14-апта тапсырмасы.
Виктимологиядағы жасырын қылмыстылық түсінігі
Минималдық (төменгі) латентті қылмыстар, орташа латентті қылмыстар мен максималдық (жоғары) латентті қылмыстарды
Латенттік қылмыстылық дегеніміз әр түрлі себептермен құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалған қылмыстардың жиынтығы. Ол латынша latens сөзінен шыққан, ол жасырын дегенді білдіреді. Мысалға теңізде қалқып жүрген мұзарттың (айсберг) су бетінде бізге көрініп жүрген бөлігінен су асты көрінбейтін бөлігі әлдейқайда көлемді болады. Криминология дәл осындай Архимед ашқан физикалық заңдылыққа бағынбаса да қылмыстылық мәселесі туралы осы бір заңдылықты мысал ретінде келтіруге болады. Өйткені қылмыстылықтың көрінетін бөлігінен де жасырын бөлігі (латенттік) көлемді болып келеді.
Латенттік қылмыстардың екі түрі бар: жасырын (табиғи) және жасырылған (жасанды). Алғашқысы табиғи жолмен әр түрлі себептермен құқық қорғау органдарына хабарланбағандар.

Минималдық (төменгі) латентті қылмыстар (кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, ауыр дене жарақатын салу т.б.);
Орташа латентті қылмыстар (ұрлық, зорлау т.б.);
Максималдық (жоғары) латентті қылмыстар (парақорлық, броконерлік, заңсыз аборт жасау, соз ауруларын жұқтыру).
Қылмыстардың жасырынушылық қабілетке ие болуы оларды жасаушы мен жәбірленушінің мүдделі болуы мен қылмыстардың ауырлық деңгейіне байланысты. Жалпы алғанда, қылмыстардың латенттілік деңгей мен олардың ауырлық деңгейі кері пропорционалды, яғни неғұрлым қылмыс ауыр болған сайын соғұрлым оның латенттілік деңгейі төмендейді. Қылмыс жеңіл болса, қолды бір-ақ сілтеуге де оңай және жасыруға да болады (мысалға, жеңіл жарақатқа - құлап қалдым, есікке соғып алдым деуге). Ал ауыр қылмысты жасыру да қиын, қол сілтеуге де ауыр (мысалға, кісі өлтірілсе , мүрдесі бәрібір табылады немесе ауыр дене жарақатын төсек тартып жатып, құлап қалдым деп айта алмайды). Бірақ, бұл үнемі қылмыстың ауырлығына қарап латенттілік деңгейін өлшеуге болады дегенді білдірмейлі, себебі, кейде қылмыс қанша ауыр болса да, тым жеке сипатта болуы мүмкін (мысалға, әйел жынысты адамды зорлау), сондықтан көп хабарланбай да қалуы әбден ықтимал.
Қылмыскерліктің латенттігін зерделеу.
Қылмыскерлікте өте жоғары латенттік бар. Тіптен, адам өлтіру болған кейбір жағдайларда ол адам өзін – өзі өлтіруді деп көрсетіліп, қылмыстың ізі жойылып, мұқият бүркемеленеді. Егер қылмысты ұйымдасқан және кәсіби топ жасаса, онда латенттік деңгейі жоғары болады.
Қылмыскерліктің латенттік бөлігі жасырын және жасырылған қылмыстарды қамтиды. Қылмыскерліктің жасырын бөлігі, жасалған бірақ ол жайында құқық қорғау органдары мен сот білмейтін қылмыстар мен олардың әр түрлі жиынтығынан құралады.
Қылмыскерліктің жасырылған бөлігі құқық қорғау органдарына белгілі болған, бірақ қандай да бір себептермен қылмыскерлік туралы статистикаға кірмей қалған қылмыстар мен олардың жиынтығын қамтиды.
Тиісті қылмыскерліктің латенттігі ескеріліп оның қаншалықты кең таралғандығын білуге мүмкіндік беретіндігі бір қатар әдістемелер бар:
Біріншіден, бұл бірқатар статистикалық мәліметтердің салыстырмалы талдамасы. Мысалы, адам өлтіру мен әр түрлі ауырлықтағы дене жарақатының санын салыстыру.
Екіншіден, латентті айқындау мақсатында қылмыстық статистиканың, азаматтық – құқықтық деликттер, әкімшілік және тәртіптік, құқық бұзушылық статистиканың мәліметтері салыстырылады.
Үшіншіден, қылмыстық статистиканың мәліметтері қылмыстар мен арыздармен, шағымдармен, хабарлармен оның ішінде тек құқық органдарына ғана емес, сондай – ақ бұқаралық ақпарат құралдарына, басқа ұйымдарға жіберілгендерімен салыстырылады.
Төртіншіден, арнайы анкета бойынша халықтан алынған жауаппен де салыстыру жүргізіледі. Қылмыскерліктің латенттігіне жасалған талдаудан кейін заңдылықтың нақты бұзылу фактілерін анықтау үлкен мақсатты жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |