Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2018 жылғы


Бостандық және жеке дербес құқықтылық құқығы



жүктеу 5,23 Mb.
бет7/24
Дата03.02.2020
өлшемі5,23 Mb.
#28083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
3. Бостандық және жеке дербес құқықтылық құқығы
Адамның абыройына қол сұғылмаушылық қағидаты, азаптауларды, зорлық-зомбылықты, басқа қатыгездікті немесе адамның абыройын кемсітетін сөз айту немесе жаза қолдануға тыйым салу Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында бекітілді. Қазақстан қабылдап жатқан барлық шаралар қоғамда және мемлекеттік органдарда азаптауларға «нөлдік шыдамдылық» атмосферасын құруға бағытталған. Бұл қағидат соңғы жылдарда өткізілген көптеген реформалардың негізін құрады.

Демократиялық қоғамда және мемлекетте бас бостандығынан айыруға, әдетте, тек сот үкімі бойынша ғана жол беріледі, ал бас бостандығынан уақытша айыру (қамауға алунемесеұстау) – тек нақты мерзімге және заңмен белгіленген процедураларды сақтаумен ғана іске асырылады. Осылайша, Қазақстанда сот санкциясысыз тұлғаны қырық сегіз сағаттан аспайтын, ал кәмелетке толмағанды жиырма төрт сағаттанаспайтын мерзімде ғана ұстауға болады.

Бостандыққа және жеке қол сұғылмаушылыққа құқықты жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының іскеасырылуына мүдделі мемлекеттік институттар қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдары, атап айтқанда полиция департаменттері сондай институттардың бірі болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 16-бабына сәйкес қызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасыныңзаңнамасын сақтауға; адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуын мен қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Есептік кезеңде Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен құқық қорғау жүйесін, соның ішінде полицияны, реформалау бойынша шаралар қабылданды, өйткені ішкі істер органдарының жүйесі заманауи қоғамның сын-қатерлеріне толық мөлшерде жауап бермеді. Сондықтан халықпен заманауи-сервистік жұмыс істеу моделіне өту арқылы полицияны реформалауға кірісу керек болды, соның салдарынан адамдар өз қауіпсіздігі мен мемлекет тарапынан қорғалғанына сенімді болады.

Осы бөлікте Уәкіл поштасы 2018 жылы, алдыңғы жылмен салыстырғанда, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының лауазымдық тұлғаларының әрекетіне және әркетсіздігіне шағымдар санының 2,9%-ға өсімін тіркеді, бұл өтініштердің жалпы санынан 28%-ды құрады.



Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге заңсыз ұстау және айыптау, ұсталғанға құқықтарын түсіндірмеу, қатыгездік жасау, лауазымдық және қызметтік өкілеттігін асыра қолдану мен т.б. шағымдар әлі де түсіп жатыр.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Өскемен қаласының тұрғыны У.К., өтініш білдірушінің пікірінше, Өскемен қаласы Үлбі ІІБ полиция бөлімі қызметкерлерінің, атап айтқанда К.Д. және Ш.В. заңсыз әрекетіне шағымданды.

Өтініш берушінің айтуынша, аталған қызметкерлер оны заңсыз ұстап айыптады, ұсталғанға құқықтарын түсіндірмеді, қатыгездік жасады, қамауда ұстап, 2,5 сағаттан астам уақыт бойы қинады, кінәні мойындатқысы келді.

Уәкіл мекемесінің ҚР Ішкі істер министрлігіне жолдаған сұрауы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті қызметтік тексеріс өткізді, соның барысында ШҚО ІІД Өскемен қ. ІІБ қызметкерлері полиция капитаны К.Д. және полиция майоры Ш.В. тарапынан «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының, «ҚР мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексінің» нормаларын және ҚР Бас прокуратурасының 19.09.2014 жылғы №89 бұйрығының талаптарын бұзу фактілері анықталды,бұл тәртіпті қатаң бұзуда, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықты жасауда көрініс тапты.

Жіберілген бұзушылықтар үшін аталған полиция қызметкерлері қатаң тәртіптік жазаға тартылды.
Полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі, қағазбастылығы, шараларды уақтылы қабылдамауы тағы бір маңызды фактор болып табылады, бұл құқық қорғау институттарына жүгінуге мәжбүр болған азаматтар құқықтарының және заңды мүдделерінің бұзылуына жиі алып келеді.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Павлодар қаласының тұрғыны Т.М. «Бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу кезіндегі Павлодар ІІБ Солтүстік ПБ қызметкерлері К.А., М.С., Г.М. қағазбастылығына шағымданды.

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің ҚР Бас прокуратурасына сұрауымен Павлодар қ. прокуратурасы Павлодар қ. ІІБ Солтүстік ПБ жоғарыда аталған лауазымдық тұлғаларына қатысты тәртіптік іс қозғалды.

Осылайша, қылмыстық істі дұрыс жүргізбегені үшін Павлодар облысы ІІД басшысының бұйрығымен анықтаушы М.С. «сөгіс», анықтау бөлімінің басшысы К.А.«қатаң сөгіс» алды,И.С. лауазымнан босатылды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Алматы қаласының тұрғыны Л.Н. «102» полиция жедел қызметінің уақтылы жауап бермегеніне, Алматы қ. ІІД мемлекеттік қызметкерлерінің ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының, «ҚР мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексінің» нормаларын сақтамауына шағымданды.

Уәкіл мекемесінің ҚР Ішкі істер министрлігіне сұрауымен Алматы қ. Ішкі істер департаменті қызметтік тексерісті өткізді, оның барысында ұйымды және Жедел басқару орталықтарының және ішкі істер органдары кезекші бөлімдерінің қызметін, сондай-ақ ішкі істер органдары тергеу-жедел топтары кезекшілерінің қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламалар мен өтініштерге жауап беру тәртібін реттейтін ведомстволық бұйрықтар нормаларын бұзу актілері расталды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін аталған полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.
Азаптауларды қолдану, адамгершілікке жатпайтын және абыройды қорлайтын қатынас туралы мәселелерге ерекше назар аударған жөн, олар мемлекеттік органдардың, әсіресе құқық қорғау, қызметінде адам құқықтары мәселелерін үздіксіз өзектендіру, үкіметтік емес ұйымдардың мүмкіндіктерін адам құқықтарын қорғауда кеңінен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.

Азаматтық форумның панельдік сессиясында ҰАТ үйлестіру кеңесінің мүшелері


Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық негізгі халықаралық-құқықтық келісімшартты тетіктерінің қатысушысы болып табылады, бұлардың нормалары мен талаптары азаптаулар мен қатыгездікке тыйым салады. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Азаптауларға қарсы Конвенцияға қосылды, 2008 жылы аталған конвенцияға Факультативтік хаттама ратифицияланды. Қазақстанда ҰПТқұру БҰҰ Азаптауларға қарсы Конвенциясына Факультативтік хаттаманың талаптарын орындау бойынша еліміздің міндеттемесі болып табылады. Азаптаулардың алдын алудың әрекетті тетігі, және халықаралық стандарттарға сәйкес ол мекемелердің барлық түрлерін максималды қамту мүмкіндігімен ескертусіз келу кезінде қолданылады. Жұмыс істей бастағаннан бері ҰПТтоптары қатысушылары мандат асты мекемелер мен ұйымдарға қатаң құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 2518 превентивтік келуді жүзеге асырғанын (соның ішінде 99 арнайы) атап өткен жөн. Келу қорытындылары бойынша мекемелердің әкімшіліктеріне анықталған кемшіліктер мен азаптауларды қолдануға жәрдемдесетін жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Бас бостандығын шектейтін немесе бас бостандығынан айыратын орындарда тұлғаларды жазалау немесе оларға қатыгездік жасау жағдайлары анықталған жағдайда, ҰПТҚР Бас прокуратурасына хабарлау арқылы бұған жедел жауап береді.

Осылайша, ҚР Бас прокуратурасының 2018 жылғы деректері бойынша превентивтік келуден кейін Омбудсменнің кеңсесінен түскен өтініштер бойынша қабылданған шараларға қатысты түскен 178 өтініштен 101 тексеріс өткізілді, 8 бойынша ұсыныс жасалды және 31-іСотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде (СТБР) тіркелді (солардың ішінде 29 - тоқтатылды, 2 - іс жүргізілді).

ҚР Бас прокуратурасының жалпы деректері бойынша 2018 жылы СТБР азаптаулар туралы 73 өтінішті және хабарламаны тіркеді, солардың 10-ы сотқа жолданды. Сондай-ақ есептік жылы СТБР-де билікті немесе лауазымдық құзыреттерді асыра қолдану туралы 76 өтініш және хабарлама тіркелді, солардың 47 – қылмыстық іс жүргізумен аяқталды, 3 – сотқа жіберілді, 1 – ҚР ҚПК 35, 36-баптарына сәйкес тоқтатылды.

Сонымен бірге, азаптаулар және қатыгездік туралы шағымдар мен өтініштер Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге әлі де түсіп жатыр, олардың саны есептік кезеңде 148 өтінішті құрады. Осылайша, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаптауларды және қатыгездікті қолдану фактілері жиі жеке қауіпсіздік құрылымдық бөлімшелерімен тексеріледі. Бұндай тексерістерді тәуелсіз әрі объективті деп санау қиын, осыған байланысты азаптаулар жасырындылықтың жоғары деңгейімен сипатталады. Тәжірибе жүзінде, көп жағдайда, азап құрбандары бұл туралы хабарламайды, өйткені құқық қорғау органдарына нақты сенім білдірмейді.

Жоғарыда аталған мән-мәтінде қатыгездік айыбы бойынша қылмыстық істер жиі әртүрлі себептерге, соның ішінде құқық қорғау органдарының іс-әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылатынынатап өткен жөн.

Мақсаты Қазақстанда азаптаулар және қатыгездік жағдайларына қатысты алдын алу, тергеу және оңалту бойынша кешенді шараларды әзірлеу болып табылатын «Азапсыз қоғамға» жобасы шеңберінде ҚР Бас прокуратурасы мынандай шараларды жүзеге асырды:

- соттың азаптауларға қарсы, қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалау, сондай-ақ зиянды өтеу заңнама нормаларын қолдануының біркелкі тәжірибесін қалыптастыру мәселелерін реттейтін үш Нормативтік қаулыға өзгерістер енгізілді;

- «Жәбірленушіге зиянды өтеу Қоры туралы» ҚР Заңы қабылданды (10.01.2018 жылғы №131-VI);

- заңнамаға түзетулерге қол қойылды, соларға сәйкес азаптаған тұлғаларға іс-әрекетіне өкінгеніне және тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы норма қолданылмайды;

- азаптаулардың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының ғимараттарында тергеу әрекеттерін өткізуге арналған 490 «ашық» кабинет ашылды (шыны есіктермен және бейнебақылау камераларыменжабдықталған, мониторлар фойеге және кезекші бөлімге шығады).

Құқық қорғау жүйесін жаңғырту қоғамдық сенімділікті қамтамасыз етеді және полиция қызметінің ашықтығы мен жариялылығы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидатын қамтамасыз етеді деп ұйғарылды.


жүктеу 5,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау