Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2018 жылғы


Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру құқығы



жүктеу 5,23 Mb.
бет10/24
Дата03.02.2020
өлшемі5,23 Mb.
#28083
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
9. Әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру құқығы
Қазақстанда азаматтарға жалақының және зейнетақының минималды мөлшеріне, жасы, ауру жағдайы, мүгедектігі, асыраушысынан айырылу және өзге заңды негіздер бойынша әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын құру ынталандырылады.

Халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру еліміздің әлеуметтік дамуының басты басымдықтары болып табылады. Қарқынды экономикалық даму тұрақты әлеуметтік төлемдерге, олардың жүйелі артуына, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік және медициналық қызметтердің ақысыз көрсетілуіне кепілдік беретін әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берді.

ҚР әлеуметтік жаңғырту бойынша іске асырылып жатқан кең ауқымды бағдарлама халықтың сана-сезімін өзгертуге, арқа сүйеушілік кейпін жеңуге, әлеуметтік көмектің мекенжайлылық сипатын нығайту арқылы оны оңтайландыруға бағытталған. 2030 жылға дейінгі Зейнетақы жүйесін ары қарай жаңғырту концепциясы шеңберінде зейнет жасында лайықты тұрмыс деңгейі үшін зейнетақы төлемдерінің барабарлығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс өткізіліп келеді. 2018 жылдың басынан жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы мөлшері 8%-ға артты, сондай-ақ 2018 жылғы 1 шілдеден бері негізгі зейнетақы жаңа әдістеме бойынша – еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты тағайындалады.

Заманауи жағдайда басым елдердің әлеуметтік саясатында ең алдымен адамдардың өмір ұзақтығын арттырумен түсіндірілетін, халықтың жаһандық қартаюы мәселесі өзекті болды. Есептік жылғы қыркүйекте ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілхалықтың қартаюы және қарт адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ASEMIII конференциясының жұмысына қатысты.Конференция шеңберінде Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің жаһандық альянсының қартаю жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өткізілді, бұнда бұл саладағы үздік тәжірибелерді пайдаланумен аға буын тұлғаларының жағдайын жақсартуда жалпы стратегияны әзірлеу бойынша шаралар талқыланды.

Қазақстандық Омбудсмен аталған іс-шараларда жасаған баяндамаларында шетелдік әріптестерді қарт адамдардың тұрмыс сапасын қамтамасыз етудегі мемлекетік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарымен, ұлттық құқық қорғау мекемесінің бұл санатқа жататын біздің азаматтарымызды қорғау саласындағы тәжірибесімен, бұл бағытта мемлекеттік органдармен және азаматтық сектормен өзара әрекеттесуімен таныстырды.

ASEM шешіміне сәйкес 2018 жылы Сеул қ. Қартаю мәселелері жөнінлегі халықаралық орталығының құрылғанын атап өткен жөн, оның қызмет саласына ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өзара әрекеттесуін үйлестіру кіреді.



Омбудсменнің Жаһандық қартаю және қарт адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ASEM III-ші конференциясына қатысуы


Қарт адамдардың құқықтары мәселелерін өзекті ету жағдайында Омбудсменнің бастамасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ Қарт адамдардың құқықтары мәселелері бойыншаТәуелсіз сарапшысы Корнфелд-Маттеге Қазақстанға іссапармен келуіне шақыру жіберді.

Шағымдармен жұмыс жасау, азаматтарды қабылдау – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл қызметінің бірінші кезектегі құрамдас бөлігі. 2019 жылы Омбудсменге әлеуметтік және зейнетақамен қамсыздандыру мәселелері бойынша 48 өтініш түсті, бұнда әлеуметтік төлемақы, әлеуметтік көмек көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында тұру жағдайлары, Семей ядролық сынақ полигонының салдарынан зардап шеккен азаматтарды қолдау және т.б. мәселелер көтерілді.

Басым өтініштер зейнетақы төлемдерінің мөлшерімен, оларды есептеу тәртібімен келіспеумен байланысты болды. Зейнеткерлер шағымдарының мазмұнындағы бұндай тенденция жыл сайын тұрақты болып қалып отыр. Көптеген зейнеткерлер зейнетақы заңнамасы оларды тиісті деңгейде қорғамайды және олар еңбекке жарамды жаста болған кезде оларда болған тұрмыс деңгейін қамтамасыз етпейді деп санайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Уәкіл мекемесінің арасында зейнетақы мәселелеріне қатысты шағымдар бойынша бірлесіп жұмыс істеудің қалыптасқан тәжірибесіне сәйкестиісті сұраулар аталған министрлікке тікелей жіберіліп отырды. Көп жағдайда жасалған есептеулердің мөлшерін белгілегенде, уәкілетті орган аумақтық әлеуметтік қорғау органдарының дұрыстығы мен объективтілігі дәлелденіп отырды. Сондай-ақ өтініш берушілердің белгіленген зейнетақы мөлшеріне зейнетақы тағайындау үшін ұсынылған орташа айлық кірістің төмен деңгейі, кейбір жағдайларда – қажетті еңбек өтілі болмауының әсер еткені туралы мәлімделді.

Өтініштердің басқа тобы медициналық-әлеуметтік мекемелерде (интернат үйлерде) тұратын зейнеткерлердің енгізілген өзгерістермен келіспеуі себепші болды, соларға сәйкес мекемеде тұрған кезде әлеуметтік төлемақы 30% мөлшерінде іске асырылады, ал зейнетақының және жәрдемақының қалған бөлігі (70%) осы тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін аталған мекемелердің жеке банктік шотына немесе қаражатты бақылау шотына аударылады.

Зейнеткерлер өз өтініштерінде еңбек өтіліне байланысты олардың зейнетақыларының мөлшері сараланған және сәйкесінше мекеменің шотына аударылатын 70% әртүрлі соманы құрайтынын атады. Аталған жағдайлар олардың әркелкі жағдайына және әлеуметтік әділдік қағидатының бұзылуына алып келеді.

Омбудсмен мекемесі БҰҰ бейінді Комитетінің №19 жалпы тәртіп ескертпесіне сәйкес қатысушы елдер жәрдемақы мөлшеріне және олар ұсынылатын нысанға кез келген кері әсерін тигізбеуі үшін экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар Пактінде қамтылған кемсітпеушілік қағидатын толық сақтауы тиіс екенін атап, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұл мәселеге назарын аударды.

Өз кезегінде, жоғарыда аталған министрлік енгізілген өзгертулер бюджеттік қаражаттың екілік шығымдалуын жою есебінен республикалық бюджеттен қаражатты төлеуді оңтайландыруға мүмкіндік бергенін туралы ақпараттандырды. Медициналық-әлеуметтік мекемеден тыс жерге тұратын қарт жастағы тұлғалар мен мүгедектер азық-түлік өнімдерін сатып алуға, тұрғын-үйін күтуге, дәрі-дәрмектерге, сондай-ақ арнайы әлеуметтік қызметтердің қосымша түрлеріне өз қаражаты есебінен шығындалатыны назарға алынды. Соларға қарағанда, аталған мекемелерде тұратын зейнеткерлер және мүгедектігі бар тұлғалар жоғарыда аталған қызметтермен мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.

Ұлттық құқық қорғау мекемесінің кейінгі сұрауларына жоғарыда аталған министрлік ұқсас түсініктеме берді.

Сонымен бірге, жоғарыда аталғанның мән-мәтінінде құқық қолдану тәжірибесін ескерумен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын азаматтарға зейнетақыны және жәрдемақыны төлеу тәртібін жетілдіру нысаналы болып табылады.

Өтініштердің басқа бөлігі Қазақстанға тұрақты тұрғылықты жерге келген немесе ТМД елдеріне кеткен зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты болды.
Омбудсменге Ресей Федерациясы Иркутск облысындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Иркутск облысына тұрақты тұрғылықты жерге көшіп кеткен азамат Г.В. мүддесіндегі тұруға ықтиярхатты рәсімдеу мәселесі шешілгенге дейін Қазақстанда зейнетақыны төлеуді жалғастыруда көмек көрсетуді сұраумен өтініші түсті. Өтініште Г.В. Ресей Федерациясында сақтандыру зейнетақысын тұруға ықтиярхатты алғаннан кейін ғана рәсімдей алатыны мәлімделді. Өтініш беруші қиын жағдайда болды, өйткені зейнетақы оның жалғыз кіріс көзі болды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақапараты бойынша, 13.03.1992ж. ТМД қатысушы елдер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарына кепілдік беру туралы келісімге сәйкес зейнеткер Келісімнің қатысушы елдерінің шегінде көшкен кезде, зейнеткердің жаңа тұрғылықты жері бойынша мемлекеттің заңнамасында зейнетақының сол түрі қарастырылған болса, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақыны төлеу тоқтатылады.

ҚР қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс кеткендерге зейнетақы мен жәрдемақы тұрақты тұрғылықты жері бойынша төлеу ішкі істер органдарында тіркеуден шыққан айы бойынша іске асырылады. Г.В. азаматының Қазақстанның шегінен тыс шығуына байланысты оның өтініші мен мекенжай кету парағы негізінде зейнетақы төлеу тоқтатылды. Зейнетақы ісі қолға берілді.

Г.В. зейнетақының Қазақстан Республикасында қайта төленуіне құқықтық негіз жоқ.
Бұл мәселе бойынша түскен өтініштер зейнетақымен қамсыздандыру құқығын зейнеткерлер тұрақты тұрғылықты жері елінде тұру үшін рұқсат қағаздарын алатын кезеңде жүзеге асыруды тежеуші факторлардың барын дәлелдейді.

Жекелеген өтініштер ауылдық елді-мекендерде әлеуметтік төлемдерді алуға қатысты болды.


ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Ғ.Мүсірепов атындағы аудан Рузаевка ауыл тұрғындарының 2018 жылғы 1 ақпанда «Қазақстан Халық банкі» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының тиімсіздігі себебінен жабылуына байланысты халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының жағдайы туралы ұжымдық өтініші түсті.

Өтініштің мазмұнынан банктің аталған бөлімі 3900 адамға қызмет көрсеткені, соның ішінде 750 адам әлеуметтік төлемдерді банкомат арқылы алатыны белгілі болды. Халық банкінің жақын бөлімдеріРузаевка ауылынан 70 шақырым жерде орналасқан Новоишимское ауылында ғана бар. Банк бөлімі жабылған жағдайда адамдарға аудан орталығына, әсіресе қыста бару қиын болады.

Балама ретінде халыққа тек бір касса ғана жұмыс істейтін «Қазпошта» АҚ қызметтері ұсынылды.Қалыптасқан жағдай ауылда шиеленіскенжағдайдың себебіне айналды.

Уәкіл мекемесінің сұрауы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бұл мәселені қарауда көмек көрсету мақсатында аталған банктің Басқарма төрағасына қолдаухат жолдады. Атқарылған жұмыстың нәтижелері бойынша Рузаевка ауылында есеп-кассалық бөлімін сақтау және банк бөлімінің жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Қазақстанның бұрынғы азаматтары мүддесіндегі ТМД ұлттық құқық қорғау мекемелерінен еңбек қызметін, зейнетақыны тағайындау үшін жалақы мөлшерін растайтын құжаттар алуда көмек көрсету туралы өтініштер жеке топты құрайды. Бұл өтініштерді қарау шеңберінде мұрағаттармен жұмыс жасалды, оның қорытындылары бойынша аталған мекемелерге тиісті ақпарат жолданды.

Азаматтардың аз қамтылған санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында ҚР қолданыстағы заңнамасы мемлекеттік мекенжайлылық әлеуметтік көмек көрсетуді қарастырады. Жан басына шаққандағы табысы кедейлікшегінен аспайтын, Қазақстан Республиасында тұрақты тұратын ҚР азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар бұл әлеуметтік көмекке құқықтары бар.

Жекелеген өтініштерде азаматтар мекенжайлылық әлеуметтік көмекті белгілеген кезде, уәкілеттік органдардың тиісті емес деңгейде жасаған жұмыстарын атады.
Азамат Т.В. өз өтінішінде аз қамтылған, көп балалы отбасы ретінде мекенжайлылық әлеуметтік көмекті тағайындау туралы мәселені қарастырған кезде, Қарағанды облысы Абай ауданы жергілікті уәкілетті органдарының әрекетімен келіспеушілігін білдірді.

Өтініш беруші уәкілетті органдар аталған көмекті төлеу тәртібін, оны тағайындау үшін қажетті құжаттар тізімін тиісті деңгейде түсіндірмеді деп мәлімдеді.

Уәкіл мекемесі араласқаннан кейін Қарағанды облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 12.06.2018ж. Абай ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен Дубовка ауылына барды. Соның барысында көп балалы отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайы зерттеп қаралды. Өтініш берушіге ҚР қолданыстағы заңнамасы мемлекеттік мекенжайлылық әлеуметтік көмекті тағайындау бөлімінің нормалары түсіндірілді. Сондай-ақ әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімімен жадынама берілді.

Т.В. барлық қажетті құжаттарды дайындап, 2018 жылғы шілдеде мекенжайлылық әлеуметтік көмекті тағайындау үшін уәкілетті органға жүгінуге кеңес берілді.
Баяндалғанға байланысты уәкілетті органдардың халық арасында әлеуметтік қорғау саласында көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері, оны көрсету тәртібі, оны тағайындау үшін қажетті құжаттар туралы түсіндіру жұмысын өткізгені маңызды.

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен және сол аймақтан кеткен азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселесі әлі де өзекті болып отыр.

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұратын және 1949 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңде жасалған ядролық сынақтар нәтижесінде зардап шеккен азаматтардың қосымша еңбекақы алуға және жыл сайын ақысы төленетін қосымша демалыс алуға құқығы бар.

Сонымен бірге, бұған дейін Семей ядролық сынақ полигонында сынақтар жасалған аймақтарында тұрған, бірақ әртүрлі себептерге байланысты Қазақстанның басқа өңірлеріне кеткен азаматтар аталған әлеуметтік кепілдіктерден айырылады. Бұл кезекте, азаматтардың аталған санаты да кейін денсаулық жағдайына ықпал ететін ядролық сынақтардың әсеріне шалдықты.

Ұлттық құқық қорғау мекемесіне жүйелі бұл мәселе бойынша азаматтардан түсетін өтініштер уәкілетті органдардың оны ары қарай зерттеп қарау қажеттілігін дәлелдейді.

Жалпы алғанда, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты сезімтал салада азаматтардың құқықтарын сақтау тиісті мемлекеттік органдарға ерекше жауапкершілікті артатынын және бұл маңызды бағытта жұмысты ары қарай жетілдіруді талап ететінін мойындаған жөн.



10. Денсаулық сақтау құқығы
Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мақсатында 2018 жылғы желтоқсанда Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Құжат 11 заңнамалық актіге жаңалық енгізуді қарастырады, соның ішінде Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстер, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс. Атап айтқанда, елімізде халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту бойынша ДДҰ қағидаттарына сәйкес келетін тегін медициналық көмектің мемлекеттік көлемінің және міндетті медициналық сақтандыру пакетінің жаңа моделі енгізіліп жатыр; қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері, медициналық білім және ғылым жүйесі жетілдіріліп жатыр, медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Сонымен бірге, медициналық көмекті сапасыз әрі уақтылы емес көрсету, дәрігерлік қателіктер, медициналық қызмет көрсету кезінде азаматтарға деген дөрекі қарым-қатынас фактілері бұл салада анағұрлым кең таралған мәселелер болып қалып отыр.

2018жылы Уәкілге азаматтардың денсаулық қорғауға және медициналық көмекке құқықтарының бұзылуына қатысты 91 өтініш түсті(87 жазбаша және 4 ауызша).

Медициналық ұйымға жүгінгенде, әрбір азамат оған сапалы әрі білікті медициналық көмек көрсетілетіне сенеді. Алайда, жүгінгендерге медициналық көмек көрсету тәртібін сақтамау бөлігінде жиі көптеген бұзушылықтармен көмек көрсетіледі.

Омбудсменге Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылының тұрғыны О.К. Мақтаарал ауданы медицина қызметкерлерінің әрекетіне шағыммен өтініші түсті.

Ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұрауы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің департаменті «Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасында жоспардан тыс тексерісті өткізді. Тексеріс нәтижелері бойынша дәрігерлердің медициналық көмек көрсету тәртібін сақтамау бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

Нәтижесінде жоғарыда аталған мекеменің медицина қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көп жағдайда медицина қызметкерлерінің тиісінше жасалмаған әрекеттері немесе олардың біліктілігінің төмен деңгейі пациенттің денсаулығына едәуір зиян келтіріп қана қоймай, өліміне де алып келеді.

Мысалы, есептік жылы босанғандардың өлімімен аяқталған жағдайлар қоғамдық резонанс тудырды. Үш айда есептік жылы Астана қаласының перинаталдық орталықтарында бес әйел қайтыс болды. Арнайы комиссияның тергеу нәтижелері бойынша бірінші перинаталдық орталықтың бас дәрігері лауазымынан босатылды. Бұл кезекте, тергеу барысындаперинаталдық орталықтардың қызметінде бірқатар мәселелік сұрақтар анықталды: жұмыс сапасын төмен бақылау, медициналық құрал-жабдықтармен жеткіліксіз жабдықталу, кадрлардың жетіспеушілігі және персонал біліктілігін арттыру қажеттілігі7.

Денсаулықты қорғау және медициналық көмекке құқықтардың бұзылуы туралы өтініштердің едәуір тобын пенитенциарлық мекемелерден сотталғандардан және олардың туысқандарынан түскен өтініштер құрайды. Жиі өз өтініштерінде сотталған тұлғалар түзеу мекемелерінің медициналық-санитарлық бөлімінің әкімшілігі мен басшыларының әрекетіне көңілдерінің толмауын білдіреді, бұл оларға қажетті дәрі-дәрмектерді бермеу немесе ауруды анықтау және тиісінше емдеу үшін бейінді мамандардың болмауымен түсіндіріледі.

Уәкілге сотталған Р.Р. түзеу мекемесі шегінде білікті медициналық көмектің көрсетілмегеніне шағыммен өтініші түсті.

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың (Уәкіл аппараты) уәкілетті мемлекеттік органдарына жіберген сұрауынан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының жағдайында Р.Р. оң көзінің протезі алмастырылды және жоғарыда аталған институтта сол көзін зерттеп қарауға кезекті келуі жоспарланды.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің қызметі туралы есептерінде алдыңғы жылдарда түзеу мекемелерінде медициналық қамсыздандыру мәселесі бірнеше рет айқындалғанын атап өткен жөн және ұзақ жылдар бойы медициналық қызметті пенитенциарлық жүйеден азаматтық денсаулық сақтау саласына шығару қажеттілігі мәселесі қоғамда және кәсіптік ортада әлі де пікірталас тақырыбы болып қалып отыр.

Осыған байланысты ҚР Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсанда парламент мәжілістерінде баяндама жасауы өте маңызды болды. Мекеме басшысы Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту шеңберінде сотталған тұлғаларды медициналық қамсыздандыру мәселелері ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берілетінін айтты.

Жалпы алғанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) ресми деректері бойынша Комитетке және оның аймақтық департаменттеріне медициналық қызметтерге шағыммен 4512 өтініш түсті, солардың ішінде 501-і негізделген шағым болды.

Өтініштер негізінде 2026 денсаулық сақтау субъектісі, солардың ішінде: 1588 мемлекеттік медициналық ұйым; 438 жеке меншік медициналық ұйым тексерілді.

2018 жылы Комитет аймақтық департаменттері медициналық қызметті бақылау бөлімдерінің мамандары 11301,9 мың теңге жалпы сомасына 664 медицина қызметкеріне қатысты әкімшілік жаза шараларын қолданды.

7810 медицина қызметкеріне біліктілік санатын тағайындау туралы куәлікті беруден бас тартылды, 32 медицина қызметкерінен біліктілік санатын тағайындау туралы куәліктер қайтарып алынды.

Тексерістердің нәтижелері бойынша 2018 жылы 394 материал құқық қорғау органдарына жіберілді.

Есептік жылы дәрі-дәрмектермен тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеуіне байланысты шағымдардың саны артты. Атап айтқанда, азаматтардың шағымдары емханаларда және дәріханаларда медициналық дәрі-дәрмектердің болмауымен байланысты болды, бұл, ең алдымен, дәрі-дәрмектерді өңірлерге уақтылы жеткізбеу салдарынан болды.

Уәкілге Ақмола облысының Балкашино ауылында тұратын П.В. өтініші түсті. Өтініштің мазмұнынан өтініш берушіге дәрігер жазып берген дәрілік заттардың болмауы себебінен оның ұзақ уақыт бойы емнің толық курсын ала алмағаны белгілі болды. Жергілікті атқарушы органдарға шағымдар мәселенің оң шешіміне алып келмеді.

Біздің сұраудан кейін уәкілетті орган 2018 жылдан бері медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен байланысты дәрілік заттарға медициналық ұйымдар ғана тапсырыс береді, дәрілік заттарды сату мен жеткізуді «СК Фармация» ЖШС іске асырады деген ақпаратты берді.

Өтініш беруші атаған дәрілік заттарға («Беродуал», «Эйртек 25/50», «Эйртек 25/125», «Эйртек 25/250» (Серетид) дәрі-дәрмектері) Сандықтау орталық аудандық аурухана ағымдық жылға тапсырыс берді. «Мукекс» дәрі-дәрмегі Дәрілік заттардың тегін тізімінде жоқ, «Даксас» және «Спирива» дәрі-дәрмектеріне жоғарыда аталған аурухана шектелген қаржыландыру себебінен тапсырыс бермеді. Алайда, жоғарыда аталғанбарлық дәрі-дәрмектерге(«Мукекс» басқа) «СК Фармация» ЖШС жеткілікті көлемде ағымдық жылдың аяғына дейін барлық мұқтаж сырқаттар үшін қосымша тапсырыс берілді. Жеткізу мерзімдері маусым айы деп анықталды.
2017 жылғы қарашада Елбасы халықты мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмекпен жеткілікті дәрежеде және уақтылы қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді. Алайда, бұл тапсырманы жүзеге асыруда оң ілгерілістердің болмауына байланысты 2018 жылғы наурызда Омбудсмен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне үндеу жолдады. Бұл құжатта еліміздің кейбір өңірлерінде онкологиялық ауруларға, қант диабетіне, гемофилияға, эпилепсияға душар болған тұлғалар үшін дәрі-дәрмектердің жеткілікті саны болмағандықтан, Үкімет алдында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жоғарыда аталған міндет жүктелген жергілікті атқарушы органдардың рөлін максималды нақтылауға бастамашылық ету ұсынылды.

Бұл мәселе бойынша Бас прокуратураға қадағалау тәртібімен тиісті тексерістерді өткізу туралы өтініш жолданды.

Өз кезегінде, «Қазақстанныңгемофилиямен ауыратын мүгедектер қауымдастығы» ҚБ Президентінің сөзі де Омбудсменді абыржытты.Үндеуде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан гемофилиямен ауыратындардан өмір үшін маңызды дәрілік заттарды алмау туралы шағымдар түсітетіні мәлімделді.

Қарастырылып жатқан тақырыпты зерттеп қарау анағұрлым кең аспектіде күрделі жүйелік мәселелердің барын анықтады, бұл 2018 жылғы 13 маусымда Алматы қаласында өткен денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың баспасөз-конференциясының қорытындыларымен дәлелденді, оған Омбудсмен кеңсесінің қызметкері қатысты.

Қалыптасқан жағдайды талдағаннан кейін Уәкіл азаматтардан, соның ішінде гемофилиямен ауыратындардан мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттармен жеткіліксіз әрі уақтылы емес қамсыздандыруға шағымдардың түсуі жалғаса бергендіктен, ҚР Үкіметіне хат жолдады. Хатта терапевт дәрігерлерде бұл салада жеткілікті білімінің және біліктілігінің болмауы сырқаттардың бұл санатын кәсіби емес емдеуін, сондай-ақ дәрілік заттарға қажеттіліктің қате қалыптастырылуын жоққа шығармайды деп аталды.

Баяндалған мән-мәтінде Үкіметтің назары ауруды, соның ішінде ерте кезеңде анықтауды, емдеуді, алдын алуын және пациенттерді оңалтуды жүзеге асыратын республикалық мамандандырылған мекемені құру, сондай-ақ гемофилиямен ауыратындарға, олардың дәрілік заттарға, стационарлық және амбулаторлық емге деген объективтік қажеттілігіне бірыңғай орталықтандырылған есеп жүргізу қажеттілігіне аударылды.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қазақстандықтарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде амбулаторлық деңгейде аурулардың нақты түрлері бойынша берілетін дәрілік заттардың жаңартылған тізімі әрекет ете бастағанын жеке атап өткен жөн. Тиімділігі дәлелденбеген және клиникалық тәжірибеде пайдаланылмайтын барлық дәрілік заттар жаңа тізімнен шығарылды, ал солардың орнына анағұрлым тиімді дәрілік заттар қосылды8

«Пайда – экономикалық әсер» оң арақатынасына қол жеткізу мақсатында бейінді орган өткізіп жатқан шараларға қарамастан, әлеуетті пациенттер жаңалықты сыни тұрғыдан және күйзеліспен қабылдады, бұл БАҚ-тағы жариялымдармен, сондай-ақ ұлттық құқық қорғау мекемесіне түскен шағымдармен дәлелденеді.

Денсаулық сақтау қызметкерлері, қоғам мен пациенттің арасындағы өзара қарым-қатынастармен байланысты мәселелерге жеке назар аударған жөн.

Қазақстанда кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде медицина қызметкерлері жүріс-тұрысының этикалық нормалары мен қағидаттарының жиынтығы Медицина және фармация қызметкерлерінің ар-намыс кодексімен анықталады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 184-бабы).

Осылайша, жоғарыда аталған ар-намыс кодексіне сәйкес медицина қызметкерлері пациенттерге қатысты адамның құқықтарын, ар-намысын және абыройын жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жай-күйіне немесе өзге басқа жағдайдарға қарамастан құрметтеуі тиіс.

Сонымен бірге, есептік жылы медицина қызметкерлері кәсіби қызмет шегінен шығатын әрекетпен қатар, дәрігер жоғары атағының беделін түсіретін әрекетті жасаған жағдайлар да болды.



Астана қаласының Орталық теміржол ауруханасында дәрігер мас күйіндегі пациентті аяғымен тепті. Бұл оқиғадан кейін дәрігер медициналық этиканы бұзғаны үшін жұмыстан босатылды, сонымен қатар оған қатысты қылмыстық іс қозғалды9.
Өз кезегінде, сондай-ақ қарама-қарсы жағдайлар да болды. Пациенттердің медицина қызметкерлеріне бас салуы фактілері де орын алды. Бұндай жағдайларда шабуылдар алкогольмен мастану немесе қабілетсіз халде жиі болып жатады.

Ақтөбе қаласының бір емхана дәрігеріне оның кабинетінде пациент пышақпен бас салды. Жәбірленушіге құрсақ қуысында пышақпен түсірілген жараның болуына байланысты хирургиялық мини-операция жасалды10.
Осылайша, денсаулықты қорғау, медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамсыздандыру құқықтары бұзылуының қарастырылатын фактілерін талдау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға халыққа көрсетілетін медициналық көмектің, соның ішінде диагностикалық, емдеу-алдын алу қызметтерінің сапасын бақылауды күшейту, дәрі-дәрмектермен қамсыздандыруды қадағалау тетіктерін арттыру және медицина қызметкерлерінің кәсіпқойлығын арттыру мен медициналық ғылым мен техниканы жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігін дәлелдейді.

жүктеу 5,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау