«Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық мамандарды тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметінің стандарты



жүктеу 78,75 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі78,75 Kb.
#2425


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « » .
№ қаулысына
10-қосымша

«Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық мамандарды тіркеуді жүргізу»
мемлекеттік қызметінің стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет – «Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық мамандарды тіркеуді жүргізу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Осы мемлекеттік стандартты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызмет беруші) көрсетеді.

Уәкілетті органның деректемелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет тікелей қызмет берушіге өтініш жасаған кезде, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушылар) көрсетіледі.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

қызмет берушіге өтініш жасаған кезде:

1) осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кеш емес;

2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – отыз минуттан артық емес.

3) қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – он бес минуттан артық емес;

4) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – отыз минуттан артық емес;

Портал арқылы:

5) осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кеш емес;

6) өтініш пен құжаттарды қабылдау туралы растаманы күтудің ең ұзақ жол берілген уақыты – он минуттан артық емес.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз және электрондық.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мамандар тізіліміне қосу туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық форматтағы дәлелді жауап болып табылады.

Портал арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында қызмет алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

8. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

9. Қызмет берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мерекелік күндер.



Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

Порталда – тәулік бойы.

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушылар:

қызмет берушіге:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан
әрі – Өтініш);

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) қызмет алушының өкілі өтініш жасаған кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжатты;

4) ветеринария саласындағы білімі туралы дипломның көшірмесін ұсынады;

Құжаттардың нотариалды расталмаған көшірмелері түпнұсқасын көрсете отырып ұсынылады.

Мәліметтер мен құжаттар осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысанына сәйкес ұсынылады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар ақпаратты Портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алу мүмкіндігі болған кезде жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Өтініш бланкісін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша ЖАО-да, www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталында немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» порталында алуға болады.

Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның қызметкері түпнұсқалардың түпнұсқалығын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ұсынылған құжаттармен және мәліметтермен салыстырып тексереді, бұдан кейін түпнұсқаларды қызмет алушыға қайтарады:

Портал арқылы өтініш жасаған кезде:

1) қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) ветеринария саласындағы білімі туралы дипломның электрондық көшірмесін ұсынады.

Мәліметтер мен құжаттар осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысанына сәйкес ұсынылады.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін қызмет беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Портал арқылы өтініш жасаған кезде қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есебі жолданады.

11. Қызмет беруші құжаттарды қабылдау кезінде қызмет алушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

Құжаттарды Портал арқылы берген кезде қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау салуды және құжаттарды қабылдау туралы хабарлама жолданады.

12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау, құжаттардың толық емес пакетін ұсыну не осы стандарттың 5-тармағында айқындалған оларды ұсыну мерзімдерін бұзушылықтар болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қызмет алушы қызмет берушінің кеңселерінде, не қызмет алушының мекенжайы бойынша, жеке электрондық поштасына немесе Порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат нысанында алады.


3. Мемлекеттік қызметті шағымдау тәртібі
13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген немесе әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайда шағым:

1) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қызмет беруші басшысының атына.

2) 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің (бұдан әрі – Министр) атына беріледі.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мерекелік күндер.

3) шағым Порталда «Кері байланыс» сілтемесі арқылы берілуі мүмкін.

14. Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдем көрсетуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

15. Қызмет беруші қызметкерлерінің құқықсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым өтініштің көшірмесін қоса беріп, еркін нысанда беріледі.

Қызмет алушы өзінің шағымында міндетті түрде:

1) тегін, атын, әкесінің атын;

2) жауап жолдануы тиіс пошталық мекенжайын;

3) шағым мәнінің баяндалуын;

4) жеке қолын және күнін көрсетеді.

Қызмет беруші қызметкерлерінің құқықсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңында көзделген мерзімдерде қаралады.

Қызмет беруші қызметкерінің әрекеттерін (әрекетсіздігін) шағымдау тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

16. Шағым берген қызмет алушыға өтінішті қабылдау күні мен уақыты, қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

Шағымды қарау нәтижесі пошта бойынша жолданады не қызмет алушыға шағым берген кезде берілген талонды ұсыну бойынша қолға (не сенімхат бойынша өкіліне) беріледі.

Шағымды Портал арқылы «жеке кабинеттен» жөнелткеннен кейін қызмет алушыға мемлекеттің органда өңдеу барысында жаңартылатын шағым туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау нәтижелері бойынша жауап немен қараудан бас тарту) қолжетімді болады.

17. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа өтініш жасауға құқылы.



4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып, өзге де талаптар
18. Қызмет алушылар үшін мемлекеттік қызметті көрсету кезінде күту және қажетті құжаттар дайындау уақытына жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).

19. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған.

20. Портал арқылы өтініш жасаған кезде өтініш қызмет алушының
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.

21. Мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда қызмет алушыда мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинетте» алу мүмкіндігі болады.

22. Қызмет алушы жадынамасы түріндегі мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат және мемлекеттік қызметті алу схемасы www.e.gov.kz порталында орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы (толық және қосымша) ақпарат сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны (1414) бойынша ұсынылады.


________________________________
жүктеу 78,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау