Кандидаттарды таңдау шетелдік мамандар және ішкі мигранттар үшін кәсіптердің басым
тізіміне сәйкес жүргізіледі.
Екіншіден, Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды оңтайлы қоныстандыруды
ынталандыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Осы мақсаттарда мемлекеттік қолдау олар
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келген жағдайда ғана көрсетілетін
болады.
Мемлекеттік қолдау шаралары жұмыспен қамтылудың болжамды мерзіміне байланысты
сараланатын болады.
Үшіншіден, этникалық қазақтар қоныстандыру өңірлерінде жұмысқа орналасуға басым
құқыққа ие болады.
Белгіленген квоталар шеңберінде олар уақытша жұмысқа (тұрақты қоныс аударуды
мемлекеттік қолдаусыз), 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге жұмысқа, ұзақ мерзімді жобаларға
жұмысқа (тұрақты қоныстандыруды мемлекеттік қолдаумен) құқық алады.
Төртіншіден, этникалық қазақтарды қабылдау және бейімдеу процестерін басқаруға
өзгерістер енгізіледі.
Бейімдеу және етене араластыру орталықтары ең алдымен Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайтын өңірлерде жұмыс істейтін болады. Бұл ретте орталықтар қызметі Қазақстан
Республикасына келген этникалық қазақтарды және қоныс аударушыларды кәсіптік даярлауға және
жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталатын болады.
Мұндай орталықтарда оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгісі келетін, орта
және жоғары білімі жоқ, құқықтық жүйесі біздікінен өзгеше елдерден келген этникалық
репатрианттар бейімдеу курсын өтетін болады.
Оралмандардың этникалық репатрианттар көп келетін өңірлерде қазақстандық қоғамға етене
араласуына жәрдемдесу үшін бейімделуге қажетті әлеуметтік инфрақұрылым, оның ішінде
үкіметтік емес ұйымдардың қатысумен жасалады.
4.4. Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл
Тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір салаға жұмыс күшінің басқарылмайтын ағыны
экономикалық және әлеуметтік проблемалар тудырады. Осыған орай, Орталық Азия мемлекеттерінен
болжанып отырған заңсыз еңбек көші-қонының артуын ескергенде, аталған проблеманы шешудің
нақты, ойластырылған, жан-жақты пысықталған тәсілі қажет. Бұл бағытта еңбек қызметін
құқықтық тұрғыдан жүзеге асырған маңызды.
Бұл бағыт шеңберінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзуды анықтау және
алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізу
бойынша жұмыс жандандырылады.
Ол үшін:
заңсыз көші-қонның алдын алудың құқықтық базасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту шараларын жетілдіру;
бақылауды күшейту, заңсыз көші-қонның және оған байланысты теріс салдардың алдын алу
және болдырмау;
Қазақстан Республикасының аумағында иммиграциялық бақылау жүйесін дамыту;
шет мемлекеттермен уағдаласу процесін жалғастыру және реадмиссия туралы тиісті
келісімдер жасау;
заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға қарсы іс-қимыл жасау;
ведомствоаралық өзара іс-қимылды, оның ішінде шет мемлекеттердің заңсыз көші-қонға
қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құзыретті органдарымен ақпарат алмасуды жетілдіру;
жұмыс берушілермен және азаматтармен көші-қон заңнамасы бойынша тұрақты
ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
заңсыз келген адамдарды реадмиссиялауға жататын шетелдіктерді уақытша ұстау
орталықтарын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу қарастырылады.
4.5. Сыртқы және ішкі көші-қон мониторингі және есебі
Сыртқы және ішкі көші-қонның негізгі ағындары туралы ақпараттың дәйектілігін арттыру
үшін көші-қон процестерін статистикалық есепке алу және есептілік жүйесін, ақпараттық
қамтамасыз етуді жетілдіру көзделуде.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуды мониторингілеу және олардың ел
экономикасының дамуына әсерін айқындау үшін:
1) ЕАЭО елдерінен келіп жатқан шетелдік жұмыс күшінің барлық санаттарының (білікті
және біліктілігі жоқ) келісілген халықаралық статистикалық есебі ұйымдастырылатын болады;
2) шығу елдерімен біліктілігі жоқ жұмыскерлердің жұмыс қызметін жүзеге асыруға қатысты
ынтымақтастық туралы келісімдер жасалады, сондай-ақ жұмыспен қамтылған өңірлер мен орындаған
жұмыс түрлерін көрсете отырып, мұндай жұмыскерлердің бірыңғай тіркелімі жасалатын болады;
3) кәсібін, жұмыспен қамтылған салалар мен кәсіпорындарды және орындаған жұмыс
түрлерін көрсете отырып, тартылған білікті шетелдік мамандарды есепке алу жүзеге асырылады;
4) еңбекші иммигранттарға рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алуды есепке алу,
сондай-ақ еңбекші иммигранттарды дакто-фото есепке алу қамтамасыз етілетін болады.
Қазақстан Республикасының көші-қон процестерін реттеу тетігі құзыретті мемлекеттік
органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған "Шетелдік жұмыс күші", "Оралман", "
Көші-қон полициясы" "Бүркіт" автоматтандырылған ақпараттық жүйелері бойынша мақсатты түрде
жүзеге асырылатын болады.
Ішкі мигранттарды есепке алу жүйесі жетілдірілетін болады. Ішкі мигранттар бойынша
интеграцияланған дерекқор олардың кәсіби құзыретін, қоныс аудару бағыттары мен орындарын,
мемлекеттік қолдау шараларын алуын, жұмыспен қамтылуын және т.б. көрсететін болады деп
күтілуде.
Ақпараттық дерекқор негізінде жаһандық трендтерді және Қазақстан Республикасына еңбек
ресурстарын импорттайтын елдердегі жағдайды ескеріп көші-қон ағындарының болжамды бағалауы
тұрақты әзірленетін болады.
Көші-қон жағдайына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, түрлі көші-қон
бағдарламаларының тиімділігін талдауға және болжауға, мониторингілеуге және бағалауға
білікті ұлттық және халықаралық сарапшылар тартылатын болады.
Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етудің тағы бір қыры мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді кеңейту және көші-қон саласындағы мемлекеттік функцияларды электрондық форматта
орындау болады.
5. ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері 2017 – 2021 жылдарды қамтиды. Көрсетілген кезеңде
жаңа тәсілдерді енгізу және олардың тиімділігін бағалау жүргізіледі.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау мүмкіндігіне әсер ететін неғұрлым басым
іс-шараларды іске асыру Көші-қон саясатының 2017 – 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын
іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында қарастырылатын болады.
Көші-қон саясатының 2017 – 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасында көзделген
көші-қонды басқарудың аралас жүйесін құру нәтижесінде:
1) барлық ішкі және сыртқы көші-қон ағындарын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
мақсатында пайдаланудың жүйелі тәсілі енгізілетін болады;
2) көші-қон саясатын ырықтандыру негізінде шетелдік жұмыс күшін экономиканың нақты
салаларының қажеттілігін ескеріп жоспарлау және тарту қамтамасыз етілетін болады;
3) ұтқырлығы жоғары шетелдік жұмыскерлердің ағыны құрылымдық, салалық және
экономиканың басқа да өзгерістерін, басым жобаларды білікті кадрлармен қамтамасыз етуді
жеңілдетеді;
4) шетелдік жоғары білікті мамандарды басым түрде тарту және біліктілікті арттырудың
жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру адами капиталдың дамуын қамтамасыз етеді;
5) шетелдік еңбекші иммигранттарды заңсыз жұмыспен қамту саны, оның ішінде жеке
тұлғалардың үй шаруашылықтарында жұмыспен қамтылғандардың саны азаяды;
6) жұмыс күші артық өңірлерден азаматтардың мемлекеттің қолдауымен "экономикалық өсу
мекендеріне" ерікті түрде қоныстануы елдің өндірістік қызметін әртараптандыру жағдайында
экономиканың қажеттілігіне сәйкес азаматтарды ұтымды орналастыруды қамтамасыз етеді;
Достарыңызбен бөлісу: |