Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы
Тақырыпты оқытуға арналған əдістемелік нұсқаулар
Компьютерлік графика – ЭЕМ-нің қолданылуының жаңа аумағы екенін айта кету керек. Алғашқы екі буынның машиналары тек сандық жəне символдық ақпаратпен ғана жұмыс істеді. ЭЕМ- нің үшінші буынында машиналық графика құралдары пайда бо- лады, бірақ олар негізінен арнайы сипаттамаға ие болды, арнайы техникалық жəне программалық құралдардың қолданылуын қажет етті. Компьютерлік графика ЭЕМ-нің тек төртінші буынында, яғни дербес компьютерлердің таралуында ғана жалпы қолданысқа енді (6-қосымша).
[4] оқулықта компьютерлік графиканың əртүрлі қосымшалары қарастырылған. Оларға ғылыми графика, іскерлік графика, конструкторлық графика, иллюстративті графика, көркем жəне жарнамалық графика, компьютерлік анимация жатады.
Компьютерлік графика – оқушылардың ол туралы əңгіме естімей, нақты көргісі келетін ақпараттық технологиялардың бір аймағы. Сол себепті компьютерлік графиканың əртүрлі өнімдерін компьютерде демонстрациялаудың мəні зор, мысалы: əдемі салынған суреттер, сызбалар, сұлбалар, диаграммалар, анимациялық бейнелер жəне үш өлшемді графика.
Информатиканың негізгі курсының осы тарауының теориялық мазмұнына компьютердің жадысында кескіндерді көрсетудің сұрақтары жатады.
Графикамен жұмысқа арналған көптеген қолданбалы програм-
малар бар. Компьютерлік графиканың əрбір тарауы үшін өзінің программалары бар. Мысалы, ғылыми мəліметтерді графикалық өңдеу үшін Grapher бағдарламасы қолданылады; инженер-конструк- торлар сызбаларды дайындау үшін AutoCad пакеттерін қолданады; статистикалық мəліметтерді көрсететін диаграммаларды тұрғызуға арналған іскерік графика үшін арнайы пакеттер бар.
«Графиктік редактор» атауы арнайы бағыты болмайтын жəне сканерленген кескіндерді редакторлау немесе еркін сурет салу үшін қолданылатын қолданбалы программаларға қатысты қолданылады. Графикалық ақпаратты көрсетудің, яғни растрлық жəне векторлық принциптеріне сəйкес графиктік редакторлар растрлық жəне векторлық редакторлар болып бөлінеді.
Қарапайым растрлық редакторға MS Windows-тың стандартты қосымшаларының құрамына кіретін Paint программасы жатады.
Adobe Photoshop растрлық редакторын кəсіби дизайнерлер қолданады. Көбінесе сканерленген кескіндерді (фотоларды, карти- наларды қайта өңдеу) редакторлауда қолданады, көркем компози- цияларды, коллаждарды жəне т.б. жасайды.
Компьютерде кəсіби сурет салу үшін векторлық редак- торлар қолданылады. Олардың ішіндегі кеңінен таралғаны – CorelDraw. Бұл мүмкіндіктері көп, сондай-ақ «балалардың көркем шығармашылығына» толық сəйкес келетін кəсіби редактор.
Компьютерде тəжірибелік жұмысты ұйымдастыруға нұсқаулар
Оқушылардың басым көпшілігі графиктік редакторда ризашылықпен сурет салады. Тəжірибелік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сурет салуға деген əртүрлі қабілеттері мейлінше байқалады. Сөзсіз, информатика сурет салу сабағы емес, тіпті кез келген информатика мұғалімінің сурет салу қабілеті болмауы да мүмкін. Мұғалімнің мақсаты сурет салу құралы ретінде графиктік редактордың барлық мүмкіндіктерін көрсету. Paint сияқты редакторлардың мүмкіндіктері көп емес, осы тақырыпқа берілген 5-6 сабақта оның барлық мүмкіндіктерін толық қарастыруға болады. Оқушыларға «Қарындаш» немесе «Жаққыш (кисточка)» сайманының көмегімен суретті қолмен салу əдетте сапасыз болатындығын түсіндіру керек. Графиктік элементтерді (түзу сызық, доға, шеңбер жəне т.б.) неғұрлым көп пайдалану керек. Симметрия
орын алатын суреттерде оқушылар бұруларды, шағылысқан бейнесін салуды қолдануды үйрету керек. Қайталанатын үзінділері бар суреттерде көшірулерді қолдануды үйренуі керек. Растрлық редакторда суреттерді дайындаудың тиімді тəсілі – суреттің масштабын үлкейту арқылы суреттің детальдарын салу болып табылады, яғни «Үлкейткіш (лупа)» сайманын қолдану.
Векторлық графиканы тəжірибелік меңгеру барысында [5] оқулықта Open Office Draw векторлық редакторын қолдану ұсынылған. Осы оқулықта «Компьютерлік практикум» бөлімінде GIMP растрлық графиктік редакторы жəне MF редакторы ортасында анимациялық кескіндерді жасау бойынша тəжірибелік жұмыстар қарастырылған.
Н. В. Макарованың ақпараттық технологиялар бойынша практикумында векторлық графикамен жұмыста Works кіріктірілген программалық жүйенің құрамына кіретін MS Draw редакторын қолдану ұсынылған [8].
Жоғарыда аттары аталған программалардан басқа векторлық графикамен жұмыстың тəсілдерін меңгеру үшін мұғалім MS Word мəтіндік процессорында орнатылған векторлық редакторды қолдана алады. Себебі, векторлық технологияның барлық негізгі элементтері жүзеге асырылған. Сондай-ақ оқушылар MS Word-тың мүмкіндіктері туралы толық мағлұматтар ала алады.
[6] оқу құралының компьютерлік графикаға арналған тарауында растрлық редакторда кескіндеу үшін суреттер ұсынылған. Өкінішке орай, суреттер ақ-қара түсті. Оқушыларға суреттерді өз бетімен бояуға болады. Осы оқу құралында векторлық графиктік редактормен жұмысқа арналған тəжірибелік материалдар ұсынылған. Келтірілген 2 мысал суретті салудың, оның ішінде көлемді суреттерді салудың технологиясын көрсетеді. Суреттер растрлық редакторлар тапсыр- маларына қарағанда неғұрлым қызықтырақ. Тəжірибе көрсеткендей, көркем өнер қабілеті болмаса да балалардың векторлық редакторды қолданып, қарапайым емес суреттерді сəтті салатындығын байқауға болады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
«графиктік редактор» ұғымын, графиктік редактордың қызметін, графиктік редактор ортасының негізгі компоненттерін, компьютерлік графиканың қолданылу аумағын, растрлық жəне векторлық графиканың айырмашылығын білу (түсіну) керек;
графиктік редактордың негізгі операцияларын қолданып, жо- балау процесінде нақты нысанның графиктік көрсетілуін, суреттерді, сызбаларды салуды істей білуі керек.
ақпараттық нысандарды, нысандар мен үдерістердің қарапайым модельдерін кескін түрінде жасауда, сондай-ақ оқу жұмысының нəтижелерін рəсімдеуге, жеке жəне ұжымдық жобалар- ды орындау барысында, оқуда, еңбек нарығында қажет мамандықты меңгеруде алған білімдері мен біліктіліктерін тəжірибелік қызметтерінде жəне күнделікті өмірде қолдана білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |