нақты бағыттар мен әрекет түрлеріне бағыт беруші, анықтаушы;
болжаушылық – жанама іс-қимыл көрсетуші, нақты әрекет аркылы нәтижені көрсетеді;
үйлестіруші, ұйымдастырушы – әрекеттің қандай тәсілдермен ұйымдастырылатындығын, оның объектісі және субъектісі кім болатынын әрекеттерін көрсететін, оның басқа түрлерінің өзара қатынасын, сол сияқты әрекетін көрсетеді, олардың орнын, уақытын кім, қашан, қайда орындайтынын анықтайды;
бақылаушылық – қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуын қадағалау;
қалпына келтірушілік – кез келген уақыт аралығында жоспар бойынша істелген жұмыс мазмұнын және көлемін қайта қалпына келтіру.
Барлық жағдайда жоспарға әкімшілік үшін емес, педагогтің өзіне қажет жұмыс құжаты ретінде қарап, жұмысты ретсіз жүргізбей, педагогикалық процесте өз ойлары мен мақсаттары, мүмкіндіктері мен талаптарына сәйкес жүргізілуі керек. Жоспар егер талапқа сай жасалса, тәрбие жұмысын жүргізуге көмек болады.
Тәрбие жұмысын жоспарлауға қойылатын талаптар:
Жоспардың мақсаттылығы, яғни жоспарланған жұмыстың мазмұны мен түрінің нақты мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қарастырады.
Жоспар баланың қызығушылығы мен талаптарын жүзеге асыруға, олардың дамуына бағытталған. Жоспарлауда оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстары зерделенеді.
Жоспар – педагогтың, оқушылардың, ата-аналардың бірлескен шығармашылығының нәтижесі.
Жұмыс жоспары оқушылардың сабақта, сабақтан тыс алған білімдерін тәжірибеде қаншалықты қолданатынын, еліміздегі негізгі оқиғалардың ұжым өміріне қаншалықты әсер ететінін көрсетеді.
Жоспардың кешенді түрінің бағыты, жұмыстың әртүрлі мазмұны мен түрі балалардың қызығушылығы мен қабілетінің дамуына бағытталған,
оқушылардың әрекеттің әр түріне қатыстырылуы, оқушылардың сана-сезіміне, тәртібіне тұтастай ықпал етуі.
Жоспар оқушылардың жоспарланған жұмыста әрекеттің әртүрлі түрлерін, әдіс-тәсілдерін, өз бағыттарын таңдауға жағдай тудыруды қарастырады.
Әрекеттің мазмұны мен түрінің қолайлылығы, өткен тәжірибенің есебі, жұмыстың келешегінің көрінуі.
Жоспардың нақтылығы мен мақсатқа сәйкестігі, жоспарланған жұмыстың негізділігі, оқушылар мен педагогикалық ұжымның ерекшеліктерінің есебі, олардың даму деңгейі, қалыптасқан дәстүрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |