|
Қазақстан республикасы білім және ғылым
|
бет | 15/260 | Дата | 03.03.2023 | өлшемі | 4,42 Mb. | | #41578 | түрі | Оқулық |
| Білім берудегі менеджмент. КітапФ.Тейлордың ғылыми басқару мектебі. Ғылыми басқару мектебі Ф.Тейлордың есімімен етене байланысты.
Ғылыми басқару мектебі басшылыққа алады:
Міндеттерді орындаудың таңдауы әдістерін анықтау үшін ғылыми талдауды пайдалану.
Міндеттерді орындауға ең қолайлы жұмыскерлерді таңдау.
Міндеттерді ойдағыдай орындауға қажетті ресурстармен қамтамасыз
ету.
Еңбек өнімділігін арттыру үшін материалды жағынан ұдайы
ынталандыру.
Жұмысты дербес жоспарлау және ойластыру.
1880 жылы инженерлік білімі бар американдық ғалым Ф.Тейлор алғаш рет еңбек процесін зерттей бастады.
Ф.Тейлордың негізгі қағидалары:
Практикада қалыптасқан дәстүрлі жұмыс тәсілдерін басшылыққа ала отыра ғылыми тұжырымдамаға арқа сүйеу. Әрбір элементті ғылыми тұрғыдан зерделеу.
Жұмысшыларды ғылыми критерийлер бойынша таңдау және іріктеу.
Еңбекті ұйымдастыруда әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық.
Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік арасындағы жауапкершілік.
Ф.Тейлордің зерттеуінше, еңбек өнімдерінің артуы өндіріс басшысына да, жұмысшыға да табыс әкеледі. Ол үшін өндіріс басшысының да, жұмысшының да санасын психологиялық жағынан түбегейлі өзгерту қажет.
Ф.Тейлор теориясының мәні:
дәстүрлі әдістердің орнына ғылым;
қарама-қарсылықтың орнына үйлесімдік;
дербес жұмысшының орнына ынтымақтастық;
еңбек өндіруші мектептің орнына еңбек өнімдерін барынша арттыру және оларға барынша қолайлы жағдай жасау;
әрбір жұмысшының еңбегін ұтымды ету, өндіріс процесін және соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыру, қайта құру;
жұмысшыларға энергетикалық ықпал ету;
жеке еңбекке (кесімді ақыға) сену;
жұмысшыларды әкімшіліктің ұйғару бойынша орналастыру;
жұмысшыларға интеллектуалдық іске қабілетсіз, «үйретілген маймыл» ретінде ықпал ету;
жұмысшыларды өндірісті жақсарту туралы ойлауға тыйым салу;
еңбек процестеріндегі жұмыс тәртібін жиі-жиі өзгертіп отыру;
әкімшілік нұсқауын сөзсіз орындау ;
жұмысшылардың ішкі өміріне басшылар тарабынан немқұрайды қарау;
жұмысшыларды материалды жағынан көтермелеу, жазамен қорқыту. А.Файольдың әкімшілік басқару мектебі. Ғылыми басқару өкілдері өздері зерттеген өндіріс орындарын басқаруды нысанаға алады. Олар басқару деңгейінен төменгі сатыдағы еңбек өнімінің артуымен шұғылданып, әкімшілік мектебі пайда болды. Кейінен мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптерін ойластырды. Бұл мәселелер А.Файольдің есімімен тікелей байланысты. А.Файольдің әкімшілік басқару
мектептің көрнекті ғалымы деп есептелді.
А.Файоль басқарудың бір бөлігін және техникалық, компаниялық сатып алу, қорғаныстық, бухгалтер, әкімшілік әкімшілік функцияны талдайды.
А.Файоль әкімшілік басқаруды 5 элементке бөліп көрсетті:
жоспарлау;
ұжымдастыру;
басшылық ету;
үлестіру;
бақылау.
А.Файоль әкімшілік басқарудың бір қатар принциптерін ойластырды. Оның пікірінше олар кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Менеджменттің осындай әмбебап принцптері менеджерді өз қызметтерін қалай орындау екендігін көрсетеді. Оның менеджментке арналған 14 принципінде басқарушылардың қызметті қалай орындау керектігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|