Заведующий отделом



жүктеу 91,26 Kb.
Дата30.01.2018
өлшемі91,26 Kb.
#8182




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
«АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ» ММ






РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
ГУ «УПРАВЛЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы, 40



тел : (7132) 54-16-67 факс: 55-06-52, e-mail: aktouo@rambler.ru
20___ жылғы «____»_____________ №___________

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің

Ақтөбе облысы бойынша

департаментіне

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ «Адал ұрпақ» клубы және «Парасатты азамат» бұрышын жасақтандыру бойынша төмендегідей атқарылған шараларды жолдайды.

ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ

Сіздің 2016 жылғы 25 қарашадағы №5-6338 шығыс хатыңызға сәйкес Қарғалы аудандынындағы 14 орта және негізігі мектептерінде 5-11 класс оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» клубтарын ашылып, ерікті мектеп клубының жұмысын ұйымдастыру туралы бұйрықтар шығарылды. «Парасатты азамат» бұрыштары жасақтандырылды. Осы тұрғыда «Адал ұрпақ» клубы бойынша мектептерде жоспар құрылып жұмыстар атқарылуда. Мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты және «Адал ұрпақ» клубының жұмыстарың жалғастыру ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында білім бөлімінде өткізілген жиналыста талқыға салынды.

№1 Бадамша орта мектебі, №2 Бадамша орта мектебі, Әлімбет орта мектеп балабақшасы, Ащылысай орта мектептері бойынша 9-11 класс оқушылары арасында «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты тақырыпта пікірталас ұйымдастырылды. Пікірталас барысында оқушылар екі топқа бөлініп, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Сыбайлас жемқорлық және басқа тақырыптарда презентациялар қорғалды. Және де 5-9 Пацаев атындағы орта мектебі, Қосестек орта мектебі, Сазды орта мектебі, Жосалы ОМ-ББ, Ащылысай ОМ-ББ, Бородиновка орта мектеп балабақшасы бойынша 9 класс оқушылары «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» қызмет ардагерлерімен кездесу өткізіп, өнегелі әңгімелерін тыңдап, қызмет жайлы қызықтырған сұрақтарға жауап алдынды. «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет», «Наш выбор - правовое государство», «Біздің таңдауымыз - заңды мемлекет», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыптарында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарын, сондай-ақ біздің елімізде құқықтық мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктері талқыланды, ҚР заңдары туралы мағлұмат алды. «Заң» атты бейнеролик көрсетіліп, оны талдады.

Петропавл орта мектебі, Жосалы орта мектебі, Әлімбет орта мектебі бойынша «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі», «Образ честного и неподкупного труда» атты оқушылар арасыда сурет байқауы өткізілді. Оқушылардың салған суреттерінің мазмұнында жұмысқа орналасуда, дәрігерге қаралған уақытта, т.б. жағдайларда бағалы сыйлық беру, ақшалай беру, сыйлықты немесе ақшалай және басқа түрде алу сыбайлас жемқорлық екенін анық бейнеленді. Сонымен қатар 9-11 сынып оқушыларына «Адал еңбек» атты тәрбие сағаттары өткізілді. №2 Бадамша ОМ, Петропавл ОМ мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысында құқықтық тәрбиелеуде және құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу рөлі, ата-аналарға құқықты, заңдарды, құқықтық тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Өткізілген іс- шараларда қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі екені айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мектепте жасалған жұмыстар туралы мақала «Ақтөбе» газетінде жарық көрді.

Велиховка негізігі мектебі, Приозерный негізгі мектебі және Херсон негізгі мектептері бойынша " Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің өсуіне бөгет жасайды" атты бейнеролик көрсетілді. Біз-жемқорлыққа қарсы" атты сынып сағаттар өтті. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді қалай шешуге болады" атты сұрақ-жауап өткізілді. «Адал ұрпақ» клуб мүшелері, бірлесе "Болашағымыз бірге" атты акция өткізді. Акция барысында клуб мүшелері сұхбат алып, парақшалар таратты. «Халықаралық балаларды қорғау күні» тақырыбында 9-11 кл оқушылары арасында баяндама өткізілді. «Өз құқығыңызды білесіздер ме?» тақырыбында 7-8 класс оқушылары аралығында дөңгелек үстел өткізілді.

Қос-естек орта мектебі, Бородиновка орта мектеп-бала бақшасы , Приозерный негізгі мектебінде, «Херсон негізгі мектебі» КММ, Краснополе орта мектебі, «№2 Бадамша орта мектебі » КММ бойынша «Жемқорлыққа жол жоқ!» акциясы мен «Таза қолдар» лекциясы. «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес «Әдептілік, ар-ұят адалдықтың белгісі», 5-8 кластарында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ», 9-11 кластарында «Жемқорлық індет, жою міндет» атты тақырыптық сынып сағаттары өтті. 5-11 класс жетекшілері ата-аналар жиналысында «Сыбайлас жемқорлыққа, төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі» туралы сұрақтар қозғады. Сонымен қатар, 9-11 кластарында құқық пәнінің мұғалімдері «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады?» тақырыбында пікірталас өткізді. Пікірталас барысында оқушылар постер қорғап, өз ойларын жеткізе білді. «Адал және сатылмайтын еңбек» қабырға газет сайысы өтті. Барлық мектептер бойынша «Адал өмір сұру – өз елін сүю» тақырыбында мерекелік іс-шаралар өткізілді.

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ

Жаңажол орта мектебінде 2016 жылдың қазан айынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында мектепте « Адал ұрпақ» клубы құрылды. Клубтың алғашқы жиналысында ұстаздар мен оқушыларға клубтың мақсаты мен міндеттері жөнінде таныстырылды. Клуб жетекшісі болып Советова Ақтоты Дабылқызы тағайындалды және клуб мүшелері сайланды.

Жиналыста клуб мүшелерімен тәрбие жұмысының жұмыс жоспары талқыланды. Жоспардағы өткізілетін іс-шаралардың атаулары , олардың орындалуына жауаптылар, қатысушылар , орындалу мерзімі бекітілді. Сынып жетекшілерге сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелерін қосу тапсырылды. Сонымен қатар «Адал ұрпақ » клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Парасатты азамат» бұрышы жасақтандырылды.

Клубтың қазан айындағы жұмыс жоспарына сәйкес « Қазақстан – құқықтық мемлекет» апталығы өткізілді. Осы жұмыс жоспарға сәйкес, 2016 жылдың 22 қарашасында 5- 8 сыныптар аралығында « Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным » тақырыбында мемлекеттік қызметкерлермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын алдыға ала отырып мамандық таңдау керектігі түсіндірілді. Кездесуге қонақ ретінде ауылымыздың төмендегі мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

1.Мемлекеттік қызметкер - Мамбетниязов Әлібек Қарағұлұлы

2.Ауылдық аурухана басшысы - Жексеева Күланда Иманғазықызы 3.Ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі - Маратау Нұрғазиза Даниярқызы 4.Мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі-Мырзағұлова Ақмарал Айсағымқызы 5. Мектеп кітапханашысы - Силағанова Марина Мусақызы 6.Казпочта кызметкері - Ескарина Нұргүл Темірхақызы

Қонақтарға сөз берілді, сұрақтап қойылды, ақыл – кеңестер сұралды, ойындар ойнатылды

Қандыағаш қалалық №5 орта мектебінің 2016-2017 оқу жылында мектебінде  «Адал Ұрпақ» клубы бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді.

«Адал Ұрпақ» тобына рухани адамгершілігі жоғары, оқушылар қабылданды. Топтың негізгі мақсаты: мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен  мектепішілік «Парасатты азамат  » бұрышы жасалынды

ШАЛҚАР АУДАНЫ

Шалқар ауданында барлып жалпы білім беретін мектептерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау мақсатында «Адал ұрпақ» кулыб ашылды. Клубтың құрамына 37 жетекші мұғалім және барлығы 3526 оқушы ерікті түрде тіркелді. «Парасатта азамат» бұрышы жасақталды. Аталған клубтың жұмыс жоспары құрылып, осы жоспар негізінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік!», «Біз жемқорлыққа қарсымыз!», «Адал еңбек бәрін жеңбек», «Жемқорлық – жат әдет» атты тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің салдарынан туындаған өмір сабақтары туралы оқушыларға бейнематериалдар көрсітелді, оқушылар тыңдап, талдап өз ойларымен бөлісті.

«Үмітті ақтаған түлектер» тақырыбында әңгіме-кеңестер өткізілді. «Біз- болашақты қалаушымыз», «Имандылық – адамгершілік тұтқасы», «Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылар және олар үшін жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында оқушылар арасында сурет байқауы өтті.

ХРОМТАУ АУДАНЫ

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады.

Осыған орай білім беру ұйымдары бойынша «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жоспары жасалып, бекітіліп, жұмыс түрлері жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүкіл халықтық іс!», «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» сынды тақырыптарда тәрбие сағаттары өтті.

Оқушылар арасында «Қоғамдық тәртіп негіздер» тақырыбында пікірталас өтті. «Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік», «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның және мемлекеттің мемлекеттік қызметшіге артқан сенімін кетіру», «Әр адам не істей алады?» сұрақтары төңірегінде өзара ой бөлісті. Сонымен қатар «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ

Барлық мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» мәдениетті қалыптастыру бағдарламасымен бекітілген жоспарға сәйкес «Адал ұрпақ» клубтары мектептерде ашылды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары жасалынып, әр түрлі секциялар құрылды. Жоғары сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, оған 815 оқушы қатысты. Оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршамыздың міндетіміз» атты семинар-тренинг өткізілді. 5-9 сынып оқушылар арасында «Жемқорлық – қоғам дерті», «Әдептен озбайық» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтіп, оған 1315 оқушы қатысты.

ҚОБДА АУДАНЫ

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары бекітіліп, мектеп фойесінде үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» бұрышы жасақталды. Мектептерде «Даладық – асыл қасиет», «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Жемқорлықсыз жол – сенімді жол» тақырыбында тәрбие сағаттары, «Біз біргеміз – берік іргеміз!» атты мұғалімдер мен оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінік жұмыстары, «Білімді ұрпақ- ел болашағы», «Адам. Қоғам» Құқық.» тақырыптарында пікірталастар, «Жемқорлықсыз әлем» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

МӘРТӨК АУДАНЫ

5-9 кластар аралығында «Ибалы ұл. Инабатты қыз – өмір көркі», «Адамгершілік – рухани бәрбиенің маңызы», «Жаса мәңгі қазақ тілі, ана тілім», «Жан жылуы», «Ана тілім – арым», «Шуақты отбасы», «Ел тірегі – тіл», «Отбасы – аялы алақан мекені» тақырыптарында тәрбие сағаттары және сыныптан тыс шаралар өткізілді.

10-11 класс арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында «Заңды білген жөн екен» әңгіме сағаты, «Менің қояр сұрағым» тақырыбын қамту мақсатында құқық қорғау инспекторымен кездесу өтті.

БАЙҒАНИН АУДАНЫ

9-11 класс оқушыларымен «Жастардың үлкен үлесі – жемқорлықпен күресі» тақырыбында пікіралмасу, «Жемқорлық балалар көзімен» сурет байқауы, ұстаздармен «Сыбайлас жемқорлықтың жоюдың жолдары бар ма?» тақырыбында пікірсайыс, «Жемқорлыққа малынсаң, шын қорлыққа малындың» тақырыбында мүшәйра өткізілді.

М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интарнаты, Есет батыр атындағы мектеп-интернаты, физика-математика мектеп-интернаттарында да осы тұрғыда түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтар болсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында 5-класта «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» танымдық сабағы, 6-класта «Құқық – өмір айнасы» тақырыбында мектеп инспекторымен кездесулер өткізілді.




Басқарма басшысы С.Умербекова

Орын: А.Алматова,



т: 548353.
жүктеу 91,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау