Денсаулық сақтау құндылығы. Денсаулық сақтауға құнды бағдар дегеніміз – ол адамның әрдайым түрлі жағдайларда өзінің ойлары мен мен іс- әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы.
Ол құндылықтар:
адамгершілік құндылықтарды сіңіру;
зиянды әрекеттерден аулақ болу;
дене еңбегімен сақтану;
күн тәртібінің болуы;
тамақтану тәртібін қадағалау;
өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
салауатты өмір салтын ұстану.
Мәдени қалыптарға құндылық. Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық қатынас орнату оқушының өзін-өзі күту мәдениеті, экология мәдениеті, еңбек ету, экономикалық мәдениеті, құқықтық, рухани, адамгершілік арқылы тәрбиелеу жатады.
Әлеуметтік қатынасқа көзқарас. Адам өміріндегі әлеуметтік қатынасқа құндылық бағдар қалыптастыру – бала тәрбиесі үшін аса маңызды құндылық. Өз ортасын, жолдастарын, ата-анасын, ұстаздарын сыйлау, қоғамдық қатынастар мәдениетін игеру, қоғамдық қызмет түрлерін түсіну, өз құқығын білу, қорғау – осы құндылық арқылы жүзеге асады.
Тәрбиелік қолдануда төмендегідей технологиялар қолданылады:
Ұжымдық шығармашылық іс технологиясы.
Ойын технологиясы.
Құрастыру технологиясы.
Жобалау технологиясы.
Еркін даму технологиясы.
Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Іс-әрекеттің кез келген түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер арқылы жеке тұлғаны дамуы мен қалыптасуына ерекше орын алады. Бұл ретте, сынып
жетекшісі – пән мұғалімдері мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы болып табылады.
Ұжымды басқару кезіндегі өзара қарым-қатынас және деңгейін білу құрылымы. Мектеп ұжымының бағдарламалық іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттері: алқалық келісімге келу, шынайылық, дәлел деңгейін арттыруға бағдарлау, жеке басын ынталандыру. Сапалы білім мен саналы ұрпақты қалыптастырушы, әрине, ол – ұстаз. Қоғам талабына сай кәсіби мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Жаңа формация мұғалімі – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға. Педагог өзі құзіретті болмай, мақсатқа жетуі екіталай. Сондықтан да бүгінгі күннің өзекті мәселесі – педагогтердің жеке тұлғалық құзіреттілігін үздіксіз дамыту.
Қазіргі таңда мұғалім құзіреттілігін үздіксіз жетілдіруде төмендегідей міндеттер жүктеліп отыр:
Мамандығы бойынша негізгі дайындығының болуы.
Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларын білуі.
Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі.
Компьютерлік техниканы меңгеруі.
Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси, және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі..
Педагогтің кәсіби мәдениеті төмендегідей сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |