Қазақстан республикасы білім және ғылым


Сурет-66. Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері



жүктеу 4,42 Mb.
бет194/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

Сурет-66. Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері




Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
Аксиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас).
Вербальсыз қатынас – мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым қатынас.
Мимика – адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.
Ым-ишара (жест) – қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары.
Пантомимика – қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы.
Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру арқылы көбірек ақпарат алады екен.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-қатынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл-күйде екенін түсінуге болады.


Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері. Іскерлік қарым- қатынас технологиясы педагогикалық менеджмент құралы ретінде. Жалпы этикалық принциптері және іскерлік қарым-қатынас сипаты. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері: ресми- бейресми қарым-қатынас түрлері. Менеджердің басқару құзырлығы оның құқықтық, экономикалық, психологиялық және педагогикалық сауаттылығын анықтайды.

Педагогикалық менеджмент негізінде басқарылған ұжым төмендегідей параметрлерді жетілдіреді:

  • басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандыруды тиімді үйлестіру;

  • ұжымның барлық мүшесін педагогикалық процесті басқаруға қатыстыру;

  • ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсарту;

  • басқару шешімін қабылдау тиімділігін арттыру;

  • ұжымдағы жанжалды дұрыс шешуге бағыттылық;

  • ұжымның интеллектуалдық және әлеуметтік әлеуетін көтеру.

Ең соңында жоғарыда көрсетілген параметрлер оқу-тәрбие процесінің тиімділігін анықтайды.
ХХ ғасырда атақты экономист Н.А.Витке: «Басшы – үкімін жүргізуші емес, ол психологиялық қарым-қатынасының координаторы, әлеуметтік құрылысшы, адамдардың күш-жігерін жинақтаушы» – деп, атап көрсетті.
Менеджмент негізінде басқару алдына төмендегідей міндеттер қояды:

  • біріккен іс-әрекетке адамдарды жұмылдыру;

  • адамдардың күш-жігерін бір мақсатқа жұмылдыру, тиімділігін арттыру және әлсіз жақтарын табу;

  • ұжымның әрбір мүшесінің ұсынысын қанағаттандыру және оған қолайлы жағдай тудыру;

  • ұжымның әрбір мүшесінің кәсіби өсуіне толық жағдай жасау;

  • ұжымның әрбір мүшесі өз іс-әрекетін өзі бақылай алатындай өзіндік жауапкершілікті қалыптастыра отырып, ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру;

  • ұжымдық іс-әрекетті олар шығаратын өкіммен өлшеу;

  • алдағы істелінетін жұмыстың мақсатын айқындау, соңғы күтілетін нәтижені білу;

  • ұжымның әрбір мүшесінің міндеттерін бөліп көрсету, бұл міндеттерді орындаудың операцияларын жете білу;

  • мақсатқа жету үшін қажеттінің бәрін дайындау;

  • істелінетін жұмыстың нәтижесін өлшейтін сапалық көрсеткіштерді анықтау;

  • жұмысқа қатыстырылатын адамдардың әрқайсысының міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтау;

  • жұмысты орындаушыларды жұмысты бастар алдында, жұмыс барысында «Не?», «Немен?», «Қалай?», «Қайда?», «Қашан?», «Кіммен?» деген сұрақтарға жауаптар беретіндей нұсқаулармен қаруландыру.

Ұжымда шығармашылықпен жұмыс жасайтындай жағдай жасау қажет. Адамдарды басқару ғылыми іс-тәжірибесі көрсеткендей, адами орталықтандырудың басты құралы – адамдарды құрметтеу және адамдарға деген сенім, жеке тұлғаны сыйлау.

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау