Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2018 жылғы


Сот қорғауына және әділ соттың істі қарауына, сот шешімдерінің орындалуына құқық



жүктеу 5,23 Mb.
бет8/24
Дата03.02.2020
өлшемі5,23 Mb.
#28083
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
4. Сот қорғауына және әділ соттың істі қарауына, сот шешімдерінің орындалуына құқық
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

Сот қорғауына және әділ соттың істі қарауына құқықты жүзеге асыру әркімнің әділ сотқа қолжетімділікті, қатысушылардың процестік құқықтарын қамтамасыз етуді, сондай-ақ сот актілеріне шағымдану мүмкіндігін және мемлекет тарапынан олардың орындалуын қамтамасыз етуді қарастырады.

Ағымдық жылы «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспары шеңберінде сот органдары жұмысының тиімділігін арттыруға, судьялар корпусын іріктеуді жетілдіруге, электрондық әділ сотты дамытуға бағытталған сот жүйесінің реформалары жалғастырылды.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әрекет ете бастады, оның шеңберінде бұйрық өндірісі институтын енгізу, процестің сайыстылығын арттыру, адвокатура институтын нығайту, сот бақылауын күшейту қарастырылған.

Сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған өзгерістерді қарастыратын «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы ҚР Парламентінің қарастыруында жатыр.

2018 жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге түскен өтініштердің жалпы саны тұрғысынан 26%-ды сот шешімдерімен келіспеу туралы өтініштер және сот органдарының әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдар құрайды.

Астана, Алматы қалаларынан, Қарағанды және Қостанай облыстарынан анағұрлым көп өтініш түсті.

Сот шешімдерімен келіспеу туралы өтініштердің басым бөлігі азаматтардан жекелей тәртіппен түсті, ұжымдық өтініштердің саны 10-ды құрады, 3 шағым үкіметтік емес ұйымдардан түсті.

Істер санаты тұрғысынан сот қорғауына құқықты бұзу туралы 318 өтініштің ішінде 216 – қылмыстық іс,90 – азаматтық іс және 12 – әкімшілік іс бойынша болды.

Уәкілге түскен өтініштердің басым бөлігін азаматтардың, солардың ішінде сотталғандардың, қылмыстық істер бойынша үкімдермен келіспеу және тергеу және сот процестері барысында қылмыстық-процестік нормаларды бұзу туралы шағымдар құрады. Өтініш берушілер негізінен шығарылған сот шешімдеріне баға беруді және оларды жоюда көмек көрсетуді сұрайды.

Бұндай жағдайларда Уәкілдің мекемесі өтініш берушілерге билік тармақтарының конституциялық қағидатына сәйкес соттар ҚР Конституциясы мен ҚР 25.12.2000 жылғы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып, әділ сотты өз бетінше іске асыратыны туралы түсініктеме берілді, бұл соттың істі қарауына лауазымдық тұлғалардың, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің араласуына жол бермейді.

Сонымен бірге, Жоғарғы Сот Төрағасы мен Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің арасындағы ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум шеңберінде ақпарат ретінде Жоғарғы Сотқа азаматтардың сот қорғауына құқыққа және әділ соттың істі қарауына қатысты анағұрлым сипатты өтініштері жолданады.

Сот актілерімен келіспеу туралы өтініштерді талдау және жүкті әйелдерге және жас балалары бар әйелдерге жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдыруда көмек көрсету сотталғандарға осы құқықты іске асыруда кейбір мәселелердің барын растайды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабына сәйкес жүкті әйелдер және жас балалары бар сотталған әйелдер мен жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ер адамдардың жазасын орындауды сот бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдыруы мүмкін.

Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ер адамдардың жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.

Түскен өтініштерде жас балалары бар сотталған әйелдер экономикалық салада қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдырудан бас тартуға наразылық білдіреді.


Осылайша, Омбудсмен мекемесіне ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлімінің б-тармағы (аса ірі мөлшердегі айлакерлік) бойынша сотталған Ж.А. жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырудан бас тарту туралы сот шешімін қайта қарастыруда көмек көрсету өтінішімен шағымданды.

Ж.А. кәмелетке толмаған, емге мұқтаж екі баласы бар. Қазіргі уақытта олардың қамқоршысы балалардың күтімімен толық деңгейде айналысуға мүмкіндігі жоқ оның қарт әкесі болып табылады.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/21 Мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған Х.Е. мүддесімен адвокат Д.О. шағымданды.

Жамбыл облысы Тараз қ. №2 сотының үкімімен Х.Е. ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлігімен, 218-бабының 3-бөлігімен, 245-бабының 2-бөлігімен, 262-бабының 3-бөлігімен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және орташа қауіпсіздік түзеу колонниясында жазаны өтеумен 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Х.Е. күйеуі экономикалық қызмет саласында ұқсас қылмысты жасағаны үшін сол соттың үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сотталған кезле Х.Е. үш баласы кәмелетке толмаған еді. Қазіргі уақытта 1938 жылы дүниеге келген, екінші топ мүгедегі, сотталғанның қарт анасы балалардың қамқоршысы болып табылады.

Жазасын өтеу кезеңінде Х.Е. өзін жақсы жақтардан танытты, оның бірқатар марапаттары бар, жазаланбады.

Өтініште адвокат сотталған үшін жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыруда көмек көрсету туралы өтініш білдірді.
Аталған өтініштерді қарау нәтижелері бойынша өтініш берушілер Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Қаулысымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы Ережелердің 18-тармағына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл сот әрекеті мен шешімдеріне шағымдарды қарастыруға құқығы жоқ екені туралы ақпараттандырылды.Бұл кезекте, азаматтарға олардың ҚР Президенті жанындағы Рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссияға жүгіну құқықтары түсіндірілді.

Сотталған әйелдерге деген қарым-қатынас және құқық бұзған әйелдерді бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалау шараларына қатысты БҰҰ минималды стандартты қағидалары қылмыстық әділ сот жүйесі құқық бұзушылықтың сипаты мен дәрежесіне, сондай-ақ құқық бұзған тұлғаның жеке басы мен отбасы жағдайына сәйкес түрмеге қамаумен байланысты емес шаралардың кең тандауын қарастыруы керек екенін анықтайды.

Бұл мән-мәтінде жүкті және жас балалары бар әйелдерге жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы мәселені қарастырғанда, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру шеңберінде бас бостандығынан айырудың балама шараларын назарға алып, әрбір жекелеген жағдайға жеке тәсілді қолдану керек деп санаймыз.

Алдыңғы жылдарда сияқты, мерзімнен бұрын шартты босатуды ұсынудан бас тарту мәселелері бойынша өтініштердің едәуір саны түседі.


Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа К.И. сотталған әйелін мерзімнен бұрын шартты босатудан (бұдан әрі – МШБ) бас тарту туралы сот үкімін қайта қарастыруда көмек көрсету өтінішімен шағымданды.

М.Г. жазасының басым бөлігін өтеді, қылмысымен келтірген зиянын толық өтеді, 6 марапаты бар, жазаланбады, сонымен қатар сотталғанның жас баласы бар.

08.01.2018ж. Абай ауданының №2 аудандық сотының үкімімен М.Г. МШБ туралы өтініші қанағаттандырылмады.

АҚҰО сұрауына Бас прокуратурадан келген ақпараттан 28.02.2018ж. Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен бірінші инстанция сотының шешімі өзгеріссіз қалдырылып, аудан прокуратурасына қолдаухат қанағаттандырылмағаны белгілі болды.

Осыған байланысты өтініш беруші ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 162-бабына сәйкес сот бас тартқан жағдайда, көрсетілген негіздердің кез келгені бойынша МШБ туралы өтінішхатты қайта енгізу бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін мүмкін болады.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге жазасын Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/6 Мекемесінде өтеп жатқан сотталған ұлы Т.А. мүддесіндегі мерзімнен бұрын шартты босатудан бас тарту туралы сот үкімін қайта қарастыруда көмек көрсету өтінішімен А.Г. өтініші түсті.

Сотталған жазасының көп бөлігін өтеп, қылмысымен келтірген зиянды толық өтеді, жазаланбады, түзеу мекемесінің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

Сонымен бірге, Шахтинск қалалық соттың 23.05.2018 жылғы үкімімен сотталғанның мерзімнен бұрын шартты босату туралы өтініші қанағаттандырылмады.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың сұрауына ҚР Бас прокуратурасы Т.А.Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым бергені туралы ақпараттандырды, осыған байланысты өтініш берушінің дәлелдерін прокурор сот отырысы барысында зерттеп қарайтын болады.
Омбудсменнің 2017 жылғы есебінде сотталғанның МШБ өз құқығын жүзеге асыру үшін нақты тежеуші факторлардың бары аталды. Қолдаухаттар ҚР Қылмыстық кодексі 72-бабының барлық талаптарына сәйкес келсе де, соттар бұл нормаларды қолдануда сотталғандардың өтініштерін қанағаттандырмайды. Осыған байланысты сотталған тұлғаларға жақсы тәртіп пен түзелуіне нақты ынта болатын мерзімнен бұрын шартты босату институтын реформалау қажеттілігі туралы пікір айтылды.

Бұл мән-мәтінде ҚР Жоғарғы Сотының мерзімнен бұрын шартты босату (МШБ) туралы материалдарды қарастыру тәртібін қайта қарау және жазаның өтелмеген бөлігін анағұрлым жеңіл жаза түрімен (ЖЖТ) алмастыру қажеттілігі туралы бастамасы өзекті болып табылады.

Қазіргі уақытта судьялар МШБ мен ЖЖТ туралы қолдаухаттарды қарастырғанда, түзеу мекемелерінің әкімшілігі сотталғандарға берген мінездемелерді және жазаны өтеу мерзімінде болған марапаттар мен жазалар туралы анықтамаларды басшылыққа алады.

Сотталғандардың құқықтарын бұзбау және түскен қолдаухаттарды объективтік қарау үшін жоғарғы сот органдары МШБ мен ЖЖТ материалдарын қарастыру жөніндегі комиссия құрутуралы, оның құрамына азаматтық сектордың, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін, медиаторларды, психологтарды, пробация қызметтерін қосумен мәселені қарастырып жатыр. Комиссии аталған материалдарды кейін сотқа жіберілетін МШБ мен ЖЖТ қолдану мүмкіндігі туралы қорытындыларды жасаумен қарайтын болады.

Бұл шара сотталғандардың өтініштерін анағұрлым объективті қаралуына және мерзімнен бұрын шартты босату институтының қолданысын кеңейтуге жәрдемдеседі деп санаймыз.

Ұлттық құқық қорғау мекемесіне азаматтардан мемлекеттік және сот органдарының азаматтардың тұрғын-үй және мүліктік құқықтарын сақтамау бөлігінде әрекетімен келіспеу туралы өтініштері әлі де түсіп жатыр.



Уәкілге Д.Э. жер учаскесіне меншік құқығының бұзылуы және «Активтерді оңалту және басқару жөніндегі компания» АҚ-мен дау бойынша сот актісімен келіспеуі туралы өтініші түсті.

2015 жылы электрондық саудада Д.Э. аталмыш АҚ-дан тұрғын-үй нысаналы мақсатымен жер учаскесін сатып алды.

Бір жылдан кейін компания баға беретін компания жасаған жер учаскесінің құнын бағалау туралы есепті қате деп тану, электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттаманы және жер учаскесін сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа шағымданды.

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының үкімімен өзгеріссіз қалған Ақтау қаласы № 2 сотының шешімімен компанияның талаптары қанағаттандырылды. Бұл кезекте, адал ниетті сатып алушы Д.Э.-ден 339 256 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж сомасы өндіріліп алынды.

Уәкілдің сұрауына ҚР Бас прокуратурасы ҚР АПК 435-бабына сәйкес Бас Прокурор тек ҚР АПК 54-бабының 2-бөлігімен қарастырылған істер(мемлекет, қоғам немесе өздерін өз бетінше қорғауды жүзеге асыра алмайтын тұлғалардың мүддесіне қатысты) бойынша ғана сот актілеріне қарсылық білдіре алатыны туралы ақпараттандырды. Бұл таластың аталған істер санатына жатпайтынын ескере отырып, прокуратураның өтінішті мәні бойынша қарастыру үшін процестік мүмкіндігі жоқ.

Осыған байланысты өтініш берушіге оның сот актілеріне тікелей ҚР Жоғарғы Сотына шағымдану құқығы түсіндірілді.
А.М., 2-топ мүгедегі, ол 2007 жылы жекешелендірген жер учаскесіне оның құқығын қалпына келтіруде көмек көрсету өтінішімен шағымданды.

Өтініш материалдарынан 2007 жылы өтініш беруші жылжымайтын мүлікті жекешелендіргені мәлім болды, алайда 10 жыл өткеннен кейін К.А. азаматы оны адал ниетті сатып алушы ретінде тану және жекешелендіру туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы сотқа арыз-талап берді.

2018 жылғы 2 наурыздағы сот шешімі Г.Н. берген қолхатты жарамсыз деп танылып, А.М. өтінішін«Көкшетау қ. Жер қатынастары бөлімі» ММ, Көкшетау қ. әкімдігіне, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеп қарау департаментіне қойған талаптарын қанағаттандырудан бас тартты. Сол соттың анықтауымен іс бойынша Г.Н. атына жерді өмір бойы мұра ретінде иелену құқығына актті жарамсыз деп тану бөлігінде сот ісін қарау тоқтатылды.

АҚҰО сұрауына ҚР Бас прокуратурасы05.06.2018 ж. апелляциялық инстанция сотымен қалалық соттың 02.03.2018 жылғы ұйғарымы жойылып, істің соттың бірінші инстанциясына басқа құрамда жаңадан қарастырылуы үшін жіберілгені туралы ақпараттандырды. А.М. жеке шағымы қанағаттандырылды.
Жеке өтініштерде азаматтар соттың істі қарауы барысында процестік нормалардың бұзылуын атайды.
Б.Е. Алматы қ. Медеу аудандық № 2 соты судьясының сот отырысын өткізу туралы тиісті тәсілмен ескертпегені үшін әрекетіне шағымданды.
Уәкіл мекемесінің істі қарауына сотталған Б.П. қылмыстық істің материалдарымен танысу барысында қылмыстық-процестік нормалардың бұзылғаны туралы шағымы түсті.

Өтініште өтініш беруші оған қылмыстық істің материалдарында тіркелген бейне жазбамен танысу үшін жеткілікті уақыт берілмегенін, сондай-ақ бұл бейне жазбаны сот отырысында қарағанда дыбыстың болмағанын атады.

Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың сұрауына Сәтпаев қ. прокуратурасы қылмыстық-процестік нормалардың бұзылғаны туралы өтініш Сәтпаев қалалық сотқа мәні бойынша қарауына жіберілгені туралы ақпараттандырды.
Сот шешімдерімен және сот органдарының әрекетімен/әрекетсіздігімен келіспеу туралы шағымдардың 2018 жылғы егжей-тегжейлі талдауы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасына үндеуде келтіріледі және «Өтініштер» 1-қосымшада көрсетіледі.

Атқару өндірісі соттың істі қарауының маңызды бөлігі болып табылады, өйткені оның міндеті сот шешімдерін міндетті әрі уақтылы орындау болып табылады.

2018 жылы Уәкілдің мекемесі сот шешімдерінің орындалмауы туралы 25 өтінішті тіркеді.

Азаматтардың өтініштерінде сот атқарушыларының әрекетсіздігі, сот шешімдерінің ұзақ уақыт бойы орындалмауы фактілері аталды.


Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталыққа Ю.И сот атқарушысының заңсыз әрекетіне А.Е. шағымданды.

Сот атқарушысы ұзақ уақыт бойы қарызгерге атқару өндірісінің материалдарын танысу үшін ұсынбады. А.Е. өтінішінде заң талаптарын бірнеше рет бұзғаны үшін сот атқарушысын жауапқа тартуды сұрады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша ҚР Әділет министрлігі А.Е. дәлелдерінің расталғаны туралы ақпараттандырды.

Қазақстан Республикасы Әділет министрі орынбасарының 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 437 бұйрығымен И.Юсуповаға 2014 жылғы 26 маусымда жеке сот атқарушысы қызметімен айналысу құқығына берілген № 1276 лицензия 6 ай мерзіміне тоқтатылды.
Ағымдық жылы Омбудсменге азаматтардың банктік қарызды өндіріп алу туралы сот шешімдерінің орындалуын тоқтатуда көмек көрсету туралы бірқатар өтініштері түсті.
Осылайша, ұлттық құқық қорғау мекемесіне жалғыз басты ана, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп жатқан А.Ф.оны Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына қосу туралы мәселе шешілгенге дейін сот шешімін орындауды тоқтату туралы өтінішпен шағымданды. Өтініш беруші ол және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында 2015 жылы жылжымайтын мүлік – оның анасының тұрғын-үйі түрінде кепілдікті қамтамасыз етумен банктік қарыз шарты жасалғаны туралы мәлімдеді. Бір жыл бойы А.Ф. ипотекалық қарыз бойынша ағымдық төлемдерді уақтылы төлеп отырды, алайда қаржы қиындықтары туындап, ол несиені уақтылы өтей алмады. Кейін Шымкент қ. Абай аудандық сотының 22.11.2017 ж. шешімімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ кепілдікке берілген мүлікті өндіріп алу арқылы ипотекалық қарыз бойынша қарызгердің қарызын өндіріп алу туралы арыз талаптары қанағаттандырылды.
Бұндай өтініштерді қарау шеңберінде өтініш берушілерге олардың сот қорғауына, соның ішінде жоғары тұрған сот инстанцияларында істі қайта қарау құқықтары түсіндірілді. Азаматтар сондай-ақ ҚР Азаматтық процестік кодекстің 246-бабының қағидалары туралы да ақпараттандырылды, оған сәйкес іс бойынша шешім немесе сот бұйрығын шығарған сот, сондай-ақ шешім орындалатын жердегі сот, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар туындаса, сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және (немесе) тараптардың арызы бойынша атқарушылық iс жүргiзуде оны орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі, атқарушылық iс жүргiзуде тараптардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кейінге қалдыруы немесе оның мерзімін ұзартуы мүмкін.

Банктік қарыз үшін өндіріліп алынатын, кепілдікке берілген мүлік жиі халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын, асырауында жас балалары мен еңбекке жарамсыз отбасы мүшелері бар азаматтардың жалғыз тұрғын-үйі болып табылады.

2018 жылғы наурызда ҚР Ұлттық Банкі Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізді, оның шеңберінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ 2004 және 2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алған қарыз алушыларға көмек көрсетіледі. Бағдарлама шеңберінде заңды күшіне енген сот актілері бар ипотекалық тұрғын-үй/ипотекалық қарыздар да қайта қаржыландыруға жатады.

Осыған байланысты Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл ҚР жоғарғы Сот Төрағасына тиісті ұсыныстармен банктік қарызды өндіріп алудың сот тәжірибесі мәселесі бойынша үндеу жолдады.


5. Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуға құқығы
Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі мемлекеттің өз азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етудегі ілгерілісін көрсететін маңызды көрсеткіш болып табылады. Мемлекет ұсынатын қызметтердің сапасы халықтың өз өміріне қанағаттық деңгейіне тікелей әсер етеді, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылық және қауіпсіздік сияқты өлшемшарттарға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметтер секторын дамытудың жүйелі саясатын өткізіп келеді, бұл ең алдымен мемлекет қабылдап жатқан бағдарламалық құжаттарда көрініс табады. Осылайша, мемлекеттің қоғаммен бір жақтыбилікті өзара әрекеттесуден мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсетуге екпін қою бойынша міндеті «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағдары» Стратегиясында» көрініс тапты. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында басты институционалдық реформа есеп беретін мемлекетті қалыптастыру болып табылады. Азаматтардың мұқтаждықтарына бағдарланған мемлекеттік аппаратты құру қажеттілігі де 2018 жылғы 5 қазанда Елбасының Қазақстан халқына соңғы Жолдауында аталды.

Қазіргі кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекет саясаты озық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға және оларды барлық жерде пайдалануға бағытталған. Елімізде ондаған әртүрлі ақпараттық жүйелерді, тіркеушілерді, мемлекеттік деректер қорларын, жүздеген қосымшаларды және сервистерді қамтитын электрондық үкімет порталы әрекет етіп, сәтті дамып келе жатыр.

Жалпы алғанда, Қазақстанды сандық жүйеге көшіру мәселесі едәуір жетістіктерге жетті. Бұны БҰҰ электрондық үкімет жөніндегі шолулары шеңберінде еліміздің рейтингі дәлелдейді. Осылайша, 2018 жылы электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 39-орынға ие болды. Бұл кезекте, электрондық үкіметтің азаматтар үшін қолжетімділігі индексі бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 42-орынға иеленді1.

2018 жылы Қазақстанда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске қосылғанын атап өткен жөн.Адами капиталдың даму деңгейін арттыру арқылы еліміздің цифрлық түрленуін қамтамасыз ету, инновациялық даму институттарын құру және жалпы алғанда цифрлық экожүйені дамыту бұл бағдарламаның негізгі даму бағдары болып табылады.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде елімізде биометриялық өлшемшарттарды пайдалану арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Биометриялық деректер қоры арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тетік ХҚКО-да және электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтерді алған кезде, жеке құжаттарды немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) көрсетусіз қызмет алушылардың беті мен саусақтың ізін пайдалануды көздейді.Қазіргі уақытта биометриялық деректер арқылы мекенжай анықтамасын алуға болады, кейінірек ақпараттық анықтамалардың тағы 42 түрін алу мүмкін болады2.

Сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік қызметтер секторын дамытуда, әсіресе электрондық қызметтерді көрсету саласында, едәуір жетістіктерге қарамастан, Омбудсмен мекемесі қызметінің тәжірибесі бұл салада бірқатар мәселелердің барын көрсетеді. Атап айтқанда, электрондық үкіметтен тыс қалған салаларды дамытуда едәуір артта қалу байқалады.

Өтініштердің белгілі бір бөлігін уәкілетті органдар қызметкерлерінің бұрыс әрі қате ақпаратты ұсыну бөлігінде біліксіздігіне шағымдар құрайды.


Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Пәкістан Ислам Республикасында дүниеге келген, соңғы 10 жылда Қазақстан Республикасының аумағында тұратын А.Ш. көші-қон қызметі органдарының әрекетіне шағымы түсті.

Өтінішке сәйкес өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметінің органдарына Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтініш берді.

Уәкілетті орган өтініш берушіге 2014 жылы салық қызметі органдары мен оның лауазымдық тұлғаларының заңды талаптарын орындамағаны үшін оның әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы фактінің анықталуына байланысты оның ҚР азаматтығын алу туралы өтінішін қарау тоқтатылғаны туралы мәлімдеді.Өтініш беруші қарызды толық өтегені мәлім болды.

Сонымен бірге, өтініш беруші өз өтінішінде бұған дейін 2017 жылы құқық қорғау органдарына бұл мәселені түсіндіріп беруі үшін жүгінгенін атап өтті. ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары қол қойған хатта оған салық қызметі органдары мен оның лауазымдық тұлғаларының заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылу Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды деп түсіндірілді.
Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы заңнаманы бұзу бөлігінде әкімшіліктендіруге шағымдар орын алды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге А.С. Қызылорда облысы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) өтініш беруші 25 жыл бойы еңбек қызметін іске асыратын ұйымның құрылымы мен атауының өзгеруіне байланысты қызметтік тұрғын-үйді жекешелендіруден бас тарту мәселесі бойынша әрекетімен келіспеу туралы шағымданды.

Атап айтқанда, 1997 жылдан бері өтініш беруші мемлекеттік кәсіпорында жұмыс істеп келеді, 2016 жылы кәсіпорынның атауы өзгертіліп, ол коммерциялық емес акционерлік қоғамның құрамына кірді.

Бұл өтінішті қарау шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті сұрау жіберілді. Уәкілетті органның жауабынан өтініш берушінің жұмысберушісі қызметтік тұрғын-үйді жекешелендіру мәселесі бойынша әкімдікке 2016 жылы ұйымның атауы мен құрылымы өзгертілгенге дейін жүгінгені мәлім болды. Алайда, әкімдік бұл мәселені Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан берілетін тұрғынжайды есепке алу, жекешелендіру және жалға алу жөніндегі тұрғын-үй комиссияның қарастыруына шығармады және бұл өтініштен тиісті негізделген бас тарту туралы құжатты бермеді.
Омбудсменге пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) тарапынан қызметтерді тиісті деңгейде көрсетпеуіне шағыммен өтініштер түседі. Әрине, мемлекеттік органдардың ПИК қызметіне араласуына құқықтары жоқ. Алайда, «Тұрғын-үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне тұрғын-үй қорын басқару, тұрғын-үй инспекциясын ұйымдастыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру міндетінің кіретінін атап өткен жөн.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге О.А. және «Төрлет» ТК басқа тұрғындарының «BASTAUORDA» ЖШС ПИК әрекетсіздігіне шағыммен ұжымдық өтініші түсті.

Өтінішке сәйкес «Төрлет» ТК үйлерінің бірінде 1-қабаттан 6-қабатқа дейін электрқалқанда электрлік шоғырсымның жануы нәтижесінде туындаған өрт болды. Үйдің 6-қабатынан 18-қабатына дейін орналасқан пәтерлерде «Астанаэнергосбыт» жедел қызметі электрді уақытша электр энергия көздері арқылы қоса алғаны мәлім болды. Алайда, төменгі қабаттарда орналасқан пәтер тұрғындары шоғырсымдардың бүлінуі себебінен электр энергиясысыз қалды.

Өтініш берушілер «BASTAUORDA» ЖШС ПИК төрағасы О.А. оларға ПИК-тің қалпына келтіру жұмыстарына қажетті шығындарды өтеуге қаражаты жоқ деп айтқанын мәлімдеді.

Өтініш берушілер үйдің электр жүйесіндегі күрделі ақаулар 2012 жылдан бері байқалатынын атап өтті. Аталған үйде жарық жүйелі түрде апаттық сөніп жатады. Өтініш берушілердің пікірінше, электрлік шоғырсымның жануы нәтижесінде туындаған және үй тұрғындарының өміріне қауіп төндірген өрт ПИК немқұрайлылығы және қолда бар мәселелік сұрақтарға уақтылы жауап бермеуі нәтижесінде болды.

Бұл өтініш бойынша тиісті сұрау Астана қ. әкімі аппаратына жіберді.
Қылмыстық істерді тергеу кезінде құқық қорғау жүйесі органдарының әрекетіне шағымдар өтініштердің едәуір бөлігін құрайды. Құқық қорғау органдарының жекелеген қызметкерлері тарапынан кәсіпсіздігі мен біліксіздігі азаматтарда қорғалмағандық сезімінің және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті органдарға сенімдіктің қалыптасуына ықпал етеді, ал бұл мемлекеттік қызметкерлердің барлық корпусының беделіне кері әсер етеді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге нәтижесінде ол 3-топ мүгедегі болған оның денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу кезінде қағазбастылыққа шағымымен С.А. өтініш түсті.

Бұл өтінішті қарау шеңберінде тиісті сұраулар ҚР Бас прокуратурасына және ҚР Ішкі істер министрлігіне жіберілді. Түскен ақпараттан өкілетті тұлғалар тарапынан бұзушылықтардың расталғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеуді сапасыз өткізгені үшін Тараз қ. ІІБ тергеушісі Р.Мырзалиевке және тергеу бөлімінің басшысы Д.Ж қатысты Тараз қ. прокуратурасы тәртіптік істі қозғады. Тараз қ. ІІБ басшысының 28.01.2018ж. № 8 бұйрығымен тергеу кезінде жіберілген қағазбастылық үшін Тараз қ. ІІБ ТБ тергеушісі М.Р. «сөгіс» жарияланды.

Қосымша сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық іс С.А. өтініші бойынша болжалды жәбірлеуші С.Т. әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауы себебінен тоқтатылды. Медициналық-криминалистикалық жағдаяттық сараптаманың және сот-медициналық сараптаманың нәтижелері бұл шешімді қабылдау үшін негіз болғаны мәлімделді.
Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтерді, ең алдымен өңірлік деңгейде сапасыз ұсынуға шағымдар өтініштердің анағұрлым аз санын құрайды. Қазақстанда денсаулықты қорғауға құқық әрбір адамның конституциялық құқығы болып табылады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауларында «ұлт саулығы – сәтті болашағымыздың негізі» деп, қазақстандықтардың денсаулығын сақтаудың және нығайтудың маңызын әлдеше рет айтты.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Т.Г. Степногорск қалалық емхана қызметкерлерінің әрекетіне олардың тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзғаны және медициналық көмекті тиісті деңгейде көрсетпегені үшін шағыммен өтініші түсті.

Бұл өтінішті қарау шеңберінде тиісті сұраулар ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді. Алынған ақпаратқа сәйкес медициналық көмекті тиісті деңгейде көрсетпеу фактісі бойынша арнайы комиссия құрылды, ол тиісті медициналық құжаттаманы зерттеп қарап, шағым негізделген болып табылады деген қорытындыға келді.

Атап айтқанда, өтініш берушінің бас дәрігер Н.М. атына әлденеше рет жазылған, тіркеу журналында тіркелген өтініштері қараусыз қалғаны расталды. Өтініш берушінің амбулаторлық картасын зерттеп қарағанда, ол жабылған еңбекке жарамсыз парағымен МӘС-ға мерзімнен бұрын жіберілгені анықталды. Дәрігердің күнделікті жазбаларында медициналық құжаттаманы рәсімдеуде ақаулар орын алды.

Дәрігер К.С. сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды деп мәлімделді. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын бұзу фактісі бойынша заңгер С.К. қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бас дәрігердің орынбасары Р.К. қатысты жоспардан тыс тексерістің нәтижелері бойынша әкімшілік шара қолданылды. Өтініш берушінің еңбекке жарамсыз парағы ұзартылып, емдеуші травматолог дәрігер оңалту туралы мәселені шешіп жатыр.
Мемлекеттік қызметтердің әртүрлі салаларына ақпараттық технологияларды енгізудің кеңейтілуіне қарамастан, солардың кейбіреулерінде адами фактордың ішінара ықпалы әлі де сақталып келетінін атап өткен жөн. Осылайша, асырап алушы/қамқоршы/тәрбиеші болуға үміткерлердің балалар туралы деректерді қарауға арналған Жетім балалар республикалық деректер банкінің енгізілуіне қарамастан, жүйені толтыру қорғаншы органдардың мамандары іске асырады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл процедура нақты жетілдіруді талап етеді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Алматы облысы «Шелек» бала үйінің бас дәрігері О.З. заңсыз әрекетінешағыммен М.Т. өтініші түсті.

Өтінішге сәйкес, өтініш беруші Жетім балалар республикалық деректер банкі жүйесінде тіркелді және Ч.О. баламен танысу мақсатында 19.09.2018ж. сағ. 09:00-ге кездесуді белгіледі. «Келу кестесінің» 18.09.2018ж. түстен кейін құрылғаны мәлім болды. Алайда, кездесуге келген өтініш берушіге баламен кездесуге рұқсат берілмеді, өйткені баламен кездесуге 18.09.2018ж. жүйеде тіркелген басқа әлеуетті асырап алушылар келді.

Бұл өтінішті қарау шеңберінде тиісті сұрау ҚР Білім және ғылым министрлігіне және ҚР Бас прокуратурасына жіберілді. Уәкілетті органдар өз жауаптарында бас дәрігер О.З. тарапынан бұзушылықты жіберу фактісін растайды.

Келу кестесіне сәйкес әлеуетті асырап алушылар баламен дүйсенбіден жұмаға дейін сағ 9.00-ден 12.00-ге дейін кезедесе алады. Ч.О. «Келу кестесі» 18.09.2018ж. сағ. 15.22-де әлеуметтік педагог құрды және ол 18.09.2018ж. қамтымауы тиіс еді, өйткені танысу мақсатында балаға келу уақыты іс жүзінде келмеді. Сонымен бірге, «Шелек» бала үйінің бас дәрігері 19.09.2018ж. 18.09.2018ж. баламен танысуға жолдамамен үміткерге баламен танысудан бас тартуға тиіс еді.

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысынан бас дәрігер О.З. сөгіс алғаны мәлім болды. Кәмелетке толмаған Ч.О. патронаттық тәрбиелеуге берілді.
Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласының дамуын бақылап, кейбір процестер, соның ішінде сандық жүйеге көшірумен байланысты процестер мемлекеттік органның мүддесінде басымырақ құрылады деп айтуға болады. Тұрғын-үй қатынастары, денсаулық сақтау, білім беру салалары жататын электрондық үкіметтен тыс салаларда бірқатар мәселелердің болғаны анық. Әдетте, аталған салаларға мемлекеттік бюджеттің басым бөлігі бөлінеді және олар азаматтардың тұрмыс сапасына едәуір әсер етеді.

Жүйелі ілгеріліске қол жеткізу мақсатында мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы, соның ішінде «адами» деп аталатын қызмет көрсету саласындағы, қызметін дамыту керек.


6. Еркін жүріп-тұруына құқық, азаматтық алу және халықты құжаттау мәселелері
Еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін тандауына құқық адамның барлық негізгі халықаралық шарттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында және мемлекеттің басқа нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген іргелі құқығы болып табылады.

Есептік жылы Қазақстан азаматтарының және олардың шетелдегі туысқандарының еркін жүріп-тұруы мәселесі Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесін ерекше уайымдатты. Атап айтқанда, Омбудсменге қазақстандықтарды және олардың туысқандарын Қытай Халық Республикасының (ҚХР) аумағында заңсыз ұстау фактісі бойынша бірқатар өтініштер түсті.


Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге ҚХР Алтай қ. тергеу изоляторына заңсыз қамалған ҚР азаматы Б.Ж. мүддесінде адвокат А.Г. өтініші түсті. Адвокаттың ақпараты бойынша Б.Ж. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу фактісі бойынша жауап беру үшін Алтай қаласына шақырылды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге бас бостандығынан заңсыз айрылған және ҚХР аумағындағы саяси қайта тәрбиелеу лагерінде қамалған ҚХР азаматшасы болып табылатын әйеліӘ.К.мүддесінде ҚР азаматы Е.Б. өтініші түсті.Әйелінің Қазақстан Республикасының аумағында тұратын кәмелетке толмаған екі баласы бар екені мәлім болды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар ҚХР азаматшасы болып табылатын анасы А.К. мүддесінде ҚР азаматы Б.А. ҚХР аумағында заңсыз ұстауға шағыммен өтініші түсті. Өтініште өтініш берушінің анасы көршілес елдің аумағына төлқұжатты ауыстыру қажеттілігіне байланысты барғаны көрсетілді. Әйел сол жаққа келгенде, оның төлқұжаты алынып, аталмыш саяси қайта тәрбиелеу лагеріне қамалғаны мәлім болды.
Қазақстанмен байланысы бар тұлғалардың құқықтарын, ҚХР аумағында еркін жүріп-тұруына құқығын заңсыз шектеу туралы түскен өтініштер бір іске біріктіріліп, ортақ сұрау шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігіне жіберілді. Бұл кезекте, Омбудсмен мекемесі уәкілетті органның назарын бұл мәселе сондай-ақ өз ата-анасынан алыстаған, Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтардың құқықтарына да байланысты екеніне аудартты.

Уәкілетті органның жауабынан ҚХР-дағы Қазақстан елшілігіне мәселені жедел реттеу мақсатында дипломатиялық ноталардың жолданғаны мәлім болды.

Қазақстан азаматтарын Сирия және Ирак аумағындағы жауынгерлік әрекеттер аймағынан қайтару туралы іс 2018 жылы орын алған тағы бір резонанстық жағдай болды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге әртүрлі себептерге байланысты Сирия және Ирак аумағында террористік топтарға қосылып кеткен және өздерімен бірге өздерінің кәмелетке толмаған балаларын алып кеткен Қазақстан азаматтарының туысқандарынансол балаларды қайтаруға көмек сұрап, ұжымдық өтініш түсті.

Өтінішке қоса берілген тізімде 112 баланың аты болды. Өтініш берушілер солардың кейбіреулерінің ата-анасы жауынгерлік әрекеттерде мүмкін қаза тауып, оларға балалардың тағдыры белгісіз екені туралы мәлімделді.

Бұл өтініш бойынша тиісті сұрау ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданды, жауап ретінде оған келесі ақпарат келді. 2018 жылғы шілдедегі жағдай бойынша Сирия мен Иракта халықаралық террористік ұйымдардың (ХТҰ) құрамында 120 жуық жауынгер ер адам, сондай-ақ 250 астам әйел және кәмелетке толмаған 500 бала болды. Сирияда әскери жанжал басталғаннан бері ХТҰ лагерьлері мен базаларынан Қазақстанға ҚР 112 азаматының (61 ер адам және 51 әйел), сондай-ақ 81 баланың қайтарылғаны аталды.

Кейін Қазақстан арнайы қызметтерінің 47 азаматты Сириядағы жауынгерлік әрекеттер аймағынан отанына қайтару бойынша арнайы операцияны өтгізгені туралы мәлім болды. Қайтарылған тұлғалардың ішінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала болды. Солардың ішінде 6 ер адам мен 1 әйелге қатысты террористік қызметке қатысуға күдіктену бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қалған әйелдер мен балалармен профилактикалық және оңалту шаралары өткізіліп жатыр.
Бұл тұлғаларды қайтарумен байланысты құжаттарды қалпына келтіру және олардың, әсіресе шет елдің аумағында дүниеге келген, кәмелетке толмаған қазақстандық балалардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері өзекті бола бастады.

Азаматтыққа құқық адамның негіз қалаушы құқықтарының бірі болып табылады. Адамда азаматтықтың болуы немесе болмауы ол пайдалана алатын құқықтары мен бостандықтарының көлеміне тікелей әсер етеді. Қазіргі заманда азаматтығы жоқ тұлғалар өте осал жай-күйге тап болады.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге түсетін өтініштербұл салада нақты мәселелердің барын дәлелдейді. Есептік жылы азаматтық алу құқығы және құжаттау мәселелері бойынша 27 өтініш түсті.

Өтініштерде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардатиісті деңгейде әкімшіліктендірмеу мәселелері қозғалады. Азаматтыққа қабылдау және жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау туралы өтініштерді қараудың белгіленген мерзімдерінің бұзылуына шағымдар орын алады.


Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге 2000 жылдан бері Германия Федеративтік Республикасының аумағында тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы М.Н.оны құжаттауда көмек сұраумен өтініші түсті.

Өтініш берушінің өтінішінде оның Қазақстан Республикасының Берлиндегі Елшілігіне (бұдан әрі – Елшілік) алдыңғы төлқұжаттың әрекет ету мерзімінен шығуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматшасының ұлттық төлқұжатын рәсімдеу мақсатымен өтініш бергені көрсетілді.

Бұл өтінішпен жұмыс жасау барысында ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті өтініш берушінің құжаттарын Елшілікке орындаусыз екі рет қайтарғаны анықталды, өйткені Қостанай облысы ІІД Көші-қон қызметі басқармасының ұсынған ақпаратына сәйкес оның республиканың шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуін рәсімдеу туралы деректер болмады.

Бұл өтінішті қарау нәтижелері бойынша көші-қон қызметі органының тиісті деңгейде жұмыс істемеуі фактісі расталды. Уәкілетті орган ҚР халқын құжаттау деректер қорына тиісті түзету енгізіліп, кейін өтініш берушінің атына жаңа төлқұжат дайындалды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын және жеке куәлігін алуда көмек көрсетуді сұраумен Қазақстанда дүниеге келген С.Е. өтініші түсті.

Өтініш берушінің өтінішінде ол құзыретті органдардың тарапынан қағазбастылық себебінен он жыл бойы жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдей алмағаны көрсетілді.

ҚР ІІМ-не тиісті сұрауды жолдау нәтижелері бойынша С.Е. ҚР азаматтығына тиістілігін анықтау туралы өтініші қарастырылып жатыр деген ақпарат алынды. Содан кейін өтініш беруші ҚР азаматының жеке куәлігімен құжаттанды.
Көптеген өтініш берушілер бұндай жағдайларда уәкілетті органдар қызметкерлерінің тарапынан олардың өтініштерін қарау процесіәдейі созылады деп ойлайды. Мемлекеттік қызметкерлердің немқұрайлылығы және азаматтардың өтініштерін қарау кезіндегі қағазбастылық халықта мемлекеттік құрылымдар сыбайласқан деген күмәнді тудырады.

КСРО 1974 жылғы үлгілі төлқұжаттарды ауыстырумен және оларды жоғалтуға байланысты қалпы келтірумен байланысты өтініштер шағымдардың жеке санатын құрайды. КСРО төлқұжаттарын ҚР азаматтарының жаңа үлгідегі төлқұжатына және жеке куәлігіне ауыстыру 1999 жылғы 1 наурызда аяқталғанына және сәйкесінше КСРО төлқұжаттары сол мерзімнен бастап жарамсыз болып табылатынына қарамастан, бүгінгі тәжірибе КСРО төлқұжаты немесе тіркеу туралы белгісі бар оның қосымша парағы жалғыз құжаты болып табылатын тұлғалар әлі де бар екенін көрсетеді.


Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Карелия Республикасында дүниеге келген, Қазақстан аумағында тұратын Т.Р. оны құжаттауда көмек сұраумен өтініші түсті.

Өтініш беруші бұған дейін оның төлқұжат үстеліне тапсырғаннан кейін жоғалған КСРО 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатының болғанын мәлімдеді. Жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауы нәтижесінде өтініш беруші екі жыл бойы өзінің зейнетақы алу құқығын жүзеге асыра алмады.

ҚР ІІМ ақпараты бойынша Ресей Федерациясының құзыретті органдарына бұл өтініш бойынша ф-1 көшірмесін сұратып алдыру туралы сұраулар бірнеше рет жолданды. Алайда, қазақстандық тараптың сұрауларына жауаптар келмеді.

Өз кезегінде, Қазақстан Омбудсмен мекемесі Карелия Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге өтініш берушіні кейін құжаттау мақсатымен ф-1 көшірмесін алуда көмек көрсету өтінішімен сұрау жіберді.

Бұл сұрауға жауап ретінде қазақстандық тараптың құқықтық көмек көрсету туралы сұрауды жіберу тәртібін бұзғаны туралы ақпарат келді. Атап айтқанда, 1993 жылғы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша заң көмегі және құқықтық қатынастар туралы конвенция (бұдан әрі – Конвенция) 5-бабының бұзылғанына байланысты сұрау орталық әділет органы арқылы емес, ҚР ІІМ аймақтық органы арқылы жолданды. Осыған байланысты Қазақстанның сұрауы орындалмады деп мәлімделді.

Сонымен бірге, аталған бұзушылықтарға қарамастан, Т.Р. мүддесінде оның құқықтарының және заңды мүдделерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатымен ресейлік тарап Конвенцияның қағидаларына сәйкес төлқұжатты рәсімдеу үшін қажетті әрі жеткілікті ақпаратты жолдады.
Бұл мысалда, басқа ұқсас жағдайларда сияқты, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының халықаралық шарттардың қағидаларын білмеу және/немесе сақтамау өтініш берушілерді құжаттау процесін созудың себебі болады. Процедураның ұзақтығы тұлғалардың азаматтықсыз тәуекеліне тап болуына немесе негізгі әлеуметтік игіліктерге қолжетімділігі болмай, құжатталмаған болып қалуына жиі әкеледі.

Шетелдік азаматтықтың болуын немесе болмауын растау процедурасы бюрократиялық шығындармен түйіндес тағы бір мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе әртүрлі сараптамалық кездесулер мен талқылаулар шеңберінде Омбудсмен мекемесінің серіктестерімен бірнеше рет қозғалды.

Адам құқықтары және заңнаманы сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның және БҰҰ Жоғарғы комиссарының Босқындар істері жөніндегі басқармасының өкілдері шетелдік азаматтықтың болмауы туралы анықтаманы беру жекелеген жағдайларда мүмкін болмайтынын атады. Мысал ретінде Украина азаматтығының болмауы немесе оны тоқтату туралы анықтаманы беруге міндетті тұлғалардың жағдайлары келтірілді. Бірнеше жыл бойы Украина Елшілігі анықтамаларды бермейді және елдің шығыс облыстарына, атап айтқанда Донецк және Луганск облыстарына, қатысы бар тұлғалар туралы ақпаратты ұсынбайды (сондай-ақ бұндай анықтаманы қашан алуға болатыны туралы да ақпарат жоқ). Сонымен қатар, әрекет ететін жанжалдағы елдер бұндай анықтамаларды беруге қабілетсіз болып табылады.

Сонымен бірге, ұлттық заңнамада азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты ұқсас талап, басым сарапшылардың пікірінше, артық болып табылады. «Азаматтығы жоқ тұлға» заң жүзінде – бұл «өзiнiң қандай да бір мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi жоқ адамдар» (1995 жылғы «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заң) және бұл мәртебе тұлғаның шетелдік азаматтығы жоқ екенін және шетелдік азаматтықтың болмауы туралы дәлелді қайта беру керек емес екенін білдіреді.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының 1991 жылғы «Азаматтық туралы» Заңы азаматтығы жоқ тұлғаларды қоластына алу тәртібін жеңілдетуді қарастырмайтынын атап өткен жөн.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мекемесіне Өзбекстан Республикасында дүниеге келген, азаматтығы жоқ тұлға И.М. Қазақстан азаматтығын алуда көмек көрсетуді сұраумен өтініші түсті. Өтініш беруші соңғы 12 жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында тұратынын мәлімдеді.

Бұл өтінішті қарау шеңберінде ҚР ІІМ-не сұрау жіберілді. Уәкілетті органның ақпараты бойынша И.М.-нің ҚР аумағында тұрақты тұруына рұқсаты жоқ. Өзбекстан Республикасының уәкілетті органымен берілген оның азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігінің әрекет ету мерзімі өтіп кетті.

Қазақстанда ТТЖ рұқсат алу және кейін ҚР азаматтығын алу үшін И.М. оның жеке басын куәландыратынбірқатар құжаттарды, соның ішінде өтініш берілген күні әрекет ету мерзімі 180 күнтізбеік күннен асатын азаматтығы жоқ тұлғаның құжатын беруі тиіс.

И.М.айтуынша, ол азаматтығы жоқ тұлғаның жаңа куәлігін рәсімдеу мақсатында Өзбекстан Елшілігіне жүгінді, алайда оның өтініші күткен нәтижелер бермеді.

ҚР ІІМ Көші-қон комитеті Өзбекстан Республикасының құзыретті органдарына И.М. реадмиссиясы туралы сұрау жібергені мәлім болды. Алайда, өзбек билігі тарапынан жауап әлі күнге дейін келмеді.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мекемесі, өз кезегінде, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдегі әріптестеріне, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталығына бұл мәселені шешуде көмек көрсету өтінішімен хаттар дайындады.
Қалыптасқан жағдайда И.М. жағдайы өте осал екенін және ол азаматтықсыз тәуекеліне ұшырайтын тұлғалардың санатына жататынын атап өткен жөн. Жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өтініш беруші Өзбекстанның уәкілетті органдарына азаматтығы жоқ тұлғаның жаңа құжатын алуға жүгіну үшін шекарадан өтуге және Өзбекстанға баруға құқығы жоқ. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасы бұл мәселені шешудің басқа жолдарын қарастырмайды.

Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған кезде, бұл Қазақстан Республикасының аумағында дүниеге келген балалардың азматтықсыз тәуекелін тудыратын жағдайға да ерекше назар аударған жөн.


«Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азиядағы көші-қон үдерістеріндегі балаларды қорғау» жобасы бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы


2018 жылғы қазанда Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл кеңсесі БҰҰ Балалар қорының Өкілдігімен (ЮНИСЕФ) бірлесіп,«Оңтүстік Шығыс, Оңтүстік және Орталық Азияда көші-қон процестерінде балаларды қорғау» бағдарламасы бойынша Үйлестіруші кеңестің отырысын өткізді. Іс-шара шеңберінде халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар атынан қатысушылар құжатталмаған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін атады. Атап айтқанда, ата-анасының құжаттары жоқ балалар туу туралы куәлікті алу мәселесіне тап болады. Кейін бұл білімге және медициналық көмекке қолжетімділік, еркін жүріп-тұру және т.б. сияқты адамның негізгі құқықтарының болмауын немесе олардың қатты шектелуін білдіреді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Ресей Федерациясының Челябинск облысында дүниеге келген, Қазақстан аумағында тұратын Ю.Н. оны және оның жаңа туған баласын құжаттауда көмек көрсетуді сұраумен өтініші түсті.

Өтініш берушінің айтуынша, ол Ресей Федерациясы азаматшасының мерзімі өткен төлқұжатын ұзарту мақсатымен Ресей Федерациясының Елшілігіне жүгінді. Алайда, ескі құжат алынып, белгіленген беру ережелердің бұзылуына байланысты оның орнына жаңа құжат берілмеді. Істі қарау нәтижесінде Ю.Н. ол Ресей Федерациясының азаматшасы болып табылмайтыны туралы анықтама берілді.

Бұл кезекте, өтініш берушінің жаңа туған нәрестесі анасында құжат болмауы себебінен тіркелмеді.

Бұл өтінішті қарау шеңберінде ҚР ІІМ тиісті сұрау жіберілді. Уәкілетті органның ақпараты бойынша Ю.Н. тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне оны азаматтығы жоқ тұлға деп тану туралы өтінішпен жүгінуге кеңес берілді. Ана құжатталғаннан кейін оның кәмелетке толмаған баласын құжаттау мәселесі қарастырылатын болады деп мәлімделді.
Қолданыстағы тәжірибеге сәйкес баланың туу фактісін куәландыру үшін туу туралы медициналық куәлік толтырылады.Бұл құжатта баланың туған жері және күні, жынысы, дене массасы, бойы, анасы туралы деректер (тегі, аты-жөні, білімі және тұрақты тұрғылықты жері) көрсетіледі. Анасы туралы деректер оның жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады. Алайда, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұлғалар баланың құжаттарын рәсімдеу мәселелеріне тап болады. Демек, ұлттық заңнамада ата-анасының жағдайына қарамастан, бала туылғаннан кейін оның туылғанын бірден тіркеу кепілдігі жоқ.

Осыған байланысты құжатталмаған ата-ананың баласына құжатты Ресей Федерациясында беру тәжірибесіне жүгінген жөн. РФ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Туудың медициналық критерийлері, туу туралы құжаттың нысаны және оны беру тәртібі туралы» бұйрығына 3-қосымшасының 20-тармағына сәйкес медициналық нысанды толтырғанда, анасының жеке басын куәландыратын құжаты болмаған жағдайда,баланың туу туралы медициналық куәлігін медицина персоналы «анасының сөзінен» белгісімен анасының сөзімнен толтырылады. Бұндай тәжірибе толық құжаттардың болмауына қарамастан, баланың туылуын бірден тіркеу құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Есептік жылы Омбудсмен мекемесі сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөмерімен (ЖСН) құжаттардың болмауы нәтижесінде түзеу мекемелерінде күтілетін және экономикалық және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділіктері шектелген шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайына да назар аударды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Қырғыз Республикасының азаматы, Жамбыл облысының аймағында орналасқан түзеу мекемесінде күтілетін сотталған Т.Э. мүддесінде оның құқықтарын қорғауда көмек көрсетуді сұраумен Қырғыз Республикасы Омбудсменінің өтініші түсті.

Бұл өтініштің негізінде Жамбыл облысы бойынша ҰПТтобымен арнайы превентивтік бару өткізілді, соның қорытындысы бойынша ҚР Бас прокуратурасына есеп жіберілді.

Есепте мекемеге барғанда сотталғанның медициналық картасы зерттеп қаралды, соған сәйкес ол мекемеге түскенде медициналық қаралымнан өтті және дені-сау деп танылды деп мәлімделді. Сотталғанның айтуынша, ол 3-топ мүгедегі (оң аяғының тізе буынынан жоғары ампутация) болып табылады. Алайда, оның осы фактті растайтын құжаттары, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжаттары болмады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес куәландыру (қайта куәландыру) мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға арналған өтініш бойынша ЖСН көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы талап етіледі.
Сотталған шетелдік азаматтардың ЖСН-мен құжаттары болмаған жағдайда, оларды қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындарына еңбек қызметіне тартуға болмайды.Соның нәтижесінде сотталғандардың банктік отты ашуға, еңбекақы алуға, азық-түлік өнімдерін және ең қажетті заттарды сатып алуға, ақша аударымдарын іске асыруға мүмкіндіктері болмайды. Сонымен қатар, ЖСН сондай-ақ арнайы медициналық көмекті алу және әлеуметтік қорғау үшін қажет.

Қазақстан Республикасының «Сәйкестендіру нөмерлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Заңы 9-бабының 6-тармағына сәйкес Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыруҚазақстан Республикасының азаматтары үшін оларға жеке басын куәландыратын құжаттарды беру кезінде; шетелдiк үшiн шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат беру немесе тіркеу куәлiгiн беру кезiнде; этникалық қазақтар үшін оралман мәртебесін беру кезінде жүзеге асырылады.

Нәтижесінде жабық мекемедегі тұлғаның жағдайы оның белгісіз құқықтық мәртебесімен қиындайды. Сотталғанды жазасын азаматтығы тиесілі мемлекеттің аумағында ары қарай өтеу үшін ауыстыру бұл мәселенің шешімі болатыны сөзсіз. Алайда, бас бостандығынан айыратын және бас бостандығын шектейтін орындарда азаматтардың саны басым Орталық Азия өңірінің көптеген елдері жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып,олардың мүддесіне зиян келтіру мүмкіндігіне сілтеме жасап, өз азаматтарын қабылдаудан бас тартады.

Осылайша,сотталған шетелдік азаматтар мекеме әкімшілігіне және басқа сотталғандарға тәуелді болу жағдайына түсіп, қатыгез және абыройды қорлайтын әрекеттің құрбаны болу тәуекеліне душар болып,қалыптасқан жағдайдың тұтқыны болады.

Бұл мәселе бойынша Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің мекемесі ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ф.Бычковаға тиісті өтініш жіберді.

Жоғарыда аталғанды түйіндей отырып, есептік 2018 жылы ұлттық құқық қорғау институты азаматтардың еркін жүріп-тұруына және азаматтық алуына құқықтарын қамтамасыз ету саласында көптеген сын-қатерлерге тап болды деген қорытындыға келуге болады.

Шетелде еркін жүріп-тұруына құқықтарын шектеу жағдайына тап болған Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мәселелерінде еліміздің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арасында өзара әрекеттестікті орнату маңызды рөл атқарды. Қазақстан азаматтарын Сириядағы жауынгерлік әрекеттер аймағынан қайтару бойынша арнайы қызметтер операциясының теңдессіздігін, сондай-ақ сыртқы саяси мекемелердің еліміздің азаматтарын шығыс көршілес елдердің аумақтарында орналасқан лагерьлерден қайтару бойынша едәуір күш-жігерін ерекше атап өткен жөн.

Сонымен бірге, шет елдерде қазақстандықтардың құқықтарын бұзу санының артуы мемлекеттен арнайы қызметтердің және сыртқы қатынас органдарының бұл бағытта, сондай-ақ азаматтарды олардың шет елдегі қауіпсіздігінің ықтимал тәуекелдері туралы уақтылы ақпараттандыру бағытында қызметін нығайтуды талап етеді.

2018 жылы азаматтық және құжаттау мәселелері бойынша түскен шағымдар мен өтініштерді талдау өтініштерді ұзақ қарау, мемлекеттік органдардың тарапынан оларды қарау мерзімдерін бұзу, лауазымдық тұлғалардың біліксіздігі мен бұл салада құқықтық нормаларды білмеуі мәселелері өткен жылдарда сияқты орын алатынын көрсетті.

Сонымен қатар, биыл халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар сарапшыларымен өзара әрекеттесу форматын жаңарту және жаңа жобаларды ұйымдастыру және іске қосу арқасында азаматтық және құжаттау мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық кемшіліктерді анықтау мүмкін болды. Бұл мәселе бойынша берілген сараптамалық қорытындылар тәжірибе жүзінде, түскен шағымдар мен өтініштердің мазмұндарында расталды.

Азаматтығы жоқ тұлғалар мен құжатталмаған тұлғалар мәселелерінің мәнін асыра бағалау қиын, өйткені жеке басын куәландыратын құжаттардың болуына адамның оның құқықтары мен міндеттерінің барлық жиынтығын жүзеге асыруға қолжетімділігі тәуелді болады. Аталған мәселелер оларды реттеудің жүйелі тәсілін бір мағыналы түрде талап етеді.


жүктеу 5,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау