Жаңа үлгіде сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері



жүктеу 109,5 Kb.
Дата01.01.2020
өлшемі109,5 Kb.
#25735
түріСабақ


Жаңа үлгіде сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері

Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.

Республикамызда Кембридждік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан деңгейлік курстардың негізгі мақсаттарының бірі де осы. Осы орайда Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығында екінші (негізгі) деңгейлік курс бағдарламасын аяқтағаннан кейін мен де алдыма мақсаттар қойдым. Курс барысында білікті мамандардың тәжірибесін ала отырып кәсіби білімімізді шыңдап, білім беру жүйесіндегі тың жаңалықтармен қанығып, жаңаша көзқарастарымыз қалыптаса бастады. Жаңалықтарымыз бен жаңаша идеяларымызды алдағы уақытта мектеп, қала көлемінде әріптестерімізбен бірлесе іс-тәжірибемізді бөлісу, жетілдіруде жоспарлы түрде жұмыстар атқармақпыз.

Ұзақ жылдар қалыптасып қалған дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып келген мұғалімге жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім беруде алдымен мұғалім ұстанымын өзгерту керек болады. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі.

Ал мақсатымызға жету үшін іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлау керек. Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларға үйреткен бір саласы да осы – жоспар.

ҰМЖ- оқу бағдарламасы, пәннің мазмұны

ОМЖ- жұмыс сызбасы, Тізбектелген сабақтар

ҚМЖ-жеке сабақ



Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс

Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесінде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.



Орта мерзімді жоспарлау немесе тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың мақсаты:

• Жұмыс кезеңдерінің дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылуы;

• Оқыту тәжірибесінде жеті модульді ықпалдастыру;

• Әрбір сабақ үшін оқу мақсаттарын белгілеу;

• Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау;
• Осы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету;

• Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз ету;

• Барлық оқушыларды қамтуға бағытталған статегиялық жоспарлау.

Оқу мақсаты мен оның нәтижелері

Оқу мақсаты – мұғалім оқушыларға үйреткісі келетін нәрселер. Осыған байланысты, оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:



Сіздің ойыңызша, оқушылардың нені білуге тиіс?

Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?

Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.



Оқу нәтижелері:

• оқушыға бағытталуы тиіс;

• белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек;

• оқушының оқу үлгеріміне тұрғысынан жазылуы керек.

Сабақтың орта мерзімді жоспары (ОМЖ) құрылып алғаннан кейін бізге әр сабақтың мақсаттары, жұмыстың белсенді формалары, оқушы әрекетін бағалау, күтілетін нәтижені қалай анықтаймыз бәрі белгілі болады. Сабақтың қысқа мерзімді жоспарын ОМЖ-ны басшылыққа ала отырып құрамыз. Ұсынылып отырған ҚМЖ үлгісінде бағдарламаның жеті модулі қамтылған екі кестеден тұрады, бірінші кестеде сабақтың тақырыбы, мақсаты, сілтемелер, оқу нәтижесі, негізгі идеялар, қолданылатын материалдар, оқыту формасы, технология, әдістері көрсетіліп жазылады.

7 модуль мәнмәтіні:

Жаңа технология

АКТ

Дарынды және талантты балдарды оқыту



Оқуды және оқу үшін бағалау

Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту

Көшбасшылық СТО
6-сыныптағы информатика пәні бойынша орта мерзімді жоспар үлгісі.




Тақырыбы, негізгі мақсаттары мен оқытудың нәтижелері. Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалыптасатын білім, білік, дағды.

Жұмыстың белсенді формалары (ЖЖ, ТЖ, ЖЖ) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері

Оқушы әрекетін бағалауды сіз қалай қолданасыз?

Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушыларды қалай жұмысқа тартасыз? (дарынды, талантты)

Сөйлеуге үйретудегі кедергілерді қалай жоясыз?

Жоспарланған және күтілген нәтиженің оқушылардан анықталуы




Негізгі мақсат: Презентация бағдарламасымен, мүмкіндіктерімен таныстыру, презентация құрады және анимация, дыбыс, видеоларды кірістіруді үйренеді.

1-сабақ

Тақырыбы: Презентациялар. Бағдарлама интерфейсімен танысу.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: презентациялар мен бағдарлама интерфейсінің мүмкіндіктерімен танысады. Бағдарламаның артықшылықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.



Топқа бөлінеді. Пазлдармен бөлу, «Әлемнің жеті кереметі».

Миға шабуыл жасау, сын тұрғысынан ойлау, диалог, зерттеушілік әңгіме, АКТ, интерактивті тақта, ой қозғау



Формативті критерийлері бар бағалау. Пікір білдіру. Қорғау. Вербальді, вербальді емес бағалау түрлері. Өзін-өзі бағалау.

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету, бір- біріне сұрақ қоюы, жұмыстарды бірігіп қорғауы, ортақ пікірге келуі.

Ашық және жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы.

Кері байланыс, рефлексия парақтары арқылы.

2-сабақ

Тақырыбы: Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: презентацияларды өздері таңдаған үлгі бойынша және әртүрлі шаблондарды қолданып құрады, безендіреді.



Топқа бөлінеді. Пазлдармен бөлу, «Әлемнің жеті кереметі»Топтық жұмыс. Жұптық жұмыс, АКТ, интерактивті тақта, ноутбук

«Ыстық орындақ» әдісі, ашық және жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы, жұмыстарын қорғауы арқылы

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету,

Кері байланыс арқылы, рефлексия

Екі жұлдыз бір тілек



Формативті бағалау, бірін-бірі бағалайды табыс өлшемдері арқылы, өзін-өзі бағалайды.

3-сабақ

Тақырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру.

Мақсаты және күтілетін нәтиже:презентация құруда қосымша мүмкіндіктерімен танысады, кестелер, суреттер, бейнелер және дыбыстарды кірістіруді қолданады.



Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, интерактивті тақта, көшбасшылық, талантты және дарындылық тапсырмасы.

Блум таксономиясын қолданып сұрақтар қою, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы.

СТО, оқушылар тапсырманы орындауда бір-біріне көмек көрсетеді.

Кері байланыс арқылы , рефлексия парақтарынан

Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, топ басшысының бағалауы. Вербальді бағалау, яғни «өте жақсы», «жақсы», «жарайсың» «сіздің қолыңыздан келеді»

4-сабақ

Тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

Мақсаты және күтілетін нәтиже: құрылған презентацияларына анимация әсерлерін кіргізіп баптауды үйренеді. Презентация құруда алған білімдерін өмірмен байланыстырып жетілдіреді, кеңейтеді. Құрылған презентацияларын көрсетіп, қорғайды.



Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, интерактивті тақта, көшбасшылық, талантты және дарындылық тапсырмасы.

Ашық және жабық сұрақтар қолдану, қайталап сұрау, оқушының жеке пікірін сұрау арқылы. Жұмыстарын қорғау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету, бір- біріне сұрақ қоюы, ой туғызу, жұмыстарды бірігіп қорғауы, ортақ пікірге келуі.

Кері байланыс арқылы , рефлексия парақтарынан

Формативті бағалау. Пікір білдіру. Қорғау. Дәлелдеу. Топтар бір бірін бағалау.

Екінші бөлімде сабақтың кезеңдері мен мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері көрсетіледі. Оқу мақсаты, смарт мақсат, оқу дағдылары, сабақта пайдаланылатын ресурстар көрсетіледі. Жалпы сабақтың құрылымын Блум таксономиясымен құру көптеген мәселелерді шешеді. Себебі онда оқушының түсінік алғанынан бастап, бағалау кезеңіне дейін түгел қамтылады. Жеңілден қиынға кезеңімен өтіп отырады.


Прямая со стрелкой 3

Сабақтың қысқа мерзімді жоспары (ҚМЖ) үлгісі:



Пән мұғалімі

А.Арынова

Пәні

Информатика

Сыныбы

9 «б»

Мерзімі

07.11.2016

Сабақ тақырыбы

Программа түсінігі, құрылымы. Шамаларды сипаттау

Смарт мақсат

Оқушыларға программа түсінігі, программаның құрылымы, шамаларды сипаттау бөлімі жайында толық мәлімет беру. Программаны құрып үйрету

Күтілетін нәтиже

Оқушылар программа түсінігі, программаның құрылымы, шамаларды сипаттау бөлімі жайында толық мәлімет алады. Программаны құрып үйренеді

Уақыты

Кезеңдері

Қоданылған модульдер



Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Оқу дағдысы

Бағалау

ресурстар

3 мин

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назырын аудару

Оқушылар амандасады, сабаққа назырын аударады










3 мин

Қызығушылықты ояту

• Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі? 
• Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады? 
• Көшу операторы не үшін қажет? 
• Меншіктеу операторының форматы. 



Оқушылар сұраққа жауап береді. Сабаққа қызығушылығы оянады

Сабаққа қызығушылығы артады

Мадақтама

Смайликтер

Кеспе қағаздары



12 мин

Жаңа сабақ

  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

  • топтық жұмыс

Оқушыларға оқулықтан тапсырма бөлініп беріледі




Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындап шығады

Оқушылардың жауапкершілігі артады. Тапсырманы топпен орындап дағдыланады

Екі жұлдыз бір тілек

Оқулық, А4 қағазы, маркерлер

10 мин

Практикалық жұмыс

Компьютермен жұмыс 
№1. Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b) , у = a* b 
Program esep 1; 
Var a, b, x, y:integer; 
Begin Write (‘a. b- сандарын енгіз’); 
Readln (a, b); 
X:=sqr (a+b); 
Y:= a*b; 
Writeln (‘x=’, x); 
Writeln (‘y=’, y); 
End. 
№2. k =(x2 + y2) * x+y, мұндағы функциясының мәнін есептейтін программа құру керек. 
№ 3. Бірінші оқушы бір сағатта М себет, 2 оқушы К себет , 3оқушы L себет алма жинаса, олар t сағатта қанша алма жинайды? (74 бет1-тапсырма). 
№4. Бір зат алдымен 10% -ке қымбаттап, одан соң 10% -ке арзандатылса, заттын бағасы қанша % -ке өзгерген. (75 бет 11- тапсырма). 
№5. х және у-тің мәндерін енгізіп, төмендегі өрнектердің мәндерін есептейтін программа құрыңдар. (73 бет, 5 жаттығу) 
№6. 75 бет, 19, 20 тапсырмалар 

Оқушылар берілген практикалық жұмысты жеке орындайды

Компьютермен жеке жұмыс жасап дағдыланады

Мұғалім бағасы

компьютер

5 мин

Сабақты бекіту

«Хат қалта» ойыны



• Программа әрбір жолдан кейін қандай тыныс белгі қойылады? 
• Программа қандай оператормен басталады? 
• Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады? 
• Var операторының қызметі қандай? 
• Const операторының қызметі қандай? 
• Writeln операторының қызметі қандай? 

Оқушылар сұраққа жауап береді

Оқушылардың ойнау арқылы ойлау дағдысы артады. Сұраққа жауап беріп дағдыланады

Мадақтама

смайликтер



Хат қалта

3 мин

Үйге тапсырма

74-75 бет – 2, 6, 12, 13, 18 тапсырмалар.















Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей. (2015 жыл)

  2. Екінші деңгей курстарының үлестірме материалдары, (2015 жыл)

Коучинг бойынша рефлексивті есеп

Ең алдымен мұғалімдерді «Әлемнің жеті кереметі» бойынша пазлдармен топқа бөлді. Мұғалімдер алған қиықтары бойынша жинап, топқа бірікті. Топ ережесін құрды. Одан соң мұғалімдерге жаңа үлгіде сабақ құрудың әдіс тәсілдері жайлы түсінік берілді. ҰМЖ – оқу бағдарламасы, пәннің мазмұны, ОМЖ- жұмыс сызбасы, тізбектелген сабақтар, ҚМЖ-жеке сабақ екендігі анықталып көрсетілді. Орта мерзімді жоспарлау мақсатымен таныстырылды. Оқу мақсаты мен оның нәтижелерімен тынстырылды. 7 модуль мән мәтінімен таныстырылды.

Одан соң мұғалімдерге бірінші тапсырма ретінде қазіргі қолданып жүрген сабақ жсоапрларының құндылықтары, қойылатын мақсатыңызға жетесіз бе деген сұрақ қойылды. Мұғалімдер топ мүшелерімен ақылдасып, қазіргі кезде сабақ құрылымын қалай жасайтынын, қойылған мақсаттыран толық жете алмайтынын айтып өтті. Барлығы да жасаған жұмыстарын постерге жазып, тақтада бірлесіп қорғап шықты.

Одан кейінгі кезеңде мұғалімдерге жаңа үлгідегі ОМЖ және ҚМЖ жасау үлгілер ұсынылды, СМАРТ мақсатты қою түсіндірілді. Одан соң мұғалімдер сол үлгілерге қарап отырып, өздері бір тарау бойынша ОМЖ жоспарын, ҚМЖ құрып үйренді. Оны әріптестерімен таныстырып шықты. Одан соң мұғалімдерден өтілген коучинг сессия бойынша кері байланыс алынды.



Коучингтің сәтті шыққан тұстары:

- мұғалімдерде жаңаны білуге деген құлышыныстың байқалуы;

- олардың ынтымақтастық атмосферасында бірлесе жұмыс жасауы;

- ОМЖ және ҚМЖ құруда өз пкірлерін білдіре алуы



Сәтсіз тұстары:

  • Мұғалімдердің әлі де болса ескі ұстанымнан арыла алмауы;

  • Қиындық кездессе бірден оған мойынсұнуы секілді келеңсіздіктер байқалды.

Кері байланыс сұрақтары:

  • Сізге бүгінгі коучинг сабағы ұнады ма?

  • Осында үйренген әдістерді сабағыңызда пайдаланысз ба?

  • Сіз жаңа не үйрендіңіз?

Мұғалімнің берген кері байланыстары:



  • Ия маған бүгінгі коучинг сабағы өте ұнады. Мен біршама жаңа мәліметтер алдым. Болашақта өз сабағымда осы әдістерді пайдаланамын. Мен ОМЖ, ҚМЖ құруды үйрендім.

  • Ия маған сабақ ұнады, ұтымды тұстары көп болды. Әлбетте өз сабағымда қолданамын. Бағалаудың түрлері, ОМЖ, ҚМЖ құруды, жаңаша әдіс-тәсілдер түрлерін үйрендім. Болашақта осы әдістердің тиімділігі жайлы коучинг сабағы ұйымдастырылса.

  • Маған бүгінгі сабақ ұнады. Сабағымда пайдаланып жүрмін. Бірақ толық емес екен бүгін самрт мақсат қоюды, ол мақсатқа жету керектігін білдім.

  • Бүгінгі сабақта алған теориялық білімімді практикада іске асырамын. Сабақта болашақта қолданамын деп ұйғарым жасап шықтым. Бірнеше жаңа тәсілдерді үйрендім.




жүктеу 109,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау