Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2018 жылғы



жүктеу 5,23 Mb.
бет6/24
Дата03.02.2020
өлшемі5,23 Mb.
#28083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Есептік жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл және оның мекемесінің қызметкерлері 163 ұлттық және 71 халықаралық іс-шараға қатысты.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл құзыреттерінің шеңберінде адам құқықтары мен азаптаулардың алдын алу саласындағыұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен ҰПТқатысушыларының превентивтік келулерді өткізу жөнінде кәсіби дағдыларын арттыру бойынша Астана қаласында 2 оқу іс-шарасы, сондай-ақ ҰПТФорумы шеңберінде олардың қызметінің негізгі мәселелік сұрақтары бойынша ҰПТқатысушыларына арналған 9 мастер-класс ұйымдастырылды және өткізілді.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл есебінің презентациясы халықаралық құқық қорғау ұйымдарының қолдауымен, азаматтық қоғам, ғылыми орта, мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Есептік жылы ұлттық құқық қорғау мекемесі адам құқықтары саласында бірқатар халықаралық іс-шараларды өткізуге бастамашылық етті. Осылайша, 2018 жылы Астанада «Азаптаулардың алдын алу, қазақстандық және халықаралық тәжірибе» Ұлттық превентивтік тетіктің екінші Форумы өткізілді. Кездесу шеңберінде мемлекеттік басқару органдары, үкіметік емес ұйымдар өкілдеріне, Еуропа мен Орталық Азияның халықаралық сарапшыларына және ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өкілдеріне бас бостандығынан айыратын және бостандығын шектейтін орындар мониторингі саласында азаптаулардың алдын алу институты жұмысының қазақстандық тәжірибесі ұсынылды, ҰПТқызметін ары қарай жетілдіружолдары, соның ішінде оны заңды реттеу мәселелері талқыланды.

Есептік жылғы қыркүйекте Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Қазақстанда Ұлттық превентивтік тетіктің қызметін халықаралық қоғамға ұсыну мақсатында БҰҰ сессиясы шеңберінде сайд-ивент өткізілді.

Адам құқықтарын қорғау саласындағы мәселелерді шешудің субөңірлік тәсілін ілгерілету мақсатында есептік жылғы ақпанда Женева қаласында ҰҚҚМЖА іс-шаралары шеңберіндеқазақстандық тарап бастамашылық еткен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан омбудсмендерінің өзара әрекеттесу платформасы бекітілді (CASI –NHRI). БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, БҰҰ Даму бағдарламасы, Еуропалық одақ бұл форматта серіктестер болды.


Орталық Азия және Ресей омбудсмендерінің ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл және адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері ҚР-ЕО ынтымақтастығы, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, БҰҰ Даму бағдарламасы және т.б. шеңберінде Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің жаһандық альянсы, Азия-Тынық мұхиты форумы, Еуропа Кеңесі, ОБСЕ, ЮНИСЕФ өткізген конференцияларға, тренингтерге қатысты.

БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен есептік жылы Қазақстан «Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азиядағы көші-қон процестерінде балаларды қорғау» атты еларалық бағдарламаға қосылды, оның мақсаты көші-қон процестеріне ұшыраған балаларға жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Бұл жоба заңнамалық базаны жетілдіруге, аталған өңір елдерінің бұл бағытта өзара әрекеттесуін нығайтуға бағытталған.

Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мекемесі ASEM (Азия-Еуропалық мәжіліс) конференциясы форматында Сеул қаласында Қартаю мәселелері жөніндегі жаһандық орталықты құрудың бірлескен бастамашысы болып табылады және есептік жылы оның жұмысына қатысты. Қазіргі уақытта БҰҰ аясында Қарт адамдардың құқықтары туралы халықаралық конвенцияны әзірлеу бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып жатыр.

Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Омбудсмен мекемесінің жұмысын максималды ашық жариялау есептік кезеңнің ерекшелігі болды. 2018 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 66 жариялым, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің 2017 жылғы қызметі туралы есеп, ҰПТ 2017 жылғы шоғырландырылмалы баяндамасы, тоқсандық бюллетеньдер жарияланды, сондай-ақ олардың бәрі www.ombudsman.kz ресми сайтында да жарияланды, оған бір тәулікте шамамен 500 пайдаланушы кіреді.

Ұлттық құқық қорғау мекемесінің бюджеті 2018 жылы 82 миллион 620 мың теңгені құрады, соның ішінде «Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша – 82 миллион 620 мың теңге. Бюджеттік қаражат толық игерілді.


жүктеу 5,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау