- Сабақтың тақырыбы: Ардақта ата-анаңды
- Мақсаты;
- а) білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты
- ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да
- парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;
- ә)дамытушылығы; Халқамыздың тәлім- тәрбиесінің ананың
- ақ сүтімен, әже өнегесімен,ата ақылымен
- берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді
- балалар бойына дарыту.
- б) тәрбиелілігі; отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,
- қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
- Әдісі; Интерактивті технология.
- Барысы; І.Ұйымдастыру .
- - Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір – біріңе күліп қарап, жайдары ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейрімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.
- Қымбатты ата-ана, ұстаздар!
- Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.
- Алдамен сүй, ардақты ата-анаңды,
- Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
- Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
- Мейірімінен ананың жасалады.
- Жырақ жүрген ата-анасын сағынған
- Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
- Екеуінің қуанышы,тілегі
- Әрқашан да бір арнадан табылған.
- Адамға ең қымбаты-отбасы.Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық,татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Ата-ана отбасының ұйытқысы десек,бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек.
- Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп,Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса,болашықта өз-өзін танумен қатар,өміріне нық сеніммен қадам басады.
- Ғ.Мүсіреповтың
- “Ақлима”
- әңгімесінен үзінді оқу
- 1. Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?
- 2. Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез-келген ананың қолынан келе ме?
- Әке– асқар тау,
- Ана– ағып жатқан бұлақ,
- Бала –жағадағы құрақ.
- Халық нақылы.
- 1. Адам қай уақытты ата-анасының үмітін ақтай алады?
- 2. Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласын ба?
- 3.Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?
- Б. Соқпақбаевтың
- “Менің атым Қожа” повесінен үзінді оқу
- *Әкенің адам өмірінде алатын орны қандай?
- *«Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңдер?
- Маған да,саған да
- Жақын туыс бес адам.
- Үш әріптен тұратын
- Оңға оқы,солға оқы
- Өзгермейді еш одан
- Бәріде өз жұртың,
- Айтады кәне кім атын?
- Ата-ана туралы дана сөздер:
- Ұл-қыз ата-анасын,үлкендерді қуанышқа бөлеп,бақытқа кенелтсем десе,алдымен әдепті болулары керек.Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса,ата-ананың ұл-қызы болып өседі
- Адал жеміске ,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды,Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады.
- Сәби шағында олар өзіңді қалай бағып- қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
- Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма ,олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
- Ата-ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.
- Ата-анасын ұмытқан бала опасызы, рахымсыздың рахымсызы
- Түн ұйқысын төрт бөлген ,түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар , ол- қорлық
- Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай Қылықтардан аулақ болып ана,әке,апа,қарындас туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әке-тірегің,қамқоршың, асқар тауың.Ана- жарық дүниеге әкелуші.
- Өмірде не жетім
- 1.Өмірде ата-анасы жоқ болса,бала -жетім.
- 2.Халқына сенімсіз болса,хан –жетім
- 3.Суы жоқ- құдық жетім
- 4.Досы жоқ жігіт- жетім
- 5.Шәкіртсіз ұстаз –жетім
- 6.Қызы жетесіз болса, ана- жетім
- 7.Ата-ана ақылы жерде қалса,
- бәрінен де сол жетім
- Ей,перзентім! Ойыңа тоқып ал,ата-анаға құрмет,ізет қылуды мойынға алу ләзім.Себебі баланың түп негізі ата-ана болып табылады.
- Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады.Сен соны білуің керек.
- Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл санаңмен,адамгершілікпен өте.Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол жақсы.Алла тағала оның өмірін ұзартады.
- Борыш-ата-анаға ұстаздар мектебіне қызмет жасап,әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу.
- Құретті әке-шеше атыңа кір келтірмеуге ант етемін!
- -Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?
- -Анаңның туған күні қашан?
- -Үйдегі адам саны қанша?
- -Бауырың неше жаста?
- Үйде ыдысты кім жуады?
- -Үйді кім жинастырады?
- -Таңертең сені кім оятады?
- -Әкеңнің туған күні қашан?
- 1.Атаға қарап-...
- Анаға қарап-...
- 2.Ананың көңілі балада,...
- 3.Ата-ананың қадірін ...
- 4.Атаның баласы болма ...
- 5.Баланың жақсысы қызық ...
- 6.Ұядан не көрсе,...
- 7.Қарағайға қарап.....
- Отбасына қарап ....
- Балаларға жұмбақтар шештіру:
- Әлпештеп өзіңдей өсірген
- Нағашы әжеңнің баласы
- Төріндежалпиып көсілген
- Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім?
- Аймалайды күнім деп
- Мейірімді жүзі күлімдеп
- Тәтті-ақ дейді немере
- Бал шырындай үнің деп Ол кім?
- Айтары мол ғұлама
- Көп жасаған бұл адам
- Әкесі ол әкеңнің
- Білер оны сұраған Ол кім?
- Атаңның баласы
- Кей кезде таласып
- Қаласың әжеге
- Білгенің асады кәдеге Ол кім?
- «Ата-анамды не үшін құрметтеймін» дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де даяр тұрады...Соны сен білуің керек.
- Әрбір перзент ақылды болса,дана болса, ата-анасының мейір-махаббаты үшін ештеңені орындаудан бас тартпайды...Ата-ананың міндеті-сені тәрбиелеп,өсіру және жақсылыққа үйрету.
- Ата-анаңның алдында шыншыл бол.Ата-анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың ризашылығын ал.
- Кабуснамадан
- Балалар шеңбер жасап тұрайық, өз бойларыңдағы жақсы қасиеттеріңді ой елегінен өткізіңдер, содан кейін өз аттарыңды атап өзіңнің жақсы қасиеттерің туралы кезек-кезек айтып беріңдер.
- "Кел, жақынырақ танысайық"
- 1.Анаңа ауыр сөз айтпа,
- Атаңа ауыр жүк артпа.
- 2.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
- Ағайынның қыдірін жалалы болғанда білерсің.
- 3.Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін білмес.
- «Ата-анам- берік қорғаным» тақырыбында эссе жазу.
- - Не тәтті ? Ананың сүті
- - Не жұмсақ ? Ананың қолы
- - Кім жақын ? Тату болса ағайын жақын,
- Бауырмал болса, інің жақын
- Не қымбат ? Алтын ұяң Отаның қымбат,
- Құт – береке атаң қымбат.
- Аймалайтын анаң қымбат,
- Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
- Ой- толғаныс.Аналарына гүл ұсынып, тілектерін айтады.
- Қайырымды жандар айнала
- Шеңберге келсін жайлана.
- Жалықпастан қайта біз,
- Жылылық сөзін айтамыз.
- Сүйеміз барлық ананы,
- Жүрегім оттай жанады.
- Бақыттымыз осы біз,
- Қасымызда досымыз.
- Тыңдағандарыңызға рахмет!
- Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Аяжан Боқырова.
- Родниковка орта мектебі.
Достарыңызбен бөлісу: |