Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 - 2021 жылдарға арналған
тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 - 2021
жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 602 қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 401
іске асыру
Жарлығын
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 – 2021 жылдарға арналған
;
тұжырымдамасы
2) Көші-қон саясатының 2017 – 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар
(бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
жоспары
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ
мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жылына бір рет, есептi жылдан кейiнгi қаңтар айының 15-күнiнен кешіктірмей
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Жоспардың
іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі есептi
жылдан кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 602 қаулысымен
бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫНЫҢ 2017 – 2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ МАЗМҰНЫ
. Кіріспе
1
.
Ағымдағы жағдайды талдау
2
. Көші-қон процестерін реттеудің халықаралық тәжірибесі
3
. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының мақсаты, міндеттері, қағидаттары мен
4
негізгі тәсілдері
. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері. Күтілетін нәтижелер
5
. Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
6
1. КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алған кезден бастап Қазақстан әлемдік қауымдастықтың жаһандану үрдістеріне
жауап беретін және көші-қон ағынын ұлттық қауіпсіздікті нығайту, демографиялық ахуалды
жақсарту және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мүддесінде пайдалануға бағытталған
өзіндік көші-қон саясатын жүргізе бастады.
Тәуелсіздік жылдары көші-қон ағынын басқару қоғамдағы өзгерістердің стратегиялық
бағыттарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі № 1346
Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының арнайы әзірленген
қаулысымен
тұжырымдамаларына сәйкес жүзеге асырылып келді.
Өз кезегінде, халықтың көші-қоны саласындағы қазіргі таңда орын алып отырған және
күтілетін ішкі және сыртқы сын-қатерлерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының геосаяси
жағдайын, біліктілігі төмен еңбек ресурстарының көптігін, білікті кадрлардың тапшылығы мен
олардың сыртқа кетуін ескере отырып, осы Тұжырымдама аясында көші-қон саясатының
тұжырымдамалық негіздерін жаңарту қажеттілігі туындап отыр.
Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасының
, халықаралық құқық пен
Конституциясына
Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы халықаралық міндеттемелеріне, 2015 жылғы
қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен қабылданған 2030 жылға дейінгі
кезеңге арналған тұрақты даму мақсаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан-
2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты"
сәйкес әзірленді.
Жолдауына
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының күтілетін экономикалық, әлеуметтік және
демографиялық даму перспективаларымен, сыртқы саясатымен, Еуразиялық экономикалық одақ (
бұдан әрі – ЕАЭО) шеңберіндегі интеграциялық процестермен және жаһанданудың жалпы әлемдік
үрдістерімен өзара байланыста Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының стратегиялық
мақсаттарын, міндеттерін және бағыттарын айқындайды.
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасы шетелдік қызметкерлерді тартуда уақытша көші-қон стратегиясын,
ел аумағы бойынша халықты оңтайлы қоныстандыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасына көшіп
келетін этникалық репатрианттарға қатысты тұрақты ұзақ мерзімді көші-қон стратегиясын
ұстануда.
Сонымен қатар Қазақстанның әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына енуі жолында қойылған
мақсаттары, сондай-ақ орын алып отырған және күтілетін ішкі және сыртқы сын-қатерлер
көші-қон саясатының тұжырымдамалық негіздерін кеңейтуді талап етеді.
Ішкі сын-қатерлер:
біліктілігі төмен жұмыс күшінің артықтығы және білім деңгейінің жоғары болмауына
байланысты экономиканың жекелеген секторларындағы білікті кадрлардың тапшылығы;
ірі қалалар мен жекелеген аумақтарда халықтың тығыз орналасуы болып табылады. Бүгінде
оңтүстік өңірлердегі туу деңгейінің жоғарылығы, халық көп қоныстанған өңірлерде жұмыс
күшінің артықтығы және этникалық мигранттардың орналасуы әлеуметтік шиеленістің ошағына
айналуда;
шекаралас аумақтардың босап қалуы және солтүстік өңірлерде халық санының, әсіресе,
еңбекке қабілетті азаматтар санының қысқаруы олардың экономикалық өсімін қамтамасыз етуде
қиындықтарға алып келеді және жалпы елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етеді.
Сыртқы сын-қатерлерге мыналар:
ең алдымен күтілетін Орталық Азия елдерінен еңбек мигранттарының ағыны есебінен
біліктілігі төмен жұмыс күшінің өсу қаупі;
білікті кадрлардың және дарынды жастардың сыртқа кету қаупі;
деструктивті элементтердің көші-қон ағынымен елге енуі жатады.
Аталған сын-қатерлер:
1) экономиканың жекелеген секторларына немесе нақты басым жобаларға шетелдік
қызметкерлерді тартуға арналған уақытша көші-қон;
2) жаңа инновацияларды енгізуге, іскерлікті жоғарылатуға және адами капиталды дамытуға
бағытталған ұзақ мерзімді жобаларға білікті шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған ұзақ
мерзімді көші-қон;
3) біліктілікті арттырудың жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру стратегиясын
сүйемелдейтін жаңа көші-қон саясатын қалыптастыруды талап етеді.
Стратегияның барлық үш бағыты бір-біріне өзара байланысты болып келеді және көші-қон
саясатының жүйелілігін қамтамасыз ете отырып, қатар іске асырылатын болады.
Ұсынылған стратегиялар сыртқы және ішкі көші-қонды реттеудің мазмұндық негізін құрайды
.