тиімділігін бағалау жүргізіліп, оларды сақтандыру жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар
әзірленетін болады.
Жұмыс берушілердің еңбекші мигранттарға ең төменгі жалақыдан төмен емес мөлшерде
еңбекақы төлеуін қамтамасыз ету сияқты міндеттері көзделетін болады.
Дәл осындай шарттар жеке тұлғалардың үй шаруашылығында еңбек қызметін жүзеге асыратын
еңбекші мигранттар үшін қайта қаралатын болады.
Сонымен қатар жұмысқа орналасу және елде болу тәртібі жөніндегі Қазақстан
Республикасының заңнамасын түсіндіруді қоса алғанда, біліктілігі төмен жұмыскерлердің
уақытша көші-қонын реттеуді күшейту үшін олар келетін елдермен халықаралық әріптестік
ұйымдастырылатын болады.
Білікті шетелдік мамандар жұмысқа рұқсаттың негізінде тартылады.
Рұқсаттар нақты бір жұмыс орнына не ұзарту құқығымен бір жылдық мерзіммен нақты
жобаларды іске асыруға білікті шетелдік мамандарды тартатын жұмыс берушілерге берілетін
болады.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген шетелдік мамандарды тартудың
жеңілдетілген жүйесі толыққанды іске асырылатын болады. Егер 2017 жылға дейін жұмыс
берушілер жергілікті атқарушы органдар ұсынатын түрлі ашық емес ерекше шарттарды орындап
келген болса, жаңа жүйе бойынша олар бар болғаны жұмыскердің біліктілігін растауға,
сондай-ақ әрбір тартылатын жұмыскер үшін салық алымын төлеу туралы құжатты беруге міндетті
болады.
Білікті шетелдік мамандарды ұзақ мерзімді жобаларға тарту үшін қолданыстағы шетелдік
жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін
біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы беру тетігі жетілдірілетін болады.
Ол үшін сұранысқа ие мамандардың рейтингін құрайтын сапалы тізім қалыптастырылады.
Тізімді қалыптастырудың негізі еліміздің стратегиялық даму бағдарламасы, мамандарға ұсыныс
пен сұраныс болады.
Бірінші жағдайда жұмыс беруші алдымен өзіне қажет жұмыскерді табады, содан соң рұқсат
алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жүгінеді. Шетелдік жұмыскер жұмысты бастағаннан жоба
аяқталғанға дейін аталған жұмыс берушінің қарамағында болады.
Біліктілігі белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда шетелдік маманға өз бетінше
жұмысқа орналасуы үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беріледі. Бұл ретте
басымдық біліктілігі ең жоғары үміткерлерге берілетін болады.
Шетелдік мамандардың біліктілік деңгейін бағалау үшін АҚШ пен Канадада қолданылатын
балмен бағалау бейімделетін болады.
Рұқсаттар берудің рәсімі шешім қабылдаудың ашықтығын және білікті жұмыскерлерді есепке
алудың тиісті жүйесін қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін толықтай
автоматтандырылады.
Бұдан басқа, бизнес-иммигрантар үшін Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыруды оңайлату бойынша шаралар қолданылатын болады.
4.2. Ішкі көші-қонды дамытуға жәрдемдесу және халықтың ұтқырлығын қолдау
Ішкі көші-қонды реттеу жүйесінің мақсаты еліміздегі өндірістік қызметті әртараптандыру
жағдайында экономиканың қажеттілігіне сәйкес азаматтарды ұтымды қоныстандыру, еңбек
ресурстарының аумақтық мобильділігін арттыру болып табылады.
Ішкі көші-қонның мемлекет қолдайтын маңызды бағыттарының бірі азаматтардың еңбек күші
артық өңірлерден еңбек ресурстарына қажеттілігі жоғары өңірлерге ерікті түрде қоныстануы
болып қалады.
Урбанизация және экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар
қалаларға қоныс аударуды ұйымдастыру қолдау табады.
Осы мақсатта азаматтарды қоныстандыру үшін:
біріншіден, "экономикалық өсу мекендері" айқындалатын болады: ірі қалалар, техникалық
деңгейі орташа кәсіпорындары бар өңірлік экономикалық өсу орталықтары. Мұндай мекендердегі
еңбек ресурстарына қажеттілік ішкі мигранттар үшін мамандықтарының басым тізбесі ретінде
айқындалатын болады;
екіншіден, "өсу мекендерінің" еңбек нарығында қалыптасқан сұранысқа, ықтимал ішкі
мигранттардың біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес ел ішінде қоныс аударудың өңірлік
квотасы белгіленді. Ішкі мигранттар уақытша жұмысқа (тұрақты қоныс аударуды мемлекеттік
қолдаусыз), 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге жұмысқа, ұзақ мерзімді жобаларға жұмысқа (
тұрақты қоныстандыруды мемлекеттік қолдаумен) жіберілетін болады;
үшіншіден, азаматтардың тұрақты тұру орындарында не қабылдаушы жақтың кәсіпорындары
базасында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде
ішкі мигранттарды оқыту ұйымдастырылатын болады;
төртіншіден, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударуды
ынталандыру үшін мемлекеттік қолдаудың түрлі шараларын қолдану ұсынылады.
Қазіргі мемлекеттік қолдау шараларын сақтаумен қатар, мыналар:
қоныс аударушыларды жұмысқа орналастыру мәселесінің шешілетініне кепілдік бере отырып,
жұмыс берушілерді азаматтардың ерікті түрде қоныс аудару процесіне тарту;
жұмыс берушілерге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір маман үшін субсидиялар беру;
заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскелерін бақша өсіруге немесе коммерциялық
мақсаттарға және ауыл шаруашылығын жүргізуге жер беру көзделіп отыр;
бесіншіден, ішкі көші-қонды есепке алу жүйесін жетілдіру қажет.
Қазақстан Республикасынан (елдер бойынша) және өңірлерден, оның ішінде шекара
маңындағы елді мекендерден халықтың көшіп кетуі серпінін, құрылымы мен себептерін зерделеу
бойынша зерттеу жүргізіліп, білікті казақстандық кадрлардың, дарынды адамдардың шетелдік
еңбек нарығына кетуін тежеу бойынша тиімді шаралар әзірленетін болады.
4.3. Этникалық көші-қонды басқару жүйесін жетілдіру
Этникалық көші-қонды басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде:
шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық бірігуі және тарихи отанына оралуы үшін
жағдайлар және стимулдар жасау;
олардың еңбек ресурстары қажет өңірлерге қоныстануын ынталандыру;
олардың Қазақстан Республикасында бейімделуі және етене араласуына жәрдемдесу
қарастырылады.
Ол үшін:
Біріншіден, шетелде тұратын қазақтармен мәдени-гуманитарлық байланыс жандандырылады.
Мемлекеттік саясатты іске асыруға Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын
этникалық қазақтарды тарту үшін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымен олар тұратын
жерлерде мәдени орталықтар құрылатын болады. Мәдени орталықтар шетелдегі мекемелермен қатар
қазақ диаспораларында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізетін болады. Отандастар
халықаралық аренадағы Қазақстанның имиджімен, әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен және
перспективаларымен, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейімен таныстырылады. Оларға тарихи
отанына оралу шарттары және басымдықтары, қоныс аударуда мемлекеттік қолдау шаралары,
қабылдаушы қоғамның жағдайларына бейімделу және ықпалдасу бойынша түсініктеме беріледі.
Құрылатын мәдени орталықтардың бір-бірімен, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен
және Қазақстанның тиісті құзыретті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету
үшін қоғамның түрлі саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген белгілі этникалық қазақтардың
дерекқорын қоса алғанда, барлық мәдени орталықтардың базасын құру жоспарлануда.
Тілді, ұлттық дәстүрлерді және мәдениетті сақтау, тарихи отанмен байланысты қалпына
келтіру және күшейту үшін:
қазақ мектептері үшін оқу құралдарын беру бойынша жұмысты жалғастыру;
шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін Қазақстан Республикасының оқу орындарына түсу
үшін квотаны екі есеге арттыру мәселесін пысықтау жоспарланып отыр.
Шетелде тұратын этникалық қазақтарға уақытша жұмысқа, Қазақстан Республикасында 3
жылға дейін болатын жұмысқа, ұзақ мерзімді жобалар шеңберінде кәсіптік қызметке рұқсат алу
мүмкіндігі берілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |