Бөрібаев Б. т.б. Информатика жəне есептеуіш техника негіздері: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық / Б. Бөрібаев, Б. Нақысбеков, Г. Мадиярова. Өңд., толықт. 2-бас. – Алматы: «Мектеп», 2009. – 272 б., суретті.
Криворучко В. А., Ермеков Н. Т., Кафтункина Л. Н. Информати- ка: Əдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 9-сынып мұғалімдеріне арналған кұрал. – 2-бас. – Алматы: «Мектеп», 2009. – 176 б.
14-ТАРАУ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МАЗМҰНДЫҚ ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ
Мəтіндік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы
Тақырыпты оқытуға əдістемелік нұсқаулар
Мəтіндік ақпараттық технологиялар тəжірибеде ең көп қолданылатындарға жатады. Қолдану аймағы: жазба құжаттарын дайындау, баспа қызметі. Екінші бағыттағы арнаулы компьютерлік құралдар баспа жүйелері деп аталады. Осы тақырып қозғалған барлық оқулықтарда технологияның осы түрінің қолдану сала- сы, «қағаз» түрімен салыстырғанда мəтіндерді дайындау жəне сақтаудың компьютерлік тəсілінің артықшылықтары туралы сұрақтар қарастырылады (5-қосымша).
7-сыныпта ақпараттық технологияларға арналған тұтас бір тарау қамтылған [1]. Бұл тарауда оқушылар ақпараттық технологиялардың даму кезеңдерімен, ақпараттың əртүрімен (графикалық ақпарат, мəтіндік ақпарат, сандық ақпарат, дыбыстық ақпарат) жұмыс жасау технологияларымен жəне олармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін стандартты бағдарламалармен алғаш танысады.
Ал 8-сыныпта графикалық ақпараттарды өңдеу техноло- гиясы тақырыбында компьютерлік графика туралы мағлұматтар алып, кəсіби графикалық редакторларда жұмыс жасайды. Мəтіндік ақпаратпен жұмыс жасауға арналған MS Word – мəтіндік процес- сорымен танысып, мəтінді өңдеудің күрделі əрекеттерін орындай- ды (сурет кірістіру, кесте құру, колонтитулдарды қою жəне т.б.). MS Excel кестелік процессорымен танысып, бағдарламада əртүрлі есептеулер жүргізеді, формулалармен жұмыс жасайды, диаграмма- лар тұрғызады. Тағы күрделі тақырыптардың бірі мəліметтер қоры сұрақтарыментанысып, MS Excel программасында мəліметтер қорын құрып, олармен əртүрлі əрекеттерді жүзеге асырады (мəліметтерді реттеу, сүзгілеу) [2].
Мəтінмен жұмыс жасаудың компьютерлік технологияның теориялық негіздеріне мəтіндік ақпаратты кодтау сұрақтары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |