Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 2021 жылдарға арналған



жүктеу 148,62 Kb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата11.02.2020
өлшемі148,62 Kb.
#28721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      Қазіргі уақытта еліміздің географиялық тұрғыдан қолайлы орналасуы, саяси және 

әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы Қазақстанды транзитті көші-қон торабына айналдырды.

      Тек соңғы 5 жылдың өзінде елімізге шамамен 6,1 млн. шетелдік азамат келген. Олардың 

көбі (5,3 млн. адам) жеке шаруасымен және шамамен 300 мыңға жуық адам қызмет бабымен келген.

      Сыртқы көші-қонға келер болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көші-қон сальдосы теріс

болды. 1991 және 2003 жылдар аралығында халықтың елден жылыстауы орта есеппен жыл сайын 

225,5 мың адамды құрады. 2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін көші-қон сальдосы тұрақты оң 

болды (өсім 11,7 мың адам жыл сайын). Еңбек көші-қоны арта түсті.

      Соңғы бесжылдықта көші-қон сальдосы қайтадан теріс аймаққа өтті.

      Этникалық көші-қон нәтижелері тілге тиек етерлік. 1991 жылдан бастап келген этникалық 

репатрианттар саны 1 млн. адамнан асты. Көшіп келген оралмандардың демографиялық үлесінің 

арқасында тәуелсіздік жылдары теріс көші-қон сальдосының деңгейін 28 % төмендетуге қол 

жеткізілді.

      Ішкі көші-қон көбіне стихиялық түрде дамыды. Стратегиялық бастамалар шеңберінде 

еліміздің азаматтарын көшуге ынталандыруға және реттеуге бағытталған қадамдар қолданылып 

келдi, бірақ мұндай қоныстанудың мақсаты әрқашан шектеулі сипатта болды.

      Қазіргі кезде елімізде келесідей көші-қон ахуалы қалыптасып отыр.

      Бірінші. Сыртқы көші-қон процесін басқару.

      Аталған сегментте еңбек көші-қонын реттеу ерекше орында. Қазақстанда бүгінде шетелдік 

жұмыс күшін тартудың кешенді жүйесі жұмыс істейді. Білікті шетелдік жұмыс күшін және еңбекші

иммигранттарды квоталау жүйесі, жұмыс рұқсаттарын берудің көп сатылы жүйесі қолданылады. 

ЕАЭО шеңберінде еңбек ресурстарының мүше мемлекеттер аумақтарында еркін жүріп-тұру режимі 

жұмыс істейді.

      Бұл еліміздің инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларын дамыту үшін қажетті білікті 

шетелдік жұмыс күшінің жеткілікті санын тартуға мүмкіндік береді. Соңғы 5 жылда жыл сайын 

жұмыс рұқсаты бойынша келген білікті шетелдіктер санының 2012 жылғы 24 мыңнан 2017 жылдың 

басына 36,8 мың адамға артқаны байқалуда.

      Жұмыс күшінің біліктіге жатпайтын бөлігінің орнын толтыру үшін қазіргі кезде елімізге 

жеке тұлғалардың шаруашылығындағы жұмысқа еңбек мигранттары тартылады. Олар ішкі істер 

органдары беретін рұқсаттар бойынша тартылады. Практика көрсетіп отырғандай, мұндай 

тәртіптің енгізілуі жұмыспен бейресми түрде қамтылу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. 

2017 жылдың тек 6 айының ішінде 147 мыңға жуық еңбек иммигранттары тіркелді.

      Қазақстанда тұрақты негізде елімізге білікті шетелдік мамандарды тарту жағдайларын 

одан әрі жақсарту бағытында жүйелі шаралар қабылдануда. Мәселен, 2015 – 2016 жылдары қолайлы

көші-қон режимін құруды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлт жоспары – 100 

нақты қадам" 

 сәйкес:

бағдарламасына




      жұмыс беруші үшін жұмыс рұқсаттарын беру рәсімдерін жеңілдету жөнінде шаралар 

қабылданды;

      шетелдік жұмыскерлердің корпорациялар ішінде басқа жұмысқа ауыстырылуы Қазақстан 

Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде өзіне алған міндеттемелерге сәйкес 

келтірілді;

      шетелдік мамандардың өздігінен жұмысқа орналасуы шеңберінде оларды тартудың жаңа 

жүйесі әзірленді. 2017 жылдан бастап Қазақстанға жұмыс іздеу үшін өз бетінше келетін 

шетелдіктерге аталған жоғары білімі мен біліктілік деңгейін растайтын анықтамалар беріледі

ізденушілер олар бойынша республика аумағында кедергісіз жұмыс істей алады. Аталған 

бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

      Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мақсатында шетелдік азаматтар үшін визалық 

режимді ырықтандыру шаралары жалғасуда. Экономикасы дамыған 48 елдің азаматтары үшін бір 

айға біржолғы виза беру рәсімі жеңілдетілді.

      Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы жиырма елмен визасыз режим туралы екіжақты 

келісімге қол қойды.

      2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап арасында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, 

Еуропалық Одақ мүшелері, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Сингапур және Монако

Князьдігі бар 45 мемлекеттің азаматтары Қазақстан Республикасына кірген күннен бастап 30 

күнге дейін Қазақстанға визасыз кіру құқығына ие болды.

      Қазақстан Республикасында әлемдік туристік нарық жүйесіне интеграцияланған жоғары 

тиімді, бәсекеге қабілетті туристік саланы құру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 

 бекітілген Қазақстан Республикасының туристік 

қаулысымен

саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі бөлек тұжырымдамасы қабылданған болатын.

      Әлемде қалыптасып отырған халықаралық саяси жағдайды ескере отырып, мәжбүрлі мигрант –

босқындарды қабылдау және бейімдеу мәселесі өзекті болғалы тұр.

      Қазақстан Республикасы 1998 жылдың желтоқсанында 1951 жылғы Босқын мәртебесі туралы 

 және оның 1967 жылғы 

 ресми түрде қосылып, халықаралық қоғамдастық 

конвенцияға

Хаттамасына

алдында босқындарға қатысты жекелеген міндеттерді өзіне алды. Бірінші кезекте, елден шығарып

жіберуге жол бермеу, рәсімдерге қол жетімділік, ақпараттандыру, шешімге шағым беру 

мүмкіндігі және істің қаралу мен апелляция мерзіміне тіркеу қағидаттары.

      2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында босқын болып 

танылғандардың саны 628 адамды құрайды, олардың 599-ы – Ауғанстан азаматы.

      Дегенмен, еңбек көші-қоны процестерін басқаруда шешуді талап ететін бірқатар 

проблемалар сақталуда.

      1. Қазақстан Республикасына еңбек мигранттарын тарту жүйесі көші-қон ағынының өзге де 

бағыттарымен ұштастырылмаған.

      Қазіргі уақытта ішкі көші-қон да (жұмыс күші көп өңірлерден еңбек ресурстарына 

қажеттілік жоғары өңірлерге қоныстану бөлігінде), сыртқы еңбек көші-қоны да заң жүзінде 



жүктеу 148,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау