Өзін-өзі тану арқылы адам өзінің қажеттілігін мойындату үшін өз дарынын, қабілетін, мүмкүндіктерін барынша аша түседі және соларды пайдаланады. Өзін-өзі белсендіруді сезіну – өмірінің мәнін табу, өзін толық ашу, өз міндетін толық орындау, өмірді толық сезініп, өз өмір сүруінің басты қажеттілігін түсіну, сезіну.
А.Маслоу өзін-өзі белсендірудің 8 түрлі жолын бөліп көрсетеді:
бүкіл болымысымен бастан өткеру;
өмір әрқашан таңдаудан тұрады: алға жылжу немесе кейін шегіну; жеке таңдаулар: өтірік айту немесе шындықты айту, ұрлық істеу немесе ұрламау және т.б.;
адамның өзін-өзі тыңдай білу қасиеті: өзгенің емес өз пікіріне сүйену;
адал болу қасиеті: өзіне жауапкершілік ала білу қасиеті;
ерікті болу қасиеті;
өз мүмкіндіктерін өзектендіру;
қатты күйзеліс, әп-сәттегі рахат сәттеріне кепілдік беру мүмкін емес, оны іздеп әуре болудың да қажеті жоқ.
адамның өз кемшіліктерін көре алуы, одан қорғануы және оны жоюға күш салуы, өз өмірінің мәнін түсінуі, қателіктерді түзете алуы, өзің тұлға ретінде мойындатуы.
Д.Мак-Грегордың адами қарым-қатынас теориясы. Дуглас Мак- Грегор адамның мотивациясын «X» теориясы мен «Y» теориясы ретінде екі қарама-қарсы жақтан қарастырады.
«X» теориясы бойынша:
бастапқыда адамдар жұмыс жасағылары келмейді, мүмкін болса тіпті де жұмыс істемес еді, жұмыс жасаудан қашады;
адамдар өзін-өзі сүймейді, жауапгершіліктен қашады, оларды басқарғанды місе тұтады;
көбіне адамдар өзін қорғауды қалайды;
жұмысшыларды жұмыс істету үшін оларды үнемі қадағалау қажет, кейде жазалау да қажет болады.
«X» теориясы бойынша адамдар жауапкершілікті өз мойнына алмайды: адамдар не тек ақша үшін ғана жұмыс жасайды, не бір нәрседен, не әлдекімнен қорыққаннан ғана жұмыс жасайды. Ал бұл көзқарастағы менеджмент қазіргі қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Сондықтан «Y» теориясы өмірге келді: адамдар жалқау емес және жауапкершіліктері де жоқ емес. «Y» теориясы бойынша дұрыс мотивация берген жағдайда жұмыста шығармашылық таныта алады және өзін-өзін басқара алады.
«X» теориясы мен «Y» теориясы бір-бірін жойып жібермейтіндей қарама-қайшылықты теориялар болып табылады.
Д.Мак-Грегордың пайымдауы бойынша, адамдардың басым көпшілігінің саналы және зиялы болуға әлеуеті жетеді, сондықтан адамдардың көзқарастары мен мінез-құлқында айырмашылықтар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |