қарағанды облыстық сотының Төрағасы мен судьялары ҚР Конституциялық Кеңесі алдына «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабы 5-тармағының конституциялық емес деп тану туралы мәселені көтерді.

Аталған нормаға сәйкес сот орындаушысына келуден бас тартқан тұлғалар сот орындаушысының қаулысы негізінде күштеп алып келуге душар етіле алады. Келуден бас тартқан тұлғаны күштеп алып келуге душар ету туралы сот орындаушысының қаулысы санкциялық сотқа жатады.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі ұсынған қорытындыда әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырғанда, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын тиісінше мойындауын және құрметтеуін қамтамасыз ету және мораль мен қоғамдық тәртіптің әділ талаптарын қанағаттандыру мақсатында оған заңмен белгіленген шектеулер ғана қойылады делінген.

Сот актісін орындаудан және сот орындаушысына келуден жалтарған тұлғаны жауапкершілікке тартудың тиісті тетіктері заңнамамен қарастырылған.

Осыған байланысты құқықтық нақтылық және болжамдылық қағидаттарын ескере отырып, аталған норманы ҚР Конституциясының қағидаларына және халықаралық құқыққа сәйкес келтірудің нысаналылығы туралы пікір айтылды.

Конституциялық заңдылықты бекіту заңдарды және өзге құқықтық актілерді адам құқықтары саласындағы жалпыға бірдей қағидаттарды сақтай отырып, Негізгі Заңға қатаң сәйкестікте қабылдау қажеттілігін анықтайды.

Қазіргі уақытқа дейін Конституциялық Кеңестің 2015 жылғы 16 шілдедегі №1-2/1, сондай-ақ халықаралық құқық қорғау тетіктерінің (БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Әмбебап мерзімдік шолуы, арнайы процедуралар және БҰҰ келісімді органдары (комитеттері) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің (бұдан әрі – Уәкіл) мәртебесін Бас Ассамблеяның 1993 жылғы 20 желтоқсанда 48/134 резолюциясымен бекітілген «Адам құқықтарын ынталандырумен және қорғаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты қағидаттарға» (Париж қағидаттары) сәйкес келтіру қажеттілігі туралы ұсыныстары толық жүзеге асырылмады.

2017 жылғы 10 наурызда ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды, оған сәйкес Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мәртебесі еліміздің Негізгі Заңында бекітілді.

Бұл жағдай Омбудсмен мекемесінің құқықтық базасын жетілдіру үшін объективті алғышарт болып табылады.

Осыған байланысты, тиісті нормативтік құқықтық актіні әзірлеуді және қабылдауды нысаналы деп санаймыз.



___________________________________________________________
Диалогтық алаң қатысушылары әзірлеген мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар

Әуе көлікке қолжетімділік мәселесі бойынша

1) мүгедектігі бар адамдарға қосымша ақы алмай, әуежай ғимаратына келгеннен бастап кеткенге дейін жәрдемдесу (тіркелудің, төлқұжат бақылауынан өтудіңбарлық кезеңдерінде, әуе көлігінің бортына мінгенде, ұшу барысында сүйемелдеу және көмек көрсету);

2) әуежай ғимараттарын, әуе кемесін мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін техникалық құралдармен және құрылғылармен жабдықтау;

3) әуе компаниялардың тарапынан мүгедектігі бар жолаушының ұщу кезінде болуы ықтимал денсаулыққа зиян келтіру немесе өлім үшін өзіне жауапкершілікті алуы туралы құжаттарға қол қою талаптарын белгілеуіне жол бермеу;

4) әуежай, әуе кемелерінің қызметкерелерін мүгедектігі бар жолаушыларға қызмет көрсету бойынша жүйелі оқыту.

Мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша

1) ҚР ҚНжҚ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру;

2) жаңа объектілерді салу, сондай-ақ әрекет ететін объектілерді жөндеу және қайта құру сәулет-жобалық құжаттаманы қарау жөніндегі комиссияға әлеуметтік ортаның, мүгедектігі бар адамдар ұйымдарының өкілдерін қосу;

3) әртүрлі мүгедектік санатының тұлғалары үшін кедергісіз ортаны құру бойынша инфрақұрылым объектілеріне сәулет-құрылыс бақылау тетігінің тиімділігі мақсатында «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына облыс, республикалық маңызы бар қала, астананың жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және мүгедектігі бар адамдар ұйымдары саласындағы жергілік атқарушы органдары өкілдеріне бұл процеске қатысу құқығын беру туралы норманы енгізу;

4) мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау кезіндемүгедектігі бар адамдардың құқықтары саласындағы ұйымдарды тарту.

Мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғауға құқығын жүзеге асыру мәселесі бойынша

1)мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік құқықтары бойынша ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар бойынша лоттарды жариялауды қайта бастау;

2) мүгедектігі бар әйелдердің жүктілігін жүргізу бойынша зерттеулер өткізу, халықаралық тәжірибені зерттеу;

3) денсаулық сақтау саласында Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенцияны енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру;

4) ҚР Денсаулық сақтау министрінің мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мәселелері жөніндегі кеңесшісін тағайындау туралы мәселені қарастыру;

5) мүгедектігі бар адамдардың ЭКҰ бағдарламаларына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жағдай жасау;

6) медициналық ұйымдарды мүгедектіктің әртүрлі нысандарымен адамдар үшін бейімделген құрылғылармен жабдықталуын қамтамасыз ету;

7) репродуктивтік денсаулық саласындағы ақпаратты мүгедектігі бар адамдардың барлық санаты үшін қолжетімді форматта ұсыну.

Мүгедектігі бар адамдардың жоғары білім алу құқығын қамтамасыз ету мәселесі бойынша

1) «Білім туралы» ҚР Заңында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға сәйкес «орынды бейімделу» ұғымын қарастыру;

2) мүгедектігі бар, соның ішінде есту және көру қабілеті бұзылған тұлғалардың жоғары білім беру ұйымдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) ҰБТ өткізгенде мүгедектігі бар, есту және көру қабілеті бұзылған адамдардың қажеттіліктерін ескеру;

4) оқу бағдарламаларын, материалдарды есту және көру қабілеті бұзылған тұлғалардың қажеттіліктерін ескере отырып әзірлеу;

5) жоғары білім беру ұйымдарында ым тілін меңгерген мамандарды қамтамасыз ету;

6) жоғары оқу орындарында Мүгедектігі бар студенттерді қолдау орталықтарын құру мүмкіндігін қарастыру;

7) жоғары оқу орындарына квотамен түсетін мүгедектігі бар адамдар үшін мамандықтар тізімін қайта қарастыру.

Мүгедектігі бар сотталған тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша

1) пенитенциарлық мекемелерде мүгедектігі бар сотталған тұлғалар үшін қолайлы ортаның құрылуын қамтамасыз ету (пандустар, санитарлық-гигиеналық бөлмелер, тасымалдау үшінкөлік құралдары);

2) есту және көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар сотталған тұлғаларға ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету;

3) мүгедектігі бар сотталған тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ету (сол түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тұлғалардың қатарынан жеке көмекшінің қызметтері);

4) пенитенциарлық мекемелердің қызметкерлерін мүгедектігі бар адамдардың құқықтары саласында оқыту;



5) мүгедектігі бар сотталған тұлғалардың жазасын тұрғылықты жері бойынша өтеу мүмкіндігін қарастыру.


1UN E-Government Knowledgebase // Country Data. Kazakhstan - https://publicadministration.un.org/egovkb/en-us/Data/Country-Information/id/87-Kazakhstan

2Астанада жаңа ХҚКО-да саусақтардың іздерін жинай бастады - https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/sobirat-otpechatki-paltsev-nachali-v-novom-tsone-v-astane-359533/

3http://www.mid.gov.kz «Қазақстанда тұрғын-үйлерді пайдалануға беру 11,6 пайызға артты», 06.11.2018ж.

4https://24.kz «7-20-25» бағдарламасы бойынша шамамен үш мың өтініш мақұлданды», 16.11.2018ж.



5https://24.kz «Атырау облысында заңсыз берілген жер мемлекетке қайтарылды», 15.10.2018ж.


6https://primeminister.kz «Азаматтарды жұмысқа орналастыру және білім беру курстары: Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері»




7 http://today.kz «Астана қаласындағы босану үйлеріндегі бес өлім: денсаулық сақтау басқармасының басшысы кінәлі адамдарды атады»


8http://www.time.kz «Тізімде жоқ», 10.04.2018ж.

9https://bnews.kz «Астанада пациентті ұрған дәрігер жұмыстан босатылды», 03.10.2018ж.

10http://www.diapazon.kz «Отбасы емханасының» дәрігерін жұмыс орнында пышақпен ұрды», 08.06.2018ж.



11 http://www.enbek.gov.kz

12ҚР Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми деректері

13www.inform.kz «Қазақстанда әрбір екінші неке бұзылады», 11.01.2019ж.

14ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің ақпараты

15https://tengrinews.kz «Баланы күтіп-бағуға арналған қаражатты төлемеген қанша қазақстандық сотталды», 17.12.2018ж.

16 https://ru.sputniknews.kz/society/20181206/8376787/tyurma-osuzhdennye-issledovanie.html?fbclid=IwAR2do66VNzN9POBNVl2fcc_aEM03BFNRzn1wM84-ONm7dklR4YBjQYXI1jQ

17 ҚР Омбудсмені еуропалық парламентарийлер делегациясымен кездесті - https://ombudsman.kz/ru/press-tsentr/novosti/ombudsmen-rk-vstretilsya-s-delegatsiej-evropejskikh-parlamentariev

18


19


20


21


22


23


24


25


26



жүктеу 5,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау