7. Тұрғын-үй және жер құқықтары
Тұрғын-үй қолжетімділігін және ыңғайлылығын арттыру арқылы халықтың жоғары тұрмыс сапасын қамтамасыз ету Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басым міндеті болып табылады. Халықты тұрғын-үймен қамтамасыз етудің маңызды құралдары ретінде тұрғын-үй құрылысына жекеменшік инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекешілік серіктестікті ынталандыру болып анықталды.
2018 жылы тұрғын-үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын«7-20-25» жаңа кең ауқымды бағдарламасы іске қосылды,. Сондай-ақелімізде 2017 жылдан бері «Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламалар бір-бірін толықтырады және азаматтардың тұрғын-үй жағдайын жақсарту бойынша жаңа мүмкіндіктерді жасайды.
«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылғы 9 ай қорытындыларына сәйкес республика бойынша 8,8 млн. шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылғы ұқсас деңгейінен 11,6%-ға артық. Тұрғын-үйлерді пайдалануға беру қарқынының едәуір өсімі Алматы, Маңғыстау облыстарында, Шымкент қаласында тіркелді3.
4,5 мыңға жуық қазақстандық «7-20-25» тұрғын-үй бағдарламасына қатысуға өтініш берді, солардың ішінде банктер 35 миллиард теңге сомасына шамамен үш мың өтінішті мақұлдады4. Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында аталған тапсырмасы шеңберінде ел өңірлерінде бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін жеңіл ипотека бойынша бастапқы жарналарды жергілікті бюджеттен субсидиялау бойынша жұмыс өткізілді. Аталған бағдарлама шеңберінде бастапқы жарналарды субсидиялау өңірлерде қажетті білікті педагогтар, медицина қызметкерлері, полиция қызметкерлері мен басқа мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Азаматтардың тұрғын-үй құқықтарын қорғау ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл қызметінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағыттарда қызмет өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдау, сараптамалық-талдау, мониторингтік жұмыс, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу арқылы іске асырылады.
Түскен шағымдармен жұмыс істеумен қатар, Уәкіл адам құқықтарын қамтамасыз етумен байланысты басқа маңызды мәселелерді қарауға өз бетінше бастамашылық ететінін атап өткен жөн.
Есептік жылы Омбудсмен ел Үкіметіне азаматтардың тұрғын-үй құқықтарын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша жүгінді. Атап айтқанда, Омбудсменмен«Алтын алқамен» марапатталған көп балалы аналардың қолданыстағы «Мемлекеттік наградалар туралы» ҚР Заңына сәйкес олармен алынған мемлекеттік тұрғын-үй қорынан бірінші кезекте тұрғын-үй алу құқығын жүзеге асыруда қалыптасқан құқықтық коллизияны жою ұсынылды.
Кейін қабылданған «Тұрғын-үй қатынастары туралы» ҚР Заңымен «Алтын алқамен» марапатталған көп балалы аналар«көп балалы отбасылар» санатына жатқызылды, осыған байланысты жоғарыда аталған құқықтан айырылды. Қалыптасқан құқықтық коллизияныпрокуратура органдары, сондай-ақ «Алтын алқамен» марапатталған көп балалы аналардың пайдасына шешілген оң сот шешімдері растады.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің аталған өтініште қозғаған басқа мәселе азаматтардың тұрғын-үй құқықтарын қамтамасыз ету саласында заңнамалық нормаларды тежеуші факторлар болды. Тұрғын-үйі белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға жауап бермейтін азаматтарды есепке алу бойынша нақты заңнамалық нормалар болсада, ұзақ уақыт бойы оны жүзеге асыру тетігі әрекет етпеді, өйткені санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру жөнінде уәкілетті орган болмады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде уәкілетті мемлекеттік орган белгіленген мәселелерді шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттандырды.Жоғарыда аталған өтініштің толық мәтінімен осы Есептің қосымшасында танысуға болады.
2018 жылы Омбудсменге мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғынжай беру, оны жекешелендіру, қанағатсыз тұрмыс жағдайлары, банктердің әрекетімен, тұрғын-үй таластары бойынша сот актілерімен келіспеу мәселелері бойынша 57 өтініш түсті.
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Қызылорда қ. тұрғын-үй қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органның оның тұрғын-үйді жекешелендіру құжаттарын ұзақ қарауынаБ.Р.шағымданды.
Уәкіл мекемесі бұған араласқаннан кейін Қызылорда қ. Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі өтініш берушінің құжаттары тұрғын-үй комиссиясының 2018 жылғы 9 қазанда өткен отырысында қаралғаны, оның қорытындылары бойынша Б.Р. қатысты оң шешімнің қабылданғаны туралы ақпараттандырды.
Қызылорда қ. әкімінің 10.10.2018ж. қаулысымен Қасымхан көшесі, 3Б-үй, 10-пәтер мекенжайы бойынша орналасқан пәтер өтініш берушінің атына жекешелендірілді.
Халықтың осал топтары мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждартізімдерінде олардың кезегінің баяу жылжуы, ұзақ күту мерзімдері көрсетілген өтініштер жеке топты құрайды. Өтініш берушілер қиын материалдық жағдай, мүгедектік, ата-анасының, жақын туысқандарының болмауы және басқа жағдайлар туралы мәлімдеп, уақытша тұрғын-үй алуда көмек көрсетуді сұрады. Жекелеген жергілікті атқарушы органдардың халықтың осал топтарына уақытша тұрғын-үй беру бойынша шараларды қабылдағанын атап өткен жөн.
Омбудсменге кәмелетке толмаған екі баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан М.Д. тұрғын-үй беруде көмек көрсетуді сұраумен өтініші түсті.
Өтініш беруші тұрақты тұрғын-үйінің болмауына байланысты ол балаларымен жалдамалы пәтерде тұруына тура келетінін мәлімдеді, оларды жақында пәтерден шығаруына байланысты жағдай қиындады. Ол тұрғын-үйге мұқтаждар есебінде тұрды, алайда кезек баяу жылжыды.
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұрауына Алматы облысының әкімдігі М.Д. мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын-үй алуға мұқтаждар есебінде «толық емес отбасы» санаты бойынша тұрғаны, оның кезек нөмерінің 827 екені туралы ақпараттандырды.
«Тұрғын-үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 74-бабына сәйкесмұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiледi. Бұл тізімге кірген басқалардан бұрын тұрғынжай алуына ешкімнің басым құқығы жоқ
Сонымен бірге, өтініш берушінің қиын жағдайын ескеріп,
2018 жылғы 28 ақпанда Панфилов ауданының әкімдігі М.Д. мен балаларына Жаркент қ. жатақханадан бөлме бөлді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге екінші топ мүгедегі И.С. мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғынжай беру мәселесі бойынша өтініші түсті.Өтініш берушінің айтуынша, мүгедектігі бойынша жәрдемақы оның жалғыз кіріс көзі болып табылады, оның пәтер жалдауға қаражаты жоқ.
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұрауына Батыс Қазақстан облысының әкімдігі И.С. мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебінде «1, 2 топ мүгедектері» санаты бойынша 2004 жылғы 19 тамыздан бері тұрғаны туралы ақпараттандырды. Оның кезек нөмері – 289.
Осылайша, өтініш беруші тұрғынжайға мұқтаждар есебінде 14 жыл тұр.
Жоғарыда аталған әкімдіктің мәлімдеуінше, «Тұрғын-үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғынжай кезек тәртібімен берілетін болады.
Мәлім болғандай, 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы ірі қалаларда халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін жалдамалы тұрғынжай салуды арттыру қажеттілігін атады. Бұл шаралар 250 мыңнан астам отбасыға тұрғын-үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жергілікті атқарушы органдардың осы тапсырманы тиімді жүзеге асыруы еліміздің өңірлерінде жылдар бойы қалыптасқан тұрғынжайға кезектер мәселесін шешуге мүмкіндік береді деп ұйғарылды.
Жекелеген өтініштер ауылдық елді-мекендерге еңбек қызметін іске асыруға келген жас мамандарға тұрғынжай беруге қатысты болды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге А.Е. шалғай ауылдық елді-мекенге еңбек қызметін іске асыруға келген жас маман ретінде тұрғынжай беру мәселесі бойынша өтініші түсті.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ақпаратына сәйкес, А.Е. 2017 жылғы 19 қазаннан бері жоғарыда аталған ауданның Чистопольск дәрігерлік амбулаторияда тіс дәрігері болып жұмыс істеп келеді. Жас маманға көтермеақы және бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау алу үшін «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысу ұсынылды. Уәкіл мекемесінің сұрауы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде А.Е. 2019-2021 жж. тұрғынжайға бюджеттік несие алу үшін мамандар тізіміне енгізілді.
Қанағатсыз тұрмыстық жағдайлар, тұрғын-үйлердің техникалық жай-күйі азаматтардың өтініштерінде көтерілетін өзекті мәселелер болып табылады.
Омбудсменге Астана қаласы Сарыарқа ауданы Өндіріс ауылы № 6 үйінің тұрғындарынан үйдің апаттық жағдайы, жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігі мәселелері бойынша өтініш түсті.
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұрауына Астана қ. әкімдігі 2015 жылы бұл үйдің техникалық зерттеп қаралғаны, соның нәтижесінде оның нақты тозуы 47%-ды құрайтыны анықталғаны туралы ақпараттандырды.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғынжайды ескі және апаттық деп тану үшін штатында инженерлік-зерттеу жұмыстарын орындау үшін аккредиттелген қызметкерлері бар мамандандырылған ұйыммен жасалған үй-жайдың техникалық жай-күйі туралы пайыздық қатынастағы (61%-дан жоғары) қорытындысы, сондай-ақ Астана қ. Төтенше жағдайлар департаментінің қорытындысы болуы қажет.
Жоғарыда аталған әкімдік кейінге жоспарланған жұмыстар шеңберінде тұрғын-үйдің апаттылығын анықтау бойынша оған қайтадан зерттеу жасалатын болады деп мәлімдеді.
Аталған мән-мәтінде уәкілетті органдардың еліміздің өңірлерінде тұрғын-үй қорының техникалық жай-күйіне жүйелі негізде мониторинг жасауы, бұл процеске тәуелсіз сарапшыларды, бұл саладағы азаматтық қоғам өкілдерін тартуы маңызды мәнге ие.
Өткен жылы еліміздің бірқатар елді-мекендерін су басуы нәтижесінде азаматтардың тұрғын-үйлері қирады. Атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының аймақтарын су басты. Зардап шеккен халыққа медициналық, психологиялық, гуманитарлық көмек көрсетілді.
Ұлттық құқық қорғау мекемесіне азаматтардың көктемгі су басу нәтижесінде, соның ішінде өткен жылдарда да, тұрғын-үйдің қирауына байланысы қиындықтар туралы өтініштері түсті.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Б.В. 2017 жылғы көктемде оның үйін су басуына байланысты Атбасар қ. жергілікті атқарушы органдарының тұрғынжайды беруден бас тартуына келіспеуі туралы өтініші түсті. Су басудың нәтижесінде тұрғын-үй тұру үшін жарамсыз деп танылды. Б.В. зейнетте, үйдісу басуына байланысты пәтер жалдауға мәжбүр болды.
Уәкіл мекемесінің сұрауына Ақмола облысының әкімдігі Атабасар қ., Челюскин көшесі, № 49 иеліктегі үйдің техникалық қорытындысына сәйкес апаттық деп танылғаны туралы ақпараттандырды.Төтенше жағдай нәтижесінде үйсіз қалған азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның шешімі негізіндеБ.В. салынып жатқан 45 қабатты тұрғын-үйде 2 бөлмелі пәтер берілетін болады.
Сонымен бірге, «Тұрғын-үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес белгіленген заңнамалық тәртіппен жалғыз тұрғын үйі «апаттық» деп танылған ҚР азаматтары тұрғынжайды алғанда, меншік құқығындағы «апаттық» тұрғын-үйді азаматтық заңнамаға сәйкес коммуналдық меншікке береді.
Жоғарыда аталған әкімдіктің мәлімдеуінше, сот атқарушысының жер учаскесіне тыйым салуына байланысты мүлікке меншік құқықты тоқтату мүмкін болмай тұр. Мүлікті тыйым салудан босату үшін өтініш берушіге сотқа жазбаша өтініш жасау қажеттілігі түсіндірілді.
Аталғанның бәрі жергілікті атқарушы органдарының су басу нәтижесінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету бойынша түсіндіру, құқықтық жұмысты, сондай-ақ тасқанға қарсы қорғандарды салу бойынша пәнменді шараларды, бұл бағытта жайындық жұмыстарын өткізу қажеттілігін дәлелдейді.
Өтініштердің басқа тобы тұрғын-үй алу үшін ипотекалық несиені рәсімдеген мәселелік қарыз алушыларға қатысты болды. Өтініштердің авторлары қиын өмір жағдайлары туралы мәлімдеді, солардың нәтижесінде олар төлеуге қабілетсіз және мәжбүрлеп шығару қаупіне төнді. Сот банктердің кепілдікке берілген мүлікті өткізу арқылы қарызды өтеу туралы талап арыздарын қарағанда, жиі шешімді солардың пайдасына қарай шешеді.
Бұл жағдайларға байланысты Омбудсмен ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасына кепілдікке берілген мүліктен банктік қарызды өндіріп алу сот тәжірибесі мәселесі бойынша өтініш жіберді, оның толық мәтінімен Есептің қосымшасында танысуға болады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес банктер банктік қарыз шартымен қарастырылған, қарызды өндіріп алу бойынша кез келген шаралардықолдануға, соның ішінде соттан тыс немесе сот тәртібімен кепілдікке берілген мүлікті өндіріп алуға құқылы.
Омбудсмен,қабылданған сот шешімдеріне және банктердің қарызгер міндеттемелерін орындау қажеттілігі туралы талап арыздарының негіздемелеріне қарсылық білдірмей, сонымен бірге соттардың барлық жағдайларды, сондай-ақ мерзімін ұзарту немесе банктік қарыз бойынша міндеттерді орындау тәртібін өзгерту мүмкіндіктерін ескере отырып, бұндай істерді жеке тәртіппен қарау маңызын атады. Бұл жағдайда қолдауға мұқтаж, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын, кепілдікті қамтамасыз ету үшін жалғыз үйін берген және қиын материалдық жағдайдағы қарыз алушыларға ғана назар аударылды.
Бұған дейін бұл мәселе Омбудсменнің тиісті органдарға, соның ішінде ҚР Ұлттық Банкіне жүгінудің мәні болғанын атап өткен жөн.
Негізгі халықаралық құжаттарда кез келген адамның мүлікті, соның ішінде жерді иелену құқығы жарияланған.Мемлекеттің азаматтарды жерді иелену құқығымен қамтамасыз ету бойынша заңнамалық және өзге шараларды жасаумен бірге жер қатынастарын реттеу саласында талас мәселелер туындайды.
Есептік жылы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге түскен өтініштердің жалпы санынан жер мәселелері бойынша 1,7% өтініш түсті. Өтініштерде өтініш берушілер жер учаскелерін беру, құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеу, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу кезінде, жергілікті атқарушы органдардың әрекетімен келіспеуін, сондай-ақ жер таластары бойынша сот актілерімен келіспеуін білдірді.
Көршілес (межелес) учаскелер иелерінің арасында таластар анағұлым жиі туындайды, бұнда бұзушылықтың түріне байланысты мүлікті талап ету туралы немесе иелену және жер учаскесін пайдалану құқықтарының бұзылуын жою туралы талаптар қойылады.
Омбудсменге азамат Ф.С. Алматы қ. жергілікті атқарушы органның оған жер учаскесіне жеке меншік құқығына акт беруден бас тартуымен келіспеуі туралы өтініші түсті.
Өтініш берушінің дәлелдерін объективті әрі жан-жақты қарау мақсатында Омбудсмен мекемесінің сұрауы бойынша ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті тексеріс өткізді. Материалдарды зерттеп қарау барысында жер учаскесінің Т.В. жер учаскесінің шекараларымен қабаттасуы Алматы қ., Говоров к., 10-үй мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындаудан бас тартуға негіз болғаны анықталды.
Жер учаскелері шекараларының қабаттасуы Т.В. жер учаскесінің бұрылу нүктесінің координаттары сол кезде топографиялық жоспардан графикалық түрде анықталғанына байланысты болды.
Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында уәкілетті мемлекеттік орган Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеп қарау департаментіне – Алматы қ. бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ филиалына ұйым қаражаты есебінен Алматы қ., Медеу ауданы, Говоров к-сі., 12-үй; Алматы қ., Медеу ауданы, Говоров к-сі., 10-үй; Алматы қ., Медеу ауданы, Говоров к-сі., 8-үймекенжайлары бойынша орналасқан жер учаскелеріне жерге орналастыру жобаларын әзірлеу тапсырылды.
Осыған байланысты өтініш берушіге Алматы қ. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеп қарау департаментіне жүгінуге кеңес берілді.
ҚР қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес жер учаскелерін беру, құқық белгілеуші құжаттарды беру мәселелері жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Өтініштердің бір бөлігі бұл органдардың жер мәселелері қарау кезінде әрекетіне келіспеумен түсіндіріледі.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге Жамбыл облысы Байзақ ауданы жергілікті атқарушы органдарының жер учаскесін пайдалану құқығын бұзуына шағыммен Т.А. өтініші түсті.
Жамбыл облысының әкімдігі өткізген тексеріс нәтижелері бойынша 2005 жылдан 2010 жылға дейінгі мерзімде Сарыкемер ауылдық округінің әкімі алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен жер учаскелерін, соның ішінде бұған дейін өтініш берушінің меншігіндегі жер учаскесін заңсыз беруді жүзеге асырғаныанықталды. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары бұдан кейін әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айрылды.
Осыған байланысты Т.А. Сарыкемер ауылында Вишневая және Автопарк көшелерінде орналасқан тең бағалы екі жер учаскесін алу ұсынылды, алайда ол олардан бас тартты. Жамбыл облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес Сарыкемер ауылында басқа жер учаскелері жоқ.
ҚР Жер кодексінің 167-бабына сәйкес жер құқықтық қатынастарынан туындайтын таластар сот тәртібімен қарастырылады. Осыған байланысты өтініш берушіге тиісті талап арызбен сотқа жүгіну құқығының сақталатыны туралы түсіндірілді.
Жер заңнамасының нормаларын сақтамау туралы БАҚ-та да жарияланды. Осылайша, Атырау облысы прокуратура органдары жер заңнамасының бұзылуын анықтады. Жергілікті органдар жеке тұрғын-үй құрылысына жерді бөліп, акт беру процесін созды. Нәтижесінде азаматтар салықты уақтылы төлей алмады. Прокуратура органдары араласқаннан кейін тиісті актілер берілді5.
Солтүстік Қазақстан облысында 257 жер учаскесі ұтымсыз және мақсаты бойынша емес пайдаланып жатқаны анықталды. Сонымен қатар, прокуратура органдары жер заңнамасының шамамен 80 бұзылуын анықтады, 16 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу кезінде өтемақы мөлшерімен және тәртібімен келіспеу туралы шағымдар өтініштердің басқа бөлігін құрайды. Көп жағдайда өтініш берушілерде жер таластары бойынша сот шешімдері қолда болды. ҚР Президентінің 19.09.2002 жылғы Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл туралы Ережелерге сәйкес Уәкіл сот шешімдері мен әрекеттеріне шағымдарды қарастырмайтынын назарға ала отырып, азаматтарға сот актілерін жоғары тұрған сот инстанцияларында шағым жасау тәртібі туралы тиісті түсініктемелер жіберілді.
Түскен өтініштерді талдау жер таластарының қиындығы оларды қарау кезінде арнайы құжаттаманы зерттеп қарау, жер құқықтық қатынастары туындауының нақты мерзімін анықтау қажеттілігінің туындайтынын көрсетті, соған байланысты заңнаманың белгілі бір нормасын пайдалану мүмкіндігі анықталады. Сондай-ақ жер мәселелерін қарау жер учаскелерін беру, құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеу, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселелері бойынша арнайы білімді, сондай-ақ уәкілетті органның тарапынан тиісті бақылауды талап етеді.
Жоғарыда аталғанның мән-мәтінінде жер, тұрғын-үй құқықтық қатынастары саласындағы уәкілетті мемлекетті органдарының халық арасында түсіндіру жұмыстарын өткізуі, уәкілетті органдар қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, тұрғын-үй, жер заңнамасының сақталуына жүйелі түрде мониторинг жасау, жоғарыда аталған мәселелер бойынша медиация институтын, сондай-ақ азаматтық қоғам әлеуетін қоғамдық бақылау институты ретінде пайдалану маңызды мәнге ие.
8. Еңбек құқықтары
Еңбек нарығының жаһандық түрлену жағдайында халықтың жұмыспен қамтылуын, еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгерімін, еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету мәселелері ерекше мәнге ие бола бастады.Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында қазақстандықтардың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударады. 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауда Президент еңбек саласында негізгі әлеуметтік индикатордың – ең төмен еңбекақының өлшемшарттарын өзгертуге, сондай-ақ оның мөлшерін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 есе арттыруға тапсырма берді.
Елімізде халықтың нәтижелі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс өткізіліп келеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2018 жылдың 11 айында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына 632 мыңнан астам адам қатысты, солардың ішінде жартысын (52,5%) ауыл тұрғындары құрады. Солардың ішінде 513 мың адам (81%) жұмыссыздар болып табылады. 119 мың адам (19%) өз-өзін жұмыспен қамтығандар. 515 мың адам жұмысқа тұрды, соның ішінде 368 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа тұрды6.
Өз-өзін жұмыспен қамтыған халықтың қызметін ресмилендіру және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»ҚР Заңы қабылданды. Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан халықтың бейресми жұмыспен қамтылған санатының қызметін тіркеудің жеңілдетілген тәртібін қарастыратын жаңа құқықтық режимді Бірыңғай жиынтық төлемді енгізуді қарастырады.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. 2018 жылы Омбудсменге еңбекақыны төлемеу, жұмыс орнынан босатылуымен келіспеу, еңбек қатынастарын бұрыс рәсімдеу, өндірісте денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу мәселелері бойынша 46 өтініш түсті.
Әлеуметтік және еңбек салаларындағы мониторинг бойынша Омбудсмен жанындағы Жұмыс тобының отырысы
ҚР Еңбек кодексінің 22, 23 баптарына сәйкес еңбекақыны уақтылы және толық мөлшерде төлеу қызметкердің негізгі құқығы және жұмыс берушінің негізгі міндеті болып табылады. Алайда, тәжірибе жүзінде азаматтар еңбекақы төлеуіне өз құқықтарының бұзылуына жиі тап болады.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге «Ерейментау кірпіш зауыты» ЖШС қызметкерлерінің жұмысберушінің еңбекақы бойынша қарызын төлемеуіне шағыммен өтініші түсті.
Уәкіл мекмесінің сұрауы бойынша Павлодар облысының Еңбек басқарамасы өткізген тексеріс нәтижелері бойынша жұмысберушінің қолданыстағы еңбек заңнамасының нормаларын бұзуы, атап айтқанда, еңбекақыны, демалысақыны, сондай-ақ қызметкерлермен еңбек шартын бұзу кезінде тиесілі сомаларды төлемеуіанықталды.
«Ерейментау кірпіш зауыты» ЖШС әкімшілігіне қатысты еңбек заңнамасының бұзылуын жою туралы ұйғарымдар бірнеше рет жасалды. Жұмыс берушінің ұйғарымдарды орындамауы фактісі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі 462-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жазылды. 11.10.2018ж. аталған кәсіпорынға қатысты әкішілік іс Екібастұз қ. мамандандырылған әкімшілік соттың қарауына жіберілді. Сондай-ақ 02.11.2018ж. Екібастұз қ. ІІБ-на мәлімет үшін қала прокурорына жұмыс берушіге қатысты қылмыстық істі қозғау мәселесін қарау туралы хат жолданды.
Павлодар облысы Еңбек басқармасының мәлімдеуінше, 2018 жылғы 26 қазандағы жағдай бойынша «Ерейментау кірпіш зауыты» ЖШС қызметкерлер алдында еңбекақы бойынша қарызы 68 705 664 теңгені құрады.
2018 жылғы 6 желтоқсанда Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жанындағы Жұмыс тобының мүшелері әлеуметтік және еңбек салаларындағы мониторинг бойынша «Ерейментау кірпіш зауыты» ЖШС-не барғанын атап өткен жөн. Бару барысында кәсіпорынның бос тұрғаны анықталды, зауытта бірнеше жұмысшы болды. Кәсіпорынның әкімшілігі Жұмыс тобы мүшелерінің зауытқа келуі туралы хабардар болса да, орнында болмады. Қалған жұмысшылармен сұхбаттасу барысында олар да еңбекақыны төлемеу, басым қызметкерлерді жұмыстан босату фактілері туралы мәлімдеді.
Бару қорытындылары бойынша ұлттық құқық қорғау мекемесі Павлодар облысының әкімдігіне қалыптасқан жағдайда көмек көрсету, қызметкерлерді жұмыспен қамту, зауыттың қызметін жалғастыруы үшін инвесторларды іздеу туралы мәселені қарау өтінішімен хат жолдады.
Еңбек шартын жасасу, оның дұрыс рәсімделуі еңбек құқықтарын қамтамасыз ету ісінде маңызды мәселе болып табылады, бұл тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға беруге, олардың құқықтық салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек шартын жасасу мәселелерін реттеу де жұмысберушінің қызметкердің алдындақызметкер еңбек міндеттемелерін орындау кезінде оның өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бөлігінде тиісті еңбек шарттарын қамтамасыз ету кезінде және т.б. жауапкершілігін анықтау үшін маңызды тәжірибелік мәнге ие.
Сонымен бірге, жекелеген шағымдардың мазмұнынан белгілі болғандай, жекеменшік нысанмен кәсіпорындарда жұмысқа қабылдағанда жиі еңбек шарттары рәсімделмейді немесе оларда заңнамамен белгіленген еңбекақы мөлшері қарастырылмайды, бұл қызметкерлерді жұмыстан босатқанда жұмысберушінің еңбек заңнамасын бұзуы үшін алғышарттар болады.
Омбудсменге Ақмола облысында орналасқан «Шиелі Тас» ЖШС филиалының қызметкерлерінен еңбекақыны төлемеуге, зейнетақы аударымдарын аудармауға шағыммен ұжымдық өтініш түсті.
Өтініште өтініш берушілер жұмысберуші олармен еңбек шартын жасаспағаны туралы мәлімдеді.
Өткізілген тексерістің нәтижелері бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті орган құжаттарды зерттеп қарау қорытындылары, сондай-ақ «Шиелі Тас» ЖШС басшысының түсініктемесі бойынша аталған қызметкерлердің бұл ұйымда жұмыс істеу фактісі расталмағаны туралы ақпараттандырды. Өтініш берушілерге сот органдарына шағымдану құқығы туралы түсіндірілді.
Осылайша, еңбек қатынастарын тиісті деңгейде рәсімдемеу қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауда тежеуші фактор болды.
Өтініштердің басқа тобы өтініш берушілердің жұмыстан босатылуымен, жекелеген жағдайларда жұмысберушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға негіздемелерменкеліспеуге қатысты болды.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ішкі аудит қызметі бұрынғы қызметкерлерінің жұмысберушінің еңбек шарттарын бұзу бөлігінде әрекетімен келіспеуі туралы өтініші түсті.
Бұл қызметкерлер ҚР Еңбек кодексі 52-бабы 1-тармағының 23-тармақшасы негізінде жұмыстан босатылды, оған сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша заңды тұлға мүлкінің меншік иесінің не заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімімен "Акционерлік қоғамдар туралы" ҚР Заңына сәйкес ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің өкілеттіктері тоқтатылады.Өз кезегінде, аталған Заңның 53-бабы 2-тармағының 10-тармақшасына сәйкес ішкі аудит қызметінің құзыреттерін мерзімнен бұрын тоқтату директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне жатады.
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұрауына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігішешімдер (ҚМГ АҚ Директорлар кеңесінің шешімі, кәсіподақ органының келісімі, еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтардың еңбек заңнамасына сәйкес рәсімделуі) қабылдауға байланысты өтініш берушілермен еңбек шарттарды бұзу кезінде еңбек заңнамасы бұзылмағаны туралы ақпараттандырды.
ҚР Еңбек кодексі жұмысберушіге ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің құзыреттерін тоқтату туралы шешім қабылдауға негіз болған себепті көрсетуді белгілемейтінін атап өткен жөн, бұл жұмысберушіге жоғарыда аталған жағдайда қызметкерлермен еңбек шарттарын бұзу туралы нормаларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл мән-мәтінде Еңбек кодексінде «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес қызметкерлердің құзыреттерін мерзімнен бұрын тоқтатуға байланысты жұмысберушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу негіздемесіне қатысты нормаларды нақтылау маңызды болып табылады.
Жекелеген өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қызметкерлермен еңбек шартын бұзу кезінде жұмысберушінің еңбек заңнамасының нормаларын сақтамауы анықталды.
Омбудсменуге О.Г. мүддесінде С.Ж. «Ақбота-Үміт» балабақшасы әкімшілігінің оның еңбек құқықтарын бұзуы туралы өтініші түсті.
Қызылорда облысының Еңбек саласындағы бақылау жөніндегі басқармасы Омбудсмен мекемесінің сұрауымен өткізген тексеріс нәтижелері бойынша О.Г. жұмысберушісінің оны жұмыстан босату кезінде оған тиесілі 100 мың теңге мөлшеріндегі соманы төлемегені анықталды.
Осыған байланысты мемлекеттік еңбек инспекторы жұмысберушіге еңбек заңнамасының бұзылуын жою туралы ұйғарым берілді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге жұмыстан босату кезінде «Қазгеология» АҚ әкімшілігінің әрекетімен келіспеу туралы өтінішімен Б.А. шағымданды.
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұрауына еңбек жөніндегі уәкілетті орган жұмысберушінің өтініш берушімен еңбек шартын бұзу бөлігінде еңбек заңнамасының бұзылуы анықталмады деп мәлімдеді.
Сонымен бірге, «Қазгеология» АҚ әкімшілігінің 2018 жылғы 26 қазандағы Б.А.-мен еңбек шартын бұзу туралы бұйрығы оған 2018 жылғы 15 қарашада, яғни ҚР Еңбек кодексімен белгіленген мерзімді бұзумен мәлімделді.
Анықталған бұзушылық үшін жұмысберушіге бұдан былай еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеу туралы бұйрық шығарылды.
Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес жеке еңбек дауларын келісу комиссиялары, ал шешілмеген мәселелер бойынша немесе келісу комиссиясының шешімін орындамау бойынша соттар қарайды. Еңбек жөніндегі уәкілетті органның қызметкердің бұрынғы жұмысын қалпына келтіруде заңсыз жұмыстан босату туралы анықталған фактілер туралы рөлін қолданыстағыеңбек заңнамасында реттелмейтіні назар аудартады.
Омбудсменге «Астана су арнасы» ШЖҚ-дағы МКМ (бұдан әрі – Кәсіпорын) әкімшілігінің әрекетімен келіспеу, еңбек құқықтарын бұзу туралы Б.Р. өтініші түсті.
Астана қ. мемлекеттік еңбек инспекторы бұған дейін өткізген тексеріс нәтижелері бойынша Кәсіпорында жұмысберуші ҚР Еңбек кодексі 100-бабының 1-тармағын бұзып, өтініш берушіге бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысты бермегені анықталды. Сонымен қатар, осы кодекс 54-бабының 1-тармағын бұзып, еңбек шарты ол еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңде бұзылды.
Мемлекеттік еңбек инспекторы өткізген тексерістің нәтижелері бойынша Кәсіпорынға 06.11.2018ж. еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы бұйрық шығарылды, өтініш берушіге оны бұрынғы лауазымды қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге кеңес берілді. Бұл ұйғарымға жұмысберуші мемлекеттік еңбек инспекторына дәлелдерді келтіріп, хат жолдады, соларға сәйкес Кәсіпорын өз әрекеттерін заңды деп санайды.
А.ж. 5 желтоқсанда Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жанындағы әлеуметтік және еңбек салаларындағы мониторинг жөніндегі Жұмыс тобының мүшелері Кәсіпорынға барғанын, еңбек шарттарымен танысқанын, сондай-ақ Б.Р. өтінішінің мәселесін зерттеп қарағанын атап өткен жөн.
Жұмысберушінің 05.10.2018ж. бұйрығына сәйкес өтініш берушімен еңбек шарты Еңбек кодексі 52-бабы 1-тармағының 13-тармақшасы негізінде бұзылды (ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін жұмыскер кінәлі әрекеттер жасаған немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуы).
Жұмыс тобының мүшелері Кәсіпорынға бару барысында жұмысберуші өтініш берушімен жоғарыда аталған негіз бойынша еңбек шартын бұзу кезінде тәртіптік жаза қолдану тәртібін бұзғанын және Кәсіпорын еңбек шартын бұзу кезінде функционалдық міндеттерге сәйкес лайықсыз негіздің қолданғанынанықтады.
Кәсіпорынның келісу комиссиясы жоғарыда аталған мәселелерді қарау қорытындылары бойынша Б.Р. талаптарын қанағаттандырмады.
Бұндай жағдайларда өтініш берушіге тиісті талап арызбен сотқа жүгіну құқығы, сондай-ақ еңбек жөніндегі уәкілетті органның талап арызды жазуда заң көмегін көрсетуге дайын екені туралы түсіндірілді.
ҚР Еңбек кодексі келісу комиссиясының жұмыс тәртібін, шешімдерді қабылдауды реттемейтінін атап өткен жөн. Бұл мәселелер жұмысберуші мен жұмыскерлер өкілдерінің арасында жазбаша келісім немесе ұжымдық шартта белгіленеді. Сараптамалық қоғам өкілдерінің пікірі бойынша,құқықтық белгісіздік тәжірибе жүзінде әрбір комиссия дауларды шешу тәртібін, комиссия жұмысына қойылатын талаптарды, шығарылатын шешімдердің мазмұнын өзінің қарастыруымен анықтауына алып келеді.
Бұл арада бұл комиссиялардың жұмысына азаматтық қоғам өкілдерінің, медиаторлардың қатысуы еңбек дауын қарау және шешім қабылдау процесінің ашықтығына және объективтілігіне жәрдемдесетін еді. Бұндай комиссиялардың тиімді қызметі сот органдарының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік беретін еді.
Еңбекті қорғау және өндірістік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері әлі де өзекті болып қалып отыр.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге еңбек құқықтарының бұзылуына, 2018 жылғы 20 шілдеде жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаны тергеу бойынша шаралардың қабылдалмауына шағымменМ.З. өтініші түсті.
Өтініш беруші жұмысберуші оған медициналық көмек көрсету бойынша шараларды қабылдамағанын, тиісті актінің жасалмағанын мәлімдеді.
Еңбек жөніндегі уәкілетті орган өткізген тексерістің нәтижелері бойынша жазатайым оқиға 20.07.2018ж. жұмыс уақытында «Нұрлы жол» жаңа вокзалының жанындағы құрылыс объектісінің аймағында болғаны анықталды.
Медициналық мекеменің 12.10.2018ж.ауырлық дәрежесі туралы қорытындысына сәйкес, алынған өндірістік жарақат ауыр өндірістік жарақатқа жатпайды.
Жазатайым оқиғаны, санитарлық-тұрмыстық шарттарды тиісті деңгейде зерттеп қарау мәселелері бойынша тексерісті өткізу мүмкін болмады, өйткені жазатайым оқиға 20.07.2018ж. болды және жәбірленуші құлаған мұнаралы кранға демонтаж жасалды.
Өтініш берушіге тиісті талап арызбен сотқа жүгіну құқығы, еңбек жөніндегі уәкілетті органның талап арызды жазуда заң көмегін көрсетуге дайын екені туралы түсіндірілді.
Жоғарыда аталғанның мән-мәтінінде еңбек жөніндегі уәкілетті органдарға жұмысберушілердің кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, өндірістік жарақат жағдайларын тергеу бойынша уақтылы шараларды қабылдау, жұмыскерлерді және жұмысберушілерді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау салаларында жүйелі оқыту бойынша тиімді мониторинг өткізу қажеттілігіне назар аудару керек.
Жұмыскерлердің мүдделерін білдіруде және еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауда кәсіподақтар маңызды рөл атқаратыны мәлім. Сонымен бірге, жекелеген жағдайларда жұмыскерлердің құқықтарын қорғауда кәсіподақтардың қызметінде тиімсіздік және әрекетсіздік байқалады. Сондай-ақ жеке меншік кәсіпорындарды жұмыскерлердің құқықтарын қорғау үшін олар уәкілеттік берген кәсіподақтық немесе өзге органдар жиі болмай жатады.
Жоғарыда аталғанның мән-мәтінінде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалану да көпшілік мақұлдаған халықаралық құжаттарға және ұлттық заңнама нормаларына сәйкес еңбек қатынастарының ашықтығына, жұмыскерлердің құқықтарын қамтамыз етуге жәрдемдесе алады.
Осылайша, еңбек құқықтық қатынастар саласында қалыптасқан жағдай еңбек заңнамасының сақталуына жүйелі мониторинг өткізу, еңбек қатынастары субъектілерінің білімін, қиын экономикалық жағдайға тап болған кәсіпорындарға көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың маңызын арттыру, еңбек саласында мемлекеттік кепілдіктің орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |