Қазақстан республикасы білім және ғылым


Сыныптағы тәрбие жоспарына қойылатын талаптар



жүктеу 4,42 Mb.
бет114/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

Сыныптағы тәрбие жоспарына қойылатын талаптар:


  1. Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету қажет.

  2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болу қажет.

  3. Тәрбие жұмысын жоспарлаудың мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.

  4. Оқушылардың жеке басының жас ерекшеліктері және мүмкіншіліктерін ескеру керек.

  5. Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болуы керек.

  6. Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапалақ жағынан анықталатын болуы қажет.

  7. Тәрбиелік шараларды атқаруда қойылатын әдістер бір сарынды емес, әр тарапты және әр жақты болуын қадағалау қажет.

  8. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатыны, олардың қандай нәрселерді өткізгісі келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.

  9. Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.

  10. Тәрбиенің саралауына қатысты белгіленген шаралар жеке дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру қажет.

Сынып жетекші жоспарының үлгі құрылымы:

  • сыныптың қысқаша сипаттамасы және оқушылар жайлы жалпы мәліметтер;

  • сынып ұжымы қызметінің негізгі бағыттары мен формалары;

  • тәрбие міндеттері;

  • сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмыс;

  • ата-аналармен жұмыс;

  • сынып жетекшінің жұмыс есебін жүргізуі;

  • сынып жетекшінің есеп беруі.

Сынып жетекшісі педагогикалық кеңесте немесе сынып жетекшілері бірлестігінде есеп береді. Оқу жылының аяғында сыныбындағы тәртіп пен үлгерімге байланысты жазба есеп береді.
Жалпы тәрбиелік жұмысты жоспарлау тәрбиелеу процесін табысты ұйымдастырудың қажетті шарты. Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі сынып ұжымының және жекелеген оқушылардың дамуын жобалайды. Ол тәрбиелеу міндeттepін белгілеп қана қоймай, оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыру жолдары мен турлерін де көрсетуге де септігін тигізеді.
Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі – ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру. Мектепте осы негізде тәрбие жұмысын жүзеге асыратын диагностикалық талдау жасалынып, жоспар жасалады және оны жүзеге асыратын тәрбие орталықтары құрылады. Осы тәрбие орталықтары арқылы тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстар жолға қойылады.Бұл орайда ата-аналар комитетінің рөлі айрықша.
Мектеп жанынан құрылған ата-аналар комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің бастамасы болуда. Орта мектеп пен отбасының тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі әдістер қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге – оқушыларға ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне – тікелей әсер ету жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады. Ата- аналардың жалпы жиналысында тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие берудің жолдары айтылады. Ақпарат мазмұнында мектеп оқушыларының мінез-құлқына қысқаша талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы ата-аналар жиналысында балаларға тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталуға, сыныпта осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстыруға болады. Ата- аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа түрі тәрбие мәселелері
бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар, балаларға адамгершілік-құқықтық тәрбие беру жөнінде нақты тапсырмалар беру, адамгершілік-құқықтық тақырыптардағы әдебиеттерді ата-аналармен бірлесіп талқылау болып табылады. Ата-аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы көп.
Ата-аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата-аналардың жұмыспен қамтылуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата-аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамшылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс-қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Мектеп ата-аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау