«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ, елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 107,6 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі107,6 Kb.
#7013


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « » №

қаулысымен бекітілді



«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ, елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ, елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сәулет және қала құрылысы автомобиль жолдары саласында қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрылымдық бөлімшелерге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

«Электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) арқылы.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО құжаттар пакетін тапсырған, сондай-ақ Порталға жүгінген кезде-5 (бес) жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны – электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт (бұдан әрі - паспорт) беру;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) мемлекеттік қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 12.30-дан бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) ХҚО-ның Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 12.30-дан бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Нәтижелерді қабылдау мен беру жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» тәртіппен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдалуы мүмкін.

3) Порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-на:

1) жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;

2) түстік шешімі және өлшемдері бар объектілердің эскизі;

3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін:

көрсетілетін қызметті көрсетушіге немесе ХҚО-на:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын жер учаскесіне немесе объектісіне құқық белгілейтін құжаттың немесе кондоминиум объектілерін басқару органдары немесе өтініш берушінің өзге де заттық құқықтарға ие адамдардың сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруы ұсынылатын объектісінің меншік иесімен (меншік иелерімен) бекітілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;

3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын объектінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түңгі бейнеленуін құрайтын эскиз, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс етуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдерін;

4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат- көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Порталға:

Жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сауал салу;

2) түстік шешімі және өлшемдері бар объектілердің эскизі - электрондық түрдегі құжат;

Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сауал салу;

2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын жер учаскесіне немесе объектісіне құқық белгілейтін құжаттың немесе кондоминиум объектілерін басқару органдары немесе өтініш берушінің өзге де заттық құқықтарға ие адамдардың сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруы ұсынылатын объектісінің меншік иесімен (меншік иелерімен) бекітілген сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін – электрондық түрдегі құжат;

3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын объектінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің күндізгі және түңгі бейнеленуін құрайтын эскиз, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс етуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдерін – электрондық түрдегі құжат;

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші Портал немесе уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ куәландыратын электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйе арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті көрсетуші және ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының Заңымен өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО қызметкері түпнұсқалар көшірмелермен немесе электрондық іске қосылған көшірмелерімен салыстырады, кейін түпнұсқаларын мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

Осы стандарттың осы тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО көрсетілетін қызметті алу үшін мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

1) сауал салуды қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұрату салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) Құжаттарды рәсімдеуге өтініш қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

Портал арқылы – «көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мемлекеттік қызметті көрсетуші басшысының мөрі және қолымен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді ХҚО қызметкері көрсетілген мерзімде қолхат негізінде «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы, жеке өзі келген кезде, қолы қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну арқылы жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жеке «кабинетке» жолданады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаса, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым осы көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына атына түседі.

Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда жұмыс күндері почта немесе көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО кеңсесі арқылы қолма - қол жазбаша нысанда қабылданады.

Шағымды қабылдауды растау мемлекеттік қызметті көрсетушінің, ХҚО кеңсесінде шағымды қабылданған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, түскен шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым www.mtc.gov.kz және www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуші, ХҚО басшысының атына түседі.

ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта ұсынылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО басшысына жолданады.

Мемлекеттік қызметті көрсетушінің, ХҚО атына келіп түскен мемлекеттік қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өндеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткені туралы, тіркеу, орындау қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту туралы белгі) қолжетімді болады.

Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымда:

жеке тұлғаның – тегі, аты, мүмкіндігіне қарай әкесінің аты, почта мекенжайы;

заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы қол қояды.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескерілген өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы «электрондық үкімет» веб-порталында: www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде) орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының Порталдың «жеке кабинеті», мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қатынау қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.



___________________
жүктеу 107,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау