Үлгерімі төмен студенттермен жұмыс жүргізудің түрлері
Рамазанова Күнсұлу Қабиденқызы
биология магистрі
Қазіргі оқу жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі үлгерімі төмен студенттермен
жұмыс жүргізу болып табылады деп білемін. Әсіресе, үлгерімі төмен студенттердің
себептерін анықтап, оған әсер ететін факторларды табу, сол арқылы олардың білім сапасын
арттырып, мамандыққа деген қызығушылығын ояту кез-келген педагогтің міндеті.
Осы орайда үлгерімі төмен студенттермен тығыз байланыс орнатып жұмыс жүргізу
арқылы академиялық қарызы бар студенттердің санын азайтуды негізгі мақсат етіп отырмын.
Үлгерімі төмен студенттермен тығыз байланыс жүргізу үшін үлгерімі төмен студенттерге
жеке кеңес беріп, үлгермеушілік себептерін анықтау; пән жүргізуші оқытушылармен
кездесіп, мәселелерді талқылау; үлгерімі төмен студенттердің ата-аналарымен хабарласу
сияқты жұмыстарды тұрақты жүргізіп отыру керек.
Мен осы тақырыпты зерттегенде эдвайзер тек қана оқытушы емес, сонымен қатар,
педагогика және психология салаларынын да хабары болуы керек екенін түсіндім. Себебі,
осы тақырыптағы барлық мәселелерді зерттейтін мәліметтер педагогика мен психология
салаларынан табылды. Ең алдымен үлгермеушілікті зерттегенде мен осы саладағы
ғалымдардың еңбектерімен, олардың «Үлгермеушілік» ұғымына берген түсініктерімен және
көзқарастарымен, оны тудыратын себептерімен таныстым.
Бүгінгі күнде үлгерімі төмен студенттер мәселелері педагог және психолог
ғалымдардың толық зерттелмеген саласы болып табылады. Сондықтан бұл ашық тұрған
мәселе өз алдына зерттеуді қажет етеді.
ЖОО-да оқып жүрген студент үшін негізгі мақсат кәсіби білімді жетік меңгеру болып
табылады.ЖОО-дағы студенттердің үлгеремінің төмен болуына әртүрлі жағдайлар әсер
етеді. Оларды келесі топтарға жіктеуге болады: әлеуметтік, педагогикалық және
ұйымдастырушылық әкімшілік. Соңғы кезде валеологиялық жағдаларды да осыған
жатқызып жүр.
Жалпы білім алу, яғни мектепті бітіру әрбір азамат үшін міндетті болып табылады.
Ал, жоғары кәсіби білім алу әр азаматтың өз еркі және ол міндетті болып саналмайды.
Осыдан кейін ЖОО-ның алдында студенттердің үлгермеушіліктерін жеңіп, үргерімі төмен
студенттердің азаюына негізделген білім сапасын көтеру жұмысының тиімді түрін құру
мәселесі тұрады.
«Үлгермеушілік» ұғымының бірнеше түсініктері бар.
Бабанский Ю.К. «Үлгермеушілік» - білім үрдісінің қандай да бір бөлігінде, мысалы,
семестрден кейін немесе, курстан кейін білім алушының дайындығының білім мазмұнының
талабына сай болмауы,- деп түсіндіреді. «Үлгермеушілік» ұғымы туралы тағы бір көзқарас,
ол білім алушының танымдық мүмкіндіктерінің міндетті талаптардан асып түсуі.
«Үлгермеушілік» ұғымы «артта қалу (отставание)» деген ұғыммен тығыз байланысты.
«артта қалу» - оқу үрдісінің белгілі бір бөлігін ғана игермеу болып саналады. Сонымен қатар,
«артта қалу» бірнеше орындалмай қалған талаптардың жинағы болып табылады.
Студенттердің кәсіби білім алу үрдісіндегі үлгермеушіліктері көптеген зерттеушілерді
қызықтырады [1, с.277 ].
Мысалы, М.А. Данилов «Үлгермеушілік» ұғымын оқу үрдісіндегі қозғаушы күш
болып табылатын қарама-қайшылықпен байланыстырады. Оның көзқарасы бойынша,
студенттердің мүмкіндіктерімен оларға қойылатын талаптардың қарама-қайшы келуінен
«Үлгермеушілік» туындайды. В. Оконнің көзқарасы да осы пікірге ұқсайды. Ол
«Үлгермеушілік» - дегеніміз студенттер мен педагогтардың және сыртқы орта
жағдайларының арасындағы өзара байланыстың бұзылуы деп түсіндіреді.
Білім мазмұнының талабы студенттердің физикалық және психологиялық
мүмкіндіктерінен аспаған жағдайда ғана орындалады. Осы кезде оқыту мен тәрбие
жағдайлары үйлесімді болуы керек
Студенттерге қойылатын талаптар - олардың физикалық және психологиялық
мүмкіндіктері аралығында бақылау тапсырмалары мен бағалау критерияларын дайындаудың
негізі болуы керек.
Психофизикалық мүмкіндіктер - бұл уақыт өте келе өзгеретін мүмкіндіктер, сонымен
қатар, оқу-тәрбие жұмыстары әсері мен әлеуметтік ықпалдың нәтижесінде жетілдетілетін
мүмкіндіктер. Оқытудың әдістері мен мазмұны студенттердің мүмкіндіктерінен асып кетуі,
кейде керісінше болуы мүмкін.
Әлеуметтік жағдайлар – бұл студенттердің білім және тәрбие алып жатқан жері,
тұрған жері, тұрмыстық жағдайы, қоршаған орта мен ата-аналарының мәдени деңгейі,
топтағы студенттер саны, оқу мекемесіндегі білім алуға қажетті құрал жабдықтардың болуы,
педагогтардың біліктілігі, сапалы оқулықтардың болуы.
Студенттердің үлгеріміне ықпал ететін тағы бір фактор – ол ЖОО-ғы оқуға бейімделу.
ЖОО-да оқудың алғашқы кезеңдері көптеген өзгерістермен: ата-анаңнан алыстау, жаңа бір
ортада өмір сүру, танымайтын адамдармен тұру, күнделікті мәселелерді өз бетімен шешуге
үйрену, мектептен басқа оқу жүйесімен кездесу. Осының барлығы студенттерге стресстік
жағдайлар, қобалжулар мен ішкі қиналыстарға әкеліп соғады.
Бұл жағдай бірқатар студенттерге белгілі бір қиындықтар тудырады, «студентте»
деформацияланған әлеуметтік рөлдің қалыптасуына әкеледі, нақты айтсақ: сабаққа
қатысудың өз еркінде болуы, іс-әрекеттік қылықтар қалыптастыру, темекі шегу, араласу түрі
ж.т.б. Студенттердің бұл қылықтары сабаққа қатысқысы келмеу, оқығысы келмеу, сияқты
ойларлы тудырып, оның аяғы студенттің улгермеуіне әкеліп соғады.
Үлгерімі төмен студенттермен бірнеше жұмыс түрін жүргізгеннен кейін
үлгермеушілікке ықпал етеді деп төмендегі факторларды көрсеттім:
1. Денсаулық (оқу үрдісі кезіндегі студенттің өзін-өзі сезінуі, физикалық жағдайы).
2. Тұрмыс жағдайы (уақыты, тұратын жері, сабаққа дайындыққа жағдайдың болмауы).
3. Танымдық үрдістері (зейіні, есте сақтау және ойлау қабілеті, ақпаратты қабылдауы).
4. Тұлғааралық қарым-қатынасы (топтағы студенттің орны).
5. Дем алу, көңіл көтеру (оқудан тыс істері, қызығушылықтары).
6. Студенттің қаражаттық жағдайы (ата-аналар көмегі, қосымша ақша табу, стипендия).
7. Оқу жүктемесі (тапсырмалар көлемі, өзіндік жұмыс).
8. Педагогтің біліктілігі (тақырыпты жетік түсіндіруі, студенттермен сұхбат орната білуі,
қисындылығы, ж.т.б).
9. Студенттің білім қорының деңгейі (базалық білімі, ой-өрісі).
10. Перспектива (студенттің өмірлік мақсаты, арманы немесе таңдаған жолы).
Айта кететін жағдай, студенттің бейімделуі тек қана бірінші курста ғана емес, барлық
курста да өтіп жатады. Негізінен үшінші курста жауапкершілік, жинақылық, өзін-өзі басқару
сияқты студент үшін маңызды дағдылар қалыптасады. Сол себептен, үлгерімі төмен
студенттердің болмауы үшін олардың оқу үрдісіне бейімделіне эдвайзерлермен қатар
оқытушылардың да көңіл бөлуі маңызды.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше
назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында
мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді [2, с. 236].
Мен үлгерімі төмен студенттердің ата-аналарына мына жағдайларда деканат арқылы
хабарласамын:
- студент апталап себепсіз сабақ қалдырғанда;
- студенттің академиялық қарызы көп болғанда;
- оқудан шығару мәселесі тұрғанда;
- оқудың ақшасы төленбеген жағдайда;
Менің тәжірибемде ата-аналармен жұмыс оң нәтижесін берген жоқ. Мысалы,
Шанаева, Қоқамбекова, Қоқамбеков ж.т.б. Осыдан қорытынды студент өзі сезініп осы
мамандық маған керек, менің мақсатым осы мамандықты аяқтап ата-анамды қуанту, ата-
анамның сенімін ақтау деген сияқты ойлары қалыптаспаған болса, ата-ананың көмегі
шамалы. Әлеуметтік паспорт бойынша қарасам менің топтағы студенттерімнің 80-85 пайызы
толық жанұядан емес, және отбасы тәрбиесінде көпшлік жағдайда бүгінгі күнде әрқашан
олардың тілектерін орындау алдыңғы қатарда тұр.
Қорытынды ретінде төмендегі мәселелердің алдын алу керек:
1. Үлгермеушілік: студентте базалық білімінің төмен болуы, қолайсыз ортаның жағдайлары
(тұрмыстық жағдайдың төмен болуы, тұратын жерінің өте алыста орналасуы, ата-аналар
қамқорлығының болмауы), қолайсыз физикалық аспектілер (кемшілік, және денсаулық
жағдайы), тәрбиенің жеткіліксіздігі (жалқаулық, тәртіпсіздік), ақылының төмендігі.
2. Жиі және тұрақты түрде үлгермеушілік: мамандыққа деген қызығушылықтың төмен
болуы, үй тапсырмаларын орындамау, қиындықтарды жеңе алмау.
Ұсыныс: осы жағдайларды болдырмау үшін ең қажетті нәрсе – мативация. Оған оқу
үрдісінде педагогтің студенттің қызығушылығын тудыратын әр түрлі әдістерді қолдануын
айтуға болады. Студенттің белсенділігін ояту, оны тұлға ретінде ашу, топтағы орнын көтеру.
Литературы:
1. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М. Оценка состояния здоровья детей. Новые
подходы к профилактической и оздоровительной работе в образовательных учреждениях:
руководство для врачей. – м., 2006.- 412с.
2 Зайцева Н.С. Категории неуспевающих детей и методы работы с неуспевающими детьми.
// тезисы ii-ой городской научно-практической конференции молодых ученых и студентов
учреждений высшего и среднего образования городского подчинения «научно-
практическая деятельность молодых ученых и студентов в рамках программы
модернизации образования»., 2010. -236с.
3 Бабанский Ю.К., Победоносцев Г.А. Комплексный подход к воспитанию учащихся
(в вопросах и ответах). Киев, 2005. -256 с.
Достарыңызбен бөлісу: |