Көрсетілген нақты заңнамалық норма бола тұрса да, ұзақ уақыт бойы оны іске асырудың тетігі болмады. Осындай жағдайға байланысты, Омбудсменнің мекемесі ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп көрсетілген кемсітушіліктерді толықтыру бойынша жұмыс жасады. Жасалған жұмыс нәтижесінде 2017 жылғы 17 ақпанда ҚР Үкіметінің қаулысымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларына өзгерістер енгізілді (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы қаулысымен бекітілген).
Аталмыш өзгерістер уәкілетті органдардың қажетті қорытындыларын берудің нақты тәртібін белгілейді.
Үкіметтің берген жауабынан жергілікті атқарушы органдарға аталған өзгерістерді қолдану туралы нұсқаулар ү.ж. сәуірінде ғана жолданды делінген.
Алайда, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізген мониторингісі көрсетілген органдар жоғарыда аталған нормативтік өзгерістер туралы ақпараттандырылмағанын, және тиісінше тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін азаматтарды есепке қоюдан бас тартып отырғандарын көрсетті.
Бізге келіп жатқан азаматтардың арыздары аталмыш салада жоғарыда көрсетілген органдардың құқық қолданушы практикасында нақты нұсқаулардың жоқтығы туралы куәландырады.
Аталмыш факт туралы Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 2018 жылғы 30 мамырдағы хаты куәландырады (Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының қайта ұйымдастырылуына байланысты оның құзыретіне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге есепке қою және үйлестіру мәселелері кіреді), оған сәйкес «қазіргі уақытта жоғарыда аталған қорытындыны беру бойынша уәкілетті орган еш нормативтік нормативтік актімен белгіленбеген» (санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды).
Бұл жағдай басқа аумақтық уәкілетті органдарды сұрастыру кезінде расталды.
Осылайша, Үкіметтен алынған жауаптарда азаматтардың арыздарын пәнді қарау және айтарлықтай маңызды әлеуметтік мәселелер бойынша тиісті шараларды қабылдау туралы ақпаратты қамтымады.
Омбудсмен мекемесінің үндеулері мен ұсынымдары Ұлт Көшбасшысының оның Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларын іске асыру жарығында тұрақты негізде құқық қорғау мониторингісін жүргізу барысында алынатын ақпаратты мұқият талдаудың нәтижесі болып табылады.
Жоғарыда баяндалғанды назарға ала отырып, құрметті Бақытжан Әбдірұлы, қажетті шараларды қабылдау мақсатында үндеу хатта қозғалған мәселелерді қосымша қарауды туралы тапсырысыңызды беруді сұраймын.
Қосымша: мәтін бойынша 16 парақта.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министр
Кеңсесінің Басшысы
Н.Ш. Алдабергеновке
Құрметті Нұрлан Шәдібекұлы!
2018 жылғы 1 наурызда Омбудсменнің мекемесінен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне халыққа тегін, кепілді медициналық көмектің шеңберінде ұсынылатын дәрі-дәрмекпен жеткіліксіз және дер кезінде қамсыздандыруына байланысты шаралар қабылдау туралы үндеу хат жолданған еді.
Қалыптасқан жағдайды бақылауға алу мақсатында сондай-ақ ҚР Бас Прокурорына осы мәселені прокурорлық қадағалау тұрғысында қарау туралы үндеу хатын жіберілді.
Профильдік ведомствоның 2018 жылғы амбулаториялық және стационарлық қамтамасыздандыруға дәрі-дәрмектің сатып алу сомасы 191,7 млрд. теңгеден асатыны, яғни мәлімделген қажеттіліктің 90%-на сай келетіні және оның 75%-ы аймақтарға жеткізілгені жайлы мәлімдегеніне қарамастан, ұлттық құқық қорғау мекемесіне азаматтардың тиісті дәрі-дәрмектерінің алмауы жайлы өтініштері әлі де келіп түсуде.
Осы орайда «Қазақстан мүгедектер қауымдастығы-гемофилияға шалдыққандар» ҚБ-тің өтініш хаты аса алаңдау тудырды. Ол өтініште емделушілердің әлсіз санатына жататын тұлғалар, яғни гемофилияға ұшыраған жандар, қазіргі таңға дейін өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмекпен камсыздандырылмағаны жайлы мәлімденеді.
Қауымдастықтың мәлімдеуінше, осы жылдың 1 маусым күні осы өтініштер іспеттес өтініштер Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келіп түсті.
Гемофилияға ұшыраған жандардың емі үздіксіз болуына байланысты және әлдебір қысқамерзімді емнің тоқтатылуы түзелмейтін зардаптарға, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін екендігіне байланысты, қысқа мерзім аралығында тиісті дәрі-дәрмекпен қамтамасыздандыру жайлы шұғыл түрде шаралардың қолдану маңызды деп санаймыз.
Сонымен қатар, қаралып жатқан тематиканы зерттеу арқылы және мүгедектер қауымдастығы-гемофилияға шалдыққандар қоғамдық бірлестігінің 13 маусым күні өткен баспасөз конференция барысында осы тақырыпта кең аспектіде бойлаған жүйелік мәселелер бар екені анықталды.
Аталмыш ұйымның мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда «гемофилия» диагнозы бар 1273 науқас есепте тұр (841 – ересек адамдар, 432 - балалар), оларға салалық мамандар – гематологтардың орнына учаскелік терапевттер медициналық қызмет көрсетіп жатыр. Терапевтте осы салада қажетті білім мен біліктіліктің жоқтығы осы санаттағы науқастарды кәсіби емес емдеуге, сондай-ақ елдің өңірлерінде дәрі-дәрмектік препараттарға қажеттілігін қате құруға әкеліп отыр.
Гемофилияға ұшыраған науқастар гематологтың ғана емес, сондай-ақ тіс дәрігерлерінің, хирургтердің, травматологтардың, нейрохирургтердің, психологтардың салалық мамандандырылған көмегіне зәру. Аталған баспасөз конференция барысында гемофилиямен ауыратын балалардың ата-аналары салалық мамандардың олардың балаларын емдеуден бас тартқандығы жайлы да мәлімдеген еді.
Аталмыш мәнмәтінде республикалық мамандандырылған мекеме құру маңызды деп көрінеді, ол ерте кезден ауруды диагностикалау, емдеу, профилактика, науқастарды оңалтуды, сондай-ақ гемофилиямен науқастанғандарды бірыңғай орталықтан есепке алуды, олардың дәрі-дәрмектік препараттарға, стационарлық және амбулаторлық емдеуге объективті қажеттілігін жүргізуді жүзеге асырар еді.
Қазақстаннан ерекше, ұқсас мекемелер дамыған елдерде ғана емес, Ресей Федерациясы мен Өзбекістанда қызмет атқарады. Мысалы, Ресейде Гематологияның Ұлттық медициналық зерттеу орталығында жыл сайын 4000-нан астам гемобластозамен және қанның басқа ауруларымен ауыратын науқастар ем алады, 1000-нан астам оталар жасалады. 28 ғылыми-клиникалық және клиникалық-диагностикалық бөлімшелер, соның ішінде ғылыми-клиникалық зертханалар, инструментальды және сәулелік диагностиканың бөлімдері, науқастарға арналған күндізгі стационарлар, амбулаторлық-емханалық консультативтік қызмет, мамандандырылған, соның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін 270 орынға арналған стационар бар.
Өзбекістанның Гемофилия орталығында диспансеризация бойынша шаралар, емдеудің ортопедиялық әдістері мен оңалту іс-шаралар өткізіледі. Емдеу амбулаторлық және стационарлық жағдайларда жүзеге асырылады. Емдеудің физиотерапевтік әдістер зақымдалған буындарды тез қалпына келтіріп, ерте мүгедектікті алдын алуға септігін тигізіп отыр.
Гемофилия анағұрлым күрделі, емделмейтін, генетикалық аурулардың бірі және қиын салдарға ие бола тұра, Қазақстанда бекітілген Әлеуметтік маңызы бар аурулар тізіміне кірмейтіні алаңдатушылықты тудыруда. Белгілі болғандай, аталмыш аурулар күшейтілген қадағалауды, диагностика мен үздіксіз дәрілік қамсыздандырудың қосымша шараларын қажет етеді.
Баяндалғанды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 21-тармағын басшылыққа ала отырып, Үкіметті аталмыш үндеу хатта көтерілген проблемаларды қарап, оларды шешуге ықпалдасуды сұраймын.
Құрметпен,
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Б.Ә. Сағынтаевқа
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Ү.ж. 8 қазанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚР Білім және ғылым министріне мектепке дейінгі мекемелердің қызметі мәселелері жөнінде үндеу хат жолдады. Аталмыш хатты жолдау аталған мекемелердің персоналы өз тәрбиеленушілеріне қатысты қолданатын қатігез қарым-қатынасы бар оқиғалардың жиілеп кеткеніне байланысты еді. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы, соның ішінде шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы бейнежазбалармен расталатын жарияланымдар, сондай-ақ Омбудсмен мекемесіне азаматтардан келіп түскен шағымдар бұл туралы куәландырады.
Жоғарыда көрсетілген фактілердің кең ауқымды географиялық және мерзімді қамтуы, тәрбиеленушілерде жұқпалы аурулардың анықталуы, балалардың сапасыз тамақтан улануы және басқа да оқиғалар уәкілетті органның тарапынан тиіссіз бақылауы туралы куәландырады. Мұндай қорытынды көптеген жағымсыз фактілерді жоғарыда көрсетілген органның анықтауы арқылы емес, азаматтардың шағымдары арқылы белгілі болғанымен расталады.
Ү.ж. 5 қазанда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуына, олардың балаларға арналған мекемелерде лайықты мазмұнды білім алуы мен тәрбиеленуіне ерекше назарын аударды. Көрсетілген мекемелерде қалыптасқан жағдай туралы хабардар бола тұра, ол балабақша қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарауды көздейтін тиісті «жол картасын» әзірлеу туралы тапсырма берді.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, Омбудсменнің аталмыш үндеу хатында қаралып отырған проблемаларды шешу бойынша нақты ұсыныстар баяндалған еді, атап айтқанда, мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметіне қатысты лицензиялауды алып тастау жөнділігін жанжақты талдау ұсынылған еді.
Сондай-ақ, уәкілетті органның берген жауабы нысаны бойынша да, мазмұны бойынша да қоғамның айрықша қызығушылығын тудырып отырған айтарлықтай маңызды мәселелер бойынша орталық мемлекеттік органның әзірлеген құжаты ретінде қабылдау мүмкін емес. Хатта ұсынылып отырған ұсыныстарға қандай да реакция туындамады.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы! Жоғарыда баяндалғанның мәнмәтінінде Сізді орталық мемлекеттік органдар Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеу хаттары мен ұсынымдарын қарауының ұқсас тәжірибесі жүйелі сипатқа ие болып жатқандығы туралы хабардар ету қажет деп санаймын.
Атап айтқанда, ү.ж. сәуір айында Үкімет атына мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналармен тұрғын үй алу құқығын іске асыруда құқықтық қақтығыстарды болдырмау туралы үндеу хат жолданды. Бұл ретте, осы санаттағы көп балалы аналардың пайдасына қолданыстағы сот шешімі, олардың талаптарының негізділігі туралы куәландырады.
Сондай-ақ, аталған өтініште тұрғын үйі белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін азаматтарды есепке қою мәселесі қозғалды. Мемлекет басшысы ү.ж. 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың тұрғын үй қауіпсіздігін жеткіліксіз қамтамасыз етілуіне және осы саладағы уәкілетті органдардың бақылауына алаңдаушылық білдіргенін атап өткен жөн. Баяндалғанның мәнмәтінінде жоғарыда аталған мәселе ерекше маңызға ие, өйткені жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау процесіне ғана емес, сондай-ақ елдің қолданыстағы тұрғын үй қорына да қатысты.
Осы үндеу хатқа берілген жауаптарда үлкен әлеуметтік маңызы бар және кең қоғамдық резонанс тудыратын мәселелерді шешу бойынша негізді ұстаным алынған жоқ. Сонымен қатар азаматтардың көптеген шағымдары мен ұсыныстарын талдау негізінде аталған үндеу хаттар Мемлекет басшысының қоғамды жаңғырту бойынша нұсқауларын іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған.
Сонымен қатар, соңғы жылдары Омбудсмен мекемесінің атқарушы билік органдарымен тиімді өзара іс-қимылы орнағанын атап өту қажет деп санаймын. Осының ең көрнекі мысалдары Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің форматы, балалар мен мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, Сізден осы үндеу хатта ұсынылған мәселелерді шешу үшін қажетті шаралар қабылдау және жұртшылықты хабардар ету мақсатында қарастыруды тапсыруды сұраймын.
Қосымшалар: 1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Білім және ғылым министріне үндеу хатының көшірмесі 8 парақта.
2. ҚР Білім және ғылым министрлігі жауабының көшірмесі 4 парақта.
3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ҚР Премьер-Министрі Б. Ә. Сағынтаевтың атына үндеу хатының көшірмесі 8 парақта.
4. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жауабының көшірмелері 5 парақта.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен жауап
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Сіздің балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдауға және мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды оқыту жағдайларына қойылатын талаптарды белгілеуге катысты, сондай-ақ «Алтын алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналардың мемлекеттік тұрғын үй корынан бірінші кезекті тұрғын ұй алу құқығына қатысты хатыңызға келесіні хабарлайды.
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балаларды оқыту жагдайларына қойылатын талаптарды белгілеу бойынша қажетті шараларды қабылдауга қатысты.
Ұлттык білім беру деректер корының алдын ала деректері бойынша 2018 жылғы 1 казандағы жағдай бойынша республикада 10314 мектепке дейінгі ұйым (880,8 мың бала) жұмыс істейді, оның ішінде 6567 мемлекеттік, 3749 жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар.
КР ПЭ 2011 жылғы 11 мамырдағы №01-38.61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының 2011 жылғы 17 сәуірдегі № 01-7 хаттамасының 10.1-тармағын орындау үшін мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін лицензиялау рәсімі жойылды және хабарлама тәртібіне ауыстырылды (Қазақстан Республикасының "Білім туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы " Заңдарына өзгерістер енгізілді).
Лицензиялау процедурасының күшін жою бизнес-ахуалды жақсарту және әкімшілік кедергілерді жою есебінен мектепке дейінгі ұйымдар санының артуына ыкпал етті.
Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру саласындағы кызметті лицензиялауды кайта бастау мезгілсіз деп санаймыз.
КР «Білім туралы» Заңының 51-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң) мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарында бейіндік білімі болуы тиіс.
Казіргі уакытта мектепке дейінгі ұйымдарда 71,9 мың педагог жұмыс істейді, олардың 58,2% - ы ғана мектепке дейінгі базалық білім алды (41,8 мың адам).
Осы мәселені шешу үшін Министрлік Заңның 51-бабына педагогикалық немесе мектепке дейінгі білімі бар педагогтерді мектепке дейінгі ұйымдарда жұмысқа жіберу бойынша өзгерістер енгізу жұмыстарын бастады.
Сонымен катар, Елбасының 2018 жылғы 5 казандағы Қазақстан халкына Жолдауында (бұдан әрі - Жолдау) мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында (ҚР БҒМ 2018 жылғы 27 қарашадағы № 648 бұйрығы) мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру жөніндегі шараларды, оның ішінде бірыңғай біліктілік талаптарын, ұлттык біліктілік тестін енгізуді және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен баска да қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарауды көздейтін Жол картасы әзірленді.
Мектепке дейінгі ұйымдар эпидемиялык маңыздылығы жоғары объектілерге жатады және ерекше тәртіп бойынша жылына 2 рет тексеріледі, бұл ретте персонал мен балаларды медициналык қарап-тексеруді бақылау мәселелері тексеру парақтарына енгізілген.
Мектепке дейінгі ұйымдарда инфекциялық аурулар аныкталған жағдайда инфекцияның берілу жолдарын, ауру ағымыныц ерекшеліктерін және баска да эпидемиологиялык дереткерді ескере отырып, инфекцияның таралуының алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар арқылы эпидемиологиялық зерттеп-тексеру жүргізіледі.
Ұйымдарда шектеу іс-шаралары енгізіледі: ауырған адамдар жұмыстан шеттетіледі; байланыста болған адамдар күн сайынғы клиникалык қарап-тексеру және зертханалық тексеру арқылы медициналық бакылауға алынады.
Одан баска, халыктың декреттелген топтарының медициналық қарап-тексеруден өтуі мен жеке медициналық кітапшаларының (бұдан әрі - ЖМК) дұрыстығын бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Емхана» автоматтандырылған жүйесінде «Жеке медициналық кітапша» қосымша модулін әзірлеу мәселесі бойынша бастама көтерді.
Осы модульді енгізу декреттелген контингенттің алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексеруден етуінің тиімділігін арттыруға және жалған ЖМК айналымын төмедетуге мүмкіндік береді.
Хатта көрсетілген барлық кәмелетке толмағандармен мектепке дейінгі мекемелерде қатыгез қарым-қатынас жасау фактілері бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтык полиция органдары тиісті шешімдер қабылдай отырып, тексерулер жүргізді.
Анықтама үшін: Мәселен, ағымдағы жылғы 27 тамызда Теміртау қаласының ПБ- де азаматша А.А. Бакалайдың оның 2016 жылы туған кәмелетке толмаған қызы Н.В. Бакалайға қатыгездік таныту туралы өтініші бойынша «Домик» жеке меншік бала-бақшасының тәрбиешісі У.Р. Пірмахановаға қатысты Казақстан Республикасы КД-нің 140-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау» (2018 жылғы 27 тамыздағы СДТБТ №183525031001783) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, сот шешіміне сәйкес үміт Пірмаханова Қылмыстық кодекстің 140 — бабы 2-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 120 сағат қоғамдық жұмыстарға жаза тағайындады.
Ағымдағы жылғы 24 шілдеде Ақсу қаласыныц ПБ-де азаматша Т.И. Муқышеваның өтініші бойынша Ақсу қаласының № 20 бала-бақшасының тәрбиешісі
А.Т. Тілекбердиеваға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-ніц 141-бабы 1-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
(2018 жылғы 25 шілдедегі СДТБТ №185516031000780), ол Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылады.
Сонымен бірге, көрсетілген бала-бақшаның директоры Г.Б. Қабашева мен тәрбиеші А.Т. Тілекбердиева Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 409-бабы 4-бөлігі (Жұмыскердің міндеттерін және педагогтік әдеп нормаларын орындамауы немесе тиісінше орындамауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Одан басқа, сарапшының 2015 жылы туған жас бала А.О. Муқышевтың «денсаулығына жеңіл зиян» келтіру туралы қорытындысының негізінде
А.Т. Тілекбердиева ӘҚБтК-нің 73-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылғы 22 қазанда Астана қаласының № 78 «Асыл» бала-бақшасында балаларға қатыгездікпен қарау фактісі бойынша тәрбиеші А.К. Тасқынбаева Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі (ұрып-соғу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақтөбе қаласы ПБ-ніц «мектептегі» полиция инспекторы С.К. Ермағанбетовтың Ақтөбе қаласы №2 орта мектептің оқушысы кәмелетке толмаған Д. Николаевқа қол жұмсау фактісі бойынша Ақтөбе облысының ПД ӨКБ Қазақстан Республикасы ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 1-тармағы «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде (2018 жылғы 27 қыркүйектегі СДТБТ№181500031000365).
Білім беру ұйымдарында құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына жасырыну, сондай-ақ хабарламау фактісі бойынша Алматы қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы балаларга арналган №10 мектеп- интернатының әкімшілігі КР ЭҚБтК 409-бабының 3-5-тармақтары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тәрбиеші Құрманбаева Д. С. жұмыстан босатылды. (Мектеп - интернат директорының 01.10.2018 ж. №121 бұйрығы). Мектеп директорының орынбасарлары: оқу ісі жөніндегі Умешова Р., тәрбие жұмысы жөніндегі Қосбергенова М. тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оларға сөгіс жарияланды (мектеп - интернат директорының 01.10.2018 ж. №123 бұйрығы).
Сонымен катар, Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 35-тармағына сәйкес мектепке дейінгі мекемелерде кауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтандыруға қойылатын стандарттар мен талаптар әзірленді (мемлекеттік органдармен келісуде)
«Алтын алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналардың мемлекеттік тұрғын уй қорынан бірінші кезекті тұрғын үй алу құқығына, сонымен қатар тұрғын үйлері санитариялық- эпидемиологиялық және техникалық талаптарға жауап бермейтін азаматтарды есепке қоюга бойынша.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 118-бабының 1-тармағына сәйкес, бірінші кезекте мемлекеттік тұрғын үй корынан тұрғын үй "Алтын алқа" алқасымен марапатталған және бұрын "Батыр Ана"атағы берілген аналарға беріледі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен барлық мүдделі мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қосылатын азаматтар санаттарын оңтайландыру бойынша жұмыс тобы құрылуда.
Осыған байланысты, азаматтардың жеке санаттарына бірінші кезекте құқық беруге қатысты заңнамалық актілер арасында қайшылықты жою бойынша мәселе Министрлікпен құрылып жатқан жұмыс тобының шеңберінде қаралатын болады.
Осыған байланысты, азаматтардың жеке санаттарына бірінші кезекте құқық беруге катысты заңнамалык актілер арасында қайшылықты жою бойынша мәселе Министрлікпен құрылып жаткан жұмыс тобының шеңберінде қаралатын болады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй корынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою кағидаларына (бұдан әрі - Кағидалар) (2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) 2017 жылғы енгізілген өзгерістерге сәйкес отбасы тұрып жатқан тұрғын үй белгіленген санитариялық- эпидемиологиялық және техникалық талаптарға жауап бермеген жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі анықталған.
Анықтама үшін: Оған сәйкес есепке тұру үшін арыз беруші:
- санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық- эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша халыцтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық зерттеп-тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сот Төрағасы
Ж.Қ. Асановқа
Құрметті Жақып Қажманұлы!
Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және халықты тұрғын-үймен қамтамасыз ету Елбасы алдымызға қойған Бес әлеуметтік бастаманың негізгі міндеттері болып табылады.
Үкімет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыруға бағытталған «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын-үй алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын әзірлеуге кірісті.
2015 жылдан бері ипотекалық қарыздарды шетелдік валютада және ұлттық валютада алған мерзімі өткен қарызы бар қарыз алушыларға қолдау көрсету мақсатында қабылданған Ипотекалық тұрғын-үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы әрекет етеді.
Сонымен бірге, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге азаматтардан түскен өтініштербұл салада нақты мәселелердің барын дәлелдейді. Бұны халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын, асырауында жас балалары мен еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері бар қарызгерлердің материалдық жағдайын ескермей, жалғыз тұрғый-үйі болып табылатын кепілдік мүлікті өндіріп алу туралы істер бойынша сот тәжірибесі растайды.
Бұндай өтініштерді қарау шеңберінде өтініш берушілерге Омбудсмен олардың сот қорғауына, соның ішінде жоғарыда аталған сот инстанцияларының істі қайта қарауы арқылы, құқықтарын түсіндіре отырып, сот әрекеті мен шешімдеріне шағымдарды қарастырмайтыны мәлімделді. Азаматтар сондай-ақ ҚР Азаматтық-процестік кодекс 246-бабының қағидалары туралы ақпараттандырылды, оған сәйкес іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот, сондай-ақ шешім орындалатын жердегі сот, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар туындаса, тараптардың арызы бойынша атқарушылық iс жүргiзуде оны орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі, сот шешімін орындауды кейінге қалдыруы немесе оның мерзімін ұзартуы мүмкін.
Осылайша, азаматша Д.Т.Аймағамбетова, жалғыз басты ана, асырауында кәмелетке толмаған екі баласы бар, иесі оның анасы С.Ж. Аймағамбетова, жасы бойынша зейнеткер, болып табылатын кепілдік мүлікті өндіріп алу туралы сот шешімін қайта қарауда көмек көрсетуді сұрайды. Өтініштің материалдарынан «Kaspi Bank» АҚ 26.11.2007ж. алынған банктік қарыз бойынша азаматша Д.А.Ибраеваның кепілзаттық қамтамасыз етуі болып табылатын С.Ж.Аймағамбетованың үйін өндіріп алу туралы сотқа талап арызды бергені мәлім болды. Қарағанды облысының Нұра аудандық сотының 12.12.2017ж. шешімімен банктің талап арызы қанағаттандырылды. Бұл арада, бұл кепілдік мүлік аз қамтылған Аймағамбетовтар отбасының жалғыз үйі болып табылады.
Ұлттыққұқық қорғау мекемесіне жалғыз басты ана, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп жатқан Ф.А.Анварбекова Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына қосу туралы мәселе шешілгенге дейін сот шешімін орындауды тоқтату туралы өтінішпен шағымданды. Өтініш беруші ол және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында 2015 жылы жылжымайтын мүлік – оның анасының тұрғын-үйі түрінде кепілдікті қамтамасыз етумен банктік қарыз шарты жасалғаны туралы мәлімдеді. Бір жыл бойыФ.А. Анварбекова ипотекалық қарыз бойынша ағымдық төлемдерді уақтылы төлеп отырды, алайда қаржы қиындықтары туындап, ол несиені уақтылы өтей алмады. Кейін Шымкент қ. Абай аудандық сотының 22.11.2017 ж. шешімімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ кепілдікке берілген мүлікті өндіріп алу арқылы ипотекалық қарыз бойынша қарызгердің қарызын өндіріп алу туралы арыз талаптары қанағаттандырылды.
К.Б. Сапарбековтың өтінішінде 2007 жылы ол банктік қарыз алды, оның кепілзаттық қамтамасыз етуі меншік құқығында оның ерлі-зайыптысына тиесілі пәтер болды деп мәлімделді. Қарыз алған кезеңде К.Б. Сапарбековтың тұрақты еңбекқысы болды, алайда, қаржы дағдарысы кезеңінде жұмысын жоғалтуына байланысты өтініш берушіде несиені уақтылы өтеуге мүмкіндігі болмады. «Қазақстан Халық банкі» АҚ кепілдік мүлікті өндіріп алу арқылы қарыз сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап арыз берді. Шымкент қаласы Абай аудандық сотыны 24.06.2016ж. шешімімен банктік талап арызы қанағаттандырылды. Оңтүстік Қазақстан облысы атқарушы округі жеке сот атқарушысының 31.01.2018ж. қаулысымен қарыз алушыдан банктік қарызды өндіріп алу туралы атқарушылық өндіріс қозғалды. Өз өтінішінде К.Б. Сапарбеков сондай-ақ оны Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына қосу туралы мәселе шешілгенге дейін сот шешімін орындау мерзімін кейінге қалдыруда көмек сұрады.
Мәлім болғандай, ағымдық жылғы ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында екінші деңгейлік банктерге Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының әзірленіп жатқан критерийлеріне әлеуетті тұрғыдан сәйкес келетін қарыз алушыларды үйлерінен шығаруды тоқтату бойынша ұсыныстарды жолдау туралы ҚР Халық Банкінің ақпараттық хабарламасы таратылды. Сондай-ақ банктерге мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына берілген қарыз алушылардың/кепілдік берушілердің кепілдік тұрғын-үйін өндіру және мүліктен шығару арқылы қарызды өндіріп алу бойынша үкім қағаздарын қайта шақыруды іске асыру ұсынылды18.
А.ж. 27 наурызда ҚР Халық Банкінің Басқармасы Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістерді бекітті, солардың шеңберінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ 2004-2009 жылдар мерзімінде ипотекалық қарыз алған қарыз алушыларға қолдау көрсетіледі. Бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын-үй қарыздары/ипотекалық қарыздар, соның ішінде заңды күшіне енген сот актілері бар қарыздар, қайта қаржыландырылады19.
Судьялардың және сот орындаушыларының өңірлік семинарларда атқару өндірісі мәселелері бойынша баяндама жасауы сондай-ақ кепілдік мүлікті өндіріп алу арқылы екінші деңгейлік банктің пайдасына қарыз сомасын өндіріп алу кезінде бір мағыналы емес сот тәжірибесінде орын алатын жағдайларды дәлелдейді20.
Осылайша, «Казкоммерцбанк» АҚ пайдасына К.-дан қарыз сомасын өндіріп алу туралы атқару өндірісі бойынша сот орындаушысы ҚР Азаматтық процестік кодексінің 246-бабы тәртібінде сотқа сот шешімін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту, атап айтқанда, қарызгердің анасының (кепілдік берушінің) меншік құқығында тіркелген бір бөлмелі пәтер түрінде «Казкоммерцбанк» АҚ-ға кепілдікке берілген мүлікті өндіріп алу туралы өтініш берілді. Өз талаптарын негіздемесі ретінде сот орындаушысы қарызгердің иелігінде өндіріп алуға болатын қандай да бір мүліктің, соның ішінде қаражаттың жоқ екенін атады, бұл кезекте, қарызгер кепілдік шарты бойынша банкке қарызға алынған қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету ретінде ұсынған кепілдік берушінің «Казкоммерцбанк» АҚ-ға кепілдікке берілген мүлкі бар. Сот сот орындаушысының талабын қанағаттандырды, банктік қарыз бойынша қарыз кепілдік берушінің мүлкінен өндіріп алынды.
Дәл сол банктің пайдасына сот шешімін орындау бойынша ұқсас жағдайда сот сот орындаушысының талабын қанағаттандырудан бас тартты, өйткені өндіріп алу қажеттілігі туындаған мүлік қарызгердің иелігінде болмады, атқарушы өндірісте қарызгер болып табылмайтын басқа тұлғаның (кепілдік берушінің) меншігінде болды.
ҚР Жоғарғы Соты судьяларының кеңейтілген мәжілісінде әділ сот атқарудың 2017 жылғы қорытындылары бойынша “сот жүйесінің бірінші тасы – әділдік, ұқсас істер бойынша әртүрлі шешімдерді қабылдауға болмайды” деп аталды.
Халықтың сот жүйесіне сенім деңгейін арттыру мақсатында, біздің көз-қарасымыз бойынша, қарызды өндіріп алу, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын қарызгерлердің материалдық жағдайын ескерумен кепілдік мүлікті өндіріп алу туралы істер бойынша біркелкі сот тәжірибесін орнату керек.
Тұрғын-үйдің болуы жеткілікті тұрмыс деңгейінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Азаматтарды жалғыз тұрғын-үйінен шығару әлеуметтік шиелініске алып келіп, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға кері әсер етеді.
Бұл мәселе 2010 жылы Қазақстанға іссапармен келу қорытындылары бойынша БҰҰ жеткілікті тұрғынжай туралы мәселе бойынша арнайы баяндамашысы Р. Рольниктің ұсыныстарында да көрініс тапты. Атап айтқанда, аз қамтылған отбасылардың өз несиелерін және ипотекалық қарыздарын өтеуге қабілетсіздігімен байланысты мәжбүрлеп шығару жағдайлары туралы хабарламалар уайымдатты. Арнайы баяндамашы азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында мемлекетті тиісті шараларды қабылдауға шақырды.
Бұл мән-мәтінде Елбасының ағымдық жылғы қаңтарда Қазақстан халқына жолдауында аталған, халықтың валюталық ипотекалық қарыздары бойынша мәселені үзілді-кесілді шешу және Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын кеңейту туралы тапсырмасы уақтылы болды.
Судьялар қарызды өндіріп алу және кепілдік мүлікті өндіріп алу туралы істер бойынша шешімді шығарғанда, әділдік қағидатын басшылыққа ала отырып, әрбір жекелеген жағдайда жеке тәсілді қолдануы тиіс, бұл кезекте, олар қарызгерлердің материалдық жағдайын, сондай-ақ азаматтарды жалғыз тұрғынжайынан шығару фактісіне жол бермеу мақсатында ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсету бойынша мемлекет жүзеге асыратын шараларды ескеруі тиіс.
Жоғарыда аталғанды назарға ала отырып, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Төрағасының арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумның қағидаларын басшылыққа ала отырып, Сізден қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сот жүйесі шеңберінде шаралар қолдану мүмкіндігін қарастыруды сұраймын.
Қосымша: аталған өтініштер бойынша материалдардың көшірмелері ___ бетте.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сот Төрағасы
Ж.Қ. Асановқа
Құрметті Жақып Қажманұлы!
Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына өзінің жыл сайынғы Жолдауында 2018 жылғы 5 қазанда мемлекеттік орнықты дамуы үшін заң үстемдігінің маңызын атап, сот жүйесін ары қарай жаңғыртуға шақырды.
Жоғарғы Сот пен Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің арасындағы Ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум шеңберінде сотпен қорғалуына және соттың істі әділ қарауына құқықтарына қатысты азаматтардан түсетін өтініштерге жүйелі талдау жасалады.
Осылайша, 2017 жылғы 1 желтоқсаннан 2018 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде Уәкілге сот шешімдерімен келіспеу туралы 329 өтініш түсті, бұл тіркелген өтініштердің жалпы санынан 26%-ды құрайды. 226 шағым сот ісінің қылмыстық нысанына тиесілі, 91 – азаматтық, 12 – әкімшілік.
Өтініштердің басым бөлігі Астана, Алматы қалаларынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан түсті.
Алдыңғы жылдарда сияқты, өтініштердің негізгі бөлігін азаматтардың, соның ішінде сотталғандардың, қылмыстық істер бойынша үкімдермен келіспеуі, тергеу және сот процестері барысында қылмыстық-процестік нормаларды бұзу туралы шағымдары құрайды.
Азаматтардың өтініштерін және бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын талдау қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тарту мәселесін көрсетті.
Тәжірибе көрсеткендей, азаматтарды қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тартудың негізгі себебі, біздің пікірімізше, сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңінде заңды және процестік нормаларды бұзу болып табылады.Сірә, бұл бұзушылықтарға сотты бақылау өкілеттігі берілген тергеу судьялары уақтылы баға бермеген шығар.
Өтініш берушілер өз өтініштерінде үкімнің негізіне, әдетте, қылмыстық тергеу органының айыптау актісі алынады; сот тәуелсіз сараптама қорытындыларын іс материалдарына қосу туралы өтініштерді қабылдамайды; тергеу барысында процестік бұзушылықтар назарға алынбайды; кінәнің жанама дәлелдері ұйғарынды болып танылады деп жиі айтады.
ҚР Бас прокуратурасының деректері бойынша, 2018 жылы апелляциялық инстанцияларда өзгертілген және жойылған сот актілерінің саны 1,5 есе артты. Прокуратура органдарының наразылығы бойынша кассациялық инстанция 200 астам сотталғанның жағдайын жақсартты (соның ішінде 12 адам толық ақталды, ішінара – 19, қалғандарына жазасын өтеу мерзімдеріазайтылды, күтіп-бағу режимдері өзгертілді).21
Осыған байланысты ҚР Жоғарғы Соты судьяларының кеңейтілген мәжілісінде 2017 жылғы жұмыстың қорытындылары бойынша сот ісінде жарыспалылық қағидатын дамыту және сот процесінде айыптау бағыты тәжірибесінен кету міндеттерінің қойылғанын атап өткен жөн.
Кінәсіздік презумпциясы қағидатын бұзу.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесіне З.Адееваның ұлы Р.Адеевтің мүддесінде өтініші түсті. Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 03.04.2018ж.үкімімен Р.Адеевтің М.Нұрпейісовтың өміріне қастандық жасау фактісі дәлелді деп танылды.
Бұл кезекте, өтініш беруші атағандай, сот жеке өзі болған ұлын тану хаттамасы емес, 30 жыл бұрын түсірілген фотокарточка бойынша тану хаттамасы ұйғарынды дәлел ретінді қабылдады. Заттай дәлелдерді, атап айтқанда, қудалау органы қылмыс құралын таппады, соның салдарынан, қорғау тарабы атап өткендей, соттың қорытындылары тек анық емес мәліметтерге және куәгерлердің ұйғарынсыз түсініктемелеріне ғана негізделді.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеттің № 32 Жалпы тәртіп ескертулерінің 30-тармағына сәйкес адам құқықтарын қорғау үшін негіз қалаушы мәнге ие болатын кінәсіздік презумпциясыайыпты дәлелдеу міндетін артады;кінә ешбір күмәнсіз толық дәлелденбегенше ешқандай айыптың тағылмауына кепілдік береді; күмәнді айыпталушының пайдасына қарай түсіндірілуін қамтамасыз етеді.
Көрінеу кінәсізді қылмыстық жауапкершілікке тарту.
Омбудсменге Қазақстандық адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюродан сотталған Р.Инаятұлы мүддесінде өтініш түсті.
Жамбыл облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 30.09.2015ж. үкімімен тұлғалар тобы алдын ала келісім бойынша Қырғыз Республикасының азаматы Биримкуловтың мүлкін иелену айыбымен Инаятұлы, Байғазиев,Құралбаев және Абдраимов кінәлі деп танылды.
Аталған тұлғаларды қорғауда азаматтардан көптеген ұжымдық өтініштердің түсуіне байланысты 2016 жылы ҚР Бас прокуратурасы мекеме аралық тергеу-жедел тобын құрды, ол істі сотқа дейігі тергеу кезеңінде және соттың істі қарауы барысында қорғау тарабының дәлелдері толық зерттеп қаралмағанын анықтады. Қылмыстық қудалау органдарында жәбірленушінің кейін бас тартылған айғақтарынан басқа жоғарыда аталған тұлғалардың тонау кінәсін растайтын дәлелдері болмады.
Қазіргі уақытта Биримкуловқа қатысты көрінеу жалған айғақтар беру фактісі қосымша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, бұл кезекте,оны тергеу хаттамаларына сәйкес, Инаятұлы, Құралбаев және Абдраимовтың жасалған қылмысқа қатысы жоғы дәлелденеді. Сонымен бірге, соңғылары оларға қатысты шығарылған үкімнің негіздемесіне күмән келтіретін жағдайларды мәні бойынша қарау мүмкіндігісіз үш жыл бойы жазасын өтеп жатыр.
Жекелеген өтініштерде азаматтар істі қарау кезінде судьялардың бейтараптығына және тәуелсіздігіне күмәнданады, жергілікті атқарушы органдардың тарапынан қысым жасау туралы мәлімдейді.
Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталыққа Риддер қаласы білім бөлімінің бұрынғы есепшісі А.Баянбаева сот үкімімен келіспеу туралы өтінішпен жүгінді.
Өтініште білім бөлімінің басшысы Д. Ильясов бағынышты адамдарға заңсыз қысым жасап, конкурстық іріктеу нәтижелерін бұрмалағанын мәлімделді.
Жоспардан тыс өткізілген тексерістің барысында Д.Ильясовтың еңбек заңнамасы талаптарын бұзу фактісі расталды, осыған байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан бойынша Департаментіне кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі мәселесін қоюмен бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс кіргізілді. А.Баянбаеваныңөтінішінде Д.Ильясов Риддер қаласы әкім орынбасары Д.Дюсембаевтың жақын туысы бол тұра, ешқандай жазаға тартылмағаны аталды.
Бұл кезекте, анықталған қаржылық бұзушылықтар фактісі бойынша есепшіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижелері бойынша Риддер қалалық сотының 15.06.2018ж. үкімімен А. Баянбаева айлакерлікті жасауда, «Нұрбөбек» жекеменшік балабақшасы арқылы білім беру қызметтерін көрсететін кәсіпкер З.Тотановадан пара алуда кінәлі болып танылды.
Бұл арада, З.Тотанованың түсініктемелеріне сәйкес, есепші қылмыстық қызметке қатысты болмады, өйткені бюджеттік қаражатты ұрлау сызбасын Риддер қаласы әкім орынбасары Д.Дюсембаев әзірледі, соның салдарынан З.Тотанова ай сайын қаражаттың бір бөлігін беріп тұрды.
Бірінші және апелляциялық инстанция соты бұл айғақты назарға алмады, сондай-ақ Риддер қаласының әкім орынбасарына және білім бөлімінің басшысына қатысты жеке үкімдер шығарылмады, өтініш берушінің айтуынша, олар қандай да бір жазаға тартылмады және қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік мекемелерде еңбек қызметін жүзеге асырып келеді.
А.Баянбаева өз өтінішінде ҚР Жоғарғы Сот Төрағасының жеке қабылдауына көмек көрсетуді сұрайды.
Тергеу барысында қылмыстық-процестік нормаларды бұзу және қатыгез қарым-қатынас жасау.
Омбудсмен мекемесіне тергеу барысында қылмыстық-процестік нормаларды бұзу, азаптауларды және қатыгез қарым-қатынастың басқа нысандарын қолдану туралы шағымдар әлі де түсіп жатыр, адвокаттар болмағанда тергеу өткізу фактілері тіркелді.
Осылайша, азаматша В.Синякова ұлына қатысты сот үкімімен, тергеу және сот отырыстары барысында қылмыстық-процестік заңнаманың жіберілген бұзушылықтарымен келіспейді. Өтініш берушінің мәлімдеуінше, оның ұлының қылмысқа қатыстылығы туралы жалған айғақтарды сотталған А.Сычковазаптаулар нәтижесінде берді. Бұған қоса, оның кінәсіздігінің объективтік дәлелдері, оның пікірінше, сот назарға алмады.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қарауында С.Соколинскийдің ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылу шағымымен өтініші болды. Өтініш берушінің мәлімдеуінше, ол тергеу барысында берген мойындау айғақтары полиция қызметкерлерінің тарапынан заңсыз қысым жасау арқылы алынды. Бұл арада, сот сараптамасының нәтижелері жәбірленушінің үйінде табылған, шабуыл жасаған тұлғаның саусақ іздері С.Соколинскийдің саусақ іздеріне сәйкес келмейтінін көрсетті.
Азаптауларға қарсы Қазақстан ҰПТ коалицияның пікірі бойынша, азаптаулар құрбандарының әділ сотқа қолжетімділік құқықтарын жүзеге асыруда едәуір кедергі азаптаулар туралы көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескерту болып табылады.Жәбірленушілер азаптаулар тиісті деңгейде тергелетініне күмәнданып, оларға қатысты жасалған қылмыс туралы айтуға қауіптенеді. Осыған байланысты құқық қорғау ұйымдары азаптаулар туралы айтқан тұлғаларды көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкіндігін жоюға шақырады.
Сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдерінің пікірі бойынша, соттар сотталғандардан азаптаулар туралы түсетін шағымдарды әрдайым назарға ала бермейді.22
Әлеуетті азаптау құрбандарын қылмыстық жауапкершілікке тартылу туралы ескерту тәжірибесі халықаралық стандарттарға толық дәрежеде сәйкес келмейді. Осылайша, БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеті Қазақстанға «Көрінеу жалған сөз жеткізу» бабының қағидалары жүзеге асырылғанда, егер өтініш жәбірленушілердің әділ сотқа қолжетімділік құқығын жүзеге асыру үшін іс жүзінде кедергі болса, онда олардан қандай да бір өтінішке қол қоюды талап етпеуін қамтамасыз етуге» кеңес берді.23
Азаптауларға қарсы ұлттық превентивтік тетіктің (ҰПТ) қатысушылары превентивтік келулердің 2016 жылғы қорытындылары бойынша шоғырландырылған баяндамада аталған басқа маңызды мәселе құқық қолдану тәжірибесінің сотталғандардың адами абыройын сақтауға және қорғауға, олардың әділ сотқа қолжетімділік құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты конституциялық қағидаттарға және халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі болып табылады.
Осылайша, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы №2 сотының 25.01.2016ж.үкімімен қолда бар құралдардың көмегімен өз-өзін жарақаттаған, сотталғандарР.Арахамия, А.Иконников, А.Юрьевич, А.Нұрахметов ҚР Қылмыстық кодексі 428-бабының 3-бөлігімен (қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтасып бағынбауды ұйымдастыру) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі болып танылды.
Жоғарыда аталған тұлғалар өз денсаулықтарына зақым келтірген кезде бас бостандығынан айыру жерінде болғандықтан, сот олар ҚР ҚК 428-бабының 3-бөлігімен қарастырылған қылмысты жасады деп санап, үкімдер жиынтығы ережелері бойынша оларға бас бостандығынан айыру түрінде жаңа жаза қолданып, оны жазасын өтеп жатқан мерзімге қосты.24
Бұл кезекте, қорғау тарабы атағандай, сот ҚР Конституциялық Кеңестің 27.02.2008ж. №2 «Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы бірінші және төртінші бөліктерінің конституциялылғын тексеру туралы» нормативтік қаулысын назарға алмады.
Осылайша, нормативтік қаулы Конституциялық Кеңес дене мүшелерін зақымдау пікір (қарсылық) білдірудің нысаны болып табылуы және бас бостандығынан айрылған адамдардың өз құқықтарын қорғауының тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін деп пайымдайды. Мұндай жағдайларда дене мүшелерін зақымдағаны үшін жауаптылыққа тартуды, Негізгі Заңның 20-бабымен кепілдік берілген сөз еркіндігінің құрамдас бөлігі болып табылатын пікірін еркін білдіру құқығын шектеу деп бағалаған жөн.
Аталған нормативтік қаулыға сәйкес қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемеде бағып-күтілетін тұлғалар тобының мекеменің қалыпты қызметін тұрақсыздандыру мақсатымен дене мүшелеріне зиян келтіру актісін жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын ҚР Қылмыстық кодексі 361-бабының 1, 4 бөліктері (1997 жылғы редакцияда)Конституцияға сәйкес келмейді және қолдануға келмейді деп танылды.
Алқа билер сотының қатысуымен соттың істі қарауы.
Елбасының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 21-қадамыалқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейтуді және заңды түрде алқа билер соты міндетті түрде қатыстырылатын қылмыстық істердің категорияларын анықтауды қарастырады.
Азаматтық және сараптамалық қоғам өкілдерінің пікірі бойынша, соттың анағұрлым жоғары тәуелсіздігін қамтамасыз ету және әділ соттың қосымша кепілдіктерін құру мақсатында алқа билер институтын оның соттылығын кеңейту бөлігінде дамыту, сот ісін жүргізудің қылмыстық-процестік нысанын және алқа билерге үміткерлерді сотқа дейін іріктеу процедурасын жетілдіру бойынша әрекетті шараларды қабылдау қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған алқа билердің шешім қабылдау процесіне қысым жасау және араласу туралы хабаламалар азаматтардың сотпен қорғалуына және соттың істі әділ қарауына құқығын жүзеге асыруды қиындататын тежеуші факторлардың барын дәлелдейді.
“БАҚ-қа жүгінген алқа билердің айтуынша, судья қорғаушы тарапқа қарсы өзінің қате түсінігін ашық білдірді және алқа билерді сотталушыны кінәлі деп тануға мәжбүрлеу мақсатымен кеңес бөлмесінде оларға қысым жасады. Алқа билердің айтуынша, сотталушыны кінәлі деп мойындаудан бас тартқаннан кейін судья алқа билерді таратты.”25
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 633-бабына сәйкесмемлекеттiк айыптаушының, жәбiрленушiнің, сотталушының және оның қорғаушысының алқабилермен белгiленген тәртiптен бөлек қарым-қатынас жасауына тыйым салынады. Сонымен бірге, судьяның алқабилерге ықпал ету мәселесі заңнамамен реттелмейді.
Сараптамалық қоғамның пікірі бойынша, алқабилерге кеңес бөлмесінің құпиясын бұзуға абсолюттік тыйым салу талас мәселе болып табылады, осыған байланысты судьялар алқабилерге қысым жасаған жағдайда, кеңес бөлмесінің жағдайларын жария ету мүмкіндігін қарастыру және судьяны алқабилердің тәуелсіздігі қағидатын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту үшін бұл дәлелдер ұйғарынды деп танылуы мүмкін екенін анықтау ұсынылады.
Алқабилердің оларға сот тарапынан жасалатын қысым туралы өтініш беру тетігінің, осы өтініштерді қарау және судьяларды бұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту процедурасының болмауы, сөзсіз, азаматтардың бұл институтқа деген сенім деңгейіне кері әсер етеді, асыра пайдаланушылық, жемқорлық және адам құқықтарын бұзушылық тәуекелін арттырады.
Осыған байланысты, ҚР Сыртқы істер министрлігінің жанындағы «Адами өлшем бойынша диалогтық алаң» консультативтік-кеңестік орган мүшелері сот моделін аралас модельден классикалық модельге өзгерту арқылы алқабилер сотының шешім қабылдау тәуелсіздігін күшейту туралы ұсыныстарға бастамашылық етті.
Жемқорлық және судьяларға қысым жасау фактілері.
Қазіргі уақытта заманауи сот жүйесін құруға және әділ сот тиімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды түрленулер байқалады. Әділ сотқа қолжетімділікті жеңілдету, татуластық әділ сот саласын кеңейту бойынша пилоттық жобаларды жүзеге асыру, ақпараттық жүйелерді құру және оларды жетілдіру азаматтардың оң реакцияларына лайық болды.
Сонымен бірге, жемқорлық, жекелеген судьялардың заңды бұзуы фактілері қоғамда жалпы барлық сот жүйесіне деген сенімсіздікті тудырады.
Осылайша, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Ақтөбе облыстық соты судьялар тобының сот төрағасы М.Әкетайдің сот этикасын жүйелі бұзуы, судьяларға заңсыз қысым жасауы фактілері бойынша үндеуі кең резонанс тудырды.26
Сот жүйесін реформалау процесінде судьялар корпусын іріктеу жүйесін және қатаң заң бұзушылықтар жіберген судьяларды лауазымынан босату тәртібін өзгертуді қарастыру, судьялардың қылмыстық тергеу органдары қызметкерлерімен процестен тыс байланысу фактілерін жою, шешім қабылдағанда судьялардың тәуелсіздік және бейтараптық қағидатын сақтау маңызды болып табылады.
Аталған мәселелер қазіргі уақытта ҚР Парламент Мәжілісінде қарастырылып жатқан «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасында көрініс табады деп ойлаймыз.
Азаматтардың соттың істі әділ қарауына құқықтарын қамтамасыз ету қазақстандық қоғам мен мемлекетті ілгерілетудің және дамытудың маңызды индикаторы болып табылады, бұл Елбасы бағдарламалық құжаттарда ұзақ мерзімді перспективада қойған міндеттерді жүзеге асыру жағдайында осы процесті стратегиялық етеді.
Қабылданған сот шешімдерінің негіздемелеріне қарсылық білдірмей, әділ сот процесіне араласу мақсатын көздемей, Қазақстан Республикасы Президентінің 19.09.2002ж. №947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы Ережелердің 25-тармағын басшылыққа ала отырып, Сізден осы үндеуде аталған ақпаратты қарастыруды сұраймын.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі Уәкл А. Шәкіров
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Қ.П. Қожамжаровқа
Құрметті Қайрат Пернешұлы!
2018 жылғы 1 наурызда мен Денсаулық сақтау министріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықтың дәрі-дәрмектермен жеткілікті және уақтылы қамсыздандырылмауына байланысты қажетті шараларды қабылдау туралы хат жолдадым.
Ағымдық жылғы 28 наурызда Денсаулық сақтау министрі «Время» газетіне берген сұхбатында бүгінгі күні мемлекет пациенттерге беруге міндетті дәрі-дәрмектердің 95% атауы сатып алынды деп мәлімдеді. Бұл ақпаратты осы мекеменің өкілдері сондай-ақ ағымдық жылғы 29 наурызда Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз-конференциясында да айтты.
Мәлім болғандай, аз тиімді және мемлекет үшін шығынды диспансеризациядан қашықтықтан диагностикалауды, сондай-ақ дәріханалар мен емханаларды дәрі-дәрмектермен үздіксіз жабдықтауды қарастыратын амбулаторлық емдеуді қолданумен негізгі созылмалы ауруларды басқаруға өту денсаулық сақтау реформасы бағыттарының бірі болып табылады.
Сонымен бірге, азаматтардың саны артып жатқан шағымдары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялымдардың үздіксіз ағыны жоғарыда аталған мәселе әлі күнге дейін шешімін таппағанын дәлелдейді.
Қалыптасқан жағдайда, ауыр сырқатты амбулаториялық пациенттерді өмір үшін маңызды дәрілік заттармен қамтамасыз ету елемейтін мәселе болып табылады.
Аталмыш дәрілік заттарды жеткізумен іркілістереліміздің басым өңірлерінде байқалады.
2018 жылғы 27 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз-конференциясында Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы күрделі әрі шиеленіскен логистика жүйесінің дәрілік заттарды уақтылы емес жеткізуі мәселесін түсіндірді.
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ratel.kz интенер-сайтында берген сұхбатында «СК-Фармация» тендер процедураларын өткізу кезінде орын алатын мәселелерді атады, бұл амбулаториялық онкологиялық сырқаттар үшін дәрілік заттарды жеткізумен қиян жағдайға алып келеді.
Омбудсмен Денсаулық сақтау министріне жолдаған хатында жергілікті атқарушы органдардың бұл процестегі жауапкершілігі мәселесін жеке қозғады, өйткені «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдарға азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жауапкершілік жүктелген.
Аталған жағдайлар мән-мәтінінде «Прокуратура туралы» ҚР Заңына (6-бабының 4-тармағы) сәйкес халықтың құқықтары мен заңды мүдделерін қайтымсыз салдардан, адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік және өзге органдар мен мекемелердің, сондай-ақ лауазымдық тұлғалардың қызметіне қадағалау тәртібінде тексеріс өткізу нысаналы болып саналады. Ауыр сырқаттардың дәрі-дәрмекті қабылдауды қысқа мерзімге тоқтатудың өзі аталған салдарға алып келуі мүмкін.
Жоғарыда аталғанды, сондай-ақ халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуге қатысты қылмыстық тергеудің жүзеге асырылып жатқанын назарға ала отырып, Сізден осы үндеуде аталған мәселелерді Бас прокуратураның бақылауына алуды сұраймын.
Қосымша: ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А.Биртановқа 01.03.2018ж. жолданған хаттың көшірмесі 2 бетте.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл А. Шәкіров
2. Ұсыныстар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі
Е.А. Биртановқа
Құрметті Елжан Амантайұлы!
Тегін және жеңілдікпен дәрілік қамсыздандырудың қолда бар жүйесін жетілдіруді қарастыратын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін құру ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында аталған басымдықтардың бірі болып табылады.
Бұл мән-мәтінде 2017 жылғы қарашада Елбасы Сізге халықты дәрілік заттармен уақтылы қамтамасыз ету бөлігінде пәндік тапсырма берді.
Сол жылдың желтоқсанында Үкімет отырысында дәрілерді жеткізіле басталуының нақты мерзімдері анықталды – 2018 жылғы 15 ақпаннан 10 наурызға дейін, орталық атқару органының бұл мәселені көз жазбай бақылауын дәлелдейді.
Сонымен бірге, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен уақтылы және жеткілікті қамтамасыз етпеу мәселесі қазіргі уақытта өте күрделі сипатқа ие болды, бұны бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар, азаматтардың әлденеше рет шағымдары растайды.
2018 жылдың басынан пациенттердің ерекше осал санаты, атап айтқанда, онкологиялық аурулармен, эпилепсиямен, қант диабетімен, гемофилиямен ауыратын тұлғалар емханалар мен дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің болмауына тап болды деген факт ерекше уайымдатады. Жекелеген өңірлерде бұл дәрілік заттар бар, бірақ онкологиялық ауруханаларда және емханаларда шектеулі саны ғана.Қалыптасқан жағдайдың бюджеттік қаражатты үнемдеумен өзара байланысы туралы азаматтардың болжамдары ерекше уайым тудырады, өйткені бұның ешқандай негіздемелері жоқ.
Ағымдық жылғы 28 ақпанда өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқасы барысында сырқаттарға жеңілдікпен дәрі-дәрмектер беру тәртібін бұзудың ықтимал фактілері туралы ақпарат айтылды, сондай-ақ жағдайды өзгерту үшін сәуірдің аяғына дейінгі мерзім анықталды.
Сонымен бірге, жоғарыда аталған пациенттердің емдеу курсы ұзақ әрі үздіксіз сипатқа ие екенін айтудың қажеттілігі жоқ, бұл кезекте, дәрілерді қабылдауды тіпті қысқа мерзімге үзу түзелмейтін салдарға алып келуі мүмкін.
Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген тексерістердің қорытындыларын күтпей, дәрілік заттардың қорын толықтыруды кідірмей қамтамасыз етуі және жоғарыда аталған пациенттер санатының емдеу процесін қалпына келтіруі маңызды болып табылады.
Жоғарыда аталғанға байланысты, «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес Үкімет алдында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жауапкершілік жүктелген бұл міндетті жергілікті атқару органдарының жүзеге асыруына бастамашылық ету қажетті болып табылады.
Қарастыруыңызды және қажетті шараларды қабылдауыңызды сұраймын.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл А. Шәкіров
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінен жауап
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етуге қатысты хатыңызды қарап, келесіні хабарлайды.
2017 жылы амбулаторлық-дәрілік қамсыздандыруға (бұдан әрі – АДҚ) жергілікті және республикалық бюджеттен 101 млрд. теңге бөлінді (РБ 56,4 млрд.теңге, ЖБ 45,4 млрд.теңге).
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап АДҚ бойынша бүкіл сатып алу орталықтандырылды (2017 жылғы 30 маусымдағы «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске енгізілген өзгертулерге сәйкес)және РБ-тен 128 млрд. теңге бөлінді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға артық.
Алайда, 2017 жылғы қазанда 2018 жылға дәрілерге қажеттілік көлемін нақтылағанда, Бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі – БД) сатып алар алдында өңірлер шамамен 180 млрд. теңге, яғни республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан 50 млрд. теңгеге артықсоманы атады. Бұндай жағдай алдыңғы жылдарда жергілікті бюджеттен АДҚ толық қаржыландырылмағанына байланысты қалыптасты.
Осыған байланысты, Министрлік ағымдық жылы АДҚ қосымша қаражат бөлу мүмкіндігіне қатысты мәселені 2018 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде Үкіметтің қарауына шығарады.
Сонымен бірге, амбулаторлық дәрілік қамсыздандыруды орталықтандыру және 2017 жылғы қарашада нормативтік-құқықтық актілерге тиісті енгізілген өзгерістер тендер процедураларының кеш өткізілуіне алып келді.
Осыған байланысты, Министрлік барлық өңірлік денсаулық сақтау басқармаларын 2018 жылғы қаңтар-ақпан кезеңіне дәрілер қорын қалыптастыру қажеттілігі туралы алдын ала (2017 жылғы қыркүйектен бастап) ақпараттандырды. Бұл үшін 5,4 млрд.теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен қаражат қосымша бөлінді.
Алайда, кейбір өңірлерде сатып алынған дәрілік заттар пациенттерге 2017 жылдың соңында-ақ берілді, соның нәтижесінде бірқатар өңірлердің медициналық ұйымдарында дәрілер қоры 2018 жылғы қаңтар-ақпан кезеңінде толық көлемде болмады.
Министрліктің ақпараты бойынша, өткен жылдың соңында-ақ өңірлерде дәрілік қамсыздандырудағы кідіріске шағымдар түсе бастады, осыған байланысты Министрлік азаматтардың арасында дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз ету фактісін анықтау бойынша жұмысты бастады.Басқа бұзушылықтардың ішінде пациенттердің тегін дәрілік заттарды алуы туралы хат алмасудың жеке жағдайлары анықталды. Анықталған бұзушылықтардың қорытындылары бойынша медициналық ұйымдардың басшыларына әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік шаралары қабылданылып жатыр.
Осылайша, дәрілер жетіспеушілігінің туындауы жеткіліксіз қаржыландыру, өңірлік емханалардың деректер қорында сенімді ақпараттың болмауы, денсаулық сақтау басқармалары органдарының тарапынан бақылаудың болмауы және сәйкесінше АДҚ қажеттілігін бұрыс жоспарлау себебінен болады.
Бүгінгі күні тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор191,7млрд. астам теңге сомасына немесеберілген қажеттіліктен 90% 2018 жылға амбулаторлық және стационарлық қамтамасыз ету үшін дәрілерді сатып алды, соның ішінде 75% астам дәрілік заттар өңірлерге жеткізілді. Сатып алынған көлемнің негізгі бөлігі ағымдық жылғы ақпанда-ақ жеткізілді.
Дәрі-дәрмектермен сапалы әрі уақтылы қамсыздандыру мақсатымен 2019 жылға арналған БД Тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс басталды, бұл дәрілерді және медициналық нысаналы бұйымдарды 2018 жылғы қыркүйектің соңына дейін сатып алуға мүмкіндік береді. Қарашада дәрілер БД қоймаларына жөнелтіліп, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап халыққа ары қарай беру үшін жеткізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігі онлайн-режимде дәрілік қамсыздандыру бойынша жағдайды бақылайды (дәрілік қамсыздандыру ақпараттық жүйелері – ДҚАЖ, БФАЖ, әлеуметтік желілер, электрондық пошта, Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурстары, жедел желі телефондары).
Сондай-ақ 2018 жылдың соңына дейін емханалардың медициналық ақпараттық жүйелерін қолда бар дәрілік қамсыздандыру ақпараттық жүйелерімен, пациенттерді тіркеушілермен және СК-Фармация Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйесімен интеграциялауды аяқтау жоспарланып жатыр, бұл диспансерлік сырқаттарға толыққанды есеп жүргізуге, электрондық форматта шипашағын жазумен 100% қамтуға және онлайн режимде қалдық дәрілерге есеп жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Кодекстің 9-бабына сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана жергілікті уәкілетті органдары дәрілік заттарды, мамандандырылған дәрілік өнімдерді, медициналық нысаналы бұйымдарды тегін амбулаторлық емдеу кезінде және жеңілдікпен азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша беру туралы шешім қабылдай алатынын атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес бюджеттік қаражатты және (немесе) қордың активтері оңтайлы әрі тиімді жұмсау мақсатында облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана жергілікті мемлекеттік денсаулық сақтау басқарма органдары, мекемелік құрылымдық бөлімшелері (ұйымдар) медициналық ұйымдар берген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық нысаналы бұйымдар көлеміне мониторинг жасайды.
Осыған байланысты, Министрлік облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана барлық әкімдеріне Денсаулық сақтау басқармасының әрбір басшына нақты әрі өзекті қажеттілікті ұсынуына дербес жауапкершілікті жүктеу туралы жеке хаттар жолданды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
Е.К.Сағадиевке
Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы!
2018 жылдың 5 қазанында Елдің Президенті өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында баланың тұлға ретінде қалыптасуында мектепке дейінгі кезеңнің маңыздылығын атап өтіп, олардың дамуына, балаларға арналған мекемелерде олардың қауіпсіздігі мен мазмұнды тәрбиелеуін қамтамасыз етуге ерекше назарын аударды.
Мемлекет басшысы дәл бір жыл бұрын Парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде, мектепке дейінгі үйлер желісін, соның ішінде ұйымдардың көп пәтерлі үйлерде орынжайлардың құрылысы мен орынжайларды бөлу арқылы кеңейтуге шақырды.
Ресми мәліметке сәйкес, аталмыш салада шағын және орта бизнесті дамыту үшін қалыптасқан тиімді жағдайлар жеке балабақшалар санын көбейтуге және мектепке дейінгі жастағы балаларды 2,5 есе көбірек орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні 3-6 жастағы балалардың 95 % мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқумен қамтылған.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген, бірінші кезекте, жеке балабақшалардың қызмет етуін талдау Мемлекет басшысының балабақшаларға қойылатын талаптарға жеткілікті деңгейде сәйкес келмеуіне қатысты алаңдатушығын растайды.
Ең алдымен балаларға арналған алаңшалар мен серуендеуге арналған орындардың жоқтығы, немесе олардың қауіпсіздік ережелерін ескерілмей орнатылуы жиі кездесетіні өзіне назар аударады.
Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мәселесі де өте маңызды. Мәселен, Ақмола облысының Шортанды аулында балабақшаның тәрбиешісінде ашық нысандағы туберкулез белгілері ашылды.
Мектепке дейінгі мекемелер персоналының олардың тәрбиеленушілеріне қатысты қатігез қарым-қатынасына қатысты жиілеп кеткен оқиғалары ерекше алаңдатушылықты тудыруда, ол жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік желілерде видеомен расталған басылымдар, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілді атына келіп түсетін азаматтардың шағымдары куәландырады.
Кең ауқымды резонансты Теміртау қаласындағы балабақшада болған оқиғасы бар бейнежазба тудырды. Бейнежазбада аталмыш мекеменің қызметкері күш көрсету арқылы баланы ұйқыға жатқызуға тырысқан еді. Аталмыш материал отандық БАҚ-та ғана емес, Ресей Федерациясының орталық телевидениесінің эфирінде де жария болды.
Өкінішке орай, осындай қайғылы оқиға қалыптасқан тенденцияның жаппай таралуын көрсетіп отыр, бұл жайлы бірқатар басқа да фактілер куәландырады.
Мәселен, 2018 жылдың тамызында Павлодар облысының Ақсу қаласындағы балабақшаның бейнетаспасы 23 жастағы тәрбиешінің баланы ұрып соғуы фактісін түсіріп алды. Ол өзі баланы шапалақпен, аяқпен ұрып қана қоймай, сондай ақ өзінің ұлы мен басқа тәрбиеленушілердің зардап шеккен балаға қатысты осындай әрекеттерін де мадақтаған еді.
Сондай ақ таяуда Астана қаласындағы «Асыл» № 78 балабақшасында қадағалау камерасы түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды. Мұнда тәрбиеші аяқтарын айқастырып, арқаларын түзулеп, балаларды бірқалыпты отырғызып, олардан тыныштық сақтауды талап еткен еді. Тыңдамаған жағдайда ол балалардың басынан, арқасынан сызғышпен ұру арқылы жазалаған еді.
Басқа бейнежазба Алматы қаласындағы «Симба» балабақшасының тәрбиешілері кішкентай тәрбиеленушілерін тамақ жеуге зорлықпен мәжбүрлеп жатқаны туралы еді.
Балаларға күш көрсетіп, оларды қорлау фактілері сондай-ақ орта мектептерде де байқалады.
Қоғамның наразылығын Алматы қаласында нашар қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернаттағы мұғалімнің оқушыларға қатысты қол жұмсау туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде таралып кеткен бейнежазба тудырды.
Басқа оқиға Ақтөбе қаласында орын алды: гимназияның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы профилактикалық әңгімелесу кезінде жоғары класс оқушысына күш көрсетті.
Жоғарыда көрсетілген оқиғалар балаларға қатысты зорлық-зомбылық проблемасының таралып кетуін ғана емес, осы заңсыз әрекеттерді жасайтындардың жазасыздығын көрсетеді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп балалық проблемалар мәселелері жөнінде бірқатар кешенді зерттеулер өткізген еді.
Аталмыш жоба нәтижелері 66,3 % бала балаларға арналған мекемелерді зорлық-зомбылыққа тап болатынын, зорлық-зомбылықтың куәсі, құрбаны немесе себепкері болатынын айқындады, бұл ретте 23 % сауалнамаға қатысқан балаға күш жұмсалған, 27 % - мұғалімдер тарапынан зардап шеккен еді.
Зерттеулердің нәтижелері мен қорытындылары ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданған еді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жыл сайынғы есептерінде балалардың құқықтарын сақтау мәселесін талдауға жеке тарау арналған. Алайда уәкілетті орган көрсетілген ұсынымдар мен үндеулерге тиісті назар аударылмай келуде.
Жалпы білім беру мекемелеріндегі балаларға қатысты өрескел қарым-қатынас фактілерінің кең ауқымды географиялық және мезгілдік мазмұны жүйелі проблемалардың бар болуын және оларды шешу бойынша тиімді шаралардың жоқтығын айқындайды.
Аталмыш мәнмәтінде заңнама заралып отырған әрекеттер үшін жауапкершілікті көздемейді. Бұл белгілі дәрежеде қалыптасқан жағдайды түсіндіріп отыр. Балабақшалардың әкімшілігі көп жағдайда еш жауапкершілікке тартылмай, өз қызметін бұрынғы режимде жалғастыра береді.
Жоғарыда көрсетілген оқиғалардың орын алуының бірден бір себебі уәкілетті органның тарапынан балаларға арналған мекемелерге қатысты тиісті бақылау жүргізбеуі деп білінеді, себебі барлық жағымсыз фактілер олармен емес, азаматтардың шағымдары арқасында белгілі болды.
Президенттің Жолдауында балабақшалар қызметкерлеріне біліктілік талаптарын қайта қарау туралы айтылған тапсырмасы өте маңызды және уақытылы.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет ету кезінде лицензиялауды алып тастаудың жөнділігін терең мәнін түсініп, талдауды қажет етеді.
Көрсетілген лицензиялауды жойған нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бизнестің аталмыш түрін ынталандырғаны сөзсіз. Алайда қалыптасып жатқан тенденцияға байланысты қоғам үшін зардаптар әрине одан жоғары.
Тәрбиелеу мен білім беру мекемелерінде балаларға қатысты күш көрсету мен психологиялық зорлық зомбылық фактілерін алдын алу мақсатында жұмысқа қабылдау кезінде кадрларды мұқият іріктеу, сондай ақ ықтимал үміткерлерде кәсіби білімінің болуы мен олардың психологиялық орнықтылығына тест өтуін тексеру қажет деп санаймыз. Бұл мекемелер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жасауда үкіметтің емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның өкілдерін тарту жөнді деп санаймыз.
Баяндалғанды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 19.09.2002 жылғы № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 19-тармағын басшылыққа ала отырып, Сізден аталмыш хатта көтеріліп отырған мәселелерді қарап, оларды шешуге ықпалдасуды сұраймын.
Құрметпен,
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен жауап
2018 жылғы 1 қазандағы Ұлттық білім деректер қорының алдын-ала мәліметтері бойынша бүгінгі күні республикада 10314 мектепке дейінгі ұйым (880,8 мың бала) жұмыс істейді. Олардың 6567-сі мемлекеттік, 3749-ы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар.
Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейінгі білім берудің сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес 2020 жылға қарай 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтылуы тиіс. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту, балаларды мектепте оқуға сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту болып табылады.
Қазіргі уақытта Министрлік білім сапасын жақсарту бағытында бірқатар іс-шараларды іске асыруда:
- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, жетілдіру жұмыстары жүргізілуде;
Мектепке дейінгі білім беру қызметін ұсынудың үлгілік шарты әзірленуде.
«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына»(ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы)(бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) педагогтердің білімдеріне қойылатын талаптар, ата-аналармен өзара қарым-қатынастарды реттеу бөлігінде,«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына»(ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың құжаттары бөлігінде педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың көшірмелерін тапсыруы жөнінде өзгерістер енгізілді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі, оларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кадрлармен қамтамасыз ету «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сай жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) құзыретіне жатады.
Үлгілік қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеті балалардың өмірін қорғау және денсаулықтарын нығайту болып табылады. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымның барлық қызметі, яғни тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру, жабдықтау, басшының, қызметкерлердің әрекеттері балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталады. Аталған негізгі міндетті іс жүзіне асыру мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспарында белгіленеді (әдістемелік жұмыс, педагогикалық, әдістемелік кеңестер, ашық сабақтар, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау және орындау, жауапты тұлғалар, т.б.).
Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық қызметпен айналысуға білімі және біліктілігінің тиісті деңгейі мемлекеттік үлгідегі құжаттармен расталған, тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлері жыл сайын медициналық тексеруден өтеді. Ал медициналық қарсы көрсетілімі бар, психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде мектепке дейінгі ұйымға жіберілмейді. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің құқықтары мен бостандықтарын,мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын бұзғаны, тәрбиеленушілердің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығынбұзғаныүшін мектепке дейінгі ұйымның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын»(ҚР Денсаулық сақтау министрінің2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы),«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын»(ҚР Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы)да басшылыққа алады.
Министрлік мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың өміріне қауіп тудыратын, денсаулығына нұқсан келтіретін жағдайларды болдырмас үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бірқатар жұмыстарды атқаруда:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жобалары міндетті түрде ЖАО-мен келісіледі және бекітілгеннен кейін басшылыққа алу үшін өңірлерге хабарланады;
- мектепке дейінгі білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру курстары, сонымен бірге республикалық деңгейдегі іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер)өткізіледі;
- қазіргі уақытта 3589 (57,9%) мектепке дейінгі ұйымда 40452 бейнебақылау камералары (топ бөлмелерінде, ұйықтау бөлмелерінде, дәліздерде) орнатылған, сондай-ақ 15424 мектепке дейінгі ұйымда сырттай бақылау жүргізіледі;
- мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы, медициналық кабинетке лицензиясының болуы немесе емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шарты, тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттары болған жағдайда, яғни балалардың мектепте дейінгі ұйымда болуы үшін барлық тиісті жағдайлар жасалғанда ғана ашылады;
- аймақтық Білім саласын бақылау департаменті жоспарлы және азаматтардан мектепке дейінгі ұйымның қызметіне қатысты шағым түскен жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізіп, айғақты дәлелдер болған жағдайда тиісті шаралар қолданады;
- қазіргі уақытта Министрлік педагогтерге қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарастыруда және педагогтерді аттестаттау қағидаларына өзгерістер енгізу, педагогтердің біліктілігін арттыру үшін курстардың білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуде, педагогтердің жалақысын жоғарылату мәселесін қарастыруда.
Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы педагогтердің біліктілігін, кәсіби құзыреттіліктерінжоғарылатуға, мектепке дейінгі ұйымда баланың өмірі мен денсаулығына жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.
Астана қаласының әкімі
Б.Т. Сұлтановқа
Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы!
Мемлекет басшысы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында әртүрлі елді мекендер үшін - ауылдарға республикалық маңызы бар қалаларға дейін, соның ішінде көлік және цифрлық инфрақұрылымды ұсынуды қоса алғанда, әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік қызметтердің тізімінің нақты көрсеткіштері мен қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде Smart Сity тұжырымдамасы белсенді енгізілуде, ол көлік қызметін қоса алғанда, барлық қалалық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруды көздейді.
Осы бағдарламаға сәйкес Астанада қоғамдық көлікте жол жүру үшін төлемнің электрондық жүйесі енгізілді, оның имплементаторы қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы жанынан құрылған «Астана LRT» компаниясы болып табылады. Іске асырылып жатқан жобаның басты мақсаты - жолаушылар тасымалының жайлылығын арттыру.
Ағымдағы жылдың 21 шілдесінен бастап Астана қаласында қалалық әкімдігінің 2018 жылғы 28-маусымдағы қаулысына сәйкес қалалық автокөлік тасымалына сараланған тариф қолданысқа енді, оған сәйкес қолма – қол ақшасыз есеп айырысу кезінде жол жүру сомасы 90 теңгені, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде-180 теңгені құрайды. Осылайша, көлік картасы жоқ жолаушы екі есе көп төлейді.
Жол жүруге сараланған тарифті енгізу елорда тұрғындарын электрондық төлем жүйесін пайдалануды ынталандыратын болады, бұл бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтады, қаражаттың көлеңкелі айналымын азайтуға, сапалы көлік қызметтері мен жолаушылар тасымалдарын арттыруға ықпал етеді деп болжалды. Қала әкімдігінің мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта 93% - дан астам жолаушы жол жүру ақысын төлеу үшін көлік карталарын пайдаланады.
Сонымен қатар, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа (АҚҰО) келіп түскен азаматтардың өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі мәліметтер азаматтардың еркін жүріп-тұру және қоғамдық көлік қызметтерін пайдалану құқығын толық көлемде іске асыруында тежеуші факторлардың бар екендігін куәландырады.
Азаматтардың көрсетілген шағымдарын талдау, сондай-ақ нақты автобус маршруттарына АҚҰО қызметкерлерінің мониторинг жүргізуі төмендегілерді анықтады.
Көбіне қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде валидаторлардың көлік карталарынан қосарланған тарифті есептен шығаруы, сондай-ақ «қарбалас сағаттарда» «кептелістер» салдарынан олардың тегін ауыспалы тасымалға үлгермейтіндігі жолаушылардың наразылығын тударады (қолданыстағы ережелерге сәйкес, көлік картасын пайдаланушы бірінші сапардан кейін 60 минут ішінде тегін ауысып отыруға құқылы).
Көлік карталарын толықтыру мәселесі ерекше назар аударуға тұрарлық. Қазіргі уақытта қалада көлік карталарын сату және толықтырудың 30 терминалы мен 7 мамандандырылған кассалары жұмыс істейді, алайда олардың белгілі бір аудандарда басым орналасуы және сонымен қатар қаланың басқа аудандары мен қала маңайында болмауы белгілі бір мәселелер туындатады. Мәселен аталған 30 терминалдан Астананың сол жағалауында барлығы 7 терминал орналасқан, оның 5-і «Министрліктер Үйі» аялдама аймағында шоғырланған. Бұл ретте Сауран, Ақмешіт, EXPO, Ш. Айтматов және басқа да көшелер аудандарында мұндай терминалдар мүлдем жоқ.
Сонымен қатар, көлік карталарын толтыру кезінде терминалдардың істен шығуына байланысты жағдайлар орын алды, сондай-ақ терминал арқылы төлем жүргізу кезінде аталған карталарға ақша қаражаты нақты түспегені анықталды.
Азаматтардың бірқатар шағымдары Qiwi немесе Kaspi төлем сервистері арқылы көлік карталарын толтырудың баламалы тәсілдерін пайдалану кезінде төлем терминалдардағыдай сияқты дер кезінде түспей, 24 сағат ішінде түсуімен байланысты. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйегінде SMS және QR-кодтар арқылы жол жүруді төлеу тәсілдері енгізілген болатын, алайда азаматтар бұл төлем жүйесіндегі кемшіліктердің болуына байланысты оларды толық көлемде пайдалана алмайды.
Жоғарыда келтірілген мән-жайлар азаматтардың әділ сын-қатерлерін тудырады және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласында оң жаңалыққа объективті баға беруге ықпал етпейді.
Мониторинг жүргізу кезінде сондай-ақ, автобустарда жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде ережелердің бұзылатыны анықталды. Осылайша, жүргізушілер жолаушыларды бірден көліктен түсірмейді, басқа жолаушыларды алдыңғы есік арқылы отырғызу аяқталғаннан кейін және олардың көлік карталарының валидациясын жүргізгеннен кейін ғана түсіруді жүзеге асырады, бұл адамдардың шығу алдында топырлап жиналуына және олардың әдетте басқа автобустарға қайта отыруына үлгермеуіне байланысты наразылығын тудырады. Бұл ретте, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау ережесінде бұл жаңалық көзделмеген.
АҚҰО қызметкерлерінің автобус жүргізушілерімен әңгімелесу барысында олардан жол жүру үшін қолма-қол ақша қаражатын қабылдау жөніндегі күн сайынғы жасырын жоспардың талаптары туралы мәлім болды. Сонымен қатар, бірқатар жағдайларда жол жүру ақысын қолма-қол төлейтін жолаушыларға билеттер берілмеген. Бұл жағдайлар қоғамдық көліктегі қаражаттың көлеңкелі айналымының болжамды азайтылуына және айқындылығына қол жеткізуге ықпал етпейді.
Сондай-ақ, азаматтардың хабарламалары бойынша жекелеген бағыттарда автобустарды күту уақытының аралығы ұлғайған көлік құралдарының қысқаруы байқалады. Атап айтқанда, 46, 50, 56, 120 бағыттарда. Осыған байланысты жолаушылардың қайта ауысып отыруына жоғарыда аталған 60 минуттық лимит мағынасынан айрылады.
Автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына, қозғалыс жылдамдығын арттыруға, қауіпті маневрлер жасауға, қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлесуіне байланысты және т. б. жиі болған жазатайым жол-көлік оқиғалар елеулі алаңдаушылық тудырады. Айта кету керек көптеген жағдайларда өміріне қауіп төнетін қарт адамдар, балалары бар әйелдер, оқушылар, студенттер, мүгедектігі бар адамдар қоғамдық көлік қызметін пайдаланады.
Сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету кезінде жүргізушілердің этика нормаларын жиі бұзуы азаматтардың наразылығын тудырады.
Сондай-ақ, көптеген автобустарда маршруттық схемалары мен қозғалыс кестелері жоқтығы анықталды, аялдамалар үнемі хабарланып отырылмайды, бұл ең алдымен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын шектейді. Бұл ретте аталмыш Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау ережелерінде көрсетілген қызметтерді Міндетті түрде ұсыну көзделген.
Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы!
Жүргізілген мониторингтің қорытындысы қоғамдық көлік саласындағы жаңашылдықтар имплементаторларының және жалпы қоғамдық көлік саласындағы жұмысты ұйымдастыру қызметіне әкімдіктің бақылауды күшейту қажеттілігін тудырады.
Қазіргі уақытта Астана тек қана әкімшілік ғана емес, сондай-ақ көптеген шетелдік қонақтардың күнделікті келіп отырған Қазақстанның мәдени және іскерлік орталығы болып табылады.
Соңғы жылдары елордада Мемлекет басшысының тікелей бақылауымен қалалық инфрақұрылымды жақсарту және қызмет көрсету бойынша барлық үздік әлемдік тәжірибе енгізілді. Сондықтан да қоғамдық көлік саласындағы «Smart City» пилоттық жобасы еліміздің басқа өңірлерінде одан әрі тарату мақсатында елордада сынақтан өткізіледі. Бұл тұрғыда осы қызметтердің тиісінше жұмыс істеуі және оны ұсыну мәселелері ерекше маңызға ие болуда.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден қажетті шараларды қабылдау мақсатында үндеуде қозғалған мәселелерді қарастыруды тапсыруыңызды сұраймын.
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
Астана қаласының әкімшілігінен жауап
Сіздің Астана қаласында азаматтардың еркін жүріп-тұру және қоғамдық көлік қызметтерін пайдалану құқығын толық көлемде іске асыруында тежеуші факторлардың болуы туралы үндеуіңізді қарап, Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабы 2-1 бабына сәйкес атқарылады: «2-1. Тариф республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен маршруттың түріне, жол жүру билетінің түріне, төлем тәсіліне, сондай-ақ тасымалдау қашықтығына немесе жүріп өткен аялдама пункттерінің санына қарай сараланады.».
Сонымен қатар, жолаушылардың жол ақысын мобилді телефон көмегімен автобус ішінде SMS және QR-код арқылыминималды тарифпен (90 теңге, 180 теңге) бір мезетте төлеу мүмкіндігі бар. Іс жүзінде, барлық дерлік автобустарда кодтармен және инструкциялармен толтырылған жапсырмалар ілінген. Жапсырмаларды жалпылама орналастыру кезінде жөндеуде болуына байланысты ілінбей қалған автобустар бойынша автопарктермен бірге тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта енгізілген кезден бастап SMS және QR-код арқылы төлеу жүйесімен 80 мыңнан астам төлем өтелген.
Әрбір маршруттың өзінің паспорты бар, онда іс жүзіндегі қозғалыс тәжірибесіне жүгінілген қозғалыс кестесі жасалып, бекітілген. Маршруттың «қарбалас сағаттардағы» және аралық кездердегі айналым уақыттарының айырмашылығы болмашы ғана. Маршрутты автобустар негізгі магистралды көшелерде қоғамдық көлік қозғалысына арналған «Bus Lane» жолақтарымен тез жүріп, кептелістерде жоғалтқан уақыттарын қайтарады.
Қаржы мәселелерінің шешілуіне қатысты, терминалдар мен мамандандырылған кассалар жүйесі кеңейтілетін болады. Бұған қоса, көлік карталарын толтырудың KASPI.KZ қосымшасы, SMS, QIWI төлем терминалы немесе www.transcard.kz. сайты арқылы баламалы жолдары кеңейтілуде.
Көлік карталарын толтыру кезінде терминалдардың істен шығуына байланысты жағдайлар орын алады, сондай-ақ терминал арқылы төлем жүргізу кезінде аталған карталарға ақша қаражаты нақты түспегені анықталды.
Қашықтан толтыру кезінде ақшаның түсуіне қатысты, жүйе офлайн режимінде атқарылады, ақшалай қаражат автоматты түрде 24 сағат ішінде белсендірілетінін хабарлаймыз. Қызмет төленген кезге дейін экранда төлемнің тіркелу жағдайы туралы тиісті ақпарат көрсетіледі. Осыған байланысты, автоматты түрде белсендірілгенге дейін жол ақысын төлеу қажеттілігі туындаған жағдайда төлемді автобус ішіндегі жолақысын электронды төлеу жүйесі (ЖЭТЖ) құрылғысы арқылы ықтиярсыз белсендіру қажет, ол үшін электронды көлік картасын құрылғының жұмыс бетіне тигізіп, 5 секунд ұстап тұру қажет. Автоматты түрде белсендіруді 2 сағат уақытқа дейін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұған қоса, қазіргі уақытта көліктік картаны NFC функциясы арқылы бір мезетте толтыру қызметін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңа жұйені іске қосу ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 1061 қаулысымен бекітілген Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесінің 83 пункті 2) тармақшасына сәйкес: «83. Жолаушыларды автокөлік құралына отырғызу және түсіру мынадай ретпен жүргізіледі: 2) екі және одан да көп есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру - алдыңғы есіктен басқа барлық есік арқылы, ал отырғызу алдыңғы есік арқылы жүргізіледі.».
Бұл ретті атқарудың уақыты жөнінде ештеңе айтылмаған. Бұл рет жолақысын төлеудің электронды жүйесін ескеріп, кіретін және түсетін жолаушылар ағынын реттеу мақсатында қабылданған. ЖЭТЖ енгізілгенге дейін керісінше атқарылып келген.
Түсуге арналған орта және артқы есіктерді ашпай ұстап тұру жүргізушімен айнадан қарап, сырттан мінетін жолаушылар көрсетілген есіктерге жақындағанда, жұртшылық үйренгенге дейін уақытша шара ретінде атқарылады. Әрбір аялдамада көпшілік бұзушылармен қарым-қатынасты анықтау бұдан да көп уақыт алар еді. Уақытша тәжірибені тездету жөнінде шаралар қолданылатын болады.
ЖЭТЖ енгізудің басты мақсаты салада әртүрлі деңгейдегі қолма-қол ақша төлеуден және көлеңкелі экономикадан арылу, қаржы ағынының ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Бақылау күшейтілетін болады.
Маршруттың паспортық көрсеткіштерінде өзгертулер оптималды түрде, көптеген көрсеткіштерді зерделеу негізінде жүргізіледі: жолаушылар ағыны, қолданыстағы маршруттың қозғалыс нұсқасының өзгертілген немесе жақыннан баламалы маршрут ашылған, көше-жол жүйесінің өткізу мүмкіндігінің өзгеруі (Bus Lane арнайы жолағының енгізілуі) жағдайларында іске асырылады.
Соңғы жылдары Астана қаласында қалалық қоғамдық көлік қызметін жақсарту бойынша белсенді жұмыстар: жылжымалы құрамды жаңарту, қоғамдық көлік қозғалысы үшін арнайы бөлінген жолақ енгізу, жаңа технология – ЖЭТЖ енгізу, бюджет есебінен тасымалдаушылардың шығындарын төлеу, Көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығында жүргізушілердің біліктілігін арттыру, басқару және ақы төлеу жүйелерін жетілдіру және т.б. атқарылуда. Атқарылып жатырған шаралар жолаушылар құрамының жұмыс жағдайын жақсарту және оның тартымдылығын арттыруға бағытталған. Өз ретінде ол көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға сеп болады.
Астана қаласының қоғамдық көлігіндеақпараттық материалдарды беру біртіндеп электронды форматқа ауысуда. Жаңа автобустарда маршруттың қозғалыс нұсқасы TFT мониторында беріледі, қаланың сол жаңалау бөлігіндегі аялдамаларда жолаушыларға маршрутты автобустың келуі туралы ақпарат беру үшін 108 электронды табло орнатылған. Электронды тасымалдағыштардың орнатылғанына дейін ақпарат қағаз форматында беріледі, алайда, қазіргі уақытта ақпараттық мәлімет өзгерген жағдайда оларды дер кезінде немесе бүлінген кездерінде жаңартудың, жаңадан іске қосылған жерлерде материалдарды уақытында орнатудың кешеуілдеуі орын алатынын мойындаймыз. Ескертулер алдағы жұмысты ұйымдастыру үшін басшылыққа алынды.
Қоғамдық көліктің жұмысы Әкімдіктің тұрақты бақылауында.
3. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс бойыша статистикалық деректер
Жазбаша және ауызша өтініштердің саны
Атауы
|
Өтініштердің саны
|
Жазбаша өтініштер
|
1347
|
Ауызша өтініштер
|
121
|
БАРЛЫҒЫ
|
1468
|
Атауы
|
Өтініштердің саны
|
Өндіріске алынды
|
1226
|
Өндіріске алынбады
|
121
|
Өндірісте тұр
|
183
|
Өтініштер субъектілері туралы ақпарат
Өтініштердің түрлері
|
Барлығы
|
Жеке
|
1036
|
соның ішінде әйелдер
|
480
|
соның ішінде ер адамдар
|
556
|
Ұжымдық
|
47
|
олардың астында қол қойды
|
511
|
Келесі тұлғалар жолдаған өтініштер:
|
|
Қазақстан Республикасы Парламентінің Депутаттары
|
4
|
ҮЕҰ
|
100
|
басқа ұйымдар
|
39
|
Ауызша қабылдау
|
121
|
Уәкілге жүгінген азаматтардың жалпы саны
|
1811
|
Достарыңызбен бөлісу: |