Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2018 жылғы



жүктеу 5,23 Mb.
бет16/24
Дата03.02.2020
өлшемі5,23 Mb.
#28083
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

Жылдың екінші жартысы Швейцария Конфедерациясы Федералдық парламенті Ұлттық кеңесінің депутаттары Карло Соммаруганың және Клода Бегленің, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Итальяндық лиганың президенті Антонио Стангоның Қазақстанға келуімен есте қалды, олар елімізге адам құқықтарымен байланысты жағдаймен танысу үшін келді. Омбудсменге үйлестіру жүктелген ҰПТ қызметінің тәжірибесі халықаралық сарапшыларды едәуір қызықтырды. Бұл жағдайда елімізде қоғамдық резонансты тудырған нақты мәселелер қарастырылды. Делегацияны қызықтырған бірқатар мәселелер бойынша Омбудсмен толық ақпаратты берді.17Кездесу қорытындылары бойынша құқық қорғау қызметінде күш-жігерді жан-жақты нығайтудың маңызы туралы ортақ түсінік қалыптасты.

Жылдың соңына қарай бірқатар есептік іс-шаралар өткізілді. Қыркүйекте Гонконг қаласында өткен Ұлттық құқық қорғау мекемелерінің Азия-Тынық мұхиты форумы (АТФ) қатысушыларының жыл сайынғы мәжілісін ерекше атап өтуге болады, соның барысында бұл ұйымның мүше елдері жұмысының кезекті қорытындылары қарастырылды. Омбудсмен әріптестерін өз ұйымы атқарған жылдық жұмысы, сондай-ақ оның институционалдық дамуының өзекті мәселелері туралы ақпараттандырды. Мәжіліс шеңберінде жаңа мүше елдерді қабылдауға қатысты ұйымдық мәселелер қарастырылды. Нәтижесінде, АТФ қатарын Қырғыз Республикасы Омбудсменінің мекемесі толықтырды.

Қазақстандық Омбудсмен мекемесі АТФ-на 2014 жылы кіргенін және қазіргі уақытқа дейін бұл ұйымда орталық азия өңірінің жалғыз өкілі болып келгенін атап өткен жөн. Орталық Азия елдері құқық қорғау мекемелерінің АТФ-на қатысуы кеңеюінің көптеген артықшылықтары бар, жалпы алғанда өңірдің құқық қорғау әлеуетін едәуір нығайту солардың бірі болып табылады.

2018 жылғы қазанда ОмбудсменVI Бакин халықаралық гуманитарлық форумның шеңберінде өткен орнықты даму бойынша Бакин форумына қатысты. Еуропа және Азия елдерінің жоғары өкілдері, Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асыруға жауапты тұлғалар іс-шараға қатысты. Форумның ашылу салтанатында Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев алғысөз айтты. Қазақстан Омбудсмені, тілшілерге берген сұхбатында мемлекет дамуының маңызды индикаторлары ретінде қызмет атқаратын қабылданған Орнықты даму мақсаттарының жаһандық сипатын атап өтті. Омбудсмен сондай-ақ Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында орнықты дамудың нақты мақсаттарына Қазақстанның қол жеткізгені туралы ақпараттандырды.

2018 жылы халықаралық құқық қорғау қоғамдастығының Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдаудың 70 жылдығын атап өткені де ерекше маңызға ие, өйткені ол адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласында барлық халықаралық тәртіптің негізін қалады.

Атап айтқанда, қарашада Омбудсмен «Адам құқықтарын еуразиялық кеңестікте қорғау мәселелері: омбудсмендердің үздік тәжірибесімен алмасу» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін Мәскеуге барды.



Форумға сондай-ақ ТМД елдерінің, еуропалық және азиялық елдердің омбудсмендері, жетекші халықаралық ұйымдардың, соның ішінде БҰҰ және Еуропа Кеңесінің, РФ Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Ресей Федералдық Жиналыстың депутаттары да қатысты. Форум шеңберінде еуразиялық өңір елдері ұлттық құқық қорғау мекемелерінің әлеуетін және ынтымақтастық бағыттарын нығайту мәселелері қарастырылды.Қазақстандық Омбудсмен өз баяндамасында Қазақстан және Ресей омбудсмендерінің құқық қорғау саласындағы көп жылдық тиімді өзара әрекеттесуін атап өтті.


жүктеу 5,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау