Қазақстан республикасы білім және ғылым



жүктеу 4,42 Mb.
бет113/260
Дата03.03.2023
өлшемі4,42 Mb.
#41578
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   260
Білім берудегі менеджмент. Кітап

Біріншіден, балалардың жасын, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбиелеу шарттарын (қалалар мен ауылдар, нақты аймақ мүмкіндіктеріне, мектептің ерекшеліктеріне орай), мектептің педагогтер ұжымының мүмкіндігін ескере отырып, мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек.
Екіншіден, балалар мен сынып ұжымын (олардың түсініктері мен ұғымдарын, икемділіктері мен қажеттіліктерін, даму деңгейлерін, байланыстары мен қарым-қатынастарын, т.б.), сондай-ақ өмірбаяндары мен отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зерттеуі тиіс. Бұл екі жолмен жүзеге асырылады:

  1. психологиялық-педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістемелерін, диагностикалауды, сауалнаманы пайдалану арқылы;

  2. бастапқы күндерден бастап сынып жетекшісінің жұмыстары: «Білім күні», «Жексенбілік жорық», «Танысу күні», «Алғашқы ата-аналар жиналысы», «Сенбілік таңы» және т.б. шаралар жүргізу. Бұл шаралардың барлығы балаларды, оқушылар ұжымы мен ата-аналарды жақсырақ білуге көмектеседі.

Үшіншіден, оқушыларды жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары: сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар (оқушылардан сұрақтарға жазбаша жауап алу), ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы.
Төртіншіден, алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін зерттеу.
Бесіншіден, барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсиялар, мұражайларға, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу, т.б. қажеттігін анықтау.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегі принциптер жиынтығын ескеруі қажет:

  1. Мақсат.

  2. Оқушылардың жас ерекшеліктері.

  3. Сынып ұжымының қызығушылықтары.

  4. Жоспарланатын істің жүйелігі.

  5. Әртүрлі әдістер мен формаларды қолдану.

  6. Жоспарлаудың шығармашылық сипаты.

Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлауда оқушылар қатыстырылып және әртүрлі формада іске асырылуы қажет. Мысалы: «Пайдалы істер барлауы», «Ақыл-ойға шабуыл», «Пайдалы істер аукционы», «Жоспар жобасын қорғау». Ата-аналар ұжымы да жоспарлауға қатыстырылып, балалармен бірге өткізілетін іс-шараларды ойластырады.
Сынып жетекшісінің перспективалық және күнделікті тәрбие жоспары болады. Перспективалық жоспардың негізінде аптаға, тоқсанға арналған жұмыс жоспары жасалады. Перспективалық жоспарды түрлі бағытта жасауға болады.
Мысалы:

  1. Сынып оқушыларына мінездеме.

  2. Тәрбиелік міндеттер.

  3. Саяси мәдениетін қалыптастыру.

  4. Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

  5. Ұлттық мінез-құлық пен әдет- ғұрып негізінде тәрбиелеу.

  6. Халықтық салт- дәстүр негізінде тәрбиелеу.

  7. Білім алуға саналы көзқарасын қалыптастыру.

  8. Өз еліне, атамекеніне сүйіспеншілік және халықтардың достастығын құрметтеуге тәрбиелеу.

  9. Еңбекке, іскерлікке баулу.

  10. Әсемдікке тәрбиелеу.

  11. Дене тәрбиесін жетілдіру, гигиеналық тәрбие.

  12. Экологиялық және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

жүктеу 4,42 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   260




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау