Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 2021 жылдарға арналған



жүктеу 148,62 Kb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата11.02.2020
өлшемі148,62 Kb.
#28721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      1) еңбек нарығында инновациялық экономиканың сұранысына қажеттілікке және 

демографиялық жағдайға қарай көші-қон саясатын жетілдіру;

      2) квоталауды шектейтін тетіктермен және жоғары білікті жұмыс күшін тартудың 

селективті әдістерімен байланыста ырықты көші-қон саясатын жүргізу;

      3) еңбек нарығының қажеттілігін, оның ішінде білікті және біліктілігі төмен кадрларға 

қажеттілігін мониторингілеу және бағалау жүйесін құру, елде сұранысқа ие кәсіптер тізбесін 

дайындау және өзектендіру;

      4) жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші жеткіліксіз өңірлерге, ауылдан ірі қалаларға

және табысы дамушы агломерацияларға жұмыс күшін қоныстандырудың және қайта бөлудің икемді 

саясатын әзірлеу;

      5) еңбек ресурстарын ерікті қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілерді ынталандыру;

      6) белгілі бір өңірлерге білікті жұмыс күшін белсенді қоныстандыру үшін артықшылық 

тізбесін қалыптастыру;

      7) жоғары білікті кадрларды (уақытша тұру ықтиярхатын және азаматтықты беруді қоса 

алғанда) ұстап қалу үшін белсенді шаралар қабылдау;

      8) шетелде тұратын этникалық репатрианттарды тұрғылықты тұратын жеріне қоныстандыруға 

ықпал жасау.

4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН 

НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ

      Үшінші жаңғырудың жалпы стратегиясы шеңберінде көші-қон ахуалының қазіргі уақыттағы 

жағдайын және оның даму перспективаларын талдау мынадай негізгі көші-қон процестерін реттеу 

мақсаттарын айқындауға мүмкіндік береді:

      1. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді 

мақсаттары мен міндеттеріне бағытталған қажетті жұмыс күшіне экономиканың мұқтаждығын 

қамтамасыз ету.

      2. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықты қоныстандыруға арналған оңтайлы 

жүйені қалыптастыру.

      3. Көші-қонмен байланысты қауіптер контекстінде Қазақстан Республикасының ұлттық 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

      1. Ел экономикасының қажеттілігін қанағаттандыруға бағдарланған сыртқы еңбек 

көші-қонының тиімді жүйесін жасау, қолайлы инвестициялық климат құру және еңбек 

ресурстарының сапасын арттыру.



      2. Қазақстан Республикасына келетін этникалық репатрианттар үшін қолайлы бейімдеу және

интеграциялау жағдайларын жасау және ұлттық консолидацияны бекіту мақсатында Қазақстан 

дамуының Стратегиялық жоспарларын ескере отырып, этникалық көші-қон саясатын жаңарту.

      3. Заңсыз көші-қонның жолын кесу.

      4. Халықты экономикалық негізде қоныстандыру, ел дамуының өңірлік және демографиялық 

теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында ішкі көші-қон басқармасының тиімді жүйесін құру.

      Үш стратегия тетіктерін біріктіретін оңтайлы көші-қон процестерін басқарудың кешенді 

Стратегиясы көші-қон саясатының қазіргі кездегі мақсаттары мен алғышарттарына жауап береді.

      Бірінші стратегия – басым жобаларды іске асыруға немесе экономиканың жекелеген 

секторына шетел жұмыскерлерін қысқа мерзімге тарту үшін уақытша көші-қонды қолдану. Ол 

экономиканың базалық салаларында бірден экономикалық әсер етуге есептелген.

      Екінші стратегия – Ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға білікті шетел мамандарын тарту

үшін ұзақ мерзімді еңбек көші-қоны шарттарын ырықтандыру. Оны іске асыру жаңалықты енгізуден

ұзақ мерзімді әсер етуді, іскерлікті арттыруды және адами капиталды дамытуды болжайды және 

әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторының бірі болады.

      Үшінші стратегия – біліктілікті арттырудың жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру (

Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және енгізу, білім жүйесін жаңғырту, кадрлар даярлау және

қайта даярлау). Білікті отандық мамандарды орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада 

еңбек ресурстарына дамушы экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандырып қоймай, еңбек 

ресурстарының қазақстандық құрамы мен сапасын да арттыруға мүмкіндік береді.

      Барлық үш стратегия өзара байланысты болып келеді және көші-қон саясатының жүйелілігін

қамтамасыз ете отырып, сыртқы, ішкі және этникалық көші-қонды реттеудің мазмұнды негізін 

құрайды.

      Көші-қонды басқарудың қазіргі кезеңдегі жүйесін құрудың жаңа тәсілдері мынадай 

тетіктер мен құралдарды пайдалануды болжайды:

      1) шетелдік жұмысшы күшін іріктеудің және пайдаланудың сараланған тетіктерін әзірлеу;

      2) ішкі көші-қонның дамуына ықпал ету және халықтың мобильділігін қолдау;

      3) этникалық көші-қонды басқару жүйесін жетілдіру;

      4) заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл;

      5) сыртқы және ішкі көші-қонға мониторинг пен есебін жүргізу;

      Көші-қон саясатының басым мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мынадай қағидаттар 

негізінде іске асырылатын болады:




      1) көші-қон процестерін реттеудің жүйелілігі мен кешенділігі;

      2) халықтың көші-қоны саласын қайта құру негіздемесі және тәртіпке келтіру;

      3) көші-қон процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

      4) мигранттардың құқықтарын сақтау мен қорғау, нәсілі, тілі, діні, жынысы, этникалық 

және әлеуметтік шығу тегі бойынша кемсітушілікке жол бермеу;

      5) Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу және жолын кесу, 

өзіне жүктелген халықаралық міндеттемелерді орындау;

      6) көші-қон процестерін реттеу және басқару саласында халықаралық стандарттар мен 

міндеттемелерді ұстану контексінде толеранттылық, этносаралық және конфессияаралық келісім, 

әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрақтылықты сақтау және қамтамасыз ету бөлігінде ұлттық 

мүдденің басымдылығы.

4.1. Шетелдік жұмыс күшін іріктеу мен пайдаланудың сараланған тетіктерін әзірлеу

      Таңдалған стратегияны ескере отырып, сыртқы еңбек көші-қоны білікті кадрларды тартуға,

тіркелмеген жұмысшы мигранттардың санын төмендетуге және ұлттық еңбек нарығын қорғауға 

бағытталатын болады.

      Еңбек көші-қоны саясаты еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін зерделеуге, жоғары 

білімді кадрларға артықшылық беру, біліктілігі жоқ еңбекші мигранттарды қабылдауға шектеу 

қою негізінде іріктемелі еңбек көші-қонына негізделетін болады.

      Ол үшін қолданыстағы шетелдік білікті мамандарды тартуға арналған квотаны сақтаған 

жағдайда Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруға шетелдік жұмыскерлерге 

рұқсат беру тетіктеріне өзгерістер енгізіледі.

      Жаңа жағдайларда квота жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне байланысты ғана емес, 

өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының белгіленген көрсеткіштеріне, ішкі 

көшіп-қонушылар мен оралмандардың өңірлік квотасына сәйкес қалыптастырылатын болады.

      Рұқсаттар маусымдық жұмысқа тартылатын біліктілік деңгейі төмен шетелдік жұмыскерлер 

үшін уақытша жұмыс істеуі, сондай-ақ білікті мамандардың жұмыс істеуі үшін берілетін болады.

      Біліктілігі төмен жұмыскерлер 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге рұқсаттар негізінде 

уақытша жұмысқа тартылатын болады.

      ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда, біліктілігі төмен еңбекші 

мигранттар санының өсуінің алдын алу мақсатында егде жастағы жұмыскерлер жұмыс істей алатын 

салалар бойынша оларды шақыруға шектеулер белгіленеді, сондай-ақ мұндай шетелдік жұмыскерлер

тартылатын салаларға байланысты алымдар қайта қаралатын болады.

      Шетелдік жұмыскерлердің және жергілікті кадрлардың әлеуметтік қамсыздандырылуын және 

тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін шетелдік жұмыскерлерде медициналық сақтандырудың болуының



жүктеу 148,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау