Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 2021 жылдарға арналған



жүктеу 148,62 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата11.02.2020
өлшемі148,62 Kb.
#28721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

өңірлік еңбек нарығын дамытуға, оларды жеткілікті дәрежеде жұмыс күшімен (жергілікті және 

шетелдік) қамтамасыз етуге бағдарланған. Алайда, іс жүзінде көші-қон саясатында жүйелілік 

жоқ және көші-қон саясатының әр бағыты бір-бірімен байланыссыз бөлек жұмыс істейді. Бұл 

шетелдік жұмыс күші мен жергілікті еңбек ресурстарының теңгерімсіз пайдаланылуына әкеп соғып

, ұлттық еңбек нарығының теңгерімсіздігіне әсер етеді.

      2. Өңірлік еңбек нарықтарында білікті шетелдік жұмыс күшіне сұранысты айқындау тетігі 

жоқ.

      Қазіргі уақытта өңірлердің шетелдік жұмыс күшіне деген сұранысы квота белгілеу 



рәсімімен айқындалады. Көп жағдайда өңірлік квота республиканың стратегиялық бағдарламалық 

құжаттарында көзделген өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын орындауға 

бағдарланбайды.

      3. Еңбекші мигранттардың қозғалысын есепке алу және оны қолданудың тиімділігін 

айқындау жүйесі жетілдірілмеген.

      Қазіргі уақытта шетелдік, оның ішінде ЕАЭО елдерінен келетіндердің білікті және 

біліктілігі жоқ жұмыс күшінің барлық ағындарын статистикалық есепке алу әдіснамасы жоқ.

      4. Түрлі қызмет салаларынан білікті жұмысшы кадрлардың жылыстауы орын алуда және 

дарынды азаматтарды елде ұстап қалу тетігі жоқ.

      Соңғы үш жылда Қазақстаннан тұрақты тұру мақсатымен 93,9 мың адам көшіп кетті, оның 

41,6 %-ын жасы 15 пен 34 аралығындағы жас адамдар құрайды. Ресей Федерациясына – 79,8 мың 

адам, оның ішінде шекара маңындағы өңірлерден көшіп кету басым.

      5. Заңсыз еңбек көші-қоны сақталуда.

      Сарапшылардың бағалауы бойынша заңсыз еңбек көші-қоны заңды еңбек мигранттары санынан 

бірнеше есе асады. Негізінен бұл Өзбекстан мен Тәжікстан Республикасының азаматтары.

      Әдетте, заңсыз еңбек мигранттарына қатысты Қазақстан Республикасының еңбек 

заңнамасының нормалары қолданылмайды. Олар еңбек шартынсыз еңбек етіп, төмен жалақы алады, 

бұл Қазақстанның еңбек нарығында жосықсыз бәсекелестік туғызып, әлеуметтік шиеленістің 

туындауына әсер етеді.

      Яғни сыртқы еңбек көші-қоны саласында оң салдармен қатар, шешуді талап ететін елеулі 

проблемалар да орын алуда.

      Екінші. Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы.

      Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің барлық жылдары этникалық қазақтардың (бұдан әрі 

– этникалық репатриант) ерікті түрде елге оралуын ынталандыру саясатын жүргізуде.

      Өзбекстан Республикасы (61,6 %), Қытай Халық Республикасы (12,1 %), Моңғолия (11,7 %),

Түрікменстан (7,1 %) этникалық қазақтардың келген негізгі елдер болып табылады.




      Этникалық репатрианттар шыққан елдерін ескере отырып, олардың көпшілігі Оңтүстік 

Қазақстан (21,6 %), Алматы – (16,8 %), Маңғыстау – (13 %), Жамбыл – (9,3 %) облыстарында 

қоныстанды.

      Этникалық репатрианттардың басым бөлігінің білім деңгейі бойынша жалпы орта білімі (

61,1 %) және арнайы орта білімі (20,5 %) бар.

      Этникалық репатрианттардың көшіп келуінің неғұрлым жоғары белсенділігі 2004 жылдан 

2008 жылға дейінгі кезеңге, этникалық репатрианттардың 43,7 %-ының (439,4 мың адам) келген 

уақытына тұспа-тұс келеді. Бұл аталған кезең әлеуметтік қолдаудың неғұрлым қолайлы 

шараларының көрсетілуімен байланысты (мемлекет есебінен тұрғын үй, көшуге субсидия және т.б.

қаражат бөлу).

      Сонымен қатар осы кезде этникалық репатрианттарды мемлекеттік қолдау шараларын талдау 

оларды көрсетуде жүйеліліктің жоқтығын және пайдаланылатын құқықтық тетіктердің жеткілікті 

түрде келісілмегенін көрсетеді.

      Этникалық көші-қонның ағымдағы жағдайы мыналармен:

      1) ел өңірлерінің еңбек ресурстарына қажеттілігін есепке алмағанда, оларда этникалық 

репатрианттардың біркелкі қоныстанбауымен. Этникалық репатрианттардың табиғи климаттық 

жағдайлары қолайлы халқы тығыз орналасқан не салыстырмалы түрде әлеуметтік-экономикалық даму

деңгейі жоғары мекендерге жаппай қоныс тебуі тиісті аумақтағы әлеуметтік шиеленіске ықпал 

ететін фактор болып табылады;

      2) этникалық репатрианттардың әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері және тілдік 

кедергілерінің себебінен қазақстандық қоғамға әлеуметтік-мәдени жағынан етене араласуының 

төмен болуымен;

      3) жұмысқа орналасу мен бейімделу проблемаларымен;

      4) шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысының 

жеткіліксіздігімен сипатталады.

      Осы және басқа да проблемалар этникалық көші-қонның мемлекеттік реттелуін одан әрі 

жетілдіруді қажет етеді.

      Үшінші. Ішкі көші-қон процестерінің реттелуі.

      Қазақстан Республикасында ел ішіндегі халықтың көші-қон белсенділігі жыл өткен сайын 

қарқын алып келеді. Республикада соңғы бес жылда ішкі мигранттардың саны 2012 жылы 337,8 мың

адамнан 2016 жылы 610,7 мың адамға дейін артып, оның ішінде өңіраралық көші-қонға (бір 

өңірден басқа өңірге) – 294,0 мың адам; өңірлік көші-қонға (бір өңір ішінде) – 316,7 мың 

адам қатысқаны байқалады.

      Көші-қон туралы шешім қабылдауға әсер ететін негізгі фактор экономикалық болып 

табылады. Адамдар жоғары жалақы мен жақсы өмір сүру жағдайларын және т.б. іздеу мақсатында 

көшіп-қонады.




      Халықтың көшіп кетуінің ең көп үлесі елдің оңтүстік өңірлеріне тиесілі. Халық келетін 

негізгі өңірлер Алматы және Астана қалалары, Алматы облысы, Маңғыстау және Қарағанды 

облыстары болып табылады.

      Ішкі көші-қондағы басым нысан ауылдық өңірлерден қалаларға қоныс аудару болып отыр. 

Бұл бір жағынан, елдің урбандалу процесіне ықпал етеді. Басқа жағынан қалаларға стихиялық 

көшіп қону жағымсыз әсерлермен толығуда. Көшіп келген ауылдық тұрғындардың біліктілігі көп 

жағдайда өте төмен және еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмейді, бұл жұмыссыздық пен 

заңсыз жұмыспен қамтылуға алып келеді. Қалалар мен қала маңының жүйесіз өсуі экологиялық, 

көліктік, баспана және әлеуметтік проблемалардың ушығуына әкеледі.

      Мәселен, "Дипломмен ауылға!" жобасының шеңберінде 2009 жылдан бері ауылдық елді 

мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік 

қамсыздандыру, мәдениет және спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау 

шаралары қабылданды.

      Мұндай мамандар үшін:

      70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу;

      тұрғын үй алуға және салуға 0,01 % сыйақы мөлшерлемесімен мерзімі 15 жылға 1, 500 

айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттік кредит беру көзделген.

      Жоба іске асырылғаннан бастап ауылдық жерлерге тұруға және жұмыс істеуге 46 мың маман 

көшіп келді. Жобаны іске асыру алдыңғы жылдармен салыстырғанда ауылдық жерлерге кадрлар 

ағынының айтарлықтай өскенін білдіретін оң нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. 

Әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарының келуі барлық облыстарда орын алған.

Бірақ мамандар ең көп келген өңірлер: Алматы облысы – 5002, Оңтүстік Қазақстан облысы - 4723

және Батыс Қазақстан облысы – 4080 маман.

      "Мәңгілік ел жастары – индустрияға" атты әлеуметтік жоба шеңберінде "Серпін – 2050" 

білім беру бағдарламасы бастау алды. 2014 – 2016 жылдар аралығында осы бағдарлама бойынша 

республикамыздың 8 облысында 22 жоғарғы оқу орнында және 54 колледжде 11 мың студент 

еліміздің 5 өңірінен келіп білім алды.

      2011 жылдан бастап экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден өңір ішінде, сондай-ақ 

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге өз еркімен қоныс 

аудару жүзеге асырылды.

      Бұл кезеңде көшуге субсидиялар төлеу түрінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсету 

арқылы 19 мыңнан астам адам қоныс аударды, бұл мақсаттарға шығыстар 464 млн. теңгені құрады.

      Алайда аталған шаралар жаппай қоныс аударуға мүмкіндік бермейді, себебі ол үшін 

бірінші кезекте экономикалық сипаттағы кешенді шаралар қажет.

      2014 – 2015 жылдары ішкі мигранттарды есепке алуды жақсарту, тіркеу рәсімдерін 

жеңілдету мен жетілдіру бойынша шаралар қабылданды.




жүктеу 148,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау