Дәріс 6. Малдың терісін сыдыруға арналған жабдықтар 1. Сойылатын малдардың терісін сыдыруға арналған икемді тартқыш байланысты жұмысшы органдар
2. Малдардың терісін сыдыру әдістерінің жіктелуі
3. Тері сыдыруға арналған қондырғыларға қойылатын талаптар
Тері сыдыруға арналған технологиялық жабдықтардың барлық түрлері тері астындағы қабатты үзу немесе тілу әдістері бойынша жұмыс істейді.
Бірінші әдіс бойынша сыдыру сапасы екіншіге қарағанда едәуір жоғары. Себебі, тері астындағы қабатты үзу көптеген жағымды факторлармен түсіндіріледі:
1. Үзілу орнында теріні ұшамен байланыстыратын қан тамырларының кенеттен қысылуынан қан жылдам тарап, тері бетіндегі қан түйіршіктерінің жиналуын болдырмайды.
2. Тері астындағы қабатты үзу әсерінен ұшада бұдыр бет пайда болады. Бұл оның бетіндегі құрғақ кеуектердің жылдам пайда болуына септігін тигізеді де, нәтижесінде ұшаны суыту мен сақтауда кептіруді төмендетеді.
Сондықтан тері сыдыруға байланысты барлық өнеркәсіптік әдістер тері астындағы қабатты үзуге байланысты жүргізіледі.
Тері астындағы қабатты тілу тері сыдырудың бастапқы және дайындық кезеңінде қолданылады.
Cойылатын малдардың терісін сыдыру әдістері төмендегідей жіктеледі:
- механикалық, теріні созу арқылы (неғұрлым кеңінен тараған);
- жылулық, тері астындағы қызылған созушылықпен қабатты жағу арқылы;
- химиялық, тері асты қабатына еритін зиянсыз реагент енгізу арқылы;
- құрамалы.
Тері сыдыруға арналған қондырғылардың жіктелуі
1. Малдардың түрі бойынша
а) Ірі қара малдарға арналған (соның ішінде, жылқы мен түйелер);
б) Шошқаларға арналған;
в) Ұсақ қара малдарға арналған.
2. Жұмысшы циклдің құрылымы бойынша
а) Мерзімді әрекетті;
б) Үздіксіз әрекетті.
3. Бойлық сыдырудың бағыты бойынша
а) Ұшаның мойнынан құйрығына дейін;
б) Құйрық жағынан мойын бөлігіне дейін.
4. Теріні сыдыру жылдамдығы бойынша
а) Тұрақты жылдамдықта;
б) Айналмалы жылдамдықта.
5. Жұмысшы органның типі бойынша
а) Икемді тартқыш түрдегі жұмысшы органмен:
- шынжырлы;
- екі параллель шынжырлы;
- трос.
б) Басқа түрдегі жұмысшы орган
- барабан немесе барабан білігі.
Көптеген қондырғыларда әртүрлі шынжырлар түріндегі икемді тартқыш байланысты жұмысшы органдар қолданылады. Кейбір қондырғыларда ғана басқа жұмысшы органдар қолданылады.
6. Сыдыру кезеңінің саны бойынша (тек ірі қара мал терісін сыдыру)
а) Бір кезеңді. Тері сыдыру алдымен бүйірлік бағытта, содан кейін тізбектей бойлық бағытта бір кезеңде жүргізіледі (қазіргі заманғы қондырғылар).
б) Екі кезеңді. Тері сыдыру алдымен бүйірлік бағытта жеке (бірінші кезең), содан кейін бойлық бағытта жеке (екінші кезең) жүргізіледі (ескі жабдықтар).
Тері сыдыруға арналған қондырғыларға қойылатын талаптар
Теріні керу арқылы механикаландырылған тері сыдыру әдісі әлемде алғаш рет 1930 жылдары КСРО-да ВНИИМПта жүргізген зерттеулер нәтижесінде енгізілген.
Сол кезде ірі қара малдың терісін сыдыруға арналған қондырғылардың конструкциясына қойылатын талаптар жетілдіріліп, кейінірек басқа да малдардың терісін сыдыруға арналған машиналарға кеңінен тарады.
1. Теріні өңдеуде ұша аспалы конвейердің рельсінде болуы тиіс.
2. Ірі қара малдың ұшасы алдыңғы аяғымен немесе цех еденіне мойынымен арнайы бекіткіш көмегімен қойылуы тиіс.
3. Ірі қара малдың ұшасы бекіту кезінде көлденең бойынша шамамен 700 бұрышқа көлбеуленуі тиіс.
4. Ірі қара малдың терісін сыдыруды екі бағытта жүргізу қажет:
а) бүй = 6,0 м/мин жылдамдықпен бүйірлік (көлденең мойын, кеуде тұсынан);
б) бой = 8,0-10,0 м/мин жылдамдықпен бойлық (тік белден).
Дәріс 7. Кесуші жұмысшы органдар және олар пайдаланылатын жабдықтар
Процестің жалпы сипаттамасы
2.Ет кесуге арналған машиналардың кең тараған түрлері және тамақ өнеркәсіптеріндегі кесуге арналған машиналар
Кесу технологиялық процесс ретінде екі түрге бөлінеді:
шауып кесу;
сырғанап кесу.
Шауып кесу кезінде:
- пышақ қалыпты жылдамдықпен n ілгерілмелі қозғалады;
- өнім қалыпты күшпен Рn жабысады.
Сырғанап кесуде пышаққа келесі қасиеттері тән
- екі жылдамдық:
а) қалыпты жылдамдық, (тігінен төмен бағытталған) - n;
б) өнімнің бетіне қатысты пышақтың тангенциалды немесе жанама сырғанау жылдамдығы - ;
- екі кесу күші:
а) қалыпты күш Рn;
б) тангенциалды немесе жанама күш Р.
| Шауып және сырғанап кесу |
Достарыңызбен бөлісу: |