Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



жүктеу 5,38 Mb.
бет136/241
Дата12.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#44224
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   241
Бидайбеков-Е.Ы.-Информатиканы-оқыту-əдістемесі

Аппараттық құралдар. Мəтіндік редактор көмегімен мəтіндік құжатты жасау үдерісі кешенді сипатқа ие болады, себебі мұнда компьютердің барлық негізгі құрылғылары қатысады. Осы тақырыптың аясында оқушылар ЭЕМ-нің əртүрлі аппараттық құраушыларымен жұмыс жасаудың тəжірибелік дағдыларын да- мытып қана қоймай, компьютер құрылғылары туралы, олардың жұмыс жасау принциптері туралы білімдерін де тереңдету керек. Сол себепті «Компьютер» мазмұндық желісі мен ақпараттық тех- нология мазмұндық желісі қиылысады. [3] əдістемелік құралда осы тақырыпты оқу барысында алатын ДК-дің аппараттық құралдары туралы оқушыларға жаңа мəліметтер берілген.
Қолданбалы программалық құралдар. Мəтіндік ақпаратпен жұмысқа арнлған қолданбалы программалық жабдыққа мəтіндік ре- дакторлар жатады.
Мəтіндік редактор – оқушылардың алғашқы меңгеретін қолданбалы программаларының бір түрі. Оқу мақсаттары үшін қолданылатын мəтіндік редакторларды таңдау мектептің компьютерлік сыныптарының техникалық жəне программамалық қамтамасыздандырылуына байланысты. Егер сыныпта «Windows» операциялық жүйесі орнатылған болса, онда «Блокнот» мəтіндік редакторымен жұмысты бастауға болады. Келесі кезеңде MS Word мəтіндік процессорын оқыту міндетті емес. MS Word күрделі программалық өнім. Оқу бағдарламасында осы тақырыпқа берілген сағат ішінде оның мүмкіндіктерінің жартысында оқып-үйренуі мүмкін емес. Word интерфейсінің көптеген элементтері (мəзір бөліктері, саймандар, батырмалар жəне т.б.) көп қолданылмайды жəне оқушылар үшін артық шу туғызады. Процессоры баяу жəне жедел жадысы аз компьютерлерде MS Word-пен жұмыс бір шама баяу орындалады.
Осы аталған мəселелер Windows-тың стандартты програм- маларының құрамына кіретін WordPad программасын қолдануға əкеледі. Информатиканың негізгі курсында меңгеру қажет мəтіндік редактормен жұмыстың барлық тəсілдері WordPad программасында жүзеге асырылған. Бұл редактордың интерфейсі артық ештемесі жоқ MS Word программасының интерфейсіне жақын.
Оқушылар WordPad программасын меңгеріп, MS Word програм- масын жеңіл меңгере алады. Осы тақырыптың соңында оқушыларды MS Word-тың WordPad-та қарастырылмаған кейбір мүмкіндіктермен
таныстыру арқылы көшуге болады. Мысалы: жұмыстың көп терезелі режимі, орфографияны тексеру, кестелермен жұмыс жəне т.б.


Компьютерде тəжірибелік жұмысты ұйымдастыру бойынша нұсқаулар

Мəтінді енгізу жəне редакторлау дағдылары пайдаланушы үшін тек мəтіндік редакторлармен жұмыста ғана керек емес. Бұл дағдылар интерактивті режим қолданылатын кез келген программалық қамтамасыздандырылумен жұмыс барысында негізгі болып табы- лады. Мəтінді теру операциялық жүйенің командаларын енгізуде, жүйелі жəне қолданбалы программалардың сұхбат терезесінің сұранысына жауап кезінде, мəліметтер қорына жəне электрондық кестелерге жəне т.б. ақпаратты енгізу барысында қолданылады. Пайдаланушыға символдық енгізуде қателерді түзету, яғни мəтінді редакторлау мүмкіндігі қажет болады. Редакторлаудың негізгі стан- дарты деген ұғым бар. Символдық енгізуде кез келген жағдайда бірдей орындалатын редакторлаудың операцияларының жиыны жа- тады. Сол сбепті оқушылар редакторлаудың негізгі стандартының тəсілдерін меңгеруі қажет. Олар келесілер:



  1. Мəтін бойынша жылжу: [←], [↑], [→], [↓], [Home], [End], [PageUp], [PageDown] пернелері.

  2. Символдарды жою: [Backspace], [Del] пернелері.

  3. Символдарды қою – алмастыру: [Insert] пернесі.

Жолдарды қосу жəне ашу: [Enter] пернесі, [Del] пернесі – біріктірілетін бірінші жолдың соңында немесе [BS] пернесі – біріктірілетін екінші жолдың басында.
Редакторлаудың осы тəсілдерімен тəжірибелік таныстырылуы
«мəтіндік редакторлар» тақырыбынан бұрын басталуы мүмкін, яғни компьютердің құрылысы жəне программалық қамтамасыздандырылу теориялық сұрақтарын қарастыруда. Дағдыларды қалыптастыру үшін Блокнот сияқты қарапайым мəтіндік редакторды қолдануға бо- лады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:

  • «мəтіндік редактор» ұғымын, мəтіндік редакторлардың қызметтерін, мəтіндік редакторлармен жұмыстың негізгі режимдерін білуі керек;

  • беттерді нөмірлеруді, тізімдерді, сілтемелерді, мазмұнды

қолдана отырып мəтінді құрылымдауды, сөздердің дұрыс жазылуын тексеруді, мəтінде кестелерді, суреттерді қоюды істей білуі керек;

  • ақпараттық нысандарды жасауда, сипаттамалар түрінде нысандардың жəне үдерістердің қарапайым модельдерін құруда, оқу жұмыстарын нəтижелерін рəсімдеуде, жеке жəне топтық жобалар- ды оқуда, нарықта қажет болатын мамандықтарын меңгеруде алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті өмірдегі тəжірибелік іс- əрекетінде пайдалана білуі керек.


    1. жүктеу 5,38 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   241




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау