Ќазаќстан республикасы ѓылым жєне білім министірлігі



жүктеу 6,62 Mb.
бет5/18
Дата10.02.2018
өлшемі6,62 Mb.
#9239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Тангенциалды кесу жылдамдығының қалыпты жылдамдыққа қатынасы кесу процесінің сапасы (Пелеев А.И.) немесе кесу коэффициенті (Соколов А.Я) деп аталады:



k = /n, (1)

Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша тамақ өнімдерін кесуде бұл қатынас k = /n = 10-600 аралығында өзгеруі тиіс.

Яғни тангенциалды кесу жылдамдығы қалыпты жылдамдықтан 10-600 есе көп болуы қажет.

Сонымен қатар, осы екі кесу жылдамдығының қатынасы сырғанау бұрышының тангенске теңеседі:

k = /n = 10-600 = tg о (2)

Геометриялық тұрғыдан сырғанау бұрышы, о - бұл () векторы қарама-қарсы катет, ал (n) векторы жақындас катет болып табылатын тікбұрышты үшбұрыш төбесінің бұрышы.

Тек шауып кесу кезінде тангенциалды жылдамдық () пен күш (Р), сонымен қатар сырғанау бұрышы (о) нөлге тең болады. Ақырындап сырғанап кесуге ауысқанда сырғанау бұрышы жоғарылайды.

Тек сырғанап кесу кезінде қалыпты жылдамдық (n) пен күш (Рn) нөлге теңеседі. Ал сырғанау бұрышы (о) 900 болады.




Сырғанау бұрышын анықтау сұлбасы

Дегенмен, тек шауып немесе сырғанап кесу радиционалды болмағандықтан тәжірибеде қолданылмайды.

Тәжірибе мәліметтері көрсеткендей сапалы кесуді қамтамасыз ету үшін сырғанау бұрышы 84-тен 890 50'-ге дейінгі аралықта өзгеруі тиіс, бұл k = 10-600 сәйкес келеді.

Егер сырғанау бұрышы о = 0, яғни шауып кесуде энергия шығыны бірге тең (а = 1,0 немесе 100%) болса, онда сырғанап кесуге ауысуда сырғанау бұрышы артып, энергия шығыны төмендейді.

Етті кесу жөнінде жүргізілген тәжірибелік зерттеулер негізінде келесі тәуелділіктер ұсынылды:

  • кесу кезіндегі қалыпты - Рn, және

  • тангенциалды күштер - Р, (кГ күш кесудің 1 см еніне өлшем бірлігінде):

Рn3,5 = 57/k = 57/tgо= 57n/;

(3)


Р2,8 = 3,0/k, кГ/см

Осы тәуелділіктер негізінде ет кесуге арналған машиналардың электрқозғалтқыштарының қуатын анықтауға болады.

Ет кесуге арналған машиналардың кең тараған түрлері және тамақ өнеркәсіптеріндегі кесуге арналған машиналар

Тамақ өнеркәсібінің ет-сүт, балық, консерві, құсты өңдеу, нан өнімдері, макарон және т.б. барлық салаларында, сонымен қатар сауда және қоғамдық тамақтану өнеркәсіптерінде кесуге арналған машиналардың көптеген түрлері қолданылады.

Дегенмен, осы машиналардың конструкцияларында көп ұқсастық бар. Бұл пышақтардың конструкциясы, машинаның құрастырылу концепциясы және алдымен өнімнің түріне байланысты.

Сауда және қоғамдық тамақтану өнеркәсіптерінде кесуге алдымен келесі өнімдер түседі:

  • көкөністер мен жеміс-жидектер, ет және нан өнімдері;

  • гастрономдық тауарлар (буженина, ветчина, шұжық, сыр, май және т.б.).

Осыған байланысты сауда және қоғамдық тамақтануда көкөніскескіш, еттартқыш пен етқопсытқыш, сүйеккескіш, мұздатылған өнімдерді кесуге арналған машиналар, май тұтасын кесуге арналған машиналар және т.б. кеңінен қолданылады.

Ет өнеркәсіптеріндегі технологиялық жабдықтардың кесуге арналған қатаң жіктелу сұлбасы жоқ. Бұл жабдықтар бір-біріне ұқсас маңызды белгілеріне байланысты жіктеледі.

1.Ұсақталған кесектердің ірілік дәрежесі

а) Ірі кесуге немесе кесек өлшемі 50 мм-ден жоғары ұсақтауға арналған машиналар;

б) Кесек өлшемі 50 мм-ге дейін орта кесуге арналған машиналар;

в) Кесек өлшемі 2 мм-ге дейін ұсақ кесуге арналған машиналар;

г) Бөлшек өлшемі 1 мм-ден төмен майда кесуге арналған машиналар.

2. Бөлшек бетінің пішіні, саны мен орналасуы

а) Бір немесе бірнеше параллель (эквидистантты) жазықтыққа тізбектей бөлуге арналған машиналар;

б) Белгілі пішінді кесектерді екі немесе үш жазықтық бойынша бөлуге арналған машиналар;

в) Белгілі пішінді сақтамай ұсақтауға арналған машиналар;

г) Өнімді біртекті гомогенді массаға ұсақтауға арналған машиналар.

Ірі кесекті және бір немесе бірнеше параллель (эквидистантты) жазықтық бойынша кесуге арналған машиналар

Аралар бір мезгілде ірі кесуге және бір жазықтық бойынша тізбектей бөлуге арналған машиналарға жатады. Мысалы, ұшаны жартылай ұшаға бөлу және т.б.

1. Орналасу әдісі бойынша төмендегідей жіктеледі

а) Іргетасқа орнатылған стационарлы аралар;

б) Ауыспалы аралар.

2. Пышақ құрылымының конструкциясы бойынша

а) Дискілі жазық немесе тісті пышақты;

б) Таспалы (яғни, таспалы жазық түрінде) шекті (яғни, ұзындығы шектелген) немесе шексіз жазық немесе тісті пышақты;

в) Кескіш жазығы шынжыр түріндегі аралар (шынжырлы аралар). «Дружба» типіндегі аралар.

Пышақтың кесуші бөлігінің құрылымы екі қырлы сына түрінде болуы мүмкін:

а) бір жақты (қашаудағы сияқты);

б) немесе екі жақты (тістеуіктегі сияқты).

Екі жақты сынаның екі шеті жұмысшы деп аталады. Бір жақты сынаның тек көлбеу қыры жұмысшы, ал қарама-қарсы қыры тіректі деп аталады.

1. Ең көп тараған машиналардың түрлері дискілі еткескіштер, салокескіштер, нанкескіштер және т.б. Олар келесі түрде орындалған.




Сурет III-1 Дискілі еткескіштің сұлбасы

- Көлденең білікке диаметрлері бірдей бір немесе бірнеше дискілі пышақтар орнатылған.

- Егер дискілі пышақтар бірнешеу болса олардың арасындағы қашықтық, ал сәйкесінше кесілмейтін кесектер өлшемі құбырлы дистантты төлкелермен реттеледі.

- Пышақ білігінің астына өнімді беруге арналған таспалы тасымалдағыш орнатылған. Оған өнімге арналған бекіткіш орнатылады немесе кесу өнімді бекітпей, яғни өзінің тартылысымен жүреді.

- Пышақтардың сызықты айналыс жылдамдығы бұл жағдайда кесудің тангенциалды жылдамдығы = ·R болып табылады.

- Тасымалдағыштың сызықты жылдамдығы, яғни беру жылдамдығы кесудің қалыпты жылдамдағы n болып табылады.

- Осы жылдамдықтардың қатынасы k = / n = 20-30 теңесуі тиіс. Сәйкесінше, tg о = 20-30, ал сырғанау бұрышы 87-880.

Кейбір араларда пышақтардың қыры келесі түрде орындалуы мүмкін:

- тістері нақты көрінген;

- қайрау бұрышы нөлге тең (ажыратылмайтын тісті);

- немесе тіптен кері (ажыратылмалы тісті).

Мұндай пышақтарды қатты өнімдерге (құбырлы және басқа да сүйектер, мұздатылған материалдар) қолданады.

Екі немесе үш жазықтық бойынша белгілі пішінді кесектерді тізбектей бөлуге арналған машиналар

Оларға ет өнеркәсібінде ең алдымен шпиг кескіштер жатады. Олар шипгті (шошқа майы) текше түрінде белгілі пішінді кесектерге кесуге арналған.

Шпиг кескіштер қоректендіргішінің орналасуына байланысты көлденең және тік болуы мүмкін.

Бөліктің алғашқы екі жазықтығындағы кесуші органдардың конструкциясы бойынша дискілі немесе пластиналы пышақты болады.

Бөліктің үшінші жазықтығында ішкі кесу қыры бар орақ тәрізді пышақ орнатылған.

Тік шпиг кескіштің жұмысшы бөлігі төмендегілерден тұрады:

- Екі секциялы қабылдағыш шанақ - қоректендіргіштен, онда шпиг салынады;

- Гидравликалық поршенді итергіш көмегімен шпиг кесуші механизмге қарай қозғалады;

- Ол ілгерілемелі-кейінді қозғалыс жасай отырып, бірінші жазықтықтағы шпигті кесетін пластиналы пышақтар рамасынан тұрады;

  • Бірінші раманың астына ілгерілемелі-кейінді қозғалыс жасай отырып, басқа жазықтықтағы шпигті кесетін екінші пластиналы пышақтар орнатылған;

  • Екінші рама астына шпигті үшінші жазықтықта кесетін орақ тәрізді пышақты жетекті білік пен эксцентрикті жұдырықша орнатылған;

  • Бұл жұдырықша пластиналы пышақтарды ұстайтын рама ойығына орналасқан;

  • Жұдырықша жетекті біліктің айналмалы қозғалысын төменгі раманың ілгерілемелі-кейінді қозғалысына түрлендіреді, ол екілік рычаг арқылы жоғарғы рамаға беріледі;

Машина гидравликалық сорап пен гидравликалық поршенді цилиндр орнатылған қаңқамен жабдықталған.



Сурет III-5 Тік шпиг кескіштің технологиялық сұлбасы

Дәріс 8. Ет өнімдерінің пішінін сақтамай ұсақтауға арналған машиналар

1.Орташа ұсақтауға немесе өнім кесектерінің пішінін сақтамай ұсақтауға арналған машиналар

2. Ет өнімдерін майда және жұқа ұсақтауға арналған машиналар

3. Кесуге арналған машиналардың технологиялық есептеулері



Оларға ең алдымен конструкциясы тұрмыстық еттартқыштардан көшірілген ет ұсақтағыштар немесе өндірістік ет тартқыштар, сонымен қатар басқа да машиналар жатады.

Ет ұсақтағыштың негізгі сипаттамасы ретінде торының диаметрі (82-300 мм) анықталады.

Машинада екі жұмысшы орган бар.

  • Тасымалдаушы - айнымалы қадамды шнек.

  • Шнектің минутына айналыс саны - 100-200 баяу, 200-300 орташа және 300-ден жоғары жылдам айналатын ет ұсақтағыштар үшін.






Еттартқыштың сұлбасы



  • Кесуші жұмысшы органы - крест тәрізді пышақтар мен қозғалмайтын торлар жиынтығы.

  • Өндірістік ет тартқыштарда әдетте үш тор орнатылады. Олардың арасына әрбіреуі сегіз қырлы төрт жақты крест тәрізді пышақтар орнатылады.

  • Өнімнің жүрісі бойынша бірінші үш ірі эллипс тәрізді тесігі бар қабылдаушы тор орнатылады. Өндірістерде бұл торды «үш көзді» деп те атайды.

  • Пышақтан кейін ірі тесікті тор, одан кейін тағы пышақ, содан кейін тесіктері неғұрлым ұсақ, яғни диаметрі 3-5 мм болатын тор орналасады;

  • Кесудің тангенциалды жылдамдығы = ·R тең. Қалыпты жылдамдық, әдетте максималды өстік жылдамдықтың 0,2-0,5 құрайтын етті шнекпен беру жылдамдығына тең;

  • Кейде ет ұсақтағыштарда ұсақталған еттің шанаққа қайтымды ағыны туындайды. Мұның себебі:

а) цилиндр мен шнектің арасындағы үлкен саңылаулар - оңтайлы саңылау 2 мм-ден көп болмауы тиіс;

б) ет ұсақтағыштың кесуші және беруші механизмдерінің теңсіздігі;

в) шнек орамының оңтайлы саны - ол 5-6 аралығында болуы тиіс.

Шнектің ұзындығы қысқа болған кезде еттің қайтымды ағыны кенет жоғарылайды.

Шнектің ұзындығы ұзын болған кезде қайтымды ағындар қысқарады, бірақ энергетикалық шығындар көбейеді.

Ет өнімдерін майда және жұқа ұсақтауға арналған машиналар

Оларға ең алдымен куттерлер жатады. Көбінесе өндірістерде ұсақтаудың жоғары сапасын қамтамасыз ететін мерзімді әрекетті куттерлер қолданылады.

Мерзімді әрекетті куттерлердегі ет жылдам айналатын (500-3000 мин-1) орақ тәрізді пышақтар көмегімен ұсақталады. Пышақтар машина конструкциясының бірнеше біліктеріне байланысты бір немесе екі білікке орнатылған. Әлемде мерзімді әрекетті куттерлер конструкцияларының көптеген түрлері бар. Орақ тәрізді пышақтардың саны 2-ден 9-ға дейін.

Кесу аймағы қақпақпен жабылады.

Куттердің тасымалдаушы органы тор пішінді айналмалы (2-20 мин-1) тостаған болып табылады.

Ұсақталған ет турамасын түсіру жеке электрқозғалтқыштан айналыс алатын айналмалы тарелка көмегімен жүзеге асырылады.

Мерзімді әрекетті куттерлерден басқа конструкциясы осыларға ұқсас үздіксіз әрекетті ұсақтағыштардың да көптеген түрлері бар. Олар үздіксіз әрекетті ұсақтағыштар деген жалпы атауға ие. Сонымен қатар, олардың біразының атаулары бар: микрокуттерлер, коллоидты диірмендер, дезинтеграторлар және т.б..

Кесуге арналған машиналардың технологиялық есептеулері

Кесуге арналған машиналар конструкциясының әртүрлілігі оларды есептеу әдістерінің де әртүрлілігін анықтайды.

Өнімді бір немесе бірнеше параллель жазықтықта кесуге арналған машиналардың өнімділігі негізінен тасымалдаушы механизмдердің жұмысымен анықталады.

Кесектерді белгілі пішінмен немесе кесектер пішінін сақтамай ұсақтауға арналған машиналар, сонымен қатар майда және жұқа ұсақтауға арналған ұсақтағыш машиналардың өнімділігі жұмысшы қоректендіргіш (тасымалдаушы) құрылғылардың жұмысы мен кесуші механизм немесе оның кескіш қабілетінің жұмысымен анықталады.

Кескіш қабілеттілігі дегеніміз пышақ механизмінің уақыт бірлігінде өнімнің жаңа бетін түзу қабілеті.

Кескіш қабілеттіліктің негізінде ет ұсақтағыштар мен осыған ұқсас ет кесуге арналған машиналардың массалық өнімділігін анықтауға болады:

МВ = ·F/F1, кг/сағ

мұнда - кескіш қабілеттілікті пайдалану коэффициенті

Дегенмен, үздіксіз әрекетті кесуге арналған машиналармен қатар мерзімді әрекетті машиналар да бар. Мұндай машиналардың бірі мерзімді әрекетті куттер болып табылады.

Мерзімді әрекетті кез келген машиналардың немесе 1 класты бір позициялы машиналардың өнімділігі төмендегідей анықталады:

МВ = 60 G/(tөзг.+ tқойм.), кг/сағ

Ұсақтау ұзақтығына қоймалық операциялар үлесін енгізсек: 1 = tқойм./tөзг., онда соңғы тәуелділікті келесі түрге түрлендіруге болады:

МВ = 60 G/tөзг.·(1+ 1), кг/сағ

Дәріс 9. Икемді және білікшелі жұмысшы органдар, олар орнатылатын жабдықтар

1. Қырғыш машиналар мен қауырсын жұлу машиналары

Икемді және білікшелі жұмысшы органдар жоюға арналған машиналарда қолданылады:



  • алдын ала ұйытылған шошқа ұшасының қылшығы (мұндай машиналарды қырғыш машиналар деп атайды);

  • алдын ала ұйытылған шошқа басының құйқасы (оларды бастарды өңдеуге арналған агрегаттар деп атайды);

  • жүнді субөнімдердің қылшығы (центрифугалар);

  • барлық құстардың қауырсындары (қауырсын жұлу машиналары).

Сонымен қатар, икемді жұмысшы органдар білікшелі жұмысшы органдармен комбинацияда ішек өңдеу машиналарында да қолданылады.

Икемді жұмысшы органдар мен білікшелі жұмысшы органдардың конструктивті пішіндері:

а) Резеңкелі эластикалық пластиналарға металл қырғыштар бекітілген.

Олар шошқаның ұшасы мен басынан қылшықтарын түсіруге қолданылады. Резеңкелі пластинаның ұзындығы



  • шамамен 250-300 мм және ені 80-120 мм.

Резеңкеге 1200 бұрышпен майысқан үш металл қырғыш болттармен бекітілген. Қырғыштар көбінесе шахматты ретпен бекітіледі.

Мұндай пластиналар конструкциясы бойынша ажыратылатын қырғыш машиналарда орнатылады (С):



  • горизонтальды-көлденең (100 бас/сағ дейін, кеңінен тараған);

  • горизонтальды-бойлық (400 бас/сағ дейін);

  • тік-бойлық С (250-600 дейін).

Горизонтальды-көлденең қырғыш машиналар мерзімді әрекетті жұмыс істейді. Қалғандары үздіксіз түрде жұмыс істейді.

Горизонтальды-көлденең қырғыш машиналарға келесі белгілер тән:


  • машинаның негізі металл прокаттан дайындалған тік бұрышты қаңқа болып табылады;

  • қаңқаның биіктігі шамамен 2,1 м, шошқа ұшасын тиеу жағы (машинаның алдыңғы бөлігі) мен түсіру жағының ені - 2,6 м, ал бүйір бетінің ені -1,7 м;

  • бүйірлері арасында саңылауы шамамен жарты радиусты көлденең параллель орнатылған барабан бекітілген;

Икемді және білікшелі жұмысшы органдардың келесі конструктивті түрі:

б) Резеңкеленген (яғни, тартылған) эластикалық резеңкелі білікшелер.

Олар суда жүзетін құстардың неғұрлым ірі қауырсындарын жұлуға арналған машиналарда қолданылады.

Машина металл прокаттан (бұрыштама мен швеллер) пісірілген қаңқадан тұрады.

Икемді жұмысшы органдардың келесі конструктивті түрі:

в) Көлденең бұдырлармен жабылған дөңгелек немесе сопақ қималы резеңкелі саусақшалар

Саусақшалар диаметрі 32-10. Ұзындығы 80-120. Бұдырлар арасындағы қадам - 3 мм. Бұдырлар саны - 5-6.




Сурет IV-4 Резеңкелі саусақшалар



Бұл резенкелі саусақшалар барлық құстардың орташа қауырсынын түсіруге арналған машиналарда қолданылады.

Барабанды машина келесі конструктивті қаситтерге ие:



  • машинаның негізі металл прокаттан (бұрыштамалар) текше түрінде дайындалған қаңқа болып табылады;

  • қаңқаның жоғарғы жазығына айналмалы көлденең түрде барабан орнатылған;

  • барабан стационарлы үштіректерге бекітілген;

  • барабанның астына жетек орнатылған.

Икемді жұмысшы органдардың келесі конструктивті түрі:

г) Көлденең бұдырлармен жабылған дөңгелек, эллипс тәрізді немесе призмалық резеңкелі соққыштар.

Икемді жұмысшы органдардың келесі конструктивті түрі:

д) Шаршы (20х20 немесе 30х30) қималы резеңкелі тарақша.

Тарақшаның жоғарғы жұмысшы беті көлбеу (шамамен 450) орналасқан. Онда 5-6 бұдыр орнатылған. Тарақшаның ұзындығы - 70-80 мм.

Икемді жұмысшы органдардың келесі конструктивті түрі:

ж) Резеңкелі пластиналар.

Олар құс қанатынан қауырсын жұлуға арналған пластиналы машиналарда қолданылады.

Резеңкелі пластиналар тақтайша мен орамдар көмегімен металл білік-құбырға бекітілген.

Пластинаның дөңес шыңы бойынша диаметрі 200 мм, пластинаның ұзындығы -250 мм, ал қалыңдығы шамамен 20-25мм.
Дәріс 10. Икемді және білікшелі жұмысшы органдар. Ішек өңдеуге арналған жабдықтар

1. Ішек өңдеу жабдықтар

2. Ішек өңдеу жабдықтарына қойылатын жабдықтар
Жоғарыда айтылғандай икемді жұмысшы органдар білікшелі жұмысшы органдармен комбинацияда ішек өңдеу машиналарында да қолданылады, соның ішінде:


  • ішек ішіндегі жын сығуға арналған машиналар (сығушы білікшелер);

  • ішектеғі балластты қабықшаны бұзып сығуға арналған машиналар (шлямді ұсату машиналары);

  • ішекті соңғы өңдеуге арналған машиналар.

Ішек шикізаты өте құнды және маңызды өнім болып табылады. Ол тіптен дамыған Еуропа елдерінде де жоғары сұранысқа ие.

Ішек шикізаты келесі мақсаттарға пайдаланылады:



  • шұжықтың деликатес түрлерінің неғұрлым жоғары сапалы қабықшасын өндіруге;

  • неғұрлым сапалы және экологиялық таза хирургиялық жіп кетгутты өндіруге;

  • музыкалық құралдардың струнасы өндіруге.

Өңдеу технологиясы.



  1. Ішек жиынтығын алу.

  2. Ішекті ішіндегілерден босату.

  3. Ішекті механикалық өңдеуге дайындау. Яғни, ішектің алынатын қабаттарын бөлу кезіндегі кедергіні азайту үшін оны жылы сумен жуу.

  4. Ішекті механикалық өңдеу:

а) сыртқы жағынан - пензеловкалау;

б) ішкі жағынан - шлямдау.



  1. Суыту.

  2. Сұрыптау.

  3. Тоқу және буып-түю.

Қазіргі уақытта ішектерді өңдеу ағынды-механикаландырылған желілерде жүргізіледі. Олар: ФОК-К; ФОК-С; ФОК-Б (КСРО) және басқа да шет елдерінің бірқатар желілері, мысалы «Стрид» (Швеция) және т.б.


Бір желінің құрамына 4-5 машиналар енеді:

  • сығу білікшелері (ішек ішіндегілерді сығу үшін қолданылады);

  • шлямді ұсату машина (шлямді ұсату мақсатында орнатылады);

  • екінші сығу білікшелері (ұсатылған қабықшаларды шығару мақсатында орнатылады);

  • екінші шлямді ұсату машинасы (тек ірі қара малдың ішегі үшін);

  • ішекті соңғы өңдеуге арналған машина.

Осы машиналардың барлығында ең алдымен икемді жұмысшы органдар білікшелі жұмысшы органдармен комбинацияда қолданылады.

Жұмысшы органының құрылымы бойынша ішек машиналары төмендегідей жіктеледі:


  • білікшелі;

  • пластиналы, желдеткішті;

  • щеткалы.

Операция санына байланысты төмендегідей жіктеледі:

  • операциялас;

  • аралас (әмбебап).




жүктеу 6,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау