Саран ќаласыныѕ



жүктеу 120,03 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі120,03 Kb.
#18623

«Саран қаласының

жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ бастығы

2012 ж «___»___________

№ ________ бұйрығымен бекітілген




«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ішкі еңбек тәртібінің

ережесі


  1. Жалпы ереже

1.1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің ережесі (бұдан әрі - Ереже), мемлекеттік мекемеде қызметкерлерінің жұмыс уақытын ұтымды қолдану, еңбекті ұйымдастыруда даму, еңбектік және атқарушы тәртіпті бекіту, жоғары тиімді еңбекті қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Мемлекеттік қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің ережесі, мемлекеттік мекемеде мемлекеттік лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің барлық тұлғаларының атқаруымен міндетті.

1.2. Осы тәртіптерді қолдануға байланысты сұрақтар бөлім бастығымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған оның құқығы аясында шешіледі.

1.3. Еңбек еркіндігі мен құқықтарын қорғау , еңбек дауын қарастыру мен кеңейту, еңбек заңнамасы мен өзге де акттардың бұзылғаны үшін жауаптылық, еңбек құқықтарын құрамдастыратын нормалар Қазақстан Республикасының 170-177 баптарымен жүзеге асады.




  1. Мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа алу және

жұмыстан шығару тәртібі


    1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ азаматтарды жұмысқа қабылдау және қызметкерлерді жұмыстан босату Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы мен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2000 жылғы 10 наурыздағы мемлекеттік қызметті өткізу реті туралы ережесіне және өзге де нормативті құқықтық актілермен жүзеге асады.

    2. Азаматтарды жұмысқа қабылдау, және де оларды жұмыстан босату, жұмыскер қол қою арқылы танысатын, мемлекеттік мекеме бастығынның бұйрығымен рәсімделеді.

Осы Ережелер әрекет ететін заңнама шегінде мемлекеттік лауазымға жатпайтын, лауазым иеленетін қызметкерлерге таратылады.

    1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік лауазымға тапсыратын азамат, оның үміттенетін, орын алатын қызметі үшін ұсынылған заңнамаға сәйкес, біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

    2. Азамат мемлекеттік қызметке орналасуда ұсынады:

  1. уәкілетті органмен бекітілген үлгі бойынша өтініш;

  2. кадрлар есебі бойынша толтырылған жеке парақ (мекенжайы, тұрақты тұрғылықты орны, сонымен қоса байланысы мен телефонының көрсетуімен);

  3. уәкілетті органмен бекітілген үлгі бойынша толтырылған анкета;

  4. алдын - ала нотариалды, немесе басқа бекітілген заңнамалық тәртіпте куәландырылған, білімі туралы құжаттар көшірмесі;

  5. алдын - ала нотариалды, немесе басқа бекітілген заңнамалық тәртіпте куәландырылған, еңбек кітабының көшірмесі;

  6. бекітілген үлгі бойынша денсаулық ахуалы туралы анықтама;

  7. 3х4 өлшемдегі 1 сурет;

  8. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшіресі.

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы, байқау комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болады.

    1. Мемлекеттік қызметке орналасып жатқан азамат, және де мемлекеттік қызметкер әрекет ететін заңнамаға сәйкес жыл сайын мемлекеттік салық қызмет органдарына салық салу нысаны болатын, оған жеке меншік құқығына тиесілі алған мүліктік табыстары туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.

Ұсынылған ақпараттар әрекет ететін заңнамаға сәйкес тәртіптік тексеріске жатады.

    1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13 бабында бекітілген талаптарға сай келмейтін тұлғалар, 18 жастан жас және зейнеткер жасынан асқан тұлғалар мемлекеттік қызметке мемлекеттік лауазымға қабылдана алмайды.

    2. Мемлекеттік қызметке орналасып жатқан азамат, мемлекеттік қызметкер таныс болуға тиіс:

  1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмыс Регламентімен;

  2. осы ішкі еңбек тәртібінің Ережелерімен, және де нормативті актілермен, мемлекеттік қызметкерлер еңбегін және оның жалақысын реттеуші мәселелерімен;

  3. еңбекті қорғау және өртке қарсы қорғаныс ережесімен;

  4. лауазымдық нұсқаулықпен.

    1. азамат мемлекеттік қызметке әрекет ететін заңнамаға сәйкес еңбек келісім шарттарымен байқау негізінде түседі.

    2. Мемлекеттік қызметке алғаш рет орналасып жатқан азаматтарға жұмысқа алу туралы өкімде ұзақтығы көрсетілген сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Мемлекеттік қызметкер сынақ қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына тағайындалуы мүмкін, немесе иеленіп отырған лауазымынан босатылуы мүмкін

2.10. 5 күннен артық жұмыс істеген, барлық жұмыскерлерге бекітілген әрекет ететін заңнамаға тәртібіне сәйкес еңбек кітапшасы ашылады. Еңбек кітапшасы «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ кадрлық қызметінде сақталады.

2.11. Мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымында болуына арналған шектеулі жас - зейнеткерлік жасқа жету. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабында анықталған шарттар мен тәртіпке сәйкес мемлекеттік қызметте мемлекеттік лауазымда жалғастыруға жіберуге болады.

2.12. Мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босату ұсынылған әлеуметтік кепілдемелер Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасымен регламенттеледі, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңымен, әрекет етуші қарастырылған әрекет етуші ҚР Кодексінің негізінде және тәртібі бойынша жүргізіледі.


  1. Мемлекеттік қызметкерлер құқықтары

Мемлекеттік қызметкерлер «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңымен, Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен, оларға ұсынылған ережелермен қолданады.


4. Мемлекеттік қызметкерлер міндеттері
Мемлекеттік қызметкер өз лауазымы бойынша орындайтын міндеттер шеңбері Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес келетін және белгіленгентәртіпте бекітілген лауазымдық нұсқаулықпен анықталады.

4.1. Мемлекеттік қызметкер міндетті:

1) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, мемлекеттік қызмет туралы нормативті құқықтық акттерді, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес талаптарды қадағалауға;

2) осы ережелерді қадағалауға;

3) уақытында жұмысқа келуге, барлық жұмыс уақыттын өндірістік еңбек үшін қолдану, құрылымдық бөлімшелердің сәйкестенуші басқарушылары мен мемлекеттік мекеме бастығының өкімдерін уақытылы және орынды орындауға;

4) Мемлекеттік мекеме мүлігін сақтау, материалдарды ұтымды және оңтайлы пайдалану, электроэнергияны және басқа да материалдар ресурстарын;

5) өз жұмыс орнын тазалық пен тәртіпте ұстау, сонымен қоса бағалы материалды заттар мен құжаттарды бекітілген тәртіп бойынша сақтауға;

6) техникалық қорғау, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы, өртке қарса қорғаныс және басқа да еңбек қорғанысы бойынша талаптарды қадағалау;

7) олардың лауазымдық өкілеттілігі шегінде бағыныштылық тәртібі бойынша жоғары тұратын басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен жарлықтарын орындау.
5. Әкімшіліктін негізгі міндеттері
5.1. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшылығы міндетті:

1) қызметкерге лауазымы бойынша еңбек келісім шартында анықталған жұмыс ұсынуға;

2) азаматты мемлекеттік қызметке алғанда мемлекеттік қызметпен байланысты осы тәртіптермен, құрылымдық бөлімге сәйкес келетін ережемен, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңымен, «Жемқорлықпен қүрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, басқа да нормативті құқықтық актілермен таныстыруға;

3) мемлекеттік қызметкердің жұмыс жоспарын орындауына, сонымен қоса аттестация жүргізу бойынша халықпен жұмыс істеу қабілетіне сәйкес жұмысын бағалау;

4) мемлекеттік қызметкерлердің осы Ережелердің талаптарын сақтауын қадағалау;

5) мемлекеттік қызметкерлерге қарастырылған заңнама тәртібі бойынша жоғарылату немесе жаза қолдану шаралару жүргізіледі.

5.2. Құрылымдық бөлімшелер басшылығы міндетті:

1) мемлекеттік қызметкерге лауазымы бойынша еңбек келісім шарт қорытындысына сәйкес жұмысын ұйымдастыруға;

2) мемлекеттік қызметкерлерге тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасау, оларды барлық қажетті материалдармен, құралдармен, оргтехникамен қамтамасыз етуге;

3) мемлекеттік қызметкерлердің ұсыныстарын уақытылы қарау және енгізуге, жұмыс сапасын жақсартуға жолдау, олардың бастамасын қолдауға және жоғарылатуға;

4) мемлекеттік қызметкерлерге еңбек тәртібін қадағалауды қамтамасыз етуге;

5) еңбек қорғау тәртібі мен еңбек туралы заңнаманы қадағалау;

6) еңбек қорғанысы тәртібіне сәйкес денсаулық пен еңбек қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз етуге (техника қауіпсіздігі тәртібімен, санитарлы нормалармен және т.б.);

7) мемлекеттік қызметкерлерге біліктілік деңгейін жоғарылату, олардың кәсіби білімін қамтамасыз ету, жұмыспен оқуды қоса алып жүруге қажетті жағдайларды жасауға;

8) жұмыскерлердің сын ескертулерін уақытылы қарау, және оларға қабылданған шаралар туралы хабарлауға;

9) жемқорлыққа қарсы тұру, жемқорлыққа қарсы заңнаманы қадағалауға.


6. Жұмыс уақыты
6.1. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сәйкес анықталады, «Мемлекеттк қазметкерлер туралы» Қазақстан Республикасының заңы ерекшеліктері есебімен қарастырылған.

6.2. Орындалуы қауырт және алдын – ала күтпеген жұмыстар үшін жедел жұмыстарды орындау, бүкіл мемлекеттік органның және жеке бөлімшелерінің алдағы қалыпты (кідіріссіз) жұмысы үшін тәуелді болады, орган бастығының жазбаша өкімі бойынша арнайы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер демалыс және мереке күндері жұмысқа шығуға міндетті, қызмет Республиканың еңбек заңнамасына сәйкес орны толтырылады.

6.3. Жұмыс басталуы мен аяқталуы уақыты дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 9-дан 18 дейін белгіленеді, түскі үзіліс 13 сағаттан 14 сағатқа дейін. Мемлекеттік мекемелерде мерекелік күндер қарсаңында жұмыс ұзақтығы бір сағатқа қысқартылады.

6.4. Демалыс және мерекелік күндер сәйкес келген жағдайда, «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсанағы Заңымен белгіленген демалыс күндер мереке күндерден соң келесі күнге ауыстырылады.

6.5. Қызметкерлердің жұмысқа келу және кету уақытының есебі кадрлық қызмет жұмыскерлерімен жүзеге асады.

6.6. Мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақытында өз жұмыстарынан басқаға назарын аударуға, соның ішінде қызметтік іс әрекеттермен байланысты емес қоғамдық міндеттерді орындауға және іс шаралар өткізуге болмайды.


7. Демалыс уақыты
7.1. Мемлекеттік қызметкерлерге екі лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыру үшін жәрдемақымен, төленетін жыл сайынғы ұзақтығы отыз күнтізбелік күн демалыс.

Қалған қызметкерлерге төленетін жыл сайынғы ұзақтығы 24 жұмыс күнінен кем емес демалыс ұсынылады.

7.2. Мемлекеттік қызметкерлерге төленетін жыл сайынға демалыс, олардың қалауы бойынша бөліктерге бөлініп беріледі.

7.3. Мемлекетттік қызметкерлерге демалыс жалақысының сақтандыруынсыз да ұсынылуы да мүмкін.

7.4. Мемлекеттік мекеме басшысының шешімімен мемлекеттік қызметкер жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақырта алады. Пайдаланылмай қалған демалыс бөлігі, мемлекеттік қызметкерге сәйкес жылда кез - келген уақытта немесе келесі жылдағы демалысқа қосылады (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 109 бабы).

7.5. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерді аударған немесе саяси мемлекеттік қызметкерді басқа мемлекеттік лауазымға тағайындаған жағдайда, егер мемлекеттік қызметкер бұрынғы жұмыс орны бойынша демалыс пайдаланылмаған болса, жаңа жұмыс орнында төленетін жыл сайынға демалыс Қазақстан Республикасы заңымен белгіленген мерзімінің аяқталуына дейін ұсыныла алады.

7.6. Бірдей екі жыл ағымында кезекті демалыс бермеу рұқсат етілмейді.

Егер демалысты пайдаланылмаған болса, жұмыскердің жұмыстан шығуымен басқа жағдайда, демалыстың орнын ақшалай қалпына келтіруге жол берілмейді.

7.7. Мемлекеттік мекеменің бастығымен мемлекеттік мекеменің қалыпты жұмыс жүрісін қамтамасыз ету қажеттілігі мен мемлекеттік қызметкерге қолайлы демалысты есептей отырып демалыс кестесі бекітіледі. Демалыс кестесі күн сайын күнтізбелік жылға демалыс кестесі ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей түзіледі.

7.8. Егер белгілі себептер бойынша мерзімінде, арнайы кестемен, қызметкер демалысты пайдалана алмаса, ол сәйкес жұмыс жылдың аясынан басқа мерзіміне аударылуы мүмкін.

7.9. Жыл сайынғы демалыс есебіне уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңі қосылмайды.

Қызметкер жыл сайынғы демалыста ауырған жағдайда, еңбекке қабілетсіз күндеріне ұзартылады немесе басқа мерзімге ауыстырылады (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 108 бабы).


8. Жұмыстағы жетістіктері үшін жоғарылату
8.1. Лауазымдық міндеттірін үлгілі орындағаны, керемет мемлекеттік қызметі, аса маңызды тапсырмаларды орындағаны үшін және мемлекеттік қызметкердің басқа да жұмыстағы жетістіктері үшін жоғырылатылады:

1) бір мезгілдік ақшалай сыйақы;

2) алғыс жариялау;

3) бағалы сыйлықтармен марапаттау;

4) және де Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзгеде түрлерімен жоғарылату.

8.2. Мемлекеттік қызметкерлердің ерекше сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен марапатталады.

8.3. Жоғарылату мемлекеттік мекеме басшысынің бұйрығында жарияланады. Жоғарылату туралы мәлімет қызметкердің еңбек кітапшасына енгізіледі.
9. Еңбек тәртібін бұзу бойынша жауапкершілік
9.1. Орындамаған немесе орындауға жатпайтын еңбек міндеттері, қызметкердің «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28 бабына және «Жемқорлықпен қүрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес істеген әрекеттері үшін келесідей жаза түрі қолданылады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатал сөгіс;

4) толық емес қызметке сәйкес ескерту;

4-1) лауазымын төмендету;

5) орын алған лауазымынан босату.

9.2. Мемлекеттік қызметкердің жасаған жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін келесідей тәртіптік жаза түрі қолданылады:

1) толық емес қызметке сәйкес ескерту;

2) лауазымын төмендету;

3) орын алған лауазымынан босату.

Толық емес қызметке сәйкес ескерту тәртіптік жазасы тәртіптік жаза салу мүмкіндігі болмағанда лауазымын төмендету түрінде.

Лауазымын төмендету тәртіптік жазасы лауазымы төмен мемлекеттік қызметті және мемлекеттік қызметкердің біліктілік талаптарына сәйкес, осы қызметке орналастыру.

Орын алған лауазымынан босату тәртіптік жазаны жемқорлықпен күрес туралы заңнамада қарастырылған негіздер бойынша салынады.

9.3. Лауазымдық қателік жіберген мемлекеттік қызметкер, оның тәртіптік жауаптылығы бойынша шешім қабылданғанша, ақша қорының сақталуымен, жұмыстан уақытша (бір айдан көп емес) лауазымдық міндеттерін орындаудан шектендіреді.

Мемлекеттік қызметкерді шеттендіру лауазымдық міндеттерін орындаудан шектендіру жағдайында мемлекеттік мекеме бастығы бұйрығымен жүзеге асырылады.

9.4. Тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметкер алты ай ағымында сыйақы, мемлекеттік марапаттама (өрт болғанда ерлігі үшін, батып жатқанды құтқарып қалғаны үшін, құқықтық тәртіпті қорғағаны немесе ұрыс әрекеттері жағдайы болмағанда ғана) және үздік белгілерімен, лауазымын жоғарылатуға жол берілмейді. Қызметкерлерге бекітілген заңнама тәртібі бойынша тәртіптік жаза қолдану салынады.

9.5. Мемлекеттік мекеме бастығының бұйрығымен, тәртіптік жазаға тартылғандығы туралы, мемлекеттік қызметкерге оның қолдану себептерін көрсетумен, қол қоюы арқылы хабарлайды.



9.6. Егер тәртіптік жазаны қолданғаннан бастап алты ай ағымында қызметкер қайтадан тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған болып есептеледі. Егер қызметкер өзін оң көрсеткені үшін және жаңа еңбек тәртіптері бұзбаса, алты айдан аяқталғаннан соң тәртіптік жазадан босату туралы мемлекеттік мекеменін бастығы өзінің жеке бастамасымен немесе құрылымдық бөлімше басшысының өтініші бойынша тәртіптік жазадан босату туралы бұйрығы.

«Саран қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ бастығының орынбасары Л.Карпова
жүктеу 120,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау