Құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға шындық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, махаббат, шығармашылық жатады.
Құндылықтар – тек обьективті, яғни шынайы бола алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады. Осының нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, іс-әрекет етеді.
Білім берудегі құндылық бағдар – сезім мен ақыл-ойға тең дәрежеде сүйену. Осы тепе-теңдіктің болмауынан білім жүйесінде сыңар жақты педагогикалық көзқарастар орын алып келгелі белгілі. Сондықтан да мектептерде құндылық-бағдарлы тәрбие үлгісін ұстанып, оны өмірге ендіру көкейкесті мәселерлердің бірі болып саналады.
Құндылық-бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын негізгі бағыттар:
тәрбиеге жалпы адамзаттық мәдениет тұрғысынан педагогикалық көзқарас қалыптастыру;
педагогикалық процес барысында жалпыадамзаттық мәдениетке енуді педагогикалық түсінік негізінде игеру;
тәрбие процесінің мазмұнын анықтауда адамдар үшін өмірге лайықты құндылықтар жүйесін белгілеу, ал білім мен білікті – адамның дүниеге қатынасын анықтайтын деп құрал деп қарау.
баланың бүкіл өмірін тәрбиелік процеске айналдыру;
баланың даму деңгейіне лайықты өмірлік мәселелерді сатылы түрде анықтап, баланы өз субьектісіне айналдыру.
Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлғааралық қатынасын дамыту, өз құрбы-құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын жасай білу; ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, өзінің көңіл-күйі, атқарған іс- әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға беруі тиіс.
Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту құндылығы. Оқушылардың танымдылық түрткілерін дамытуда өздерінің артықшылығы мен кемшілігін көре білуге және өздерінің жеке басының құндылығының, даралық сипатын саналы сезінуге тәрбиелеу көзделеді.
Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны ары қарай өзінің белсенді, зерделі, дарындық іс-әрекетімен сабақтастыра білуі қажет.
Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі:
психологиялық-педагогикалық жұмыстар;
күнделікті сабаққа қатысу;
пән мұғалімдерімен байланыс жасау;
зерттеушілік қабілетін дамыту;
интеллектуалдық, танымдық қабілетін арттыратын іс-шаралар жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |