Тəжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруға нұсқаулар
Бұл тақырыпты ең төменгі деңгейде оқып-үйренудің басты міндеті – электрондық кестелердің көмегімен есептеулерді ұйымдастырудың негізгі əдістерін үйрену. Ол үшін оқушылар электрондық кесте ортасындағы жұмыстың мынандай тəжірибелік тəсілдерін меңгеруі керек:
кестелік курсорды жылжытуды жүзеге асыру, курсорды қажет ұяшыққа орналастыру;
мəліметтерді енгізу: сандар, мəтіндер, формулалар.
ұяшықтардағы мəліметтерді редакторлау;
ұяшықтардағы ақпараттарды көшіру;
жолдар мен бағандарды қою жəне жою.
Бірінші кезеңде неғұрлым қиындықтар тудыратын теориялық сұрақтар – формулаларды жазу ережелері жəне салыстырмалы адрестеу принципін түсіну. Оларды тапсырмалар мен жаттығулар арқылы бекітуге болады.
Салыстырмалы адрестеу принципі – электрондық кестенің қызметінің негізгі принциптерінің бірі. Формулаларда қолданы- латын ұяшықтар адрестері формуланың орналасу орнына қатысты анықталады. Бұл принциптің мағынасын мысалдар арқылы түсіндіруге болады. 14.1-кестесінде С1 ұяшығындағы формуланы кестелік процессор былайша қабылдайды: 2 тор көз солға қарай орналасқан ұяшықтың мəніне берілген формуладан 1 тор көз сол жақта орналасқан ұяшықтың мəнін қосу.
14.1-кесте
Кестелерде формулалар MS Excel ережелеріне сəйкес жазылады.
14.2-кесте
|
A
|
B
|
C
|
D
|
E
|
F
|
1
|
5
|
3
|
=A1+B1
|
=B1+C1
|
=C1+D1
|
=D1+E1
|
|
A
|
B
|
C
|
D
|
E
|
F
|
1
|
5
|
3
|
8
|
11
|
19
|
30
|
Формуланы басқа ұяшықтарға орналастыру барысында (көшіру, үзінділерді қою жəне жою барысында) формуланың алдындағы мағынасы сақталып қалады. Мысалы: С1 ұяшығынан формуланы С2 ұяшығына көшіруде формула А2+В2 түріне ие болады. F6 ұяшығына көшірген кезде F4+ F5 түріне ауысады.
Салыстырмалы адрестеу принципін түсінуді бекіту мақсатында бірнеше тапсырмаларды орындауға болады. Ұсынылатын тапсыр- малардың шарттары мынандай болуы мүмкін: электрондық кестенің үзіндісі берілген.
С2 ұяшығынан формуланы D1:F1 ұяшықтар блогына көшіретін болса, онда осы ұяшықтарда қандай формулалар болады? Бұл тапсырманың орындалу нəтижесі формулаларды бейнелеу режимі жəне мəндердің бейнелену режимі 14.3-кестеде көрсетілген. Оқушылардың электрондық кестелерде шешіп үйрену керек есептеулердің негізгі типтері:
күрделі емес есептеулер тізімдемелерін алу;
сандық кестелерді статистикалық өңдеу;
кестелік мəліметтер бойынша диаграммаларды тұрғызу;
параметр (баған) мəні кестені сұрыптау;
функцияны табуляциялау.
14.3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |