Семинар топтамасы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет1/21
Дата31.05.2018
өлшемі0,65 Mb.
#18558
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

www.45minut.kz

Ұстаздарға арналған басылым редакциясы

«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» 

АҚПАРАТТЫҚ ҒЫЛЫМИ

 ПРАКТИКАЛЫҚ 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 

СЕМИНАР ТОПТАМАСЫ

Маңғыстау облысы,   Маңғыстау ауданы

Шетпе кенті  «Шетпе гимназиясы» ММ

28.12.2016 жыл

Алматы, 2016

1



УДК 37.0 (063)

Б 94 

«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» ақпараттық ғылыми 

практикалық  республикалық семинар топтамасы

  /Редактор І. Б. Нағиев. – 

Алматы, 2016. – 95 б.

Б 94 

ISBN  978-601-7579-36-4

Қазіргі таңда дүниежүзілік білім жүйесі деңгейіне сәйкес келетін, сапалы білім беруге

жағдай   жасайтын,   үйлесімді   дамытуға   бағытталған   білім   беру   көзделіп   отыр.   Білім

мекемелерінде үш тілді оқыту жүйесі, бірыңғай мектеп формасы, 12 жылдық білім беру

стандарттары   тақырыптарын   дөңгелек   үстел   форматында   ұстаз,   ата-ана   арасында

түсіндіріп,   пікірлесу   қазіргі   заман   талабы   қажет   ететін   маңыздылығы   бар.

2014 жылдан бастап елімізде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»- «Серпін» мемлекеттік

әлеуметтік бағдарламасы жұмыс істеп келе жатыр. Бағдарламаның мақсаты — халқы

тығыз   орналасқан   еліміздің   оңтүстік   аймақтарындағы   (Алматы,   Оңтүстік   Қазақстан,

Жамбыл,   Қызылорда,   Маңғыстау   облыстары)   жастарды   кадр   жетіспеушілігін   бастан

кешіріп   отырған   Қазақстанның   шығыс,   солтүстік   және   орталық   өңірлерінде   оқытып,

жұмысқа орналастыру болып табылады.

Осы   тақырыптарды   кеңінен   насихаттау   үшін   білім   беру   мекемелерінде   «БІЛІМ

БОЛАШАҚҚА   БАСТАР   ЖОЛ»   тақырыбында   ақпараттық   ғылыми   практикалық

республикалық семинар ұйымдастырылды.     

УДК 37.0 (063)

ISBN  978-601-7579-36-4

© Нагиев И.Б., 2016

2



Маңғыстау облысы,   Маңғыстау ауданы

Шетпе кенті  «Шетпе гимназиясы» ММ

      «Шетпе  гимназиясы» мемлекеттік мекемесі   ыңғайластырылған ғимаратты пайдалану арқылы 2001-2002

оқу  жылы   облыс әкімі Л.Қиыновтың №201  қаулысымен ашылды. Кезінде білім  және  ғылым  министрлігінің

2000  жылғы  10  шілдедегі  №708  бұйрығымен  бекітілген  «ҚР  гимназияларының  қызметін  ұйымдастыру

тәртібі  туралы»  ережесі басшылыққа  алынды.

         «Шетпе  гимназиясы»  мемлекеттік  мекемесі  жалпыға  міндетті  стандартты басшылыққа  ала  отырып ,

1-9     сыныптарда     гуманитарлық     бағыт     бойынша,   10-11     сыныптарда   ата-аналардың     сұранысына     сай

жаратылыстану – математика  бағытындағы  апталық  оқу  жүктемесінің  сағаттарын  жүргізеді.

«Шетпе  гимназиясы»  мемлекеттік  мекемесі  әрбір  оқу  жылы  30-дың  үстінде  жоғары  білімді, тәжірибесі

қалыптасқан   мұғалімдермен   бастап   жыл   бойы   олардың   санатын көтеруіне, арнайы   курстардан   өтуіне,

шығармашылық   қызметіне, жаңа   технологияны   меңгеріп   қолдануына   тұрақты   назар   аударып   отырады

және  мұғалімдердің  түрлі  сайыстарға  қатысты шығармашылық  есеп  беруін  бақылауда  ұстайды.  

        Ашылған  оқу  жылынан  бастап  қазіргі  күнге  дейін 21 «Алтын белгі» иегері,  15«Үздік  аттестат»  иегері,

халықаралық   ғылыми   жоба   байқауының   жүлдегерлері, республикалық   пәндік   олимпиада   жүлдегерлері,

халықаралық  спорт  шеберлері  шықты.    

            Қазір гимназияда 29 мұғалім жұмыс жасайды. Олардың 14-нің жоғары санатты,   4-еуі бірінші санатты,

2-ның екінші санаты бар. 

Мектепте     педагог   кадрлардың   сапасын   арттыруға   бағытталған   перспективалық   жоспар   жасалған.

Соған сәйкес, мұғалімдер  жыл сайын білім сатысы оқуына тұрақты жіберіліп отырады.

Қазіргі  жаһандану заманында әлемдік деңгейде өмір сүретін саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару міндетін

жүзеге   асыруда,   оған   жан-жақты   жағдай   туғызуда   «Шетпе   гимназиясы»   мемлекеттік   мекемесі   тек   жақсы

жағынан   көрініп,    абыройлы  биіктен  табылып  келеді.ҰБТ   бойынша    білім   сапасы   жылдан-  жылға   жоғары

нәтижелер көрсетіп, аудандық «Білім сапасы», «Ғылым көкжиегі» кубоктарының тұрақты иегері болып келеді. 

                 2012 -2013 оқу жылы гимназия оқушылары арасынан «Облыстық полиглот» сайысына М.Бисембаева

қатысып, бірінші орын иеленді. Ғылыми жобалар сайысына қатысқан 11-сынып оқушысы Ә.Есболова І орын,

10-сынып оқушылары М.Бисембаева мен М.Баулы ІІ орын иеленіп, республикалық іріктеуге жолдама алды.

«Руский   медвежонок»  конкурсына   мектептен   3   оқушы,   «Ақбота»   интеллектуалдық   марафонына   26   оқушы

қатысты.   «Жас   бағдарламашы»  сайысына   10-сынып   оқушысы   Г.Шоқаева   аудан   жүлдегері   ретінде   қатысып

қайтты. Президенттік олимпиадаға 11 сыныптан Р.Есболаев химия пәні бойынша қатысып, ІІІ орын иеленді.

«Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық байқауының облыстық кезеңіне қатысқан оқушылар Д.Бекмурза ІІ орын,

Ә.Есболова   І   орын   иеленіп,   Қызылорда   қаласында   өтетін   халықаралық   кезеңге   жолдама   алды.   «Жарқын

болашақ – 5» қазақ тілі олимпиадасына қатысқан команда арасында «Сөз шебері» номенациясы бойынша 10-

сынып оқушысы М.Бисембаева жүлделі ІІІ орыннан табылды. «Ақбота» интеллектуалды марафонына қатысқан

оқушылардың   үшеуі   екінші   орын,   сегізі   үшінші   орын   иеленді.   8-9   сынып   оқушылары   А.Нұрлыбекова,

Г.Оңайжанова,   Р.Жумалиев,   Т.Амангелдиева,   Д.Әбжетов,   А.Тұрақбаева,   Ж.Мүталлапова   республикалық

«Физмат» конкурсына қатысты. 8-сынып оқушысы Қ.Жоламанов халықаралық жас мәнерлеп оқу   байқауына

қатысып қайтты. 

         2013-2014 оқу жылы 11-сынып оқушысы Меруерт Баулы Халықаралық «Ғылым ашамыз» тақырыбында

ғылыми   жоба   байқауына   қатысты   сертификат   иесі   болды.   7-сынып   оқушысы   Қ.Жоламанов   «ХХІ   ғасыр

көшбасшысы»   сайысының   жүлдегері   атанды.   11-   сынып   оқушысы   М.Бисембаева   ағылшын   тілі   пәнінен

республикалық   олимпиаданың   төртінші   кезеңін   қатысып   жүлдегер   болды.   Бір   топ   оқушыларымыз

Республикалық   «Ақбота»   марафонының   жүлдегерлері   болса,   10-сынып   оқушысы   Ж.Ғалымжанова

«Маңғыстаунама»   сайысы   эссе   жазу   конкурстарының,   7-сынып   оқушысы   Б.Сейілхан,   5-сынып   оқушысы

Ұ.Қазбекова, 4- сынып оқушысы О.Көкішова «Зерде» облыстық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары.

11-сынып  оқушысы Н.Аманқосов физика пәнінен, 10-сынып оқушысы Н.Хамзина химия пәнінен облыстық

пәндік   олимпиада   жүлдегерлері   болды.   Оқу   жылы   аяғында   11-сынып   оқушылары   М.Бисембаева   мен

Н.Аманқосов мектепті Алтын белгімен бітірді. 

          2014   –   2015   оқу   жылында   «Шетпе   гимназиясы»   мұғалімдерінен   Г.Нұрмағамбетова,   Д.Көшкінбаева,

Қ.Нөкенова, Ж.Оразова, Ғ.Ордабаева сияқты мұғалімдер «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» жинағына және

«Маңғыстау мұғалімдері» энциклопедиясына шықты. Осы оқу жылында 11 сынып оқушы А.Мұстафин «Үздік

куәлік» иегері болса, Ж. Мүтталапова   Халықаралық ғылыми жоба конкурснан жүлделі орын алды және 11

оқушы грант иегері атанды.

        2015-2016 оқу жылында 3-сынып оқушысы Садақбаева  Інжу «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу

жұмыстар жұмысына қатысып  ауданнан II орын, облыстан  III орынға ие болды.   4-сынып оқушысы Есболов

Айдын аудандық  I орын, облыстан  да I  орын, республикалықтан  ІІІ орынға ие болды. 

       Ал, 11-сынып оқушысы

Түзелбаева  Бағдат

жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық

ғылыми жобалар конкурсына қатысып,   аудандықтан   ІІ орын, облыстан ІІІ орынға, Қазыбекова Маржан ҚР

Тәуелсіздігінің   25   жылдығы,Ұлы   Жеңіс   күні   құрметіне   арналған   «Ғылым   және   өмір»,   «Мәңгі   ел»,

3



жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау