айқындайды.
24. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары қызмет алушылардың қажеттілігін
бағалау негізінде, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, ұзақ уақыт болуға
арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын әрбір қызмет алушыға бір жылдан
аспайтын мерзімге, ал уақытша болуға арналған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болатын
қызмет алушыларға болу кезеңдегі мерзімге жеке жоспарлар (бұдан әрі – жеке жоспар) (осы
стандартқа 5-қосымша) әзірлейді.
25. Қызмет алушылардың жеке жоспарлары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен
бастап жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары оны тексергеннен кейін он жұмыс
күні ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлейді, кейінгі
үш жұмыс күні ішінде толтырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы
бекітеді.
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болуы қырық екі күннен аспайтын қызмет алушылардың
жеке жоспарлары жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға түскен күннен бастап ұйымның
мамандары оны тексергеннен кейін екі жұмыс күні ішінде әзірленеді, кейінгі бір жұмыс күні ішінде
толтырылады және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы бекітеді.
26. Жеке жоспарда көрсетілген іс-шараларды жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның
мамандары жеке жоспарда белгіленген мерзімде іске асырады.
27. Қызмет алушының жай-күйіндегі өзгерістерді жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның
мамандары тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) тексереді.
28. Жүргізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын жартылай
стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары жеке жоспардың орындалуы (мониторингі) жөніндегі
журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі – журнал/электрондық картотека) көрсетеді, ол
әрбір қызмет алушыға жеке-жеке толтырылады (осы стандартқа 6-қосымша).
29. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның мамандары мониторинг қорытындылары бойынша
қызмет алушылардың жеке жоспарларын қажетіне қарай түзетеді.
30. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман жеке жоспарды және журналды/ электрондық картотеканы
әзірлеу жөнінде жұмыстарды үйлестіреді, сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды
жүзеге асырады.
31. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың жұмыс сапасын:
1) жеке даму деңгейі жоғарылаған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың;
2) білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалардың;
3) қоғамға кіріктірілген ТҚА бұзылған мүгедектер мен балалардың;
4) әлеуметтенген және өздігінен өмір сүруге бейімделген қызмет алушылардың санының көбеюі
бойынша жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы немесе уәкілетті орган бағалайды.
32. Жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация
беру үшін жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қажетті мамандар болмаған жағдайда, шарт
негізінде басқа ұйымдардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.
33. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның әрбір маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке
жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.
Оңалту іс-шараларының нәтижелері тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгіленіп
отырады.
34. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігі жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның
барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттерін сапалы орындауына тұрақты бақылауды
жүзеге асырады.
6. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
35. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметке мыналар:
1) денсаулығының жағдайы бойынша өзін өзі күтудің, оның ішінде төсектен тұру, төсекке жату,
киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану,
қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу,
ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет
алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті
көрсету;
2) жиһазбен және (немесе) тұрмысқа бейімдеуді, оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларын
ұйымдастыруға арналған мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
3) тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну;
4) осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес көзделген кем емес көлемде жұмсақ мүкәммал (төсек-орын
жабдықтарын) ұсыну;
5) қызмет алушыларды үйден жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға дейін және кері бағытта,
сондай-ақ емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін
ұсыну;
6) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болу жағдайларын қолдау жөнінде қызметтер көрсету
жатады.
36. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:
1) берілетін орынжайлар көлемі және басқа да көрсеткіштері (ғимарат пен орынжайдың жағдайы,
олардың жайлылығы) бойынша санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес келеді
және қызмет алушылардың болуына қолайлылықты қамтамасыз етеді.
Барлық қызметтік және өндірістік орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік
талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап береді, телефон байланысымен жабдықталады және
коммуналдық-тұрмыстық жабдықталудың барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі және қызмет
алушыларға олардың талабы бойынша беріледі. Орынжайлар персоналдың, қызмет алушылардың
денсаулығына және ұсынылатын қызметтердің сапасына кері әсер ететін әртүрлі факторлардың
әсерінен (ауаның жоғары температурасынан, ауа ылғалдығынан, шаң-тозаңнан, дірілден және
басқа да қолайсыз жағдайлардан) қорғалады.
Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметтерін, мәдени және тұрмыстық қызмет
көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылған орынжайлар көлемі, орналасқан жері және
конфигурациясы бойынша қызмет алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, жоғарыда
көрсетілген іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) ұйым мамандарының кабинеті қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен
жабдықталады;
әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
3) қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан